Об организации отдыха и оздоровления детей и подростков летом 1998 года Күшін жойған
Басқа 0
1998 жылдың жазында балалар мен жас жеткіншектердің демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру жөнінде
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
1998 жылдың жазғы каникул кезеңiнде балалар мен жас жеткiншектердiң демалысын және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргiзуге уақытында дайындалу мақсатымен ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. 1998 жылдың жазғы кезеңiнде демалыстың барлық түрiмен балалар мен жасөспiрiмдердi сауықтыру жөнiндегi тапсырма бекiтiлсiн (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Балалар мен жасөспiрiмдердi сауықтыруды ұйымдастыру мен жүргiзу үшiн облыстық комиссия құрылсын. Комиссия құрамы бекiтiлсiн (2 қосымша). Осы сияқты комиссиялар облыстың аудандары мен қалаларында құрылсын.
Тармақ 3
3. 1998 жылдың жазғы кезеңiнде барлық түрдегi лагерьлердiң уақытында дайындығы, жөнделуiн және жұмысын, сондай-ақ пайдаланатын судың және азық түлiктiң сапалы болуын қамтамасыз ету меншiктiң барлық түрiндегi кәсiпорындар, ұйымдар басшыларына ұсынылсын және облыстың қалалары мен аудандарының әкiмдерiне мiндеттелсiн.
Олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға аса көңiл бөлiнсiн. Тиiстi ведомстволардың келiсiмi бойынша электр энергиясы мен суға төлем жөнiнде балалардың сауықтыру мекемелерiне жеңiлдiктер берудiң мүмкiндiктерiн қарастырсын.
Тармақ 4
4. Қостанай облысының бiлiм департаментi (Б.Б.Баймағамбетова) балалар үйлерi мен мектеп интернаттарында тәрбиеленушiлердiң сауықтырылатын және демалатын «Юный строитель», «Чайка» сауықтыру лагерьлерiнiң дайындығын қамтамасыз етсiн.
Қамқоршы кәсiпорындар «Қонай»АҚ (М.И. Бекжанов), «Баян-сұлу»АҚ (Е.А. Богер), «ТЭММ»АҚ (А.С. Дунский), «Тракт» АҚ (П.И. Пасеканов), «Қалалық электр жүйесiне» (Б.Н. Ақпанбетов) 1998 жылдың 1 маусымына дейiн жетiм балаларға арналған № 3 мектеп-интернаттың «Чайка» сауықтыру лагерiнде қажеттi жөндеу жұмыстарын жүргiзу ұсынылсын. № 2 мектеп-интернаттың «Юный строитель» сауықтыру лагерiндегi жөндеу жұмыстары 1998 жылғы 25 мамырға дейiн аяқталсын.
Облыстық қаржы басқармасы (Ф.Т. Гильмутдинов) балалар үйлерi мен мектеп-интернаттарда сауықтырумен және демалумен байланысты шараларды қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандар әкiмдерi жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға, көп балалы және аз қамтылған жанұялардың балаларына, мүгедек балаларға жолдамалардың толық бағасын төлеуге және бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң балалары үшiн жолдаманың бөлiгiн төлеуге жергiлiктi бюджеттен қаржы бөлсiн.
Тармақ 6
6. Қала және аудандар әкiмдерiне, кәсiпорындар мен ұйымдар басшыларына кәсiподақ комитеттерiмен бiрлесе отырып, «Сосновый бор» АҮАҚ, «Дружба» санаторийлерiнiң базаларында, сондай-ақ кәсiпорында мен ұйымдардың қазiргi кездегi жұмыс iстеп тұрған санаторийлерiнде денсаулығы нашарлаған балаларды сауықтыруды ұйымдастыру ұсынылсын.
Облыстық қаржы басқармасы (Ф.Т. Гильмутдинов) аз қамтылған, көп балалы жанұялардың 200 балалары мен жеткiншектерiн, денсаулығы нашарлаған балаларды «Сосновый бор» АҰАҚ және «Дружба» санаторийлерiнiң базасында сауықтыру үшiн бiлiм департаментiне облыстық бюджеттен 2600 мың теңге бөлсiн.
Тармақ 7
7. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы (О.А. Киколенко) балаларды санаторийлерде, санаторий-профилакторийлерде, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерiнде, күндiз демалатын мектеп жанындағы лагерьлерде сауықтыру үшiн жолдамаларды жартылай төлеуге әлеуметтiк сақтандыру қаржысынан 3 млн. теңге бөлудiң мүмкiндiгiн қарастырсын.
Тармақ 8
8. Қостанай, Лисаков қалаларының әкiмдерi еңбек және демалыс лагерьлерiнде 8-сынып оқушыларының келiсiм-шарт негiзiнде жұмыс iстеуiн ұйымдастырсын, еңбек және демалыс лагерьлерiнiң базасын уақытында және сапалы дайындасын, балалардың тұрулары үшiн қажеттi жағдай жасасын.
Тармақ 9
9. Бiлiм органдары, облыстың оқу орындары қала сыртында сауықтыру лагерьлерi бар кәсiподақ ұйымдарының, кәсiпорындар басшыларының келiсiмi бойынша келiсiм-шарт негiзiнде лагерьлердi тәрбиешi, вожатый кадрларымен және басқа да қызметкерлермен толықтырсын.
Тармақ 10
10. Облыстық кәсiподақ орталығымен және Пионер ұйымы кеңесiмен келiсе отырып, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерi бастықтары мен аға вожатыйларының оқуы ұйымдастырылсын, онда мiндеттi түрде балалардың өмiрi мен денсаулығын сақтау жөнiнде нұсқау болуға тиiс.
Тармақ 11
11. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (В.Б.Якимов), Мемсанэпидқадағалаудың облыстық басқармасы (Ж.Ә.Қожмұхаметов):
- сауықтыру лагерьлерiн медикаменттермен және дезинфекция жасайтын құралдармен қамтамасыз етсiн;
- жазғы сауықтыру мекемелерiнiң барлық түрлерiнiң дайындығы мен пайдалану барысына қатаң санитарлық-гигиеналық бақылау орнатсын. Балалардың жазғы демалысына дайын емес жазғы сауықтыру мекемелерiн пайдалануға тыйым салсын;
- жұмысқа жiберiлген қызметкерлердi медициналық тексеруден өткiзуде тексерушiлерден төлем алынбауды жүзеге асырсын;
- кәсiподақ органдарымен және кәсiпорындармен келiсiм-шарт негiзiнде сауықтыру лагерьлерiн, алаңдарын, еңбек және демалыс лагерьлерiн медицина кадрларымен толықтырсын.
Облыстық қаржы басқармасы (Ф.Т. Гильмутдинов) облыстық денсаулық сақтау басқармасының шығыстар сметасында қаралған орталықтандырылған шаралар жүйесiнде медикаменттер мен дезинфекция жасайтын құралдар алуға облыстық бюджеттен 2000 мың теңге бөлсiн.
Тармақ 12
12. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының жанындағы еңбек қорғау инспекциясы (А.Д. Шайкенов), облыстық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Ж.Ә. Қожмұхаметов) кәсiподақ органдарымен және жергiлiктi жерлердегi комиссиялардың келiсiмдерi бойынша сауықтыру лагерьлерiнiң, еңбек және демалыс лагерьлерiнiң уақытында қабылдануын жүргiзсiн, балалардың суға түсетiн жерлерiнiң, пляждардың жабдықталуына, олардың дайындықтарына құтқару құралдарымен қамтамасыз етiлуiне аса назар аударсын, олардың әрқайсысында балалардың өмiрi мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге жағдай жасасын.
Тармақ 13
13. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Р.Х. Өзбекғалиев) еңбек және демалыс орындарына балаларды жеткiзудi жүзеге асыратын көлiктi алып жүрудi қамтамасыз етсiн, сауықтыру лагерьлерiнде,еңбек және демалыс лагерьлерiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қорғауға ықпал жасасын.
Тармақ 14
14. Облыстық мемлекеттiк өртке қарсы қызмет басқармасы (Ә.А. Алпысов) қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерiнiң дайындығына жауап беретiн ұйымдардың базасында жасақталған және жарақталған ерiктi өрт сөндiрушiлердiң күшiмен еңбек және демалыс орындарының өрттен қорғалуын ұйымдастырсын және жазғы кезеңде облыстың қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерiнiң өрт-техникалық тексерiлуін жүргiзсiн.
Тармақ 15
15. 1998 жылғы 25 мамырдан 1 маусымға дейiн мүдделi ведомстволардың мамандарын тарту арқылы балалардың сауықтыру мекемелерiнiң жұмысқа дайындығының және қабылдануының байқауы өткiзiлсiн.
Тармақ 16
16. 1998 жылғы 15 маусымда облыстың балалары мен жас жеткiншектерi үшiн жазғы сауықтыру кезеңiнiң салтанатты ашылуы өткiзiлсiн.
Тармақ 17
17. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсiн.
Басқа 18. Облыстың қалалары мен аудандарында
1998 жылдың жазында балалар мен
жас жеткiншектердi сауықтыру туралы
МӘЛIМЕТ
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкiмiнiң
1998 жылғы 11 мамырдағы
№ 77 шешiмiне 1 қосымша
Облыстың қалалары мен аудандарында
1998 жылдың жазында балалар мен
жас жеткiншектердi сауықтыру туралы
МӘЛIМЕТ
Аталуы Жалпы Ауысым балалардың
саны саны толықтырылуы
Алтынсарин:
1. Сауықтыру лагерi 1 2 468
2. Еңбек және демалыс лагерi 5 320
3. Мектеп жанындағы сауықтыру 2 55
алаңдары
4. Өндiрiстiк бригадалар 1 2 70
5. Еңбек отрядтары 2 120
6. Жөндеу бригадалары 19 415
Жиынтығы: 1468
Аманкелдi:
1. Сауықтыру лагерi 1 2 15
2. Еңбек және демалыс лагерi 1 2 45
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары 14 1 18
4. Өндiрiстiк бригадалар 10 1 200
5. Еңбек отрядтары 13 1 325
6. Жөндеу бригадалары 28 1 280
Жиынтығы:
Әулиекөл:
1. Сауықтыру лагерi 1 2 400
2. Еңбек және демалыс лагерi
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары
4. Өндiрiстiк бригадалар
5. Еңбек отрядтары
6. Жөндеу бригадалары 33 1 900
Жиынтығы:
Денисов:
1. Сауықтыру лагерi 1
2. Еңбек және демалыс лагерi
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары 13 1 300
4. Өндiрiстiк бригадалар 5 3 75
5. Еңбек отрядтары
6. Жөндеу бригадалары 28 1 610
Жиынтығы: 1180
Жангелдин:
1. Сауықтыру лагерi
2. Еңбек және демалыс лагерi
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары 3 1 60
4. Өндiрiстiк бригадалар 9 1 90
5. Еңбек отрядтары
6. Жөндеу бригадалары 17 1 170
Жиынтығы: 320
Жiтiқара:
1. Сауықтыру лагерi 1 2 600
2. Еңбек және демалыс лагерi 3 180
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары 5 320
4. Өндiрiстiк бригадалар 14 270
5. Еңбек отрядтары
6. Жөндеу бригадалары 23 345
Жиынтығы:
Қамысты:
1. Сауықтыру лагерi 1 2 250
2. Еңбек және демалыс лагерi
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары 4 2 25
4. Өндiрiстiк бригадалар
5. Еңбек отрядтары 5 2 10
6. Жөндеу бригадалары
Жиынтығы:
Қарасу:
1. Сауықтыру лагерi 1 2 100
2. Еңбек және демалыс лагерi
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары 25 1 750
4. Өндiрiстiк бригадалар 3 1 118
5. Еңбек отрядтары
6. Жөндеу бригадалары 15 1 322
Жиынтығы: 1290
Қарабалық:
1. Сауықтыру лагерi 1 5 200
2. Еңбек және демалыс лагерi 27 1 300
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары
4. Өндiрiстiк бригадалар 13 1 120
5. Еңбек отрядтары 25 3 1600
6. Жөндеу бригадалары 30 1 1000
Жиынтығы: 3250
Қостанай:
1. Сауықтыру лагерi
2. Еңбек және демалыс лагерi
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары 44 1 1090
4. Өндiрiстiк бригадалар 24 3 2416
5. Еңбек отрядтары
6. Жөндеу бригадалары 47 1 1090
Жиынтығы:
Меңдiқара:
1. Сауықтыру лагерi
2. Еңбек және демалыс лагерi
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары 15 2 450
4. Өндiрiстiк бригадалар 14 2 150
5. Еңбек отрядтары 6 2 650
6. Жөндеу бригадалары 23 1 700
Жиынтығы: 1950
Науырзым:
1. Сауықтыру лагерi
2. Еңбек және демалыс лагерi
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары 11 1 330
4. Өндiрiстiк бригадалар
5. Еңбек отрядтары
6. Жөндеу бригадалары 11 1 220
Жиынтығы: 550
Сарыкөл:
1. Сауықтыру лагерi 1 2 300
2. Еңбек және демалыс лагерi
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары 10 2 500
4. Өндiрiстiк бригадалар 5 2 70
5. Еңбек отрядтары 16 1 640
6. Жөндеу бригадалары
Жиынтығы:
Таран:
1. Сауықтыру лагерi
2. Еңбек және демалыс лагерi 22 2 1200
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары 30 2 1550
4. Өндiрiстiк бригадалар 9 1 90
5. Еңбек отрядтары 9 1 110
6. Жөндеу бригадалары 19 1 960
Жиынтығы:
Федоров:
1. Сауықтыру лагерi 1 2 25
2. Еңбек және демалыс лагерi
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары 16 2 650
4. Өндiрiстiк бригадалар 7 3 315
5. Еңбек отрядтары 17 1 340
6. Жөндеу бригадалары 26 2 580
Жиынтығы: 1970
Қостанай қаласы:
1. Сауықтыру лагерi 6 2 250
2. Еңбек және демалыс лагерi 2 5 760
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары 14 1 300
4. Өндiрiстiк бригадалар 6 1 581
5. Еңбек отрядтары 6 1 165
6. Жөндеу бригадалары 30 1 2000
Жиынтығы:
Арқалық қаласы:
1. Сауықтыру лагерi 31 1 2880
2. Еңбек және демалыс лагерi
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары 31 3 2419
4. Өндiрiстiк лагерi 23 2 482
5. Еңбек отрядтары 31 3 960
6. Жөндеу бригадалары 23 2 414
Жиынтығы: 7155
Лисаков қаласы:
1. Сауықтыру лагерi 1 2 160
2. Еңбек және демалыс лагерi 1 6 480
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары 5 1 460
4. Өндiрiстiк бригадалар 5 1 310
5. Еңбек отрядтары 3 2 210
6. Жөндеу бригадалары 10 1 227
Жиынтығы: 1847
Рудный қаласы:
1. Сауықтыру лагерi 1 3 900
2. Еңбек және демалыс лагерi
3. Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары 22 3 1415
4. Өндiрiстiк бригадалар
5. Еңбек отрядтары 32 3 6700
6. Жөндеу бригадалары 20 3 1200
Жиынтығы: 10215
Барлығы: Жазғы сауықтыру лагерьлерi -19
/оның iшiнде «Романтик»,
«Костер»/
Еңбек және демалыс лагерьлерi -61
Мектеп жанындағы сауықтыру
алаңдары -274
Өндiрiстiк бригадалар -138
Еңбек отрядтары -154
Жөндеу бригадалары -396
Басқа 19. Балалардың жазғы сауықтыру демалысын
ұйымдастыру жөнiндегi облыстық
комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы
Қостанай қаласы әкiмiнiң
1998 жылғы «11» мамырдағы
№ 77 шешiмiне 2 қосымша
Балалардың жазғы сауықтыру демалысын
ұйымдастыру жөнiндегi облыстық
комиссияның құрамы
Серiк Шыңғысұлы Бектұрғанов - облыс Әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Балбөпе Ғалымжанқызы Ертаева - облыстық кәсiподақ орталығы төрағасының орынбасары; комиссия төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)
Айтбай Садуақасұлы Дощанов - облыстық бiлiм департаментi бастығының орынбасары; комиссия төрағасының орынбасары
Лариса Владимировна Фирстова - облыс Әкiмi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелерi:
Төлебай Нұрғалиұлы Ахметов - облыстық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары
Балия Ғазезқызы Дүйсенбаева - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
Ольга Андреевна Киколенко - облыстық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы
Сәлiм Қажыболұлы Қайыров - облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары
Ким Юрий Генадьевич - облыстық өртке қарсы қызмет басқармасы бастығының орынбасары
Василий Николаевич Колесник - бiлiм қызметкерлерiнiң кәсiподағы облыстық комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Любовь Петровна Конвисарева - облыстық пионер ұйымы Қеңесiнiң төрайымы (келiсiм бойынша)
Тамара Андреевна Косарева - агроөнеркәсiп кешенi қызметкерлерiнiң кәсiподағы облыстық комитетi төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)
Хадиша Ақынтайқызы Суханова - мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың облыстық басқармасының
балалар мен жас жеткiншектер гигиенасы бөлiмiнiң меңгерушiсi
Аманкелдi Бидәулетұлы Шәйкенов - облыстық еңбек қорғау басқармасы инспекциясының бөлiм бастығы
Мария Александровна Щеглова - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары