Об организации лагерных (учебно-полевых) сборов с юношами призывного возраста в 1998 году Күшін жойған
Басқа 0
1998 жылы әскер жасындағы жас жігіттердің лагерьлік (оқу-дала) жиынға жиналуын ұыймдастыру туралы
📌 Ескерту. Қолданылу мерзімі ұтіп кетуіне байланысты қызметі тоқтатылды - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы қарашаның 1-гі «Бастапқы әскери дайындық туралы» № 1340 қаулысын, Қазақстан Республикасы қорғаныс Министірінің 1997 жылғы қаңтардың 23-гі «Қазақстан Республикасының бастапқы әскери дайындық туралы 1997 жылғы қаңтардың 23-гі №12 Қазақстан Республикасы Министірінің бұйрығын және Қазақстан Республикасының Қарулы КүштеріБас штабы бастығының 1998 жылғы сәуірдің 22-гі «1998 жылы әскер жасындағы жас жігіттердің лагерьлік (оқу-дала) жиынға жиналуын ұйымдастыру туралы № 1 нұсқауларын орындау мақсатында:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкімдері қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерьлерінде және оқу пунктерінде лагерьлік (оқу-дала) жифндарының ұйымдастырылуын бақылауға алсын.
Тармақ 2
2. Облыстық білім департаменті (Е.П.Бекметов) қала және аудан әкімдерімен бірлесіп:
- 1998 жылғы 25 мамырға дейін жалпы білім беретін және кәсіби-техникалық мектеп бітіруші және бітіретін кластар (курстар) оқушыларының, сондай-ақ бастапқы әскери дайындықты оқу орындарында және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері штабының ұйымдық-мобилизациялық жұмыс Департаментінің Бағдарламасына сәйкес лагерлік (оқу-дала) жиында болмаған әскер жасындағы жас жігіттердің лагерлік (оқу-дала) жиынты өткізілсін;
- жиын өткізу кезінде оқушылар өмірі мен денсаулық қаупсіздігі, қару-жарықтың және мүліктің сақталу шаралары қамтамасыз етілсін.
Жиын өткізу үшін сауықтыру лагерьлері қорғаныс-спорттық басзасының (ОСОЛ), әскери бөлімшелердің, жоғарғы оқу орындары әскери кафедрасының, ҚР ҚМ Қарағанды қаласының әскери-техникалық мектебінің оқу-материалдық базасы пайдалансын.
Тармақ 3
3. Қала және аудан әкімдері жас жігіттердің спорттық сауықтыру лагерьлері мен оқу пунктеріндегі лагерьлік (оқу-дала) жиындарын және дайындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. ҚР ҚМ Қарағанды қаласы әскери-техникалық мектебінің бастығы (Д.Д.Ахметқұлов) 1998 жылғы маусымының 1-не дейін мектеп базасында әскерге дейінгі және әскер жасындағы жастарды әскери қызметке дайындау жөнінде оқу пунктін (оқу-әдістелік орталық) құрсын және жыл сайын жастарды кезекті мерзімдік әскери қызметкешақыруды алдында (наурыз-сәуір, қыркүйек-қазан) бастапқы әскери дайындық курстарынан өтпеген әскерге шақырылатын жастардың дайындалуын жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Қарағанды гарнизонының бастығы (М.Г.Аубакиров) жоғарғы оқу орындарының әскери кафедраларының басшылары:
- оқу орындарына, оқу пунктеріне лагерлік (оқу-дала) жиындар ұйымдастырып өткізуге шефтік көмек көрсетсін, жеке құрамының орналасуы және өмірімен, әскери бөлімдердің қару-жарақтары және әскери техникасымен танысу көзделсін, әскери бөлімдердің әскери дайындық үздіктерімен кездесулер ұйыимдастырылсын;
- қалалық және аудандық әскери комисариаттар және білім бері органдарының өтініштері бойынша лагерлік (оқу-дала) жиындар өткізу кезінде офицерлердің, прапорщиктар мен сержанттардың, атқыш құралдары. Оқ-дәрінің және оқу-материалдық базасының қажетті мөлщерін бөлсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орынлдалуы туралы хабарлама 1998 жылғы 15 маусымға дейін жіберілсін.
Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Х.Б.Қабжановқа жүктелсін.