Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в апреле-июне 1998 года Қолданыста
Басқа 0
1998 жылғы сәуір-маусымда азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңның және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 3 сәуірдегі № 3895 "Әскери қызметтегі қызметкерлерді запасқа шығару және 1998 жылғы сәуір-маусымда Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығының негізінде:
Тармақ 1
1. Мерзімді қызметке шақырылуды кейінге қалдыруға құқығы жоқ 1980-1971 жылғы азаматтардың шақырылуы еткізілсін және Қарулы Күштерге шақырылғандарды жөнелту 1998 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейін жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қала/аудандық/ шақыру комиссиялардың жұмысын бақылау және басшылық ету үшін мына құрамдағы облыстық шақыру комиссиясы құрылсын:
Мыңбаев Д.Қ. облыс Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Нұров Т.М. - облыстық
әскери комиссар, комиссия төрағасының орынбасары
Линова Е.Ш.
-комиссияның хатшысы
Комиссия мүшелері:
Шкут А.М.
-облыстық ішкі істер Бас басқармасы бастығының орынбасары
Маймақов Ә.А.
-денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары
Раманқұлов М.Р. - облыс Әкімі аппараты мемлекеттік-құқық жұмыс бөлімінің бас маманы
Жылқышиев М.Ә. - дәрігер, облыстық әскери дәрігерлік комиссиясының төрағасы
Қала /аудан/ шақыру комиссиялары жұмысын 1 сәуірден, облыстық комиссия - 1998 жылғы 6 сәуірден бастасын.
Тармақ 3
3. Комиссияның төрағасы барлық комиссия мүшелерімен қала, аудандық шақыру комиссиялардың жұмысын және 1998 жылғы көктемдегі шақырудың барысын бақылау үшін аудандарға шығу жолсапарларының кестесін келіссін.
Тармақ 4
4. Облыстық шақыру комиссиясының жұмысы облыстық жиналу пунктінің негізінде ұйымдастырылсын. Облыстық әскери-дәрігерлік комиссияның жұмыс тәртібі сенбі және жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін белгіленсін.
Тармақ 5
5. Облыстық әкімшілігінің денсаулық сақтау департаменті /Момынов/ қалалық, аудандық және облыстық шақыру комиссияларындағы дәрігер-мамандарының шақырушыларды медициналық куәлендіруден өткізуді Қазақстан Республикасы Қорғау Министрлігінің 1995 жылғы № № 61 бұйрығында анықталған медициналық куәлендірудің әдістері мен нормаларына сәйкес қала, аудан әкімдері белгілеген мерзімде ұйымдастырсын;
-емдеу мекемелері қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілсін;
-шақыру комиссиялардың жолдамалары бойынша шақырушыларды стационарлық қараудан шұғыл өткізу ұйымдастырылсын;
-облыстық жиналу пункті үшін медициналық бақылау комиссиясының жұмыс уақытына жылжымалы ренген қондырғысы бөлінсін;
-1998 жылғы 20 маусымға дейін шақыру комиссияларының жұмыс қорытындылары талдансын, медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру, жастарды Қарулы Күштер қатарындағы қызметке дайындау және оларды медициналық куәлендіру жөніндегі ұсыныстар дайындалсын;
-шақырудан бұрын облыстық, қалалық, аудандық медициналық комиссиялардың дәрігерлерімен шақырушыларды медициналық куәләндіру бойынша жиын өткізілсін;
-облыстық, қала, аудандық денсаулық сақтау органдарының тапсырыстары бойынша шақыру комиссиялары үшін қосымша дәрігер мамандар жіберілсін;
- облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың құрамына тағайындаулар облыстық әскери-дәрігерлік комиссияның төрағасы М.Жылқышиевпен келісілсін.
Тармақ 6
6. Облыс әкімшілігінің мәдениет басқармасы /Ақбердиев/:
-шақыру учаскелерінде, облыстық жиналу пунктінде жастардың отаншылдық, отанының қауіпсіздігіне тікелей жауапкершілік және парыздық сезімдерін тәрбиелейтін шығармашыл ұжымдарының концерттерін және басқа да мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырсын;
-әскери-отаншылдық тақырыптарға көркем және құжат фильмдерін көрсетуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Облыстық тұтынушылар одағы /Жамалбеков/ шақыру учаскелерінде, облыстық жиналу пунктінде тамақтандыруды және күнделікті қажетті тауарларды сатуды ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Ішкі істер Бас басқармасы /Оразәлиев/ мерзімді әскери қызметке шақырылудан бас тартып жүрген азаматтарды іздестіруге және қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын көрсін, әскери комиссариаттағы азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға жәрдем берсін, шақыру учаскелері мен облыстық жиналу пунктінен командаларды жөнелту күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Желілік ішкі істер бөлімі /Андреев/ шақырылғандарды жөнелту кезінде темір жол стансаларындағы қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ оларды Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін шығарып салуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Облыс әкімшілігінің саяхат және спорт басқармасының бастығы/Бектаев/:
- шақырылғандардың арасында "Денсаулық" бағдарламасы бойынша және спорт разрядтарына нормативтерді тапсыру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қажетті мамандар даярлау жөніндегі спорт іс-шараларын өткізсін. Облыстық жиналу пунктінде жоғарыда аталған нормативтерді дәлелдеу үшін шақырылғандарды тексеру ұйымдастырылсын.
Тармақ 11
11. Облыстық телерадио бірлестігі /Қонысбеков/ және облыстық, қалалық және аудандық газеттердің редакциялары облыстық әскери комиссариатпен бірлесіп, жастарды әскери қызметке дайындау және қызметті атқаруға бағытталан арнайы бағдарламалар мен жариялымдарды беруді жалғастырсын.
Тармақ 12
12. Облыс әкімшілігі көлік департаментінің бастығы /Әлиев/ әскери комиссариаттардың тапсырыстары бойынша шақырылғандарды тасымалдау үшін жергілікті бюджеттің есебінен техникалық жағдайы жақсы автобустардың қажетті санын берсін.
Тармақ 13
13. Облыстық баспахана /Тәңірбергенов/ азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету үшін қажетті бланкілерді дайындасын.
Тармақ 14
14. "Оңтүстік Қазақстан қуаты" АҚ /Қосабеков/ жастарды медициналық қараудан сапалы өткізу мақсатында шақыру пункттерін үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етсін.
Қала, аудан әкімдері:
- "Жаппай әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңның 14 бабына сәйкес шақыру комиссияларды кұру туралы шешім қабылдасын;
-жастарды Қарулы Күштер қатарындағы қызметке дайындау және азаматтарды 1998 жылғы сәуір-маусымда әскери қызметке шақыруды өткізу жөніндегі қажетті іс-шараларды жасасын және өткізсін;
-шақыруды ұйымдастыру және өткізу, әскерге шақырылғандарды жөнелту үшін әскери комиссариаттарды аталған жұмыстарды атқару үшін қолайлы жабдықталған үй-жайлармен қамтамасыз етсін, дәрігерлердің, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетуші құрамдағы адамдардың қажетті санын бөлсін;
-меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар, ұйымдар, оқу орындары мен басқа шаруашылық жүргізуші субьектілердің басшыларынан "Жаппай әскери міндеттілік пен әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңның 34 бабы 5 тармағының талаптарын міндетті түрде орындауды талап етсін;
-ауыл әкімшіліктерді шақыру кезінде шақырылғандардың алған шақыру қағаздарына сәйкес, аудан, қала әскери комиссариатына баруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 15
15. Бағыныстағы және меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен оқу орындарының басшылары шақырылғандарды іс-сапарларынан /демалыстарынан/ шақырып алсын және олардың шақыру учаскелеріне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 16
16. Қабылданған шаралар, сондай-ақ шақырудың қорытындылары туралы 1998 жылғы 5 шілдеге дейін облыс Әкімі аппаратының мемлекеттік құқық жұмыс бөліміне хабарласын.
Тармақ 17
17. Осы шешімнің орындалуы, 1998 жылғы шілдеде облыс әкімшілігінде қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары - шақыру комиссиялардың төрағаларымен бірге өтетін мәжілісте қаралсын.
Тармақ 18
18. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімі аппараты мемлекеттік-құқық жұмыс бөліміне /Шелочков/ жүктелсін.
Басқа 19. Облыстық жиналу пунктіне көктемгі шақыруды өткізу үшін техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетуші адамдарды бөлетін кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің Қ Ұ Р А М Ы
Облыс Әкімінің 1998 жылғы
"8" көкек № 158
шешіміне
№ 1 қосымша
Облыстық жиналу пунктіне көктемгі шақыруды өткізу үшін техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетуші адамдарды бөлетін кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің Қ Ұ Р А М Ы
№
Ұйымдар мекемелердің атаулары
техникалық қызметкерлердің саны
ескерту
1
2
3
4
1.
8-АТКШ
I
2.
"Металлург" МУ
I
3.
"Фосфор" АҚ
I
4.
"Казцветремонт" АҚ
I
5.
"Шымкентқаракөл" АҚ
I
6.
"Шымкентет" АҚ
I
7.
"Шымкентсүт" АҚ
I
8.
"Орман құрылысы" ашық түрдегі АҚ
I
9.
ТЭЦ-З
I
10.
"Шымкентмұнайсинтез" АҚ
I
11.
"Карданвал" АҚ
I
12.
ЭМИ зауыты
I
13.
Металлоконструкция зауыты
I
14.
"Шымкентцемент" АҚ
I
15.
"Оңтүстік" АҚ
I
16.
"Дизенфекция" ӨБ
I
17.
"Зеленстрой" ӨҚБ
I
18.
"Қазтепломонтаж" АҚ
I
19.
"Кабиско" жабық түрдегі АҚ
I
20.
"Құнарлық" АҚ
I
21.
"Эластик" АҚ
I
22.
"Восход"
I-машинка басушы
23.
"Дидар" АҚ
I
24.
"Гарант" АҚ
I
25.
"Тұрмыстық техника" АҚ
I
26.
"Южтекс" АҚ
I
27.
"Шымкент" сауда үйі
I
28.
Облыстық су құбырлары басқармасы
I-машинка басушы
29.
ШМТУ
I- "_"
30.
ОҚМУ
I- _"_
31.
ШПИ
I- _"_
32.
"Ақ жол" АҚ
I- _"_
Басқа 20. Облыстық жиналу пунктіне көктемгі шақыруды өткізу үшін автокөлік бөлетін ұйымдар мен
мекемелердің ҚҰРАМЫ
Облыс Әкімінің
1998 жылғы "8" көкек
№ шешіміне
№ 2 қосымша
Облыстық жиналу пунктіне көктемгі шақыруды өткізу үшін автокөлік бөлетін ұйымдар мен
мекемелердің ҚҰРАМЫ
№ Ұйымдар мен мекемелердің А/көліктің саны Ескерту
атаулары
1."Алаугаз" АҚ I
2. № 5 автокомбинат I
3. Шымкент злектр жүйелерін үлестіру
кәсіпорны I
4. Қазақ жобалау ғылыми-зерттеу
институты I
5."Шымкентгазмонтаж" № 2 құрылыс-
монтаждау басқармасы I
6. Шымкент электр жүйелері I
7. Қуатты қадағалау кәсіпорны I
8. Шымкент қалалық телефон басқармасы I