Об организации летнего отдыха и оздоровления детей и подростков в 1998 году Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1998 жылы жазғы демалыстарды ұйымдастыру және балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру жөнінде 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 04.12.2000 № 228 шешімімен Калалар мен аудандарда балалардың демалысы үшін жагдайлар жасау және сауықтыру лагерларын жазгы маусымға дер уақытында дайындау мақсаттарыңда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі кәсіподақтардың облыстық кеңесінің атқарушы комитеті Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен ведомстволар, барлық нысандагы кәсіпорын басшылары кәсіподақ комитеттерімен бірлесе отырып, балалар мен жасөспірімдердің демалыстарын ұйымдасқан түрде өткізу жөнінде шұғыл шаралар қабылдасын: Ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін барлық нысандағы базалық кәсіпорындар мен лагер ұстаушылардың басшыларына оларда оқушыларды адамгершілікке және еңбекке тәрбиелеу, жан-жақты мәдени-бұқаралық, спорттық және сауықтыру жұмыстары үшін қажетті жагдайлар туғыза отырып, қала сыртындагы сауықтыру лагерларының, еңбек және демалыс лагерларының материалдық-техникалық базаларын дайындау міндеттелсін. Ағымдағы жылдың 25 сәуірінен 25 мамырға дейінгі аралықта лагерларда балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыруды ашуга дайындық жөніндегі айлық жариялансын. №1 қосымшаға сәйкес сауықтыру лагерларын орналастыру және жоспарланган балалар контингенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. Сауықтыру лагерларын дайындау мен олардың жұмыс істеуі жөніндегі жауапкершілік қалалар мен аудан әкімдеріне жүктелсін. Лагерларды қабылдау қалалық және аудандық комиссияларға /8 шілдеге дейін/ тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Сауықтыру лагерларын қаржыландыру мыналар есебінен жасалсын - лагер ұстаушы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларынан; - қызметкерлерінің балаларын жіберетін кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларынан; - осы мақсаттарға қарастырылган әлеуметтік сақтандыру қаржыларынан; - жергілікті бюджет қаржыларынан; - шаруашылық жүргізуші субьектілердің 1996-1997 жылдарғы кәсіподақтарға берешек мүшелік жарналарының түскен жалпы жарналық сомасының 30 пайызы көлемінде. Кәсіпорындар мен ұйым басшылары жарналар жөніндегі кәсіподақтардың кұралған берешектерінің кәсіподақтар комитеттерінің есеп шоттарына түсуін қамтамасыз етсін. Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жолдамалар бөлуді мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподақтарының облыстық комитеті жүзеге асырады, ал жолдаманы бюджеттік салалар кәсіподақтарының сәйкес облыстық комитеттері береді.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудан әкімдеріне кәсіподақтардың қалалық және аудандық комитеттерімен бірлесе отырып, жекелеген сметалар бойынша мұнай өнімдерінің, электр энергиясының, көліктің жане де басқа шығындардың құндарын арзандатуға бюджеттен тыс қаржы тарту нұсқалсын. Жолдамалардың бағасы әр лагердің шығыстар сметасына сәйкес белгіленсін және ол тауарлар мен қызметтерге қалыптасқан бағаға қарай, баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетпен келісілсін. Жетім балалар, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары үшін жолдамалар шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылары есебінен, сондай-ақ «Кедейлік және жұмыссыздықпен күрес және аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қоргау жөніндегі» бағдарламамен қарастырылған қаржының бір бөлігін пайдалану есебінен тегін бөлінсін.
Тармақ 5
5. Облыстық «Балдырган» балалар қорына, «Болашақ» аймақтық қорына тұрмысы жұқа отбасыларының балаларына жолдама құнын төлеу үшін көмектер көрсетуге қатысу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Қалалар мен аудан әкімдері, білім департаменті /Ф.И.Ваховский/ жасөспірімдерді еңбекке белсендірек тарту, лагерларды ұстау шыгындарын жартылай өтеу мақсаттарында еңбек және демалыс лагерларында белгіленген еңбек заңындагы тәртіптерде жоғары сынып оқушыларының қызметтерін пайдалануды практикаға енгізсін, сондай-ақ қала сыртындағы лагерлармен қамтылмаған балалар үшін облыстық мектептерінде мектептен тыс мекемелерде күндізгі уақыттарда ғана болатын сауықтыру алаңдарын ашу нұсқалсын.
Тармақ 7
7. Көкшетау және Солтүстік Қазақстан универститеттерінің ректорлары /А.А, Айтмұқанбетов, Ғ.М.Мұтанов/, б іл ім /Ф.И. Ваховский/, денсаулық /Е.Ыбыраев/, мәдениет /В.П.Лапухин/ департаменттары кәсіподақтарының органдарымен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін қандай да болмасын өтемдер алмастан барлық лагерларды педагогтармен, медициналық, музыкалық және дене шынықтыру қызметкерлерімен толықтырсын. Сауықтыру лагерларының, еңбек және демалыс лагерларының басшылары ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін лагерларды қызмет көрсету қызметшілерімен толықтырсын, балалардың сауықтыру лагерларында жұмыс істеуге дайындық жөнінде кадрлармен нұсқамалар және семинарлар өткізсін.
Тармақ 8
8. Денсаулық сақтау /С.Е.Ыбыраев/, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау /И.Е.Шнитко/ департаменттарының бастықтары, мемсанэпидемқадағалау басқармасының бастығы /А.А.Белоног/, ТТЖ жанындағы мемлекеттік өрт сөндіру қызметі басқармасының бастыгы /Қ.С.Қанафин/, облыстың судан құтқару қызметінің бастығы /О.Ғ.Шагимарданов/ маусым ашылысымен лагерлардың ашылу дайындығына бақылау қойсын және өздерінің қүзіреттеріне сайкес демалыс кезінде оларға қажетті әдістемелік көмек көрсетсін.
Тармақ 9
9. Туризм және спорт жөніндегі облыстық басқарма /Қ.А.Ахметов/, экология және биоресурстар жөніндегі облыстық басқармалар /Н.Ф. Куликов/ туған өлке бойынша туристік және экологиялық маршруттар әзірлесін.
Тармақ 10
10. Облыстық денсаулық сақтау департаменті /С.Е.Ыбыраев/, мемсанэпидқадағалау басқармасы /А.А.Белоног/ балалар лагерларын дәрі-дәрмектермен, дизенфекция құралдарымен және басқа қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге көмек көрсетсін, қолданылып жүрген санитарлық нормаларга сәйкес балалардың демалыстарын ұйымдастыруға және олардың денсаулықтарын қорғауға, қатаң бақылау қойсын. «СҚЭБК» АҚ-ның президенті /В. Я. Претцер/, «КАЭК» АҚ-ның директоры /Ж.Н.Нұралин/, «Союзцелинвод» тресінің басқарушысы /Б.Ш.Хайнетов/ балалардың демалыс аймағын электр энергиясымен және сумен үзіліссіз қамтамасыз етсін. Телекоммуникация мемлекеттік кәсіпорны /Қ.Е. Ескендіров/ сауықтыру лагерларын телефон байланысымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Облыстық қаржы басқармасы /Ф.Ф. Сутулов/ «Алтын күз» лагерінде балалар үйінің және интернаттық мекемелердің жетім балаларын сауқтыру үшін қосымша ассигнация бөлсін және бюджеттік сала қызметкерлері үшін «Березка» лагерін дер уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 12
12. Ішкі істер басқармасы /Н.Ф.Кильмашкин/, еңбек және халықты әлеуметтік қоргау департаменті /И.Е.Шнитко/, облыстық судан құтқару қызметі /О.Ғ.Шагмарданов/ демалыс аймақтарында қогамдық тәртіптің сақталуын, балаларды тасымалдау қауіпсіздігінің, балалар өмірінің, қызмет көрсетуші қызметшілер еңбектерінің қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің сақталуларын қамтамасыз етсін.
Тармақ 13
13. Облыс әкімінің орынбасары И.Ф.Чиркалин сауықтыру лагерларының қызметтеріне қатысты ақшалай төлемдердің шуғыл өтуін қамтамасыз етсін. Сауықтыру маусымы кезеңінде лагер ұстаушыларға қолма-қол ақшалары үшін көкөніс, жемістерді және тез бүлінетін өнімдерді сатып алуға рұхсат етсін.
Тармақ 14
14. Балалардың жазғы демалыстары жөніндегі шұғыл мәселелерді үйлестіру және шешу үшін №2 қосымшага сәйкес құрамда облыстық комиссия құрылсын. Балалардың жазғы демалыстары жөніндегі шұғыл деректер мен қорытынды ақпараттар беру облыстық білім департамен тіне /Ф.И.Ваховский/ жүктелсін.