Об итогах работы объектов жилищного, социально-культурного и административно-хозяйственного назначения области в отопительный период 1999-2000 г.г. и задачах по подготовке к зиме 2000-2001 г.г. Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың тұрғын үй, әлеуметтiк-мәдени және әкiмшiлiк-шаруашылық бағыттағы объектiлерiнің 1999-2000 жылдардағы от жағу маусымындағы жұмыс қорытындылары және 2000-2001 жылдардағы қыс кезiне дайындық жөнiндегi мiндеттер туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 28 шілдегі N 90 шешімімен.
Облыстың тұрғын үй, әлеуметтiк-мәдени және әкiмшiлiк-шаруашылық бағытындағы объектiлерiнің 1999-2000 жылдардағы қыс кезiндегi жұмысына талдау жасау қалалар мен аудандардың әкiмдерi, бөлiмдер мен басқармалар, кәсiпорындар мен ұйымдар оларды қыс кезiне дайындау жөнiнде едәуiр жұмыс атқарғандықтарын көрсеттi. Облыстың барлық аудандарында тиiстi шаралар белгiленiп, бекiтiлдi, жұмыс топтары құрылды, жөндеу жұмыстары мен отын дайындау жөнiнде нақтылы жұмыс жүргiзiлдi. Тұрғын үйлер мен әлеуметтiк-мәдени, тұрмыстық объектiлердi жылумен жабдықтаудың автономды көздерiне көшiру жөнiнде жоспарланған жұмыс көлемi орындалды. Қыс маусымына дайындық жөнiндегi аудандық және облыстық штабтарының үзбей бақылау жасауы орнатылды.
Қолданылған шаралар тұрғын үйлер мен бюджеттiк сала объектiлерiне дер кезiнде белгiленген уақытта жылу беруге, қыс кезiнің өн бойында жылумен жабдықтаудың тұрақты режимiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.
Мұнымен қатар дайындық жұмыстары кезiнде және от жағу мерзiмiнің барысында бiрқатар олқылықтар мен кемшiлiктерге жол берiлдi. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, басқармалар мен департаменттердің бастықтары "Облыстың энергетика, әлеуметтiк-мәдени, тұрмыстық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектiлерiн күзгi-қысқы кездегi жұмысқа дайындау туралы" облыс әкiмiнің 1999 жылғы 25 мамырдағы N 691-к шешiмiн бұлжытпай орындауға нақты шаралар қолданбады.
Коммуналдық қызмет үшін берешектер барлық жерде дерлiк өсiп отыр.
Жергiлiктi бюджеттiң берешектерiн 1999 жылғы 1 маусымға дейiн өтеу туралы тапсырма орындалмады, 1999 жылғы 1 наурызға ол 379,5 млн. теңге болды, 1999 жылғы 1 шiлдеге 514,9 млн. теңгеге дейiн өстi, халықтың берешектерi азаймауда.
Бұл коммуналдық кәсiпорындарға жөндеу жұмыстары мен отын дайындауды дер кезiнде өткiзуге мүмкiндiк бермедi.
Қалалар мен кенттердің барлығына бiрдей дерлiк жылумен жабдықтау дер кезiнде қамтамасыз етiлмедi. Мұндай фактiлерге Семей, Курчатов, Серебрянскi қалаларында, Белоусовка, Первомайскi, Солнечный кенттерiнде жол берiлдi.
Шемонаиха, Күршiм, Зайсан және Көкпектi аудандарының әкiмдерi облыс әкiмiнің бюджеттiк ұйымдарды отынмен дер кезiнде қамтамасыз ету жөнiндегi шешiмiн орындамады, бұларда көмiр қоры от жағу маусымы басталуына 10 күннен 25 күнге дейiн ғана болды, қара май жеткiзiп берудегi үздiк-создықтың салдарынан Курчатов қаласының тұрғын үйлерiнде оңды жылу режимi қамтамасыз етiлмедi.
Семей қаласының жылу көздерi мен жылу желiлерiн қаланы қыс кезiне дайындау кезiнде бiр кәсiпорынның балансынан екiншi кәсiпорынның балансына беру, қазандықтардың тұрақсыз жұмыс iстеуi және көрсетiлген коммуналдық қызмет үшін халық төлемдерiнің төмен түсуi салдарынан жеке шағын аудандарды жылумен жабдықтауға терiс әсер еттi.
Зырян ауданының әкiмi техникалық-экономикалық негiздемесiз және жобалау-сметалық құжатсыз қатты отынмен жұмыс iстейтiн блоктық қазандықтар орнатқан, олар от жағу маусымы басталысымен тұрғын үйлер мен әлеуметтiк-мәдени, тұрмыстық объектiлерде ең аз температуралық режимнің өзiн қамтамасыз етпедi. Сол себептi Серебрянскi қаласында жылумен жабдықтау орталық қалалық қазандықты пайдалануға бергеннен кейiн ғана желтоқсанның аяқ кезiнде оңдалды.
Осының бәрi халықтың әртүрлi мемлекеттiк органдарға, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Президентi мен Їкiметiнің әкiмшiлiгiне көптеген арыз-шағындарын туғызды.
Облыстық тұрғын үй, әлеуметтiк-мәдени және әкiмшiлiк-шаруашылық бағыттағы объектiлерiн 2000-2001 жылдардағы от жағу кезiндегi жұмысқа дер кезiнде және сапалы дайындалу мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Курчатов (Дмитропавленко В.Н.) қаласының, Күршiм (Сләмов Б.Б.), Шемонаиха (Гречухин А.В.), Зырян (Доскалов В.А.), Зайсан (Жанақов Б.Т.), Көкпектi (Қожамбетов Б.К.), Жарма (Белихин И.В.) аудандарының әкiмдерiне "Облыстық энергетика, әлеуметтiк, мәдени-тұрмыстық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектiлерiн күзгi-қысқы кездегi жұмысқа әзiрлеу туралы" облыс әкiмiнің 1999 жылғы 25 мамырдағы N 691-к шешiмiнің ведомстволық қалалар мен кенттерде тұрғын үй және әлеуметтiк-тұрмыстық секторды жылумен тұрақты және толассыз қамтамасыз ету жөнiндегi бөлегiн орындамағаны атап көрсетiлсiн және оларға жол берiлген кемшiлiктердi жою жөнiнде нақты шаралар қолдану мiндеттелсiн.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) бiр ай мерзiмi iшiнде қазандықтарды, жылу желiлерiн, әлеуметтiк-мәдени, тұрғын үй-коммуналдық бағыттағы объектiлердi 2000-2001 жылдардағы қыс жағдайларындағы жұмысқа дайындау жөнiнде шаралар жоспарын жасап, бекiтсiн;
Тармақша 2
2) белгiленген шараларды орындау барысын үйлестiру және бақылау жасау жөнiнде аймақтық жұмыс топтарын құрсын;
Тармақша 3
3) отын жеткiзу кестесiн жасап, бекiтсiн, от жағу маусымы басталғанға дейiн оның нормативтi қорын жасасын. Халық үшін көмiр сату пункттерiн ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) он күндiк мерзiмi iшiнде бюджеттiк ұйымдардың пайдаланған коммуналдық қызметтер үшін берешектерiн өтеу кестесi жасалсын және оны орындау қамтамасыз етiлсiн. Халықтың берешектерi мейлiнше қысқартылсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкiмiнің бiрiншi орынбасары М.Қ. Татаевқа салық және сот органдарымен бiрге банкротқа ұшыраған кәсiпорындар мен ұйымдардың өткен жылдары көрсетiлген коммуналдық қызметтер үшiн "үмiтсiз берешектерiн" шығарып тастау жөнiнде шара қолдану тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Бiлiм департаментiне (Ферхо С.И.) және облыстық денсаулық сақтау басқармасына (Анағұлов Қ.Б.), еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау (Шерубаев А.С.), облыстық мәдениет, спорт және туризм (Данияров Б.К.) басқармаларына өздерiнің ведомстволық мекемелерi мен кәсiпорындарында қолдағы бар қазандық жабдықтарды, iшкi инженерлiк жүйелердi профилактикалық жөндеудi ұйымдастыру және оларды от жағу маусымына дер кезде әзiрлеудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану мiндеттелсiн.
Тармақ 5
5. Курчатов қаласының (Дмитропавленко В.Н.), Зырян ауданының (Доскалов В.А.) әкiмдерiне 2000 жылғы 1 қарашаға дейiнгi мерзiмде Серебрянскi және Курчатов қалаларын жылумен, сумен оңды жабдықтауды қамтамасыз ету, үйлерге қоныстандыруды нығыздау және үйлердің инженерлiк жүйелерiн профилактикалық жөндеудi жүргiзу, олардың жылумен жабдықтаудың жаңа көздерiнен оңды жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде нақты шаралар қолдану мiндеттелсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық құрылыс, сәулет және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы (Никитин Н.Л.), облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (Браташ И.В.) су құбыры-канализация шаруашылығын салу және жаңғырту, жылумен жабдықтаудың автономды көздерiн орнату жөнiнде бекiтiлген бағдарламаларды орындауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Облыстық тендерлiк комиссияның төрағасы А.Ә. Құрманғалиев облыстың қалалары мен аудандарының бюджеттiк ұйымдарына берiлген тапсырыстарға сәйкес көмiр жеткiзiп беруге конкурс жарияласын. Отын жеткiзiп беруге артықшылық құқығын өндiрушiлерге-көмiр разрездерiне беру мақсатты деп саналсын.
Тармақ 8
8. Ведомстволық аумақтардағы тұрғын үй, әлеуметтiк-мәдени және әкiмшiлiк-шаруашылық бағыттағы объектiлердi қыс жағдайларындағы жұмысқа дер кезiнде дайындау үшін қалалар мен аудандар әкiмдерiне дербес жауапкершiлiк жүктелсiн.
Тармақ 9
9. 2000-2001 жылдардағы қыс кезiне облыстың дайындау барысына басшылық ету және үйлестiру үшін тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия мына құрамда құрылсын:
Бергенев Ә.С.
облыс әкiмiнің орынбасары, комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi:
Никитин Н.Л.
облыстық құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы
Браташ И.В.
облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының директоры
Плотников С.В.
облыстық энергетика, индустрия, телекоммуникациялар және сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бастығы
Құрманғалиев А.Ә.
облыстық қаржы басқармасының бастығы
Андағұлов Қ.Б.
облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Ферхо С.И.
бiлiм департаментiнің бастығы
Юркина А.И.
қазынашылық басқармасының бастығы
Темный Г.В.
облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы
Тармақ 10
10. 1999-2000 жылдардағы қыс кезiне дайындық мәселелерi бойынша бұрын қабылданған 1999 жылғы 25 мамырдағы N 691-к, 1999 жылғы 29 шiлдедегi N 720-к шешiмдерi күшін жойды деп саналсын және бақылаудан алынсын.
Тармақ 11
11. Осы шешiмнің орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнің орынбасары Ә.С. Бергеневке жүктелсiн.