Об областной программе благоустройства сельских населенных пунктов в 1999 – 2000 годах «Село - 2001» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылдық жерлердегі елді мекендерді 1999 - 2000 жылдары көріктендірудің «Ауыл - 2001» облыстық бағдарламасы туралы Облыстың ауылдық жерлердегі елді мекендеріндегі санитарлық – эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізу қажеттілігіне байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Ауылдық жерлердегі елді мекендерді 1999 - 2000 жылдары көріктендірудің «Ауыл - 2001» облыстық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері есеп беру тоқсанынан кейінгі 10-на дейін аталған бағдарламада көрсетілген іс-шаралардың орындау барысы туралы хабарламаны тоқсан сайын беріп отыратын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің 1998 жылғы қыркүйектің 28-дегі «Облыстың елді мекендерін көріктендіру жөнінде 1998 - 1999 жылдарға арналған іс – шаралар туралы» № 299 және желтоқсанның 30-дағы «Облыс әкімінің 1998 жылғы қыркүйектің 28-дегі № 299 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімдерінің күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.И. Кошевойға жүктелсін.
Басқа 5. Ауылдық жерлердегі елді мекендерді 1999 – 2000 жылдарды көріктендірудің «Ауыл - 2001» Облыстық бағдарламасы
Облыс әкімінің 1999 жылғы «24» ақпан № 27 шешіміне қосымша Ауылдық жерлердегі елді мекендерді 1999 – 2000 жылдарды көріктендірудің «Ауыл - 2001» Облыстық бағдарламасы Ауылдық жерлердегі елді мекендерді 1999 – 2000 жылдарды көріктендірудің «Ауыл - 2001» облыстық бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес дайындалды. «Қазақстан – 2030» бағдарламасында Президент бірыңғай шаруашылық кешені шеңберіндегі экономикалық қарым-қатынастарды нақты анықтаған. Еліміздің бүгінгі күнінің экономикасы құрамында нақты рыноктық, жоспарлы - үлестіру қатынастары жоқ бір бүтін жүйені құрайды. Еліміздің саяси және экономикалық өмірінде болып жатқан өзгерістер, халықтың көшіп-қонуы ауыл тұрғындарының әлеуметтік–мәдени жағдайы мен тұрмысына өз әсерін тигізеді. Қазіргі кезде елді мекендердің кіреберіс жолдарының көбі иесіз қалды, ауыл жолдарының екі жүзден аса километрі пайдаланбауда, көше төсемдері жарамсыз болып қалып жатыр, түнгі кезде кенттерде жарық жағылмайды, иесіз қалған 2304 ғимаратты бұзу қажет, рұқсатсыз жиналған және бұдан әрі пайдалануға жарамайтын 880 қоқыс үйіндісі жиналды, елді мекендердің жайылымдарына су толық жетпейді, өлген малды көметін жерлер жоқ. сумен қамтамасыз ету күрделі мәселеге айналып отыр. 452 ауылдық елді мекеннің 44-і қазіргі кезде жұмыс істемейтін су құбырларына қосылған. 103 кентте жергілікті су құбырлары бар, олардың тек 40 проценті ғана жұмыс істейді. 238 елді мекенде жеке құдықтар пайдалануда. 65 кент пен ауылдың адамдары жерден әкелінетін суды пайдаланады. Бағдарлама ауылдық жерлердегі елді мекендердің экологиялық жағдайын оларды әрі қарай көріктендіруге, аумақтарын тазалауға және сумен қамтамасыз ету есебінен жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты міндеттерді жүзеге асыруды көздейді. Осы бағдарламаның міндеттерін жүзеге асыру ауыл тұрғындарының көптеген әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуге жол ашады, олар: ауылдық жердегі санитарлық-гигиеналық, экологиялық, эпидемиологиялық жағдайды жақсарту; елді мекендердің бүгінгі күнге сай және сымбатты сәулетін жасау; тұрғындарды сапалы ішетін сумен қамтамасыз еті; ауылдық жердегі өмір салтын салауатты ету және жақсарту; тұрғындарды қоғамдық жұмыстарға кең түрде қатыстыра отырып, қосымша жұмыстарға кең түрде қатыстыра отырып, қосымша жұмыс орындарын ашу; әрбір селолық округте шаруашылық есептегі коммуналдық кәсіпорындар құру.