Қолданыстағы ред. 29.03.1999

1999-2000 жылдарға арналған есірткі заттарына бақылау жасау жөніндегі аймақтық бағдарлама туралы от 29.03.1999 г. № 79 (1999-2000 жылдарға арналған есірткі заттарына бақылау жасау жөніндегі аймақтық бағдарлама туралы)

0

1999-2000 жылдарға арналған есірткі заттарына бақылау жасау жөніндегі аймақтық бағдарлама
туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
Есірткі заттарының заңсыз айналымына және оларды Қостанай облысының аумағында шектен тыс пайдалануына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ШЕШТIМ:

1

1. 1999-2000 жылдарға арналған есірткі заттарына бақылау жасау жөніндегі аймақтық бағдарлама бекітілсін (1 қосымша).

2

2. Есірткі заттарына бақылау жасау жөнінде облыс әкімінің жанынан ведомствоаралық комиссия құрылсын ( 2 қосымша).

3

3. Мына нормативтік актілердің күші жойылды деп танылсын: Қостанай облысы әкімінің 1997 жылғы 23 қыркүйектегі 1-207ө өкімінің, 1996 жылғы 26 мамырдағы 1-203ө әкімінің, 1995 жылғы 19 қаңтардағы 1-17ө өкімінің.

4. 1999-2000 жылдарға арналған есірткі заттарына бақылау жасау жөніндегі аймақтық бағдарлама

Қазакстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1998 жылғы 30 наурыздағы
№ 79 шешіміне 1 қосымша
1999-2000 жылдарға арналған есірткі заттарына бақылау жасау жөніндегі аймақтық бағдарлама

1

1. Қостанай облысының тұрғындары арасында іріктеп эпидемиологиялық зерттеу жүргізу жолымен есірткі заттарын және психотропиялық заттарды медициналық емес мақсаттарға пайдалануының, согдай-ақ есірткі заттарының, психотропиялық заттардың және прекурсорлардың жасырын заңсыз айналымының масштабтарына кешенді зерттеу жүргізу.
Облыстық ішкі істер басқармасы, облыстық
денсаулық сақтау басқармасы, облыстық
мәдениет басқармасы, білім департаменті,
облыстық статистика басқармасы

2

2. Тұрғындардың есірткі заттарын пайдалану деңгейін кешенді зерттеудің нәтижелерін ескере отырып, оның сандық және сапалық сипатының, сондай-ақ есірткі заттарының, психотропиялық және улы заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстың құрылымы және динамикасының экспресс-әдістемесін әзірлеу. Осы негізде есірткі заттарын шектен тыс пайдалану жөнінде ахуалдың жүйелі талдауын жүргізу, қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауды қамтамасыз ету.
Облыстық ішкі істер, денсаулық сақтау
басқармалары, білім департаменті

3

3. Есіректенуге әкеліп соғатын есірткі заттарын немесе басқа заттарды медициналық мақсаттардан тыс пайдалануға жол беретін азаматтардың әртүрлі санаттарын анықтаудың, куәландірудың және есебінің әдістемесін әзірлеу.
Облыстық ішкі істер, денсаулық сақтау
басқармалары, білім департаменті

4

4. Есірткі заттарына, психотропиялық және улы заттар мен прекурсорларға заңсыз сұранысты қысқарту және олардың алдын алу мақсатында мыналарды әзірлеу:
а/ Есірткі заттарына қарсы жұмыс жүргізудің методологиясы мен методикасын.
1999 жылдың II тоқсаны Облыстық білім департаменті, денсаулық
сақтау басқармасы
б/ Есіріктенуге әкеліп соғатын есірткі заттарын немесе басқа заттарды медициналық мақсаттардан тыс пайдалануға жол берген кісілерді анықтау жөнінен ата-аналарға және педагогтарға , дәрігерлерге, тәртіп сақтау органдары қызметкерлері үшін ұсыныстар.
1999 жылдың III тоқсаны Облыстық ішкі істер басқармасы, денсаулық
сақтау басқармасы, білім департаменті

5

5. Құқықтық статистика және ақпарат (ҚСЖА), ішкі істер басқармасы техникалық қызмет бөлімінің ақпарат орталығы (ИИБТБАҚ) базасында компьютерлік техника негізінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысушы кісілер туралы ақпараттарды жинақтау, талдау және таратудың бірегей ведомствоаралық автоматтандырылған жүйесін, сондай-ақ алдағы кезде оны республикалық жүйеге біріктіре отырып, олардың таралуымен күресудің жағдайын көрсететін мәліметтерді жасау.
1999 жыл Облыстық ішкі істер басқармасы, денсаулық
сақтау басқармасы

6

6. Есірткі құралдарының,психотроптық және улы заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымға түсуін болдырмау және жою мақсатында жыл сайын "МАК", "ДОПИНГ", "КАНАЛ" сияқты кешенді жедел алдын алу операцияларын жүргізу.
1999-2000 Облыстық ішкі істер басқармасы, кеден
басқармасы (келісім бойынша), денсаулық
сақтау басқармасы

7

7. Облыстық наркологиялық диспансердің базасында нашақорлықтың алдын алу жөнінен оқу орындарының медициналық персоналын дайындауды қамтамасыз ету.
1999- жылдың III тоқсаны Денсаулық сақтау басқармасы

8

8. "Көмек" коммерциялық емес үкімет ұйымымен бірлесе отырып, облыс оқушылары арасында есірткі заттарын қолданудың алдын алу жөнінен оқу-жаттығу бағдарламаларын жалғастыру.
1999-2000 Облыстық білім департаменті

9

9. Есірткі заттарын және табу әдістерін одан әрі жақсарту үшін нұсқаушы-кинологтардың өздерінің қызметтік-іздестіру иттерімен бірге Қазақстан Республикасының мемлекеттік Кіріс министрлігі кеден комитетінің базасында оқудан өтуін жүйелі түрде жүргізу.
1999-2000 Облыстық кеден басқармасы (келісім бойынша)

10

10. Ғылыми әлеуетті пайдалану мақсатында ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды, онкүндіктерді ұйымдастыруды, ғылыми журналдарда нашақорлықтан емдеудің жаңа әдістері туралы мақалалар жариялауды қарастыру.
1999-2000 Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім
басқармасы (келісім бойынша)

11

11. Нашақорлыққа тәуелдіктің алдын алу жөнінен жастар үшін әлеуметтік қызмет көрсететін орындардың қызметін жандандыру. Жастармен жұмыс істеудің, аудиторияға әсер ету тәсілдерінің әдеттен тыс нысандарын пайдалану:
дискотекалар, шоулар, концерттер, конкурстар және тағы басқалар.
1999-2000 Облыстық ақпарат және қоғамдық
келісім басқармасы (келісім бойынша)

12

12. Нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінен бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) бірлесе жұмыс істеуді ұйымдастыру.
1999-2000 Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім
басқармасы (келісім бойынша), БАҚ бас
редакторлары (келісім бойынша)

17. Есірткі заттарына бақылау жасау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 30 наурыздағы
№ 79 шешіміне 2 қосымша
Есірткі заттарына бақылау жасау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
ҚҰРАМЫ
С.А. Құланбаев - облыс әкімінің орынбасары, комиссия торағасы
Комиссия мүшелері:
Н.М. Жиентаев - облыстық білім департаменті бастығының орынбасары
К.А. Закурдаев - Қостанай облысы бойынша ҮҚКД бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
А.Б. Қайдауылова - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының бірінші орынбасары
Ю.В. Косенко - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы бұқаралық ақпарат құралдары бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)
С.Т. Сұлтанбеков - Қостанай облысы бойынша кеден басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)
С.У. Омарова - облыс әкімі аппараты экономика және талдау бөлімінің бас маманы
А.А. Өмірбаев - облыстық ІІБ бастығының бірінші орынбасары
Е.Т. Шектібаев - облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)