О программе функционирования и развития языков в области на 1999 – 2000 годы Қолданыста
Басқа 0
1999 - 2000 жылдары облыста тілдерді қолдану мен дамытудың бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5-қазандағы «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 4106 Жарлығына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 1999 – 2000 жылдарды облыста тілдерді қолдану мен дамытудың Бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері бір ай мерзімде облыста тілдерді қолдану мен дамытудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Бағдарламасына сәйкес аймақтық бағдарламаларды әзірлеп, бекітсін және оларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыс бойынша қаржы басқармасы облыстық бюджетті қалыптастырған кезде облыста тілдерді қолдану мен дамытудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыруға арналған қаржыны қарастыратын болсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Н. Түменоваға жүктелсін.