О региональной программе поддержки и развития малого бизнеса в Восточно-Казахстанской области на 1999-2000 годы Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының шағын кәсіпкерлігін қолдау мен дамытудын 1999-2000 жылдарға арналған Аймақтық Бағдарламасы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты - Шығыс Қазақстан облысы әділет департаменті бастығының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы хаты негізінде.
"Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабын, "Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына сәйкес облыстық Мәслихат
ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының шағын кәсіпкерлігін қолдау мен дамытудың
1999-2000 жылдарға арналған Аймақтық Бағдарламасы бекітілсін (бөлек
ұсынылып отыр).
Тармақ 2
2. Қала және аудандардың әкімдеріне, қала, аудан мәслихаттарына өз
аумақтарында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың Бағдарламасын
әзірлеу мен бекіту ұсынылсын.
Тармақ 3. Шығыс Қазақстан облысының шағын кәсіпкерлігін
дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған
АЙМАҚТЫҚ БАДАРЛАМАСЫ
3. Осы шешімін орындалуына бақылау жасау облмәслихаттың бюджет,
экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі тұрақты комиссияға
(В.И. Измайлов) жүктелсін.
"БЕКIТЕМIН"
Шығыс Қазақстан
облысының әкiмi
"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасының
шағын бизнестi қолдау жөнiндегі
Агенттiгiнiң төрағасы
Шығыс Қазақстан облысының шағын кәсіпкерлігін
дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған
АЙМАҚТЫҚ БАДАРЛАМАСЫ
Атауы
Шығыс Қазақстан облысының шағын кәсiпкерлiгiн
дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға
арналған аймақтық бағдарламасы
Бағдарламаны
әзiрлеу туралы
шешiм
"Қазақстан Республикасының шағын кәсiпкерлiгiн дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы 30.11. N 232-ө өкiмi.
Қазақстан Республикасының шағын бизнестi қолдау жөнiндегi Агенттiгiне тапсырма.
Негiзгi
әзiрлемелер
Шағын бизнестi қолдау департаментi.
Бағдарламаның
мақсаттары
Тармақ 1
1. Облыста шағын кәсiпкерлiктi тұрақты дамытуды қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. Шағын бизнестiң экономиканың басымдық
салаларындағы үлесiн арттыру.
Тармақ 3
3. Жаңа жұмыс орындар санын өсiру.
Бағдарламаның
мiндеттерi
Бағдарлама мақсаттарын жүзеге асыру үшiн мынадай
мiндеттердi шешу көзделедi:
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн (ШКС) дамыту
үшiн қолайлы құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық,
қаржылық және ұйымдық жағдайлар туғызу;
- облыста шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдық
бағыттарын таңдау;
- импорттық үлесiн кемiту есебiнен тауарлардың,
жұмыстардың және қызмет көрсетудiң тиiстi үлесiн
алуға шағын кәсiпкерлiкке көмек көрсету;
- кәсiпкерлiк iс-қимылдарды қаржыландырудың жаңа
кредиттiк және инвестициялық көздерiн белгiлеу;
- облыстық бюджеттiң шығындар құрамында қайтарып
беру негiзiнде шағын кәсiпкерлiктi қолдау;
- салықтық түсiмдердi толық жинау мақсатында шағын
кәсiпкерлiк субъектiсi шығаратын тауарлардың,
жұмыстар мен қызмет көрсетудiң қазiргi рыноктарын
ашық жариялау;
- үкiметтiк емес ұйымдардың кәсiпкерлiктi қолдау мен
дамыту мәселелерiндегi рөлiн күшейту;
- шағын бизнес үшiн кадрлардың мамандығын арттыру
мен оларды даярлаудың жүйесiн құру.
Бағдарламаның
негiзгi шаралары
Шағын кәсiпкерлiктi қаржылық-кредиттiк және
инвестициялық қолдау.
Шағын кәсiпорындарды өндiрiстiк және инновациялық
қолдау. Салалық бағдарламалар.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың
инфрақұрылымын дамыту.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың
нормативтi-құқықтық базасын жетiлдiру.
Кадрмен және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету.
Аймақты дамыту.
Қаржыландыру
көздерi
Шағын кәсiпкерлiктi дамытудың аймақтық
бағдарламасын қаржылық қамтамасыз ету екiншi
дәрежедегi банктердiң кредиттерi, кәсiпкерлердiң өз
қаражаттары, аталған мақсаттарға көзделетiн
қаражаттар шеңберiнде облыстық бюджеттiң қаражаттары,
Азия даму банкiсiнiң (АДБ), Европалық жаңғырту және
дамыту банкiсiнiң (ЕЖДБ) қарыздары есебiнен жүзеге
асырылады.
Бағдарламаны
жүзеге асырудан
күтiлетiн
ақырғы нәтиже
Шағын бизнес субъектiлерiнiң неғұрлым тұрақты
жағдайына жету. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң
іс-қимылдарында өндiрiстiк бағытты күшейту. 2000
жылдың аяғына дейiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
санын 45 мың бiрлiкке дейiн өсiру, шағын бизнес
саласында жұмыс iстейтiндердiң санын 170000 дейiн
арттыру.
2000 жылдың аяғына дейiн шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң өндiрiлген өнiмнiң (жұмыстың, қызмет
көрсетудiң) жалпы көлемiндегi үлес салмағы 4,1
процентке дейiн өсуi қажет.
Тармақ i. I. Бағдарламаның негізгі ережелері
I. Бағдарламаның негізгі ережелері
Тармақ 1.1. 1.1. Кiрiспе
1.1. Кiрiспе
Шығыс Қазақстан облысының шағын кәсiпкерлiгiн қолдау мен дамытудың 1999-2000 жылдарғы арналған бағдарламасын шағын бизнестi қолдау департаментi облыстық басқармалармен, комитеттермен өзара ынтымақтасып, мүдделi қоғамдық ұйымдардың қатысуымен Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1999-2000 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес әзiрледi.
Бағдарлама облыста шағын кәсiпкерлiктi дамытуға талдау жасау, шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың 1997-2000 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын, сондай-ақ кәсiпкерлiктi дамытуды қолдаудың 1997-1998 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелерi негiзiнде әзiрлендi.
Тармақ 1.2. 1.2. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жағдайына талдау жасау
1.2. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жағдайына талдау жасау
Экономикалық реформалардың басынан бастап шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың мемлекеттiк саясатын жүзеге асыру облыстың экономикасындағы ең өзектiлерiнiң бiрi ретiнде шағын кәсiпкерлiктiң саласын қалыптастырып, дамытуға мүмкiндiк бердi. Облыстық және iшкi облыстық мониторингтiң мәлiметтерi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң сапалық өсуi туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi.
1999 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң - заңды тұлғалардың жалпы саны 13178 бiрлiктi құрайды, одан өнеркәсiп өндiрiсiнде 1687 (12,8%), құрылыста 1245 (9,4%), көлiк және байланыс саласында 427 (3,2%), саудада 4197 (31,8%) қонақ үйдi қамту мен мейманханаларда 205 (1,5%) тiркелдi. Шағын кәсiпкерлiктi - заңды тұлғаларда жұмыспен қамтылғандардың саны 28336 адам. Жеке кәсiпкерлердiң саны - 16991, облыстағы шаруа шаруашылықтарының саны - 6849. 1998 жылы облыс банктерiнiң шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне берген кредиттiк ресурстардың көлемi 2381, 2 млн. теңге немесе 1997 жылғы көрсеткiшпен салыстырғанда 181%. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өнеркәсiп өнiмдерiн өндiрудiң жалпы көлемiндегi үлес салмағы 3,2% құрайды, 1997 жылы 2,9% болған.
Мұнымен қатар сыртқы саудаға талдау жасау 1998 жылы сыртқы сауданың 182,5 млн. доллар оңды сальдосы қалыптасса да, импорт 1997 жылмен салыстырғанда 4,3% өстi және 291,2 млн. доллар болды. Облысқа әкелiнетiн тауарлар, өнiмдер мен шикiзаттар номенклатурасында мөлшермен 45,7 процентiнiң жергiлiктi өндiрiсшiлердiң өндiрiсiнде тектестiктерi бар, облыстың шағын бизнесiнiң импортты ауыстыратын өндiрiсiн дамытудағы мүмкiндiктерi мен ресурстары жергiлiктi дәрежеде пайдаланылмауда.
"Қазақстан-2030" бағдарламасында белгiленген шағын бизнестi басымдық дамытуға, осы саладағы нормативтi-құқықтық құжаттарға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы өндiрiс құрылымдарына, өнiмдi сыртқа шығаруға жасалған (N 1 қосымша), сондай-ақ импортты ауыстыратын өндiрiстi дамыту туралы мәлiметтi ескере отырып, облыста шағын кәсiпкерлiктi дамытудың негiзгi басымдық бағыттары мыналар болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу
Аймақтың дәстүрлi өнеркәсiптiк бағыты бүгiнгi күнi өңдеушi саланы дамытуды жергiлiктi өндiрiстiң жабдықтарымен қамтамасыз етуге және өңдеушi өндiрiс кешенiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Тағам өнiмдерiн өндiру
Халықтың тағам өнiмдерiне мұқтаждығы тұрақты болып табылады және едәуiр дәрежеде жергiлiктi күштермен қанағаттандырыла алады. Бүгiнгi күнi сүт, консервiленген сүт өнiмiне, алкогольсiз сусындарға, минералдық суларға және басқа тағам өнiмдерiне тұрақты сұраным бар.
Құрылыс және өңдеу материалдарын өндiру
Статистикалық мәлiметтер бойынша облыста құрылыс индустриясы жандана түсуде. Жеке құрылыс салушылар тұрғызатын объектiлер едәуiр үлес алуда, объектiлердi жаңғырту жүргiзiлуде. Мұнымен қатар құрылыс материалдарының сапасына талап қоюшылық едәуiр өзгердi, мұның өзi жаңа өндiрiстер құруды және жоғары технологияны қолдауды талап етедi.
Инновациялық, ғылыми аумақты өндiрiстi дамыту, экологиялық
жағдайды сауықтыруға ықпал ететiн жаңа технологияны енгiзу
Бәсекелестiкке қабілеттi импортты ауыстырушы өнiмдер өндiрудi қамтамасыз ету үшiн техникалық және технологиялық дамытудың қазiргi заманғы дәрежесiне сай келетiн жаңа өндiрiстi енгiзу қажет. Мұнымен қатар алып кәсiпорындар түрiнде емес, ал шағын технологиялық линиялар түрiнде өмiр сүре алатын бiрқатар өндiрiстер жұмыс iстеуде. Осы салада шағын бизнестi дамыту да ұзақ өндiрiсшiлердiң жабдықтар жөнiндегi мұқтаждарын қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi, аймақта экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етедi.
Ыдыстар және орау заттарын өндiру
Қазiрдiң өзiнде облыста халықтың күнделiктi мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн тағам өнiмдерiнiң, тұтыну тауарларының көптеген түрлерi жеткiлiктi өндiрiлуде. Сапа жөнiнде әкелiнетiн көптеген тауарлардан кем түспейтiн жергiлiктi өндiрiлетiн өнiмдер сапалы, қолайлы орау сияқты көрсеткiштер бойынша ұтылуда. Бүгiнгi күнi бұл салада бiрқатар кәсiпорындар жұмыс iстеуде, сөйтсе де бұл саланы дамыту қажеттiлiгi туып отыр.
Жиhаздар және оны дайындауға материалдар өндiру
Бүгiнгi күннiң жағдайы бойынша облыста өткiзiлетiн жиhаздық өнiмдердiң едәуiр көлемi таяу және алыс шетелдерден әкелiнуде, жиhаздар өндiрудi жүзеге асырушы шағын бизнес кәсiпорындары негiзiнен импорттық шикiзаттар мен материалдарды, оның iшiнде жылтылдатқан ағаш жаңқалары плиталарын пайдалануда. Мұнымен қатар облыста жиhаздар шығару көлемiн, жоғары технологиялық және қазiргi заманғы талаптарға сай келетiн шикiзаттарды өндiрудi ұйымдастыруды арттыру үшiн барлық жағдай бар.
Халыққа қызмет көрсету және тұрмыстық қамту сапасын дамыту
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi көрсететiн қызметтер көлемiнiң жалпы ұлғаюына қарамастан, бұл салада ұсыныс тапшылығы бұрынғысынша байқалуда. Бұл саланы дамыту рыноктың бос жерлерiн толықтыру, халықты жұмыспен қамту тұрғысында маңызды болып табылады.
Мемлекеттiк нормативтiк-құқықтық актiлердiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы және өкiлеттi органдар шағын кәсiпкерлiктi дамытуды жандандыру жөнiнде бiрқатар шаралар қолданды.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың аймақтық бағдарламасы бекiтiлдi, шағын кәсiпкерлiктi дамыту жағдайының облыстық және iшкi облыстық мониторингi жүргiзiлуде.
Нормативтiк құжаттарға сәйкес бос өндiрiстiк объектiлер мен алаңдарды, құрылысы аяқталмаған объектiлердi беру жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде. Бос объектiлердi пайдаланудың негiзгi бағыттары нан-тоқаш бұйымдарын, тағам өнiмдерiн өндiрудi және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеудi ұйымдастыру болып табылады. Пәтерлердi офистерге, коммерциялық және өндiрiстiк iс-қимылдарға бейiмдеп қарапайым қайта жоспарлау, жер учаскелерiн қолданылып жүрген заңдылыққа сәйкес төлемдер мерзiмiн ұзартумен өндiрiске беру үшiн жағдайлар жасалуда.
1998 жылы қалыптасқан, шағын бизнес субъектiлерiн, оның iшiнде басымдық жобалап тур бойынша кредиттеу екi көзден - екiншi дәрежедегi банктен және жергiлiктi бюджеттен мүмкiн болған жағдайда екiншi дәрежедегi банк арқылы қосымша қаржыландыру ретiнде бюджеттiк қаражаттар бөлу механизмi пысықталған болатын.
Бақылаушы органдардың лауазымды адамдарының кәсiпкер құрылымдардың жұмысына негiзсiз араласуларын болдырмау мақсатында облыстық Мәслихаттың XYI сессиясының шешiмiмен "Облыстың бақылаушы қызметтерiнiң шаруашылық субъектiлерге тексеру жүргiзудiң тәртiбi" қабылданды.
Шағын кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамыту мақсатында "Кәсiпкерлiктi қолдау орталығы" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнын құру жобасы әзiрлендi, оған негiзгi үш құрылымдық бөлiм - Кепiлдiк Орталық, Бизнес-Инкубатор және Лизингтiк Орталық енедi.
Мұнымен қатар жалпы экономикалық сипаттағы факторлардан басқа шағын
кәсiпкерлiктi дамытуды тежейтiн проблемалар бар. Олар:
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қаржылық ресурстарға енуiнiң
шектелуi;
- шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту жөнiндегi заңдылық және
нормативтiк базаның жетiлдiрiлмеуi;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне салық салудың қазiргi механизмiнiң
жетiлдiрiлмеуi, өндiрiстiк кәсіпорындар үшiн салық жеңiлдiктерiнiң жоқтығы;
- шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың, оның iшiнде ерiктi кәсiпкерлiк
iс-әрекеттердi қорғау саласындағы инфрақұрылымның нашар дамытылуы;
- маман кадрлардың жеткiлiксiздiгi.
Тармақ ii. II. БАДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI ШАРАЛАРЫ
II. БАДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI ШАРАЛАРЫ
Тармақ 2.1. 2.1. Қаржылық-кредиттiк және инвестициялық қолдау
2.1. Қаржылық-кредиттiк және инвестициялық қолдау
Кредиттеу жүйесiн дамыту және қолайлы инвестициялық климат жасау - кәсiпкерлiктi дамытуды қолдаудың ең маңызды шаралары.
Жергiлiктi бюджеттiң тапшылығы жағдайында мемлекеттiң кәсiпкерлiктi қаржылық қолдауы бюджеттiк қаражаттарды пайдаланудың қайтарып беру механизмi жағдайында жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл бағытта облыста белгiлi тәжiрибе жинақталды. 1998 жылы, облыс әкiмiнiң шешiмiне сәйкес, "Қазагроөнеркәсiпбанк" филиалы арқылы 357 ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерi қаржыландырылды, оларға 67 млн. теңге бюджет қаражаттары және қаржыландыру ретiнде 76,6 млн. теңге бөлiндi. 24,4 млн. теңге бюджеттiк қаражаттар жер учаскелерiне меншiк құқысы, шаруа шаруашылықтарының жердi тұрақты пайдалану құқысы актiлерiне ақы төлеуге бөлiндi. 1999 жылға арналған облыстық бюджеттiң шығыс бөлiгiнде шағын және орта бизнестi дамытуға қайтарып беру негiзiнде 30 млн. теңге мөлшерiнде, ауыл шаруашылығында реформаларды қолдауға 50,6 млн. теңге шығындары көзделген. Бұл қаражаттарды конкурстық негiзде шағын бизнестi дамытудың басымдық бағыттары бойынша бөлу механизмi пысықталуда.
1998 жылы облыс банктерiнiң кредиттiк қаражаттарды берудiң жалпы көлемi 2381,2 млн. теңге болды, немесе 1997 жылғы көрсеткiштерге қарағанда 184%. Кредиттердi берудiң ең көп көлемi саудаға жатады - 60%, облыс үшiн басымдылық бойынша өндiрiстiк жобаларды қаржыландыру процентi төмен. Себебi - екiншi дәрежедегi банктердi сауда-сатып алу операцияларын кредиттеуге бағдарлау, бұл қаражаттардың тез айналымы, сондай-ақ банк талаптарын қанағаттандыратын кепiлдiк берудiң мүмкiнсiздiгi салдарынан туып отыр. Басымдық өндiрiстiк жобаларды қаржыландыру процентiн арттыру облыста кепiлдiк орталығын құру жолымен мүмкiн. "Кәсiпкерлiктi қолдау орталығы" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының құрамында кепiлдiк орталығын құру жөнiнде құжаттар жобасы тiркеуге әзiрлендi.
"Кәсiпкерлiктi қолдау орталығының" жобасы сондай-ақ лизинг берудi, өз жабдықтарын лизингке берудi жүргiзудi қамтамасыз етушi, сондай-ақ лизинг берушi мен лизинг алушы арасында лизингтiк операцияларды жүргiзудi қамтамасыз етушi лизингтiк орталық құруды көздейдi. Лизингтiк кредиттер беру, сондай-ақ тәуекелдiктi сақтандыру саласында инфрақұрылымды дамыту мүмкiн болады.
Сөйтiп, облыста қаржылық-кредиттiк саясатты қалыптастырудың негiзгi бағыттары мыналар болып табылады:
- облыс банктерiнiң шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн банктер директорлары Кеңесi арқылы үйлестiрумен кредиттеуi:
- облыс банктерiмен бiрге жобаларды бюджеттiк қаржыландыру;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кепiлдiк орталық арқылы коммуналдық меншiк мүлкiмен қаржылық мiндеттемелерiн қамтамасыз етумен банк қаражаттарынан басымдық жобаларды кредиттеу; тәуекелдiктi сақтандыру механизмiн қалыптастыру;
- кредиттiк серiктестiктер, өзара кредиттеу қоғамын құру;
- лизингтiк кредиттеу, франчайзингтi дамыту сияқты қаржылық қолдаудың дәстүрсiз түрлерiн дамыту;
- шағын бизнеске инвестициялар қатыстыру, оның iшiнде Европалық Жаңғырту мен Дамыту банкiнiң және Азиялық даму Банкiнiң жүйесi бойынша инвестициялар қатыстыру:
- әдiстеме, технология, маркетинг және көмектiң басқа түрлерi мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен (Эксперттердiң Халықаралық корпусы) ынтымақтасу.
Тармақ 2.1.1. 2.1.1. Салық салу және кеден саясаты
2.1.1. Салық салу және кеден саясаты
Шағын кәсiпкерлiктi дамытуды жандандыру, азаматтарды ашық экономикаға қатыстыру үшiн жағдай туғызу мақсатында қолданылып жүрген заңдылық шеңберiнде мынадай шаралар жүйесiн қолдану қажет:
Тармақ 1.1
1.1. Облыстық салық комитетiмен өзара ынтымақтасып қимылдасу. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне салық салу режимiн оңтайлауда, салық заңдылығын бұзу фактiлерiн болдырмау, қолайлы бәсекелестiк орта құру мақсатында атқарушы өкiмет органы мен салық комитетi арасындағы жұмыстарды одан әрi үйлестiру күтiлуде. Бұл жұмыс бағытының стратегиялық жүйесi:
- отандық тауар өндiрушiнi қолдау;
- өндiрiстiк бағыттағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолайлы дамыту үшiн жағдайлар жасау;
- салық органдарының бақылау акценттерiн бөлшек саудадан көтерме саудаға көшiру.
Тармақ 1.2
1.2. Кiрiстер Министрлiгiмен, шағын бизнестi қолдау Агенттiгiмен және өкiлеттi өкiмет органдарымен өзара ынтымақтаса әрекет жасау - салық салудың және кедендi реттеудiң қолданылып жүрген жүйелерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзу:
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне салық салудың жеңiлдетiлген механизмiн енгiзу;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жиынтық табысына бiрыңғай жеңiлдiк ставкалар енгiзу;
- патенттер бойынша iс-қимылдар саласын ұлғайту, патенттер бойынша салықтық есеп берудiң нысандарын жеңiлдету және жетiлдiру;
- "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" C:\НПА_УКА_эл_варианты\НПА_старые\del_271204\Z970131_ - 0 Заңға сәйкес өндiрiстiк кәсiпорындарға, сондай-ақ франчайзингтiң шарттары бойынша қызметтерге салық жеңілдiктерiн беру;
- сыртқы экономикалық операциялар бойынша құжаттарды қарау және ресiмдеу процедурасын жеңiлдету және мерзiмдерiн қысқарту, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн кеден тарифтерiне жеңiлдiк ақы төлеу;
- Қазақстанда шығарылмайтын және өз өндiрiсiнде қолданылатын, сырттан
әкелiнетiн жабдықтарға, жаңа технологияға, шикiзаттарға, техникаға кеден
алымдарының ставкаларын төмендету;
- iшкi тауар өндiрушiлерiн қорғау мақсатында кедендiк реттеу
механизмiн өзгерту.
Тармақ 1.3
1.3. Ұсыныстарды және кәсiпкерлiктердiң құқыларын бұзу фактiлерiн
қорыту, бiр-бiрiне және заңдылыққа қайшы келетiн ведомстволық нормативтiк
актiлердiң құқылығын және қолдану тәртiбiн анықтау мақсатында салық
мәдениетi Қорымен және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң Форумымен өзара
ынтымақтаса қимылдау.
Тармақ 2.2. 2.2. Шағын кәсiпорындарды өндiрiстiк және инновациялық қолдау.
Салалық бағдарламалар
2.2. Шағын кәсiпорындарды өндiрiстiк және инновациялық қолдау.
Салалық бағдарламалар
Шағын бизнес қазiргi заманғы өндiрiс құрамы ретiнде көп жағдайда қандайда болсын мемлекеттiң экономикасында бәсекелестiктi қолдауға ықпал етедi, қоғамдық құрылысқа табиғи әлеуметтiк тiрек құрады, кәсiпкерлiктiң жаңа әлеуметтiк қабатын қалыптастырады.
Шағын бизнес экономиканың құрылымдық элементi ретiнде iрi өнеркәсiп кәсiпорындарының өндiрiсiмен тығыз байланысты, Шығыс Қазақстан облысы 80 процент өнеркәсiптiк аймақ бола отырып кәсiпкерлiктi дамытуға ықпал етуге тиiстi. ¤неркәсiп кәсiпорындарын қалпына келтiру, олардың iшкi және сыртқы рыноктардағы позицияларын қалпына келтiру, кәсiпорындарды сауықтыру мен тұрақтандыру мақсатында облыста әкiмнiң шешiмiмен жергiлiктi тауар өндiрушiлердi қолдаудың Бағдарламасы әзiрленiп, бекiтiлдi.
Салалар белгiлерi бойынша жасалған бұл бағдарламаны жүзеге асыру өндiрiстiк iс-қимылдармен шұғылданушы ондаған шағын кәсiпорындарға өмiр сүруге мүмкiндiк бередi. "Шығысмашзауыт" Акционерлiк қоғамы шағын және орта бизнес үшiн өңдеушi жабдықтар, қымыз бен шұбат алу үшiн қондырғылар, дәндi астық өндiру үшiн тазартқыш машиналар, өсiмдiк майын өндiру үшiн жабдықтар, қоюлатқан сүт алу үшiн жабдықтар, мөлтек диiрмендер, коммуналдық шаруашылық пен спирт шаруашылығы үшiн жабдықтар шығаруда.
Облыстың машина жасау және металл өңдеу, жеңiл, орман және ағаш өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарын дамытудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасына шағын бизнес кәсiпорындары да, атап айтқанда "НИКА" ЖШС (тоқыма бұйымдарын тiгу), "Джус" ЖШС (былғары өндiрiсi, былғарыдан киiм тiгу), "Сенiм" ЖШС (жүндi бастапқы өңдеу) ендi.
Шағын бизнестiң өзiн-өзi қаржыландыратын кәсiпорындарын көтермелеу мен қолдау, "Кәсiпкерлiктi қолдау орталығы" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны және Бизнес-Инкубатор құрылымдық бөлiмi арқылы облыста нақты жұмыс орындарын құруға ықпал жасау үшiн коммуналдық меншiк объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк объектiлерiне жеңiлдiк жағдайларында жалға беру жоспарлануда.
Мемлекеттiк бағдарламада қол өнер және кәсiпшiлер артельдерiн қайта туғызу және дамыту мәселесi дер кезiнде көтерiлдi. Бiздiң аймағымыз үшiн ерте дәстүрлi ретiнде кәсiпшiлдiктi қайта туғызу бiрқатар мәселелердi шешу кезiнде мүмкiн. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына жер қойнауын пайдалану лицензиясын алу процедурасын жеңiлдетуге мүмкiндiк беретiн түзетулер мен өзгерiстер енгiзу қажет. Жақын арадағы уақытқа дейiн облыста ондаған кәсiпшiлер артельдерi жұмыс iстедi, бүгiн олар санаулы-ақ.
Кәсiпшiлiк қозғалысты қайта туғызу үшiн мыналарды iстеу қажет:
- геологиялық ақпаратқа өтудi либералдандыру қажет;
- кәсiпшiлерге - жеке адамдарға жеңiлдiк схема бойынша берiлген лицензиялар бойынша асыл металдар мен тастарды барлау мен өндiруге рұқсат берiлсiн;
- алтын қабылдау пункттерiнiң жүйе арқылы еркiн әкелiнетiн (ерiктi) алтынды және басқа да бағалы металдар мен тастарды сатып алуға рұқсат етiлсiн;
- кәсiпшiлер мен кәсiпшiлiк артелдерiнiң қауымдастығы құрылсын.
Қолөнершiлердiң еңбегi әдiлетсiз ұмыт қалдырылды, бүгiн оларға мұқтаждық сақталуда. Қолөнершiлердiң өнiмдерi өзiнiң өмiршеңдiгiн дәлелдеуге, аймақта қолөнердiң теңдессiз түрлерiмен шұғылданушы шеберлер бар. Облыста iс-қимылдардың осы түрiн қайта туғызудың тәжiрибесi Қолөнер °йiн құру арқылы қолданылды. Қолөнершiлiктi дамыту үшiн жағдай жасау, оларды бiр жерде шоғырландыру жоспарланды. Оларды жалгерлiк негiзде үймен, жабдықтармен және шикiзаттармен қамтамасыз ету көзделедi. Қазiргi уақытта қолөнерлiк кәсiпорындардың ұйымдық-құқылық нысанын белгiлеу қажет және қолөнерлiк кәсiпорындарды көтермелеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу керек.
Тармақ 2.2.1. 2.2.1. Мемлекеттiк тапсырыс
2.2.1. Мемлекеттiк тапсырыс
Қаржылық көздердi құрудан басқа тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң белгiлi түрлерiн өндiруге мемлекеттiк тапсырысты орналастыру кезiнде преференцияларды беруде шағын кәсiпкерлiктi бекiтудiң өзектi маңызы бар. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне преференцияларды беру механизмi заңды бекiтiлген.
"Жергiлiктi тауар өндiрушiлердi қолдау туралы" бекiтiлген бағдарламада облыстың бюджеттiк ұйымдарының тауарлар топтары бойынша биылғы жылға материалдық ресурстарға қажеттiлiгi белгiленген. ¤ткен жылға талдау жасау өнiмнiң, жұмыс пен қызмет көрсетудiң жеке түрлерi бойынша мемлекеттiк тапсырысқа жүргiзiлетiн тендерлерде шағын бизнестiң өкiлдерi 60 проценттен артық болғандығын көрсеттi.
Мұнымен қатар шағын бизнес кәсiпорындарының төменгi технологиялық өнiмiн және қызмет көрсетудiң қарапайым түрлерiнiң болуын атап көрсету қажет. Мұның себебi де бар - бiрiншiден, айналым қаражаттарының жеткiлiксiздiгi, шектеулi экспорттық мүмкiндiктер, экономикалық өңдеушi саласында инвестициялардың жоқтығы, екiншiден, жоғары технологиялық жабдықтар, жаңа технологиялар алу мүмкiндiктерiнiң жоқтығы, және де осының бәрi ақырғы өнiмге әсер етуде.
Iрi өнеркәсiп кәсiпорындары таяу және алыс шетелдерден көбiнесе ұсақ сериялы, шағын комплектi өнiм алуда. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Заңын және "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 21 мамырдағы N 3958 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында өнеркәсiп кәсiпорындарын тұрақтандыру және сауықтыру үшiн облыс әкiмiнiң шешiмiмен облыста мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу жөнiнде облыстық комиссия бекiтiлдi. Бюджеттiк ұйымдардың облыс кәсiпорындарына, оның iшiнде шағын бизнес кәсiпорындарына арнайы киiмге, арнайы аяқкиiмiне, жұмсақ және қатты мүлiкке және жұмыс пен қызмет көрсетудiң әртүрлi түрлерiне тапсырыстарын орналастыру өндiрiс көлемiн ұлғайтуға, еңбек ресурстарын жұмыспен қамтуға және салық түсiмдерiн көбейтуге мүмкiндiк бередi.
Тармақ 2.3. 2.3. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғаудың
инфрақұрылымын дамыту
2.3. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғаудың
инфрақұрылымын дамыту
1997-1998 жылдардағы аймақтық бағдарламада шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген, мұның өзi облыста оның негiзiн қалауға мүмкiндiк бердi. Сонымен қатар нарықтық инфрақұрылымның негiзгi элементтерiн дамыту дамудың бастапқы сатысында тұр.
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың Мемлекеттiк бағдарламасында аймақта инфрақұрылымның негiзгi элементтерiн қалыптастыруды жүзеге асыру, бұдан былай оларды бiртұтас ұйымдық-технологиялық жүйеге бiрiктiру белгiлендi. Мұны шағын кәсiпкерлiктi дамыту Қорының аймақтық өкiлдiгiн құру жолымен iстеу көзделуде, бұл жергiлiктi жерден инициатива туғызуы қажет.
Облыста шағын бизнестiң инфрақұрылымын дамыту мен қалыптастыруды үйлестiру мақсатында "Кәсiпкерлiктi қолдау орталығы" (бұдан әрi "Орталық") коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнын құру жөнiнде құжаттар пакетi әзiрлендi.
Кәсiпкерлiктi қолдау орталығына үш құрылымдық бөлiм - Кепiлдiк Орталық, Бизнес-Инкубатор және Лизингтiк Орталық бөлiмдерi енедi.
Кепiлдiк орталық облыс үшiн басымдылық жобалары бойынша, онда сараптаудан өткен және ипотека комиссиясы қолдаған жобалар бойынша заңды тұлғалардың қаржылық мiндеттемелерiн коммуналдық меншiктiң мүлкiмен қамтамасыз етедi.
Бизнес-Инкубатордың негiзгi қызметi облыс үшiн басымдылық жоба бойынша жаңадан құрылатын және жұмыс iстейтiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн ойдағыдай дамыту үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Бизнес-Инкубатор iс-қимылдарының заты мыналар болып табылады:
- жалгерлiк шарттар жасау үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тапсырыстарын iрiктеу;
- объектiлердi, үйлердi, оның iшiнде арнайы жабдықталған объектiлердi жалдауға iрiктеу процедурасынан (Бизнес-Инкубатордың қатысушыларымен) өткен шағын кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттар жасау;
- жалгерлiк шарттарды орындауға бақылау жасау;
- Бизнес-Инкубаторға қатысушыларды Бизнес-Инкубатор шағын бизнес
саласындағы жеке және заңды тұлғаларға жеңiлдiк жағдайларында көрсететiн
барлық қызметтермен қамтамасыз етедi.
Шағын бизнестiң ең маңызды элементтерiн дамыту жөнiнде кәсiпкерлiктi
қолдау Орталығының негiзгi мiндеттерiне сәйкес Бизнес-Инкубатор
кәсiпкерлiк саласының жеке және заңды тұлғаларына қызметтiң мына түрлерiн
көрсетедi:
- консультациялық, ақпараттық, заңдылық қызметтер;
- маркетингтiк қызметтер;
- байланыс саласындағы қызметтер;
- редакциялық, баспалық, полиграфиялық жұмыстар мен қызметтер;
- жарнама саласындағы қызметтер;
- делдалдық қызметтер;
- фото, дидарлық, аудио жұмыстары мен қызметтерi;
- бiлiмнiң әртүрлi салаларында оқыту;
- еңбекке орналастыру жөнiндегi қызметтер;
- қоймалық, көлiктiк, автосервистiк, экспедициялық және күзет
қызметтерi;
- бiлiмнiң әртүрлi салаларында оқыту, семинарлар, конференциялар,
көрмелер ұйымдастыру;
Лизингтiк Орталық лизинг берушi ретiнде лизингтiк операциялар өткiзудi қамтамасыз етедi, лизингке меншiк жабдықтарын бередi, сондай-ақ басымдық жобалар бойынша лизинг берушiлер мен лизинг алушылар арасында лизингтiк операцияларды жүргiзудi қамтамасыз етушi кәсiпорын ретiнде әрекеттер жасайды.
Орталық құрылымы басымдылық бағыттар бойынша бизнес-жобаларды тез және сапалы өткiзудi, инфрақұрылымның негiзi элементтерiн тұрақты дамытуды қамтамасыз ететiндей қалыптастырылған.
Кәсiпкерлiктi дамытуға терiс ықпал ететiн өзектi проблемалардың бiрi кәсiпкерлiктiң жеке және құқықтық қорғалымсыздығы болып табылады.
Iрi кәсiпорындар, корпорациялар заң кеңесшiлерiн ұстай алады, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi оларды ұстай алмайды. Кәсiпкерлiктi қорғау институттарын құру қажеттiлiгi туды.
Мемлекеттiк бағдарламада осы мәселе бойынша көзделген шаралар туған проблеманы шешуге мүмкiндiк бередi. әрбiр кәсiпкердiң мүдделерiн қорғау және аймақта үкiметтiк емес ұйымдардың рөлiн күшейту үшiн сала, салааралық және аумақтық белгi бойынша кәсiпкерлердiң құқыларын қорғау жөнiнде мамандандырылған қауымдастықтар құру қажет.
Облыста қазiргi уақытта астық қауымдастығы, шаруа шаруашылықтарының қауымдастығы, "¤скемен қаласының базарларында жұмыс iстейтiн жеке кәсiпкерлердiң, сатушылар мен жалгерлердiң кәсiподағы" қоғамдық ұйымы, омарташылар қауымдастығы құрылды. әйелдер кәсiпкерлiгiн дамыту үшiн облыста "Iскер әйелдер" Қауымдастығы құрылып, жұмыс iстейдi.
Шағын және орта бизнес қызметкерлерiнiң Кәсiподағы кәсiпкерлiктер құқыларын қорғау мәселелерi бойынша едәуiр жұмыс атқаруда. Осы мiндеттердi орындау үшiн Кәсiподақ құрылымында:
- адвокаттар жұмыс iстеуде, олар соттарда, мемлекеттiк органдарда кәсiпкерлердiң мүдделерiн қорғауда, ақысыз заңдылық көмек көрсетуде, шарттар, талаптар, iзденiс өтiнiштерiн ресiмдеуде, т.т.;
- Кәсiподақтың ақпараттық-құқылық орталығы құрылды, "Кәсiпкер" ақпараттық бюллетенi шығарылуда;
- бухгалтерлiк және салықтық есеп мәселелерi бойынша кәсiпкерлердi оқыту жүргiзiлуде, консультациялық қызмет жұмыс iстейдi.
Облыста республикада тұңғыш рет облыс бақылаушы органдарының шаруашылық субъектiлерiне тексеру жүргiзу тәртiбiн регламенттейтiн құжаттар әзiрленiп, бекiтiлдi, облыс әкiмiнiң шешiмiмен "Лауазымды адамдардың болу және тексеру жорналы"»iске қосылды.
Кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымын дамыту, кәсiпкерлердi қолдау қауымдастығын құру шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн заңдылық қызмет көрсету спекторын үйлестiру мүмкiндiгiн бередi.
Тармақ 2.3.1. 2.3.1. Ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау
2.3.1. Ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау
Ақпараттық қамтамасыз ету және насихат саласында Бағдарламада заңдылық-нормативтiк актiлер, оқу орталықтары, әдiлет фирмалары, адвокаттық мекемелер, практикалаушы заңгерлер, шағын бизнестi қолдау мен дамытуға байланысты облыстың шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымының объектiлерi бойынша мәлiметтердiң ақпараттық базаларын құру жөнiндегi жұмысты одан әрi жалғастыру жоспарланған.
Қазiргi уақытта заңдылық бойынша мәлiметтер базасын, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi бойынша мәлiметтердiң мамандандырылған базасын, кредиттеу бойынша мәлiметтер базасын құру жөнiнде жұмыс басталды.
Құрылатын "Кәсiпкерлiктi қолдау орталығының" жанында маркетингтiк терең зерттеулер жалғастырылады, байланыстың қазiргi заманғы телекоммуникациялық құралдарын (интернет, электронды почта) енгiзу белгiленуде, мұның өзi облыс кәсiпкерлерiн қажеттi ақпаратпен толық қамтамасыз етуге және қажеттi байланысты оңдауға мүмкiндiк бередi.
Бизнес өкiлдерiн ақпараттық қолдау үшiн халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу жалғастырылады.
Шағын бизнестi қолдау департаментiнiң республикада, сондай-ақ одан тыс жерлерде, оның iшiнде алыс шетелдерде өткiзiлетiн әртүрлi көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу үшiн мүдделi облыс кәсiпкерлерiн қатыстыру жөнiнде Сауда-өнеркәсiп палатасымен одан әрi тығыз ынтымақтасу жоспарлануда.
Бағдарламада облыстың Қазақстанның астанасы - Астана қаласында шағын кәсiпкерлiктiң Республикалық ақпараттық-көрме орталығын құру жөнiндегi жобаны жүзеге асыруға қатысуы көзделген, онда әрбiр аймақтың тұрақты негiзде өз ақпараттық-көрме алаңы болады және ол шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң күшiмен де, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң күшiмен де үнемi жаңартылып отырады.
Облыста шағын бизнестi қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберiнде кәсiпкерлiктi үнемi насихаттау жүзеге асырылады.
Осыған байланысты мыналар көзделедi:
- кәсiпкерлер үшiн мемлекеттiк органдар ақпараттарының өтуiн қамтамасыз ету;
- кәсiпкерлiк iс-қимылдарды белсендi насихаттау жөнiнде мерзiмдi басылымдарда мақалалар жариялауды, телехабарларын берудi ұйымдастыру;
- облыс әкiмiнiң кәсiпкерлермен кездестiрулерiн жалғастыру;
- облыс әкiмi орынбасарларымен, қалалар мен аудандардың, облыс басқармалары мен департаменттерiнiң бiрiншi басшыларымен брифингтер жүргiзу.
Тармақ 2.4. 2.4. Нормативтiк-құқылық базаны жетiлдiру
2.4. Нормативтiк-құқылық базаны жетiлдiру
Бағдарламаның бұл тарауы кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдауды нормативтi-құқылық қамтамасыз етудi одан әрi дамытуға бағытталған.
Бағдарламада шағын бизнестiң заңдылық, құқылық, қаржылық, әлеуметтiк, салықтық, материалдық-техникалық мәселелерi бойынша Республикалық органдарға ұсыныстар мен ескертулердi дер кезiнде енгiзу көзделген.
Осыған байланысты шағын бизнестi қолдау департаментi мүдделi жақтармен бiрге Республиканың заңды және атқарушы органдарында одан әрi шешу үшiн облыс әкiмiне ұсыныстарды дер кезiнде беруi қажет.
Жергiлiктi атқарушы органдардың облыста шағын кәсiпкерліктің iс-қимылдарын дамыту, қолдау, үйлестiру мәселелерi бойынша нормативтi актiлердi қабылдауы жөнiнде ұсыныстарды дер кезiнде енгiзу.
Тармақ 2.5. 2.5. Шағын кәсiпкерлiктi кадрмен және ғылыми-әдiстемелiк
қамтамасыз ету
2.5. Шағын кәсiпкерлiктi кадрмен және ғылыми-әдiстемелiк
қамтамасыз ету
Қазiргi кезде мемлекеттiк басқару саласында да, кәсiпорындар мен бизнестердi басқару саласында да экономикалық даму мiндеттерiн iскерлiкпен шеше алатын маман кадрлардың жетiспейтiндiгi сезiледi.
Бүгiнгi күнi кәсiпорындардың банкроттығының ең кең тараған себептерi тек ақша ресурстарының жеткiлiксiздiгiнен және шағын бизнестiң жеткiлiктi дамытылмауынан ғана емес, сонымен бiрге белгiлi дәрежеде бiлгiр мамандардың жеткiлiктi санының жоқтығынан болып отыр.
Сондықтан Бағдарламада шағын кәсiпорындар басшылары үшiн семинарлар өткiзу түрiнде тұрақты жұмыс iстейтiн бухгалтерлiк курстар ұйымдастыру көзделген.
Жұмыспен қамтылмаған азаматтарды, оның iшiнде жастар мен әйелдердi облыстық, сондай-ақ қалалық және аудандық деңгейдегi жұмыспен қамту Орталықтарында кәсiпкерлiк iс-қимылдарының негiздерiне оқытып-үйретудi ұйымдастыру қажет.
Кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдауға, шағын бизнестi қолдау мен дамытуға бағытталған нормативтiк-заңдылық, құқықтық актiлерге енгiзiлетiн өзгерiстер жөнiнде әдiстемелiк әдебиет шығаруды жалғастыру жоспарлануда.
Тармақ 2.6. 2.6. Аймақты дамыту
2.6. Аймақты дамыту
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың аймақтық Бағдарламасында тиiстi қалалық және аудандық бағдарламалар қабылдау көзделген, олар облыста шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау жөнiнде белгiленген шараларды орындаудың негiзi болуы қажет.
Бұл бағдарламалар қалалық және аудандық деңгейде жұмыстың мынадай
негiзгi бағыттарын қамтуы қажет:
- шағын бизнес инфрақұрылымының элементтерiн құру;
- жұмыспен қамтылмаған халықты кәсiпкерлiк iс-әрекеттерге қатыстыру
жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
- пайдаланылмайтын объектiлердi және құрылыстары аяқталмаған
объектiлердi беру мәселелерi;
- кадрларды даярлау, қайта даярлау және мамандығын арттыру жөнiндегi
шараларды жүзеге асыру.
Кәсiпкерлiктi қолдаудың қалалық және аудандық бағдарламаларын орындау
мақсатында Аймақтық Бағдарламада облыс қалалары мен аудандары әкiмдерiнiң
шағын кәсiпкерлiктi дамытудың жағдайы туралы ай сайын мониторингiн өткiзу
көзделген.
Тармақ iii. III. Бағдарламаны жүзеге асыру механизмi
III. Бағдарламаны жүзеге асыру механизмi
Бағдарламада белгiленген шараларда кезеңдеп орындау, шағын кәсiпкерлiк саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi элементтерiн "Қазақстан-2030" даму Стратегиясын және облысты дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын орындау шеңберiнде жүзеге асырылып жатқан экономиканы реформалаудың негiзгi механизмiмен неғұрлым тығыз ұштастыру көзделген. Ол шағын кәсiпкерлiктi қолдаумен, дамытумен және қорғаумен шұғылданушы облыстың барлық құрылымдарының мүдделерi мен мүмкiндiктерiн жоғары дәрежеде шоғырландыруға мүмкiндiк бередi.
Бағдарлама нормативтiк-құқықтық базаны, оралымды қаржылық-кредиттiк механизмдi, ақпараттық, ғылыми-әдiстемелiк және кадрлық қамтамасыз етудiң бүтiндей жүйесiн жетiлдiру, шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың қалалық және аудандық бағдарламалардың шараларымен ынтымақтаса инфрақұрылымының объектiлерiн одан әрi дамыту жолымен шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғауға бағытталған.
Шағын бизнестi қолдау департаментi Бағдарламаның орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының шағын бизнестi қолдау Агенттiгiне тоқсан сайын есеп берiп отырады.
Шағын бизнестi қолдау департаментiнiң қалалық және аудандық атқарушы өкiмет органдарының, сондай-ақ кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң Бағдарлама шараларын орындау жөнiндегi iс-қимылдарын үйлестiруi шараларды мақсатты орындауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Тармақ iv. IV. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету
IV. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың Аймақтық бағдарламасын
қаржылық қамтамасыз ету екiншi дәрежедегi банктердiң кредиттерi,
кәсiпкерлердiң өз қаражаттары, облыстық бюджеттiң аталған мақсаттарға
көзделген ақша қаражаттары шеңберiндегi қаражаттары, халықаралық қаржылық
ұйымдардың кредиттерi мен инвестициялары есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ v. V. Күтiлетiн нәтижелер
V. Күтiлетiн нәтижелер
2000 жылдың аяғына дейiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң санын
45000-ға дейiн өсiру, шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың
санын 170000-ға дейiн арттыру жоспарлануда.
2000 жылдың аяғына дейiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң облыста
өндiрiлген өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) жалпы көлемiндегi үлес салмағы
4,1 процентке дейiн өсуi қажет.