О программе комплексного развития туризма и отдыха на территории Баянаульского национального природного парка на 1999 – 2000 Қолданыста
Басқа 0
Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында туризм мен демалысты кешенді дамытудың 1999 – 2000 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында туризм мен демалыстың қазіргі заманғы инфрақұрылымын жасау мақсатында, осы мәселені 1999 жылғы қаңтардың 28-де облыс әкімі жанындағы алқа мәжілісінде талқылағанда айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескеріп, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында туризм мен демалысты кешенді дамытудың 1999 – 2000 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етуді бақылау және үйлестіру облыс әкімінің орынбасары А. И. Кошевойға жүктелсін.