О программе развития и государственной поддержки малого предпринимательства в Павлодарской области на 1999 – 2000 годы Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 4189 Жарлығын орындау және облыста шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Павлодар облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдаудың 1999 - 2000 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар әкімдері, облыстың экономика, индустрия, көлік және коммуникациялар, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық, білім департаменттері, облыс бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет. Облыстық еңбекпен қамту орталығы – еңбек биржасы, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитет, облыс бойынша қаржы басқармасы Павлодар облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстың экономика департаменті Павлодар облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыратын өкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсін.
Басқа 5. Павлодар облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Бағдарламасы
Облыс әкімінің 1999 жылғы «1» сәуір № 51 шешіміне Павлодар облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Бағдарламасы Атауы: Павлодар облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Бағдарламасы. Бағдарламаны дайындау туралы шешім: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999 – 2000 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 4189 Жарлығына және Павлодар облысы дамуының 1998 – 2000 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына сәйкес. Негізгі дайындаушы: Облыстың экономика департаменті. Бағдарламаның мақсаттары: Шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету; оның ұтымды салалық құрылымын жасау; жұмыс орындары санын көбейту; қоғамның орта буыны ретінде кәсіпкерлер секторы жұмысын жандандыру. Бағдарламаның міндеттері: Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелік және ақпараттық ресурстарды, бос тұрған өндірістік орындарды, жабдықтарды кедергісіз пайдалануларын қамтамасыз ету; шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымдарының тиімді институттарын құру және дамыту; мемлекеттік басқару органдарының шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуды ұйымдастыру жұмысын қамтамасыз етудегі тиімді қарым – қатынастары; шағын кәсіпкерлік субъектілері құқықтарын қолдау және қорғау түрлерін жетілдіру; өндірістік, консалтингтік, қаржы инновациялық және басқа салаларда шағын кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау; шағын кәсіпкерлікке мамандар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру жүйесін ұйымдастыру.