"Глубокое және Шемонаиха аудандарының өндірістік және әлеуметтік кешенін 1999-2000 жылдардағы қыс жағдайындағы жұмысқа дайындау туралы" Күшін жойған
Басқа 0
“Глубокое және Шемонаиха аудандарының ондірісгік және әлеуметтік кешенін 1999-2000 жылдардағы қыс жағдайындағы жұмысқа дайындау туралы”
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2000 жылы 25 сәуірде № 849 шешімімен.
" Облыстың энергетика, әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы объектілерін 1999-2000 жылдардағы күзгі – қысқы кездердегі жұмысқа әзірлеу тұралы" облыс әкмінің 1999 жылғы 25 мамырдағы № 691-к шешімін орындай отырып, Глубокое және Шемонаиха аудандарының әкімдері белгілі жұмыс атқарды.
Қазандықтарды, жылу және су құбыры - канализация желілерін, тұрғын үй, әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық объектілерін қыс жағдайындағы жұмысқа әзірлеу жөнінде шаралар мен кестелер белгіленді.
Аудандар халқының, көсіпорындары мен ұжымдарының пайдаланылған коммуналдық қызметтер үшін берешектерді өтеуге бақылау орнатылды.
Алдағы от жағу маусымына қажетті отын қорының көлемі белгіленді. Бюджеттік ұйымдар үшін көмір жеткізіп беру жөнінде тендерлік комиссияның отырысы өткізілді, онда жеткізіп берушілер тағайындалды. Қазіргі уақытта шарттар жасау мен кестелер әзірлеу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні төрт ауданнан Жарма, Күршім, Көкпекті, Үржар басқа барлығы шарттар жасады және қазірдің өзінде көмір жеткізу басталды. Жоғарғыда аталған аудандарда шарттардың жасалмау себептері тендер шарттарын орындамау және өткен от жағу кезінде жеткізліп берілген көмір үшін берешектер болып отыр. Бюджеттік көмір бойынша жалпы берешек 109,4 млн.теңге, жеңілдіктер бойынша-22,7 млн. теңге құрайды.
Коммуналдық қызметтер үшін жеңілдіктердің жойылуына байланысты халық үшін көмір сату бекеттерін ұйымдастыру жөнінде жұмыс жургізілуде.
Облыста жылумен жабдықтаудың сұйық отынмен жұмыс істейтін автономды көздерін орнату жөнінде және су құбыры - канализация желілерін жаңғырту жөнінде бағдарламалар жасалып, оларда Первомай кенті үшін автономды қазандықтар орнатуға 4,8 млн. теңге және Шемонаиха қаласының, Шемонаиха ауданының Камышин селосының су құбырларын жаңғыртуға 3,7млн. теңге сондай-ақ Белоусов кентінде тазарту құрылыстарын жащыртуға 3,3млн. теңге бөлу көзделген.
Мұнымен қатар қалалар мен аудандардың өндірістік және әлеуметтік кешенін алдағы қыс кезіне дайындау жөніндегі мәселелерді шешу кезінде көптеген проблемалар мен олқылықтар кездесуде.
Қаржылық қаражаттардың жетіспеуінен тұрғын үйлерді, әлеуметтік, мәдени -тұрмыстық объектілерді, жылу және су құбыры - канализация желілерін күрделі жөндеудің орнына демеулік, косметикалық жөндеулер жүргізілуде, мұның өзі тұрғын үй қоры ғимараттарының бірте-бірте әбден тозып қирауына өкеліп соғады, мектептердің, ауруханалардың техникалық жағдайы нашар, көптеген желілер өздерінің нормативтік мерзімдерін әлдеқашан өтеген. Бұл жағдай жыл сайын тереңдей түсуде, ол биылғы жылы да жақсы емес.
Алайда жергілікті жерлердегі басшылар бұл мақсатқа қосымша қаражаттар іздестіру және халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланған қызметтер үшін берешектерін дер кезінде өтеуі жөнінде қажетті шаралар қолданбауда.
1999 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс бойынша жалпы берешек 3897,8 млн.теңге болды, Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 500,2 млн. теңге артық.
Оның ішінде Глубокое ауданы бойынша берешек 25,9 млн.теңге, одан халықтың берешегі-20,2 млн. теңге, республикалық және облыстық бюджеттердікі -0,4 млн.теңге, ал жергілікті бюджеттікі -5,3 млн. тенге. Шемонаиха ауданы бойынша жалпы берешек -61,9 млн теңге, одан халықтікі- 42,5 млн. теңге, республикалық және облыстық бюджеттердікі -2,3 млн.теңге, жергілікті бюджеттікі -2,6 млн. тенге, кәсіпорындардікі-14,5 млн. теңге. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда осы аудандар бойынша жалпы берешек банкрот көсіпорындардың берешектерін шығарып таосау есебінен едәуір азайды және Шемонаиха ауданында халық мен бюджет есебінен аздап кеміді, ал Глубокое ауданында ол халық бойынша 3,5 млн. теңге және жергілікті бюджет бойынша 1,6 млн. теңгеге өсті. Халық берешектерінің өсуі жазғы кезде, қыс маусымына әзірлікке қаражаттар өте қажет кезінде болуда
Осы аудандардың әкімдері бұл мәселенің маңыздылығы туралы халық арасында түсінік жұмысын тиісті дәрежеде жүргізбеуде, ал жергілікті бюджеттің берешектері дер кезінде өтелмеуі алдағы қыс маусымына дайындық жөніндегі шаралардың орындалуына қатер туғызуда.
Аудандар облыс әкімі бекіткен ескі үйлерді бұзу және апатты тұрғын үй қорын қалпына келтіру жөніндегі үш жылдық бағдарламаны орындамауда, оны орындауға Глубокое ауданына 23 млн.теңге, Шемонаиха ауданына 7 млн.теңге керек. Осы аудандардың әкімдері 1998 жылы бұл мақсаттарға қаржы бөлген жоқ, ол 1999 жылға арналған бюджетте де көзделмеген.
Қаражатгардың жоқтығынан білім және денсаулық сақтау объектілерін қыс кезіне дайындау жөніндегі барлық жұмыстардың 60-70 пайызын өз қаражаттары, демеушілік көмек, ал мектептерде ата-аналардың қаражаттары есебінен орындау белгіленді.
Осы аудандардың өнеркәсіп кенттерін 1999-2000 жылдардағы қыс маусымына дайындау кезінде қиыншылықтар тууда, бұларда кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына және олардың қазандықтарды, жылу желілерін, электр - сумен жабдықтау жүйелерін бұдан былай ұстауға және пайдалануға қабылетсіздігіне байланысты осы кенттер халықтарының күнкөріс жағдайлары нашарлады.
Глубокое ауданының Белоусов кентінің және Шемонаиха ауданының Первомай кентінің, өнеркөсіптік қазандықтарын әзірлеуде күрделі жағдай туды, бұларда көсіпонындардың қаржылық нашар жағдайларынан тұрғын үй қоры мен өнеркәсіп алаңдарының жылу мен басқа да коммуналдық қызметтер жөніндегі қажеттілігін қамтамассыз ету мүмкіндігі жоқ.
Глубокое және Шемонаиха аудандарының өндірістік және әлеумет кешенін 1999-2000 жылдардағы қыс кезіне дер кезінде және сапалы әзірлеу мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Глубокое /Әкірамов М.Ә./, Шемонаиха /Гречухин А.В./ әкімдерінің алдағы қыс маусымына дайындық жөнінде белгілі жұмыс атап көрсетілсін және оларға мыналар міндеттелсін:
Тармақша 1
1) аудандардың алдағы қыс кезіне дайындалу барысына талдау жасалсын және ескертпелерді, жіберілген артқа қалушылықты ескеріп, аудандардың өндірістік және әлеуметтік кешенін күзгі-қысқы кездегі жұмысқа дер кезінде әзірлеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) барлық мүдделі ұйымдарды, депутаттық топтарды қатыстырумен жұмыс топтарының штабтарының күнкөріс объектілерін алдағы қыс кезіне дер кезінде әзірлеу жұмыстарын үйлестіру мен бақылау жасау жөніндегі іс-қимылдарын жандандырсын;
Тармақша 3
3) 1999 жылғы 1 қыркүйекке дейін жергілікті бюджеттің берешектерін толық өтеу және халықтың пайдаланған коммуналдық қызметтер үшін берешектерін мейлінше қысқарту қамтамасыз етілсін;
Тармақша 4
4) меншік пәтерлер коперативтерінің тұрғын үйлердің жылу жүйелерін әзірлеу, терезе және есік саңылауларын, шатыр мен желтөлені жылылау жөніндегі жөндеу профилактикалық шараларды жүргізу жөніндегі жұмысы ұйымдастырылсын;
Тармақша 5
5) тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және өндірістік-әкімшілік бағыттағы объектілерді жылу энергиясын, суық және ыстық су, газ есептейтін аспаптармен одан әрі жарақтандыру жөнінде жұмыс жалғастырылсын;
Тармақша 6
6) қазандықтарга және халық үшін отынды қажетті көлемде дайындау ұйымдастырылсын;
Тармақша 7
7) тозған үйлерді бұзу және апаттық тұрғын үй қорын қалпына келтіру үшін қаражаттар іздестірілсін.
Тармақ 2
2. Энергетика, индустрия көлік, телекоммуникациялар және СЭБ басқармасы (Плотников С.В.), Глубокое /Әкірамов М.Ә./, Шемонаиха /Гречухин А.В./ аудандарының әкімдері өнеркәсіптік қазандықтарды қыс кезіне әзірлеуді ерекше бақылауға алсын және онеркәсіптік кенттер халқын жылусумен-газбен тұракқты жабдықтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық құрылыс, сәулет және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы басқармасы (Никитин Н.Л.), қоршаған ортаны қоргау қоры (Браташ И.В.) бюджеттік сала объектілерін автономды жылумен жабдықтауға көшіру және су құбыры - канализация шаруашылығын жаңғырту жөнінде бекітілген бағдарламаларды орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне аймақтардың аумағындағы жылу беретін көздерді, жылу энергиясы мен газды тасмалдау және тұтыну жүйелерін дер кезде әзірлеу, сондай-ақ өнеркөсіп, ауыл шаруашылығы тұтынушылары мен халықты алдағы от жағу маусымына жылумен және газбен тұрақты қамтамасыз ету үшін дербес жауапкершілік жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.С. Бергеневке жүктелсін.