О дополнительных мерах по улучшению фитосанитарного состояния посевов сельско - хозяйственных культур в 1999 - 2000 годах Күшін жойған
Басқа 0
1999-2000-ші жылдарда ауыл шаруашылығы дақылдарының фитосанитарлық жағдайын жақсарту жөнніндегі қосымша шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 94 шешімімен.
Үстіміздегі жылы шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жүргізуге облыстық бюджеттен 70 млн тенге бөлініп, бұл 271 мың гектар егіс алқабын өңдеп, оны жойылудан аман алып қалуға мүмкіндік берді. Мұнымен қатар, ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау жөнінде қолданалып жатқан шараларга қарамастан облыстағы фитосанитарлық жағдай құрделі болып қалуда. Әсіресе, шегіртке мекендеген және зиянын тигізіп отырған алқаптардың аумағы жыл сайын өсіп отырғанын атап өту керек. Бұл тастанды және өнделмейтін жерлердің елеулі түрде өсуінің, қорғаныс шаралары кешенінің толық орындалмауының нәтижесінде мүмкін болып отыр.
Бұл қауіпті зиянкеспен пәрменді күрес шараларын деркезіде қолдану, сондай-ақ 1999-2000 жылдары қажетті материалдық-техниқалық және қаржылық қаражаттарды оңтайлы есептеуді және бөлуді қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыстық ауыл шаруашылығы және өндеуші өнеркәсіп басқармасы (Томашенко А.П.), облыстық өсімдік қорғау басқармасы (Уахитов А.Б.) қалалар мен аудандардың Әкімдерімен бірлесе отырып әрбір қала мен ауданда 1999 жылы шегірткемен залалданған, олар ұя салып, көбейетін жерлерін зерттеп, тексеретін жұмыс топтарын құрып, зертгеудің нәтижелері бойынша шегіртке қоныстанған аумақтың картограммасын жасасын.
Тармақ 2
2. Облыстық ауыл шаруашылығы жөне өндеуші өнеркәсіп басқармасы зерттеу материалдарының негізіше 1999-2000 жылға арналған шегірткені жою жұмыстарының жоспарын жасап, бұл мақсатқа қажетті материалдық-техниқалық және қаражаттарын анықтап, оны бекітуге берсін.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері жердің шегірткемен залалдану денгейін негізге ала отырып 1999-2000 жылдардың күзгі-көктемгі кезенінде зиянкестерді жою жөніндегі агротехникалық жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы /Құрманғалиев А.А./, ауыл шаруашылығы және өндеуші өнеркәсіп басқармасы /Томашенко А .П./ 2000-шы жылға арналған бюджеттін жобасында жұмыс жоспарында белгіленген және бекітілген көлемде шегірткемен күреске қажетті қаржы бөлуді көздесін.
Тармақ 5
5. Шегірткемен күрес кезінде қолданылған улы химикаттардың қалдықтарымен қоршаған ортаны ластауға жол бермеу мақсатында аудан және кала әкімдері пайдалнылған инсектицидтердің босаған ыдыстарын жинап, жоюды ұйымдастырсын. Бұл жұмысты экология комитетінің, санитарлық эпидемиялогиялық бакылаудың және өсімдік қорғау басқармасының қызметкерлерін қатыстырып, комиссиялық жолмен жүргізсін.
Тармақ 6
6. Осы Өкімді орындауға бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары А.Б.Қалиевқа