Об утверждении областной программы адресной социальной поддержки малоимущих граждан на 1999-2000 годы. Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрмысы төмен азаматтарды адрестік әлеуметтік қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын бекіту туралы 📌 Ескерту. Шешімнің қолданылу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты күші жойылды - Қарағанды облыстық Мәслихатының 2005.01.17 № 1-12/40 хатымен. Облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ұсынған тұрмысы төмен азаматтарды адрестік әлеуметтік қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы бекітіліп, басқарма бастығы Ә.Е.Әбілаевтың осы мәселе жөніндегі хабарламасы назарға алынсын.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Ә.Е.Әбілаев), облыстық қаржы басқармасы (С.Б.Өтешев), облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.К.Ермекбаев), облыстық білім басқармасы (Е.П.Бекметов), облыстық мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім департаменті (Р.К.Омарбекова), облыстық туризм және спорт комитеті (С.Е.Сенин), облыстық жол полициясы басқармасы (Е.Қ. Шәйменов) қалалар мен аудандардың әкімдерімен, қалалық және аудандық Мәслихаттармен бірге тұрмысы төмен азаматтарды адрестік әлеуметтік қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын орындау жөнінде шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне, қалалық және аудандық мәслихаттарға осы бағдарламаға сәйкес тұрмысы төмен азаматтарға адрестік әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар кешенін жасау ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы облыстық бюджетті жасағанда және атқарғанда тұрмысы төмен азаматтарды адрестік әлеуметтік қолдауға байланысты мәселелерді шешуді көздесін.
Тармақ 5
5. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы осы шешімді орындаушылармен бірге облыстық Мәслихатқа облыстық бағдарламаның орындалу барысы туралы жарты жылдықтың және жылдың қорытындысы бойынша хабарлап тұрсын.
Тармақ 6
6. Тұрмысы төмен азаматтарды адрестік әлеуметтік қорғау облыстық бағдарламасының орындалу барысы бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілсін.
Тармақ 7. 1999-2000 жылдары Қарағанды облысының тұрмысы төмен азаматтарына адрестік әлеуметтік көмек көрсетудің БАҒДАРЛАМАСЫ
7. Осы шешімінің орындалуына бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Б.Қабжановқа және облыстық Мәслихаттың әлеуметтік саланы дамыту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М.Әдекенов) жүктелсін. 1999-2000 жылдары Қарағанды облысының тұрмысы төмен азаматтарына адрестік әлеуметтік көмек көрсетудің БАҒДАРЛАМАСЫ Атқарылатын шаралар Атқарылу мерзімі Жауапты орындаушылар Қаржыландыру көзі 1.Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар Жалғыз басты, жалғыз тұратын мүгедектер мен зейнеткерлерге әлеуметтік көмекті ұйымдастыру: - дәрі-дәрмек, азық-түлік және басқадай товарларды сатып алу мен жеткізуді ұйымдастыру; тұрақты Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеметтік қорғау басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері Тегін ұйымдастырылады. Дәрі-дәрмек, медициналық қызмет және басқа дай азық-түліктер мен товарлар қызмет көрсетілететін азаматтардың қаржысы есебінен - сырттай көмекті қажет ететін жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге медициналық қызметті (массаж, физиоемдеу, егу, дәрігерлік бақылау және кеңес беру) үйде көрсетуді ұйымдастыру; тұрақты Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы -//- - жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерді емханаға және басқадай мекемеге, қайырымдылық көрсетуші ұйымдардың түрлі шаралары мен жаттықтыруларына апару тұрақты Облыстық еңбек,жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері -//- - тұрмысы төмендерге, зейнеткерлерге, мүгедектерге медбикелік күтім ауруханасы арқылы стационарлық көмек беруді одан әрі жалғастуры тұрақты -//- -//- - медициналық-санитарлық сараптау комиссиясынан өту үшін құжаттар даярлау; тұрақты -//- -//- - аса қажет ететін зейнеткерлерге, жұмыс істемейтін мүгедектерге, бір адамға шаққанда орта отбасылық кірісі екі есепті көрсеткіштен аспайтын көп балады отбасыларына материалдық көмек және басқа дай көмектерді көрсету, оларды емдеуге қаржы бөлу; тұрақты Тұрмысы төмен азаматтарды қолдаудың аймақтық қоры, қалалар мен аудандардың әкімдері Аймақтық қайырымдылық қоры қаржыларының есебінен Бір адамға шаққанда орта отбасылық кірісі екі есепті көрсеткіштен аспайтын тұрмысы төмен көп балалы отбасыла, өте мұқтаждар мен жеке басты мүгедектер мен зейнеткерлер үшін көкөністі төмендетілген бағамен сату; 1999 ж. қыркүйек-қараша Қалалар мен аудандардың әкімдері Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы есебінен Басқа адамның көмегін қажет ететін жеке басты қарттар мен мүгедектердің жалпы үлгідегі интернат- үйлерінде тұруын қамтамасыз ету. тұрақты Облыстық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Облыстық бюджеттен Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер үшін қалалар мен аудандарда моншалардың, шаштараздардың тегін қызметін сақтау; тұрақты Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қоргау басқармасы Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы есебінен Ерекше қажет ететін тұрмысы төмен азаматтар үшін қайырымдылық асын ұйымдастыру тұрақты -//- Демеушілер қаржысы есебінен, аумықтық қайырымдылық қоры қаржысы есебінен Аз қамтылған азаматтар үшін «Наурыз, 1 мамыр, 9 мамыр мерекелеріне, қарттар күнін, мүгедектер күнін және т.б. (қайырымдылық астары, мерекелік концерттер, мұқтаждарға материалдық және заттай көмек көрсету) шаралар өткізген күндері қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру» тиісті күндері Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері Кәсіпорындар мен ұйымдардың демеушілік көмегі есебінен Жергілікті атқарушы органдардың қайтыс болған жеке басты зейнеткерлер мен мүгедектерді жерлеуді қамтамасыз ету қажет болған жағдайда Қалалар мен аудандардың әкімдері Аудандық (қалалық) бюджеттен Халықтың аз қамтылған топтарына тегін медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін қарастыру тұрақты Денсаулық сақтау департаменті Аудандық (қалалық) бюджеттен Мүгедектерді кресло-арбамен және таңдау-протез аппараттарымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру тұрақты Облыстық еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Кәсіпорындар мен ұйымдардың демеушілік көмегі, аймақтық қайырымдылық қоры есебінен Тұрғындарды әлеуметтік қорғау мақсатында балалар жәр демақысын және аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын төлеу жұмысын одан әрі жалғастыру тұрақты Қалалар мен аудандардың еңбек және халыққа әлеуметтік көмек беру бөлімдері Аудандық (қалалық) бюджет - Бір адамдарға шаққанда ортақ отбасылық кірісі екі есепті көрсеткіштен аспайтын тұрмысы төмен жұмысқа жарамсыз азаматтарға бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша төлеуді іске асыру ұсынылады ай сайын -//- -//- - Қарағанды облысының әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, дефектолог кадрларын кәсіби даярлықтан өткізіп, оларды әлеуметтік қорғау органдарына қызметке қабылдау тұрақты Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері - қайырымдылық асханаларын, тамақтандыру пункттерін, қолданылған киім-кешекті қабылдау пункттерін ашуды одан әрі жалғастыру тұрақты Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы Демеушілік қаржылар есебінен - шағын қайырымдылық үйлерін ашу жұмыспен жалғастыру тұрақты Қалалар мен аудандардың әкімдері Демеушілік қаржылар есебінен, ішнара қамқоршылар есебінен - мүгедектерге, жалғыз басты және тұрмысы төмен тұрғындарға тегін дәрі-дәрмек бөлу гуманитарлық көмектің түсуіне қарай Облыстық Қызыл жарты Ай және Қызыл Крест қоғамы Гуманитарлық көмек 2. Мүгедектердің әлеуметтік инфракұрылымды пайдалануына жағдай жасау - мүгедектердің тұрғын үйлерге және әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы әлеуметтік инфрақұрлым объектілеріне енеуіне жағдай жасау тұрақты Қалалар мен аудандардың әкімдері Кәсіпорын, ұйым және коммуналдық қызмет есебінен - адамдар көп жүретін жерлерде арнайы белгілермен көрсеткіштер, қоршаулар дыбысты синхронды бағдаршамдар жасау және орнатуды қамтамасыз ету 1999 жылдың соңына дейін Жол полициясының басқармасы Қалалық (аудандық) бюджеттің есебінен 3.Мүгедектерді әлеуметтік-еңбектік қалпына келтіру - Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 30-бабын орындамаған кәсіпорындар,мекемелер, ұйымдар, коммерциялық құрылымдарға (арнайы құрылған немесе сақталған орындарға жұмысқа қабылдамау) айып салу мүмкіндігін қарап, сол қаражаттарды мүмкіндігін қарап, сол қаражаттарды мүгедектердің қозғалуына қажет құралдар өндіретін кәсіпорындар құруға бағыттау (таяқтар, балдақтар, кресло-арбалар) тұрақты Аудандар мен қалалардың салық инспекциясы, Қарағанды облыстық мүгедектер қоғамы, соқырлар мен саңыраулар қоғамы Кәсіпорындар есебінен - мүгедектер үшін қажет жұмысшы кадрларына даярлау және қайта даярлаудың лауазымдық және кәсіби тізімін бекіту тұрақты Қалалар мен аудандардың еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері Демеушілік қаржылар есебінен - мүгедектер қоғамы жанынан болашақта толық өзін өзі ақтауға көшетін кәсіпорын ашуды қарастыру 1999-2000 ж. «Сорос-Қазақстан» қоры Қордың қаржысы есебінен - мүгедек балалары бар және оларды үйден оқытатын отбасыларына жәрдемақыны дер кезінде тағайындап, төлеуді қамтамасыз ету тұрақты Қалалар мен аудандардың еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері Аудандық, қалалық бюджет - мүгедек балалардың жан-жақты да жарасымды дамуы мақсатында, олардың қоғамдық белсенділігін, еңбекке деген көзқарасын қалыптастыру, ғылым, техника, өнер, спортқа қамту мақсатында білім беру, спорт органдары және басқадай мемлекеттік органдар мүгедек балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуын қамтамасыз етуге және сол үшін тиісті жағдай жасауына міндетті тұрақты Білім беру департаменті, туризм мен спорт комитеті Білім беру және спорт ұйымдаяры қаржылары есебінен - үкіметтік емес-саңыраулардың, соқырлардың, мүгедектердің ұйымдарымен, ардагерлер ұйымдарының кеңестері мен сол ұйымдардың қызметін ұйымдастыру мәселелерін, методикалық көмек беруде бірлескен жұмысты жалғастыру тұрақты Облыстық еңбек, жұмыспенпен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, аудандар мен қалалардың әкімдері, мүгедектердің ерікті қоғамы, облыстық саңыраулар қоғамы, ардагерлер кеңесі 4. Халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары 4.1. Білім беру саласында Білім беру мекемелерінде жалпы білім берудің үнемі жұмыс істейтін қорын құру жыл сайын Қалалар мен аудандырдың әкімдері Жергілікті бюджет, жаппай білім беру қоры - табысы аз отбасыларының балалары үшін білім беру мекемелерінде тегін тамақ беруді ұйымдастыру тұрақты -//- -//- - орта мектеп мен мектеп-интернаттар жанынан киім - кешектерді жинау және бөлу пункттерін ашуды жал-ғастыру оқу жылы ішінде Қалалар мен аудандардың әкімдері, білім беру бөлімдері -//- - аз қамылған отбасыларының балаларын тегін оқу құралдарымен және кітаптармен қамтамасыз ету -//- -//- -//- Жазғы каникул кезінде балаларды сауықтыру үшін мыналарға қаржылар бөлу: - мектеп жанындағы лагерлер; - қала сыртындағы лагерлер; - профильдік лагерлер. жыл сайын Білім беру департаменті, қалалар мен аудандардың әкімдері -//- Гуманитарлық көмектер беру тұрақты Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крестің облыстық комитеті, тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қор Кәсіпорындар мен ұйымдардың қажетіне сәйкес мүгедектердің колледждерде тегін оқуын қамтамасыз етіп, оларды бітірген соң еңбекке орналастыру тұрақты Білім беру департаменті Орта арнаулы оқу орындары есебінен - аса мұқтаж балаларға сауықтыру лагерлеріне жеңілдікпен жолдама беру мүмкіндігін қарастыру жыл сайын Білім беру департаменті, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Аудандық (қалалық) бюджет 4.2. Денсаулық сақтау саласында: - күндізгі бөлімде емделіп жатқан табысы аз азаматтарға дәрі-дәрмекке және қымбат аппараттарда тексерілуге қосымша қаржы бөлуді қарастыру қажет болған жағдайды Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Облыстық бюджет - зейнеткерлерге және еліміздің басқадай категориялы азаматтарына шұғыл медициналық көмек беруден бас тартқан жағдайда ондай дәрігердің еліміздің емдеу мекемелерінде жұмыс істеу құқынан айырып, медициналық практикамен айналысудан шектеуге дейін шара қолдану денсаулық сақтау органдары мен медицина мекемелері басшыларынан қатаң талап етілсін -//- -//- -//- - аз қамтамасыз етілген отбасылары мен жетім балалар үшін «Бота» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, облыстық балалар ауруханасы жанынан палата ашу жылдың аяғаны дейін -//- «Бота» қайырымдылық қоры - ауыр анемиясы бар, 2-3 дәр., салмағы төмен, витаминдер жетіспейтін балаларды емдеу үшін тиісті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету тұрақты -//- 1998-2000 жылдарға «Педиатрия» мақсатты бағдарламасы (жергілікті бюджет) - табысы аз, туберкулезбен сырқаттанатын адамдарға арнайы дүкендер арқылы азық-түліктерді сатып алу тұрақты -//- 1998-2000 жылдарға «Педиатрия» мақсатты бағдарламасы (жергілікті бюджет) - табысы аз отбасыларының үш жасқа дейінгі балаларды олар анемиямен, дистрофиямен және авитаминозбен қатты сырқаттанған жағдайда аудндық, қалалық әлеуметтік қорғау бөлімдерінің тізімдері бойынша арнайы сүтпен қамтамасыз ету мүмкіндігін іздестіру тұрақты -//- Медицина мекемелерінің қаржысы есебінен 4.3. Мәдениет саласында - мүгедектер мен табысы аздардың мәдени демалыс шараларына, (театр, концерт залдары, мұражайлар) тегін қатысуын қамтамасыз ету тұрақты Мәдениет департаменті Мәдениет мекемеснің есебінен - мүгедектер қоғамы жанынан рухани қажет ететін мүгедектерүшін кітапаналар, діни бөлмелер ашу тұрақты Мәдениет департаменті, сол қызметті көрсететін ұйым Шығыстар сметасы шеңберінде, діни мекемелердің есебінен - табысы аз отбасылараның талантты балаларын анықтап, олардың конкурстар мен фестивальдарға қатысуына көмек көрсету тұрақты -//- Мәдениет мекемеснің есебінен - мерекелік қайырымдылық, концерттерін ұйымдастыру Жеңіс күніне, Қариялар күніне, балаларды халықаралық күніне 4.4. Туризм мен спорт саласында - бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шараларын ұйымдастырып, өткізу тұрақты Туризм мен спорт жөніндегі облыстық комитет Туризм мен спорт жөніндегі комитеттің есебінен - облыс территориясында өткізілетін спорттық шараларға тегін енуді ұйымдастыру -//- -//- -//- - мүгедектердің арасында спортты дамыту жұмысын одан әрі жалғастыру -//- -//- -//- - қолда бар спорттық база мен ғимараттарды жеңілдік негізде бұқаралық-спорт шараларын өткізуге беру -//- -//- -//- көп балалы және табысы аз отбасыларның балалары үшін спорттық секциялардан 10% көлемінде тегін орын бөлу -//- -//- -//- - табысы аз отбасыларының балалары үшін материалдық және қайырымдылық көмек беру -//- -//- -//- Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы