Об утверждении региональной программы развития и поддержки малого предпринимательства Карагандинской области на 1999-2000 годы Қолданыста
Басқа 0
Қарағанды облысының 1999-2000 жылдарға
арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдау аймақтық бағдарламасын бекіту туралы
📌 Ескерту. Шешімнің қолданылу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты күші жойылды - Қарағанды облыстық Мәслихатының 2005.01.17 № 1-12/40 хатымен.
Облыс әкімінің орынбасары Ж.С.Таласпековтың «Қарағанды облысының 1999-2000 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту жәнеқолдау аймақтық бағдарламасы туралы» баяндамасын тыңдап, талқылай келе облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысының 1999-2000 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау аймақтық бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық экономика және кәсіпкерлікті дамыту бас басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық Мәслихаттар, бағдарламаны орындаушылар Қарағанды облысының 1999-2000 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту жәнеқолдау аймақтық бағдарламасын орындау жөнінде практикалық шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Аймақтық барғдарлама өзгерістер мен толықтырулар экономикалық реформа және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның қорытындылары бойынша облыстық Мәслихаттың шешімдерімен енгізілсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (С.Б.Өтешев) 2000 жылға арналған облыстық бюджетті жасағанда шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға қаржыны қайтарымды негізде бөлуді кездесін.
Тармақ 5
5. Қарағанды облысының 1999 және 2000 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау аймақтық бағдарламасының орындалу барысын облыстық Мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарында таңдалсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау облыстық Мәслихаттың экономикалық реформа және бюджет жөніндегі, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі және аграрлық мәселелер мен экология жөніндегі тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Басқа 7. Қарағанды облысының 1999-2000 жылдарға
арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдау аймақтық бағдарламасы
«Бекітемін:»
Қарағанды облысының әкімі
_____________М.Есенбаев
«28» шілде, 1999 ж.
Қарағанды облысының 1999-2000 жылдарға
арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдау аймақтық бағдарламасы
Қарағанды қаласы.
БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
Атауы Қарағанды облысының 1999-2000 жылдарға
арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдау аймақтық бағдарламасы
Негізгі жасаушысы Экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас
басқармасының шағын және орта бизнесті
қолдау бөлімі
Бағдарламаның Қалалар мен аудандардың әкімдері,
орындаушылары облыстық және қалалық қызметтер мен
басқармасы, облыс кәсіпкерлерінің
қауымдастығы, облйс әкімі жанындағы
кәсіпкерлер кеңесі, қоғамдық бірлестіктер
Бағдарламаның мақсаты Экономиканың өндірістік және басқа
салаларында кәсіпкерлікті дамытуға
көмектесетін шағын бизнесті қолдау жүйесін
жасау
Бағдарламаның міндеттері - шағын кәсіпкерлікті қолдаудың
инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай
жасау;
- облыстың кәсіпкерлік құрылымдарының
жұмыс жасауының құқықтық
тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- аймақтың ерекшелігін ескере отырып
кәсіпкерлікті қолдаудың қаржы-кредит
және инвестициялық механизмдерін
дамыту;
- шағын бизнес кәсіпорындары тобарын
дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі
шаралар кешені мен оны жүзеге асыру
механизмің жасау, олар аймақтың ірі
өнеркәсіп орындары үшін өндірістік
инфрақұрылым болып табылып, импортты
айырбастайтын өнімдер шығаруға
бейімделеді;
- селода кәсіпкерлікті тиімді дамыту үшін
жағдай жасау.
Бағдарламаның негізгі I. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық
шаралары жағдайын жетілдіру;
II. Кәсіпкерлікті қолдауды ұйымдық жағынан
қамтамасыз ету;
III. Шағын кәсіпкерлікті қаржы-кредит,
инвестициялық және өндірістік қолдау;
IV. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың
инфрақұрылымын дамыту;
V. Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық және
кадрлармен қамтамасыз ету;
VI. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін
әлеуметтік-құқықтық қорғау.
Қаржыландырудың Бағдарламаны жергілікті бюджеттен 40 млн.
көлемі мен көздері теңге қаржымен қамтамасыз ету жоспарланады.
Бағдарламаны жүзеге Облыста әрекет жасап тұрған шығын
асырудың күтілетін кәсіпорындардың санын 1,1-1,2 есе арттыру.
соңғы нәтижесі Шағын бизнес саласында жұмыспен
қамтылғандар санын арттыру, жұмыссыздық
деңгейін төмендету.
Қолайды жағдай жасау есебінен өндірістік
салаларды дамыту.
Кәсіпкерлерге ақпараттық, консультациялық
және басқа қызмет көрсету үшін
нарықтық инфрақұрылым объектілерін
дамыту.
Жергілікті товар нарқын
импортты ауыстыратын өнімдермен қанықтыру.
Бюджеттің салық салынатын базасы мен
кіріс бөлігін арттыру.
1. Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
Бағдарлама осы аймаққа шағын бизнесті дамытудың негізгі ерекшеліктерін есскере отырып кәсіпкерлікті дамытудың Мемлекеттік саясатына сәйкес жасалады. Негізгі шаралары облыстың қолда бар базасының потенцияоымен дәйекті байланысқан және кәсіпкерлікті дамытудағы орын алып отырған кемшіліктерді жоюға бағытталған.
Бағдарлама әрбір шараны орындауға жауапты орындаушылар бекітіліп, нақты мерзімдер көрсетілген. Шараларды орындаудың негізгі үйлестірушісі экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасының шағын және орта бизнесті қолдау бөлімі болып табылады, бөлім Бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы ҚР шағын бизнесті қолдау жөніндегі агеттігіне ай сайын ақпарат беріп тұрады.
Осы бағдарламаны ойдағыдай және мерзімінде жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін белгіленген тәртіппен жекелеген шаралар мен орындау мерзімі бойынша өзгерістер енгізуге жол беріледі.
2. Проблеманың жай-жапсарын талдау
Қарағанды облысының 1999-2000 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау аймақтық бағдарламасының негізгі ережелері ҚР Президентінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы №4189 Жарлығымен бекітілген 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жасалды. Қоғамның жігерлі де іскер топтарының ынтасы арқасында кейінгі жылдары кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың берілген кепілдері ОШК (орта, шағын кәсіпкерлік) санының және олардың экономикаға үлесінің артуына көмектесті. 1991 жылдың 1 каңтарына тіркелген шағын кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің және фермерлік шаруашылықтардың саны облыс бойынша 30405 болды, мұнда:
- 12799 – заңды тұлғалар, олардың саны 1997 жылмен салыстырғанда 720 шаруашылық субъектісіне артты, бұл 5,6% құрайды;
- 17606 – жеке тұлғалар.
Шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 118938 адам болды (62404 – шағын кәсіпорындарда және 56534 – жеке кәсіпкерлер мен фермерлер), мұның өзі өткен жылмен салыстырғанда 1070 адамға, немесе 0,9% артық.
1998 жылы ОШК өндірген жалпы өнім (жұмыс, қызмет) көлемі 20,2 млрд.теңге болды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бюджетке төлемдерінің сомасы (заңды тұлғалар) 1997 жылмен салыстырғанда 154 млн.теңгеге артып, 2,2 млрд. теңге құрады.
1998 жылы ОШК үшін берілген кредиттердің көлемі 2,2 млрд. теңгені құрады, қосымша 4222 жұмыс орны құрылды.
Сонымен бірге шағын кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін бірқатар проблемалар бар, олар:
- шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының нашар дамуы, соның ішінде ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінің жлқтығы;
- шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау жөніндегі заңдылық және нормативтік базаның жетімсіздігі;
- ОШК-ның қаржы ресурстарына қол жетудің шектелуі;
- білікті кадрлардың оларды дайындау мен қайра дайындауды ұйымдастырудағы кемшіліктер садарынан жетіспеуі;
- шағын бизнес субъектілері өндірістік инфрақұрылымының нашар дамуы.
Жоғарда аталған проблемаларды ойдағыдай жойған жағдайда шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар санын 120 мың адамға дейін арттыруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды 30,7 мың бірлікке дейін өсіру күтіледі.
Жұмыссыздықты қысқарту халықтың әлеуметтік күйзелісін төмендетіп, облыс экономикасын сауықтыруға көмектесетін болады. Өндірістік саланы кеңейту бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысының 1999-2000 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау
аймақтық бағдарламасын орындау жөніндегі
ШАРАЛАР
№№
Атауы
Аяқтау формасы
Орындауға жауаптылар
Орындау мерзімі
Қаржылардырудың көздері мен сомасы
1
2
3
4
5
6
Бөлім 1. 1 тарау. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық жағдайын жетілдіру
1 тарау. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық жағдайын жетілдіру
1.
ҚР 19.06.97 ж. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңына қосымшалар енгізу жөнінде ұсыныстар жасап, енгізу
ҚР Конституциялық кеңесіне Мәжілістің заңдылық бөлімі мен ҚР шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне ұсыныстар
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, облыс кәсіпкерлерінің қауымдастығы
II тоқсан
1999ж.
2.
Жергілікті атқарушы органдар лецензия беретін қызмет түрлеріне лицензиялар беру жөнінде ұсмыныстар жасап, енгізу, оның ішінде лотереялар (мемлекеттік басқа), тотализаторлар, казино ұйымдастыру мен өткізуге
ҚР Парламентіне, ҚР шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне ұсыныстар
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы
II тоқсан
1999ж.
3.
Қалалар мен аудандардың әкімдері үшін кәсіпкерлік құрылымдар басшыларының қатысуымен мына проблемалар бойынша «дөңгелек столдардың» тұрақты жұмысын ұйымдастыру:
- кәсіпкерліктің мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-әрекеті;
- өндірісте және а/ш секторында қызметті кредиттеу, салық салу және мониторингі
Өткізу жоспары
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, облыс кәсіпкерлерінің қауымдастығы, Қарағанды қаласы кәсіпкерлерінің қауымдастығы, облыс әкімі жанындағы кәсіпкерлер кеңесі
Тұрақты
4.
Кәсіпкерлік қызметі субъектілеріне салық салуына байланысты проблемаларды шешу жөнінде Үйлестіру кеңесін құру
Үйлестіру кеңесі туралы ереже
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, облыстық салық комитеті, облыс кәсіпкерлерінің қауымдастығы, Қарағанды қаласы кәсіпкерлерінің қауымдастығы
II тоқсан
1999ж.
5.
Облыс әкімі жанындағы бақылаушы және құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңесінің жұмысын жандандыру
Ақпараттар
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, облыстық әкімшіліктің құқықтық бөлімі
Ай сайын
6
Қала құрылысы және жер пайдалану құқығын рәсімдеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен жұмыс тәртібін бекіту туралы ұсыныстар жасап, енгізу
Әкімнің шешімі
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, облыс кәсіпкерлерінің қауымдастығы, Қарағанды облысының Тәртіптік кеңесі, Қарағанды қаласының әкімі
I тоқсан
1999ж.
7 .
ҚР Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқығын және онымен мәлімелер жасауды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығына сәйкес ОШК үшін жылжымайтын мүлікке кепілді мемлекеттік тіркеу үшін ақы төлеу мәселелері бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» МК жұмысына талдау жасау.
«Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» МК филиалдарына нұсқау хат
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, облыс кәсіпкерлерінің қауымдастығы, облыстық әділет басқармасы, облыс әкімі жанындағы кәсіпкерлер кеңесі, «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» МК
I тоқсан
1999ж.
8.
Қалалар мен аудандардың әкімшіліктері 1999-2000 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламаларының орындалысын үйлестіру және талдау жүргізу
Орындалысының барысы туралы ақпарат
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері
Ай сайын
Бөлім ii. II тарау. Кәсіпкерлікті қолдауды ұйымдық жағынан қамтамасыз ету
II тарау. Кәсіпкерлікті қолдауды ұйымдық жағынан қамтамасыз ету
1.
Конкурстар, көрмелер, жәрмеңкелер, байқаулар ұйымдастыру жөніндегі шаралар жоспарын дайындау
Шаралар жоспары
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, Сауда-өнеркәсіп палатасы
Жыл сайын
2.
Қолда бар мәліметтер базасы бойынша инновациялық және маңызды жобаларды жүзеге асыруға көмектесу
Тізім, БАҚ-на ақпарат
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы
Тұрақты
3.
Шағын кәсіпкерлік үшін ұсынылатын перспективалық жабдықтар мен машиналардың тізімін (каталог) қалыптастыру
Тізім, БАҚ-на ақпарат
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы
Тұрақты
4.
Халық кәсіпшілігін әсіресе ауылды жерде қалпына келтіру орталықтарын қолдау жөнінде ұсыныстар жасау
Ұсыныстар
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы
II тоқсан
1999ж.
5.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында шағын бизнесті дамыту мониторингін өткізу
ҚР шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне ақпарат
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, облыстық құрылымдар, қалалар мен аудандар әкімдері
Ай сайын
6.
Қалалар мен аудандардың әкімдерінің аппаратында өзара іс-қимыл және кәсіпкерлікке байланысты мәселелерді шешу мақсатында кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастыру
Кездесулер
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері
Ай сайын
7.
Қалалар мен аудандардың әкімдерінің аппаратында облыстық, қалалық, аудандық қызметтер мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен шағын бизнесті дамыту мәселелерін қарауды енгізу
Алқалар
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері
Жарты жылда 1 рет
8.
Кәсіпкерлік қызметке байланысты проблемаларды анықтау және анықталған проблемаларды шешу үшін ұсыныстар әзірлеу үшін кәсіпкерлер арасында социологиялық сұрау салу мен анкета жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
Талдау анықтамасы
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыс кәсіпкерлерінің қауымдыстағы, облстатбасқарама
Жарты жылда 1 рет
9.
Импортты ауыстыратын өнімдер шығаруға бейімделген және облыстың алып өнеркәсіп орындары үшін өндірістік инфрақұрылым болып табылатын шағын бизнес кәсіпорындарының торабын дамытуға көмектесетін шараларды орындауды қамтамасыз ету
Ұсыныстар
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, ірі өнеркәсіп орындарының басшылары, облыс кәсіпкерлерінің қауымдастығы, облыстық әділет басқармасы, облыс әкімінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесі
Тұрақты
Бөлім iii. III-тарау. Шағын кәсіпкерлікті қаржы-кредит, инвестициялық және өндірістік қолдау
III-тарау. Шағын кәсіпкерлікті қаржы-кредит, инвестициялық және өндірістік қолдау
1.
Жергілікті бюджет қаржысы есебінен басым өндіріс саласында қызмет атқаратын ОШК-ы қаржжылық қолдау үшін қолайды жағдай жасау:
- ОШК ұсынған бизнес-жоспарларды дайындау және қарау жөнінде жұмыс жүргізу;
- бизнес-жоспарларды жергілікті бюджет қаржысы есебінен жеңілдікпен кредиттеу механизмін жасау;
- кредиттеуші органнан оң қорытынды алған бизнес-жоспарларды кредиттеуді жүзеге асыру
Бизнес-жоспарлардың тізімі, ОШК жеңілдікпен кредиттеу механизмі
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, облыс кәсіпкерлерінің қауымдастығы, облыс әкімінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесі
1999-2000
жылдыр
Облыс бюджеті, 40 млн. теңге
2.
Облыста, атап айтқанда селолық аудандарда, лизингілік қызметті дамыту үшін, жағдай жасау жөнінде ұсыныстар жасау
Ұсыныстар
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитеті
II тоқсан
1999ж.
3.
Аймақтық ерекшелігін ескере отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттік серіктестіктер құру концепциясын жасау
Ұсыныстар
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы
II тоқсан
1999ж.
4.
Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қорын құру механизмін жасау (коммуналдық меншік, аяқталмаған құрылыс, әрекет етпейтін өндірістік ғимараттар, әкімшілік үйлері объектілерінен, сондай-ақ құрылтайшылар қаржыларынан
Әкімнің шешімі
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, мемлекеттік мүлікі және жекешелендіру аумақтық комитеті
II тоқсан
1999ж.
5.
Отандық және шетелдік инветорларды тарту мақсатында басып инвестициялық жобалар бойынша мәліметтер базасын кеңейту
Басым инвестициялық жобалар тізімі
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыс кәсіпкерлерінің қауымдастығы.
Тұрақты
6.
Жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында ОШК-ға инвесторларды іздестіру үшін көмек көрсету, оның ішінде:
- Теміртау қаласында тігін бұйымдары өндірісін кеңейту үшін – «Анта» ЖШС-26 жұмыс орны;
- Қарағанды қаласында автомашиналар үшін фильтрлер өндірісі – «Мақсат» ЖШС ПТ-10 жұмыс орны;
- Нұра ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру – ШҚ Шалдыбаев – 8 жұмыс орны;
- Қарағанды қаласында шұжық өнімдері өндірісі – «Самал» ЖШС – 16 жұмыс орны;
- Қарағанды қаласында өрт сөндіргіштер өндірісі – «Байжан» ӨК – 10 жұмыс орны
Ақпарат
Қалалар мен аудандардың әкімдері
1999-2000
Жылдар
Инвесторлардың қаржысы
7.
Кәсіпкерлер арасында Европа Қайта құру және даму банкісі мен шетелдік кәсіпорын «Шағын бизнестің оқу орталығы» ЖШС торабы бойынша кредиттер алу үшін бизнес-жоспарларды дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
Ақпарат
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, ІРС консалтинг фирмасы, «Шағын бизнестің оқу орталығы» ЖШС ШК
Тұрақты
8.
Жұмыс істемей тұрған ірі кәсіпорындарды олардың базасында сол кәсіпорындардың тұрақжайлары мен жабдықтарын пайдалана отырып шағын кәсәпорындар құру мақсатында бөлшектеу және құрылымын өзгерту мүмкіндігіне талдау жүргізу. Мысалы «Абай тігін фабрикасы» АҚ, «Ел қамы» АҚ, «Гея» АҚ.
Талдау ақпараты
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік, облыс әкімінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесі
Тұрақты
9.
Өндірісті ұйымдастыру және қызмет саласын дамыту мақсатында түгендеу барысында анықталған бос тұрған тұрақжайларды сату жөніндегі жұмысты жалғастыру
Ақпарат
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік мүлкі және жекешелендіру аумақтық комитеті
Тұрақты
10.
Тұрғын үйлердің бос тұрған бірінші қабаттарын кәсіпкерлік қызмет (сауда, қызмет көрсету) объектілеріне пайдалану жөніндегі жұмысты жандандыру
Ақпарат
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері
Тұрақты
11.
ОШК өндірісін ұйымдастыру үшін жер телімдерін төлемін біртіндеп төлеу және кейінге қалдыра отырып беруге тұрақты бақылау жүргізу
Ақпарат
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы
Тұрақты
Бөлім iv. IV тарау. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту
IV тарау. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту
1.
Қоғамдық ұйымдардың және шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қауымдастықтың жұмысына көмек көрсету
Ақпарат
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыс әкімі жанындағы кәсіпкерлер кеңес
Тұрақты
2.
Бизнес-инкубатор ұйымдастыру үшін тұрақжайлар мен жабдықтарды іріктеу жөнінде жұмыс жүргізу
Ақпарат
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы
1999 ж. ІІ жарты жылдығы
3.
Бизнес-инкубаторды іске қосу
Құрылтай құжаттары
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы
2000 ж. І жарты жылдығы
Құрылтайшылардың қаржысы
Бөлім v. V-тарау. Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық және кадрлармен қамтамасыз ету
V-тарау. Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық және кадрлармен қамтамасыз ету
1.
Кәсіпкерлерге бухгалтерлік есеп, компьютерлік сауат, маркетинг және менеджмент сияқты пәндер бойынша қысқа мерзімді курстар өткізуге әдістемелік көмек көрсету
Консультациялар, ақпараттар
«ИнтерКомпьютер Сервис» компаниясы, «Плюс-Микро» фирмасы және т.б.
Тұрақты
2.
Педагогтар, басқарушылар, кәсіпкерлер үшін білім, басқару жзәне кәсіпкерлік проблемалары бойынша қалалық ашық методологиялық семинарлар ұйымдастыру мен өткізуге қатысу
Ақпарат
Кәсіпкерлік және менеджмент мәдениеті институты
Тұрақты
3.
Кәсіпкерлік қызметтің негізіне оқыту жүргізілетін оқу мекемелері бойынша мәліметтер банкін жинау
Мәлімметтер банкісі
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы
III тоқсан
1999ж.
4.
Бірлескен кәсіпорындар құру, алыс және жақын шетелдің іскелері мен іскерлік ынтымақтастық ұйымдастыру үшін аймаққа түсетін қаржылық және инвестициялық жобалар бойынша мәліметтер банкісін жасау
Мәлімметтер банкісі
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы
IV тоқсан
1999ж.
5.
Бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығына байланысты мәселелрді жазып көрсету. Көкейтесті мәселелер бойынша жарияланымдар дайындау, телевизияда «Сұрақ-жауап» хабарын өткізу.
Мақалалар, хабарлар
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, облыс кәсіпкерлерінің қауымдастығы, облыс әкімі жанындағы кәсіпкерлер кеңесі
Тұрақты
6.
Салық салу, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру, облыс мемлекеттік қызметтерінің ақылы қызмет көрсету проблемалары бойынша тақырыптық семинарлар өткізу
График проведения семинаров
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, облыс кәсіпкерлерінің қауымдастығы, облыс әкімі жанындағы кәсіпкерлер кеңесі
Ежеквартально
Бөлім vi
VІ-тарау. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік-құқықтық қорғау
1.
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері арасында облыс әкімі бекіткен «Кәсіпорынға лауазымды адамның келуі және тексеруін есепке алу журналын» тарату жөніндегі жұмысты жалғастыру
Ақпарат
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, Сауда-өнеркәсіп палатасы
Тұрақты
2.
ОШК-і бақылаушы және қадағалаушы органдардың негізсіз тексеруден қорғау мақсатында қойылған телефон бойынша ұйғарымдар мен тексерістерді тіркеуді есепке алу тобының жұмысын ұйымдастыру
Талдау
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, облыс кәсіпкерлерінің қауымдастығы
Тұрақты
3.
Кәсіпкерлермен кері байланысты қамтамасыз ету және шағын бизнес қызметіне араласуды болдырмас үшін «Сенім телефоны» бойынша түсетін ақпаратты талдау жөніндегі жұмысты жалғастыру
Талдау
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы
Тұрақты
4.
Кәсіпкерлердің арыздар мен шағымдарын заңда көзделген мерзімде қарауға тұрақты бақылау жасау
Өтініш берушілерге жауап
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, облыстық құрыламдар
Тұрақты
5.
Кәсіпкерлікті қорғауға бағытталған нормативті-заңдылық актілерінің орындалысына бақылау жасау
Ақпарат
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, облыстық құрыламдар, облыстық прокуратура
Жылына рет
6.
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қол сұғудан қорғау мәселесіне консультациялық көмек көрсету бойынша құқық қорғау органдарының басшыларын қатыстыра отырып телехабарлар, «дөңгелек столдар» өткізу, жарияланымдар жасау.
ТВ хабарлары, баспасөз жарияланымдары
Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасы, ІІББ, прокуратура, салық полициясы
Жарты жылда 1 рет