О подготовке военно-технических специалистов для вооруженных сил Республики Казахстан на новый 1999-2000 учебный год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 1999-2000 оқу жылында әскери-техникалық мамандарды даярлау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-шы бабына сәйкес және «Әскери-техникалық мамандарды даярлауды басқаруды жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 29 тамыздағы № 1199 қаулысы мен «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мамандар даярлау туралы ережені күшіне енгізу туралы» Казақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 1996 жылғы 28 акпандағы № 40 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 1999-2000 оқу жылында облыстың әскери-техникалық мектептерінде даярлануға жататын шақырушылар санатынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 210 адамнан мамандар даярлаудың қоса тіркелген жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар әкімдері облыстық әскери комиссар (Қ. А. Сәтенов):
Тармақша 1
1) Ақтөбе қаласының әскери-техникалық мектептерінде топтарды мезгілінде жинақтауды және әскери-техникалық мамандар даярлау жоспарың орындауды қамтамасыз етсін. Әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлауға іріктелген шақырушыларды міндетті медициналық куәландырудан өткізуді жүргізсін. Әскери-техникалық мектептерге ауруларды, сотталғандарды және кезекті шақыруға жатпайтындарды жіберу оқиғаларын болдырмасын;
Тармақша 2
2) әскери-техникалық мектептерде өндірістен қол үзіп дайындықтан өтетін шақырушылардың оқуы кезеңінде жұмыс орындарын, лауазымды қызметін сақтасын және негізгі жұмыс орынындағы орташа айлық табысын төлесін.
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс Мининстрлігінің әскери-техникалық мектептерінде ғана емес, сонымен бірге меншіктің қандай нысанында екендігіне қарамастан басқа да ұйымдарда, мекемелер мен шаруашылық жүргізуші субъектілерде даярлаған маман-шақырушылар есепке алсын және оларды Қорғаныс Министрлігінің тапсырысына сәйкес алған әскери-техникалык, мамандықтары бойынша ғана әскерге жіберсін.
Тармақ 3
3. Ақтөбе әскери-техникалық мектебінің бастығы (В. В. Исаенко):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 1999-2000 оку жылында әскери-техникалық мамандар даярлау жоспарын толық әрі сапалы орындауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мектептің оқу-материалдық базасын Қарулы Күштер үшін әскери-техникалық мамандар даярлау бағдарламасының талаптарына сәйкестендірсін, әскери-техникалық мектепті практикалық жұмыс тәжірибесі /мол оқытушылармен және өндірістік оқыту шеберлерімен толықтырсын, олармен әдістемелік жұмыс деңгейін арттырсын сондай-ақ жетіспес техникамен, мүлікпен, оку құралдары және әдебиеттермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери-техникалық мектептің курсанттары мен оқу техникасын оқу үрдісіне байланыссыз жұмыстарға тарту және пайдалануға тыйым салсын.
Тармақ 4
4. Әскери құрамалар мен бөлімдердің командирлері, Ақтөбе гарнизонының бастығы әскери оқу орындары мекемелерінің және оқу орындары әскери кафедраларының бастықтары жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және мектептердің оқу-материалдық базаларын жетілдіру, мәселелерінде әскери-техникалық мектебінің тапсырысы бойынша курсанттардан уақытында емтихан қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасы жол полициясының бастығы (Ж. Т. Тасыбаев) Ақтөбе әскери-техникалық мектебінің тапсырысы бойынша курсанттардан уақытында емтихан қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық қоғамдық көлік қызметі басқармасы (Т. Т. Құрманалин ) Ақтөбе әскери-техникалық мамандар даярлау мектебінен өтіп жатқан курсанттардың оқуы кезеңінде қаланың жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүруі туралы мәселесін шешсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. К. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 14
Облыс Әкімінің 1999 жылғы 25 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілді 1999-2000 оку жылында облыстық әскери-техникалық мектептерінде даярлануға жататын санатынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мамаңдар даярлаудың ЖОСПАРЫ № Даярлайтын қалалық жене аудандық әскери комиссариаттар Мамандықтардың аты Кезеңдер бойынша Оқу мерзімі Элек­тро ме­ха­ник жүр­гі­зу­ші­лер «в», «с» ка­те­го­ри­я­лы жүр­гі­зу­ші­лер 1-к. 1.10.1999 бастап 15.01 дейін 2-к. 1.02.2000 бастап 15.05. дейін 1 Ақтөбе қаласының әскери комиссариаты 30 40 35 35 2 Алға аудандық әскери комиссариаты 15 5 10 3 Әйтекеби аудандық әскери комиссариаты 20 10 10 4 Байғанин аудандық әскери комиссариаты 5 2 3 5 Қарғалы аудандық әскери комиссариаты 10 5 5 6 Қобда аудандық әскери комиссариаты 10 5 5 7 Мәртөк аудандық әскери комиссариаты 20 10 10 8 Мұғалжар аудандық әскери комиссариаты 20 10 10 9 Ойыл аудандық әскери комиссариаты 5 2 3 10 Темір аудандық әскери комиссариаты 10 5 5 11 Хромтау аудандық әскери комиссариаты 10 5 5 12 Шалқар аудандық өскери комиссариаты 10 5 N 13 Ырғыз аудандық әскери комиссариаты 5 2 3 Барлығы 30 180 101 109