Об итогах социально-экономического развития области в 1999 году и задачах, стоящих перед областью в 2000 году Қолданыста
Басқа 0
Облыстың 1999 жылғы әлууметтік-экономикалық даму қорытындылары және облыс алдында 2000 жылы тұрған міндеттер туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты Қарағанды облысы әкімшілігінің аппарат басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен.
1999 жылы облыс экономикасының көптеген салаларында бірқатар оң нәтежелерге қол жеткізілді.
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 111% -ке жетті. Өнер кәсіп өнімі өсті. Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс өсімі 7,3%, оңдеуші өндіріс өсімі 19,1% қарады. Өндіріс өсімінің және электр қуатын пайдалудың тқрақтылығына қол жеткізілді. 10,6 млрд.квт сағат электр қуаты өндірілді (1998 жылғы деңгейге 100,4%).
Агроөнеркәсіп кешенінде егін егу компаниясы және егін жинау ұйымдасқан түрде және және тиісті мерзімде жүргізілді. Барлық мал басының өсіуне қол жеткізілді. Алдыңғы жылдың ігініне 743 мың тонна тұқымды мәдениет астығы себілді.
1999 жылы кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсартуға, олардың банкроттық жағдайының алдын алуға, жұмыс орындарының сақталуына және әлеуметтік жағдайды тұрақтандыруға бағытталған экономикалық мониторинг жүргізу жөнінде жұмыстар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, көмір өндіру азайып, химикалық және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіріс көлімі, негізгі салымдар инвестициялары қысқарды. Бюджеттің салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша болжамы 98,6% орындалды, жергілікті бюджеттің толығуы 94,3% құрады.
Саран, Қаражал қалалары мен Ақтоғай ауданы бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы жөнінде белгіленген болжамды көрсеткіштерінің орындалмауына жол беріледі.
Қазақстан Республика Президентінің Республиканың 1999 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және 2000 жылға арналған міндеттер жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде берген тапсырмаларын жұзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыстық басқармалар, комитеттер, департаменттер басшылары, қалалр және аудандар әкімдері Қазақстан Республика Президентінің 2000 жылғы ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде берген тапсырмаларының сөзсіз орындалуы басты міндет деп есептесін:
- әлеуметтік жағдайдайды жақсарту;
- басқару тиімділігін арттыру;
- өндіріс секторын қаржыландыру;
- экономиканың шикізаттық бағдарын өзгерту;
- аймақтық үйлеспеушілікті игеру.
Тармақ 2
2. Облыстың әлеуметтік-экономилық дамуының 2000 жылға арналған басымды міндеттері болып табылсын:
- кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу;
- нақты орындарды кеңейту және халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
- экономиканың нақты секторларын дамыту;
- импорт алмастырушы өнімдер өндірісін кеңейту және сапасын арттыру;
- мәдениет жылы және Ұла Отан соғысындағы Жеңістің 55-жылдығын мерекелеу шегіндегі шаралары орындауҢ
- халықты әлеуметтік қорғау және атаулы көмек жүйесін жетілдіру;
- ұйымдасқан қалмыспен және сабыйлас жемқорлықпен күресті күшейте отырып, қаржылық және материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Еңбек, халықты жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау басқармасы (Ә.Е.Әбілаев), қалалар мен аудандардың әкімдері:
- кедейшілікпен және жұмыссыздық пен күресудуң Аймақтық бағдарламасына бақылау жасауды және жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
- атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастырсын, оны ағымдағы жыл ішінде халықтың мейлінше аз қорғалған бөлігі үшін жүзеге асыру механизмдерін әзірлесін және енгізілсін.
- ағымдағы жылдың І жарты жылдығының соңына дейін еңбекке жарамды мүшелерінің бірде-біреуінің жұмыс істемейтін отбасыларынынң саны туралы мәліметтер базасын қалыптастырылсын;
- таратылған кәсіпорындардың құлдары талаптары бойынша қарыздарын мемлекетке беру мәселелер әзірлесін және 10 сәуірге дейін облыс әкіміне ұсыныс енгізілсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің орынбасары (В.И.Пригодин, Ж.С.Таласпеков, С.Т.Тұңғышбеков), экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы (Е.Қ.Сыздықов), қалалар және аудандар әкімдері:
- өнеркәсіптің орнықты дамуы жөніндегі шаралар жоспарының, облыстық импорт алмастырушы өнімдері бағдарламасының жүзеге асуын;
- облыстық қала құратын кәсіпорындарын іске қосу кестесінің орындалуын;
- қосымша жұмыс орындарын құруды;
- тоқсан сайын жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі облыстың тауар өндірушілер қорының, кәсіпкерлікті қолдау қоғамдық қорының, «Ауыл-село» қорының қызметтерін қортындылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Экономика және кәсіпкерлікті дамыту бас басқармасы (Е.Қ.Сыздықрв) облыстық импорт алмастыру бағдарламасына сәйкес Кеден басқармасымен (Н.Ғ.Жарылғапов) бірселі отырап, облыс кәсіпорындары бөлігінде тауарларды экспорттау және импорттаужөніндегі мәліметтер сонымен қатар, облыс кәсіпорындарымен жасалған ірі импортты-экспортты келісімдер туралы өзара хабар алмасудың бірыңғай жүйесін әзірлесін.
Тармақ 6
6. Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттік (А.Қ.Ақымбеков):
- шығынды кәсіпорындардың төлем қабілеттілігіне, олардың бюджетпен есеп айырысуына жүйелі талдау жасасын және олар бойынаша тиісті шешім қабылдасын.
- 25.03.2000 ж. Дейін конкурстық басқарушылардың қазіргі заңдарды орындау бөлігіндегі жұмыстарына талдау жасасын.
Тармақ 7
7. аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (С.А.Сатубаев):
- бір пталық мерзім ішінде мемлекеттік меншік үлесі бар кәсіпорындарды басқару органдарын қалыптастыру принципін қайта қарастырсын;
- инвесторлардың міндеттері бойынша инвесторлардың келесімдерді орындау нәтежелерін жүйелі талдасын және қажет болған жағдайда міндеттеу шараларын қабылдасын;
- 1.03.2000 ж. Дейін аумақтық органдарға сенім білдіріп бақаруға жасалған контрактілерді және инвесторлардың өз міндеттемелерін орындау бөлігінде ҚР Қаржы министірлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетеін жасалған сатып алу – сату келісім шарттарын тексеру құқығын беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар әзірлесін.
Тармақ 8
8. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
- экономиканың нақты секторын дамыту, инвестициялар тарту және жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шаралар жынтығының әзірленуін қамтамасыз етсін;
- тоқтап тұрғын кәсіпорындарды оңалту мен жандандыру мәселелері бойынша конкурстық басқарушыларға және меншік иелеріне жан-жақты қолдау көрсетсін;
- коммуналдық шаруашалық кәсіпорындарына тиімді меншік иелерін тарту жөніндегі жұмыстарды жалғастырылсын, жылуме, электрмен, сумен қамтамасыз ету жү»йелеріне оңтайландыру жүргізсін, 2000-20001 жылдарғы күзгі-қысқы кезеңге сапалы әзірлік пен оны өткізуді қамтамасыз етсін;
- білім беру, денсаулық сақтаудың ең төменгі мемлекеттік стандарттағы мекемелерінің толық қаржылануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Облыс әкімінің орынбасары (С.Б.Өтешов), облыстық Қазынашылық басқармасы (В.П.Кротова), облыстық қаржы басқармасы, Қарағанды облысы бойынша салық полициясының Бас басқармасы (Р.Тілеухан) тоқсан сайын келісілген кесте бойынша бюджеттік қаржылардың мақсатты пайдалануы мәселелері бойынша бюджеттік ұйымдарға тексеріс жүргізсін, тексеріс қортындысы бойынша тиісті шаралар қабылдасын.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы басқармасы (С.Б.Өтешов), қалалар мен аудандардың әкімдері облыс ікімінің 14.01.99 ж. «Жергілікті бюджеттке түсетін қаржыларды төлеудің кезектелігі туралы» N 02-ө өкімінің орындалуына қатаң бақылау қойсын, ағымдағы жалақанаң мезгілінде төленуін, жұмыс берушілерге аударымдарды, балалары бар отбасыларына жәрдем ақы төлеуді қамтамасыз етсін, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресудің Аймақтық бағдарламасын қаржыландыру мәселесін шешсін.
Тармақ 11
11. Қарағанды облысы бойынша салық комитеті (Қ.Қ.Нүрпейісов), Қарағанды облысы бойынша салық полициясынынң Бас басқармасы (Р.Тілеухан), қалалар мен аудандардың әкімдері:
- республикалық және облыстық бюджеттерге төлемдер түсімі болжамынынң орындалуын қамтамасыз етсін, өндірістік емес төлемдердің салық салынатын базасын ұлғайту жөніндегі жұмысты жандандырсын, бюджеттке түсетін төлемдер, соның ішінде экономиканың нақты секторы бойынша берешектердің мониторингін жүргізсін, оны жою жқніндегі шаралар қабылдасын.
Тармақ 12
12. Облыстық СЭС (С.Т.Сәтеков) Ресей жағанан қаржы түсуіне қарай бірінші сыныпты қауіпті химикалық заттарды (гептил) анықтау жөніндегі арнайы лаборатория ұйымдастырсын.
Тармақ 13
13. Облыс әкімінің орынбасары «Х.Б.Қабжанов», мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (Р.К.Омарбекова), Қарағанды телерадио хабарларын таратушы компания (С.Ж.Байдалин), облыстық радиотеледидар орталығы (В.С.Семенов), облыс әкімінің баспасөз қызметті (С.А.Песнев):
- облыстың елді-мекендерін телерадио таратуларымен қамтамасыз етсін;
- халықтың облыс әкімінің, мемлекеттік және атқару органдарының экономиканың нақты секторын көтеру, жаңа жұмыс орындарын құру. Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен құресу жөніндегі жұмыстарының нақты нәтижелері туралы хабардар болуы жөніндегі жұмыспен жандандырылсын;
- мәдениетті қолдау жылы және Ұлы отан соғысындағы жеңістің 55-жылдығын мерекелеу шегіндегі шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 14
14. Облыстық прокуратура (келісім бойынша) облыстың құқық қоғау органдарының Үйлестіру кеңісінде материалды-қаржылық құралдарды сақтау және түсті маталдарды мен кабелдік өнімдерді ұрлаумен күресу жағдайы туралы мәселені қарастырсын. Осы мәселені талқылауды ескере отырып, облыс әкімінің шешімін қабылдасын.
Тармақ 15
15. Облыстың қалалар мен аудандарының әкімдері, облыстық комитеттер, басқармалар, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары 2000 жылға 20 сәуірге дейін ақпарат таспырсын. Материалдарды жалпылау ұйымдық және кадрлар жұмысы бөліміне жүктелсін.
Тармақ 16
16. осы шешімнің орындалуына бақылау жасау мәселелер мазмұнына байланысты облыс әкімінің орынбасарларына жүктелсін.