О плане мероприятий по профилактике и борьбе со СПИДом и другими болезнями, передающимися половым путем, в Северо-Казахстанской области на 1999-2000 годы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысында 1999-2000 жылдарға жыныс жолымен берілетін СПИД және басқа аурулардың алдын алу және күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 10 қаулысымен Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 казандағы «СПИД ауруының алдын алу туралы» және 1997 жылғы 19 мамырдағы «Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сактау туралы» Заңдарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінін 1998 жылғы 18 мамырдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті іс-шаралары туралы» № 3956 Жарлығын орындау барысында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 1999-2000 жылдарға жыныс жолымен берілетін СПИД және басқа аурулардың алдын алу және күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітсін (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. СПИД-тің алдын алу жөніндегі Үйлестіру кеңесін кұрсын және 1-ші 2-ші қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ережені бекітсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Сутулов Ф.Ф.) СПИД-тін алдын алу және күрестің облыстық жоспарын жүзеге асыруға қаржы қарастырсын, осы мақсаттар үшін СПИД-тің алдын алу және күрес жөніндегі облыстық орталықты қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық басқармалар және ведомстволар басшыларына, Петропавл қаласының және аудан әкімдеріне СПИД-тің алдын алу және күрестің облыстық жоспарын жүзеге асыру жөніндегі кажетті іс-шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің 30.04.1996 ж. Солтүстік Қазақстан облысында 1949-2000 жылдарга СПИД-тің алдын алу және күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» № 97 шешімі күшін жойды деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.П. Никандровқа жүктелсін.
Басқа 7
Облыс әкімінің 1999 жылғы «6»_шілде_ шешіміне № 1 Қосымша СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі облыстық Үйлестіру Кеңесінің ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Никандров Владимир Петрович - облыс әкімінің орынбасары, Үйлестіру Кеңесінің төрағасы
Тармақ 2
2. Воронцоваа Наталья Геннадьевна - департамент бастығы қызметін атқарушы, Кеңес төрағасының орынбасары
Тармақ 3. Кеңес мүшелері
3. Шадевский Петр Францевич - СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі облыстық орталықтың бас дәрігері, Кеңес хатшысы Кеңес мүшелері
Тармақ 4
4. Әлиев Шияп Шәріпұлы - миграция және демография жөніндегі бөлімнің бастығы
Тармақ 5
5. Белоног Анатолий Александрович - облыстық мемқадағалау басқармасының бастығы
Тармақ 6
6. Бондаренко Владимир Иванович - ІІБ бастығының орынбасары
Тармақ 7
7. Гапчич Татьяна Анатаольевна - білім департаменті бастығының орынбасары
Тармақ 8
8. Қабиев Руслан Ескенұлы - облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары
Тармақ 9
9. Лапухин Виктор Прокопьевич - мәдениет департаментінің бастығы
Тармақ 10
10. Мұсырман Кәрібай Иманжанұлы – облыстық телерадиокомпанияның директоры
Тармақ 11
11. Сулейменова Раушан Төлегенқызы - облыстық қаржы басқармасының денсаулық сақтау бөлімінің бастығы
Тармақ 12
12. Шақшақбаев Вадим Шәмілұлы - облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы
Тармақ 13
13. Шнитко Иван Егорович - еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы
Басқа 21
Облыс әкімінің 1999 жылғы «6 » шілде № 129 ШЕШІМІНЕ қосымша СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі облыстық Үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі облыстық Үйлестіру облыс әкімі жанынан оның орынбасарының төрағалығымен құрылады. Жеке құрам әкімнің шешімімен айқындалады. Үйлестіру Кеңесінің негізгі мақсаты мен міндеті 1996-2000 жылдары СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарының атқарылуын ұйымдастару және оның жүзеге асырылуын бақылау, осы мәселе бойынша барлық деңгейдегі атқарушы өкімет органдарының қызметтерін үйлестіру болып табылады. Үйлестіру Кеңесінің жұмысы перспективалық жоспар негізінде құрылады. Эпидемиологиялық жағдайлардың өзгеруін ескере отырып, және нақтылы жағдайға қарай Үйлестіру Кеңесі шұғыл жоспарлар әзірлеуге және оларды жүзеге асыруға құқылы. Кеңес отырысы кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі. Кеңес отырысында мәселелер жұмыс жоспарына және шұғыл жағдайларға сәйкес қаралады. Қараудың нәтижесі бойынша қатысты тұлғалармен орындауға міндетті болып табылатын хаттамалық шешім қабылданады. Олардың жүзеге асу барысы бақылауға қойылады. Эпидемиологиялық асқынулар болған жағдайда Кеңес эпидемиологиялық жағдайды қарайды және қажет болған жағдайда оны шешу жөнінде нақтылы шаралар қабылдайды. Үйлестіру Кеңесі өкіметтің қалалық, аудандық, селолық атқару органдарын, облыстық басқармалар мен ведомстволардың, меншік нысандарына қарамастан шаруашылық жүргізу субъектілерінің СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі жұмыстарға байланысты мәселелерді тыңдауға құқылы. Үйлестіру кеңесінің төрағасы. оның жұмысы жөнінде облыс әкімі алдында есеп береді.
Басқа 22
Облыс әкімінің 1999 жылғы 6 шілде № 129 шешімімен Бекітілді СПИД-тің алдын алу және жыныстық жолдармен берілетін басқа да аурулармен күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облысының 1999-2000 жылдарға арналған ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ № Іс-шаралар Аткарылу мерзімі Атқарушы Күтілетін нәтижелер 1 2 3 4 5 1 СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жөнінде қалалық және аудандық нақтылы жоспарлар әзірлеу 1 жарты-жылдық 1999 жыл Петропавл қаласы және аудан әкімдері СПИД/ИЗВ (ВИЧ) және жыныстық жолдармен берілетін ауруларға (ЖЖБА-БШДі) қарсы нысаналы түрде алдын алу іс-шараларын жүргІзу. 2 «Здоровье» Республикалық орталығымен және Алматы адамдар репродукциясы орталығымен әзірленген «Балалар мен жасөспірімдерді адамгершілікке -жыныстық тәрбиелеу бағдарламасын» мектеп окушыларының, лицейлердің, колледждердің, КТМ-тердің оқыту бағдарламаларына енгізу Оқу жылы кезеңінде Денсаулық сақтау және білім департаменттері, СПИД, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі орталықтар, мемсанэпидқадағалау басқармасы Балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір қалыптастыру. 3 Оқушылар арасында салауатты өмір қалыптастыру және мерез, СПИД ауруларының алдын алу мәселелері жөнінде міндетті арнайы сағаттар бөле отырып, мұғалімдер білімін жетілдіру институтындағы біліктілік көтеру курстарында педагогтар мен білім беру мекемелері басшыларын оқытуды жалғастыру Тұрақты Денсаулық сақтау, білім беру департаменттері, СПИД, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі орталықтар, мемсанэпидқадағалау басқармасы СПИД-тің алдын алу мәселелері бойынша педагогтарды даярлау 4 Жыныстық тәрбие, қауіпсіз тәртіп қалыптастыру, ИЗВ инфекцияларын және жыныстық жолмен берілетін аурулармен, нашақорлықтың зияны туралы мәселелер бойынша телерадио хабарлар циклін ұйымдастыру. Тұрақты Облыстық телерадиокомпания, муниципиалдық телеарна, тұрғындарды ақпараттандыру дәрежесін көтеру, адамгершілік және мәдени құндылықтарды насихаттау. Ақпараттандыру дәрежесін көтеру, тұрғындардың жыныстық жүқпалы ауру түрлерін жұқтыру қаупін төмендету, адамгершілік және мәдени құндылықтарды насихаттау 5 Кинотеатрларда, клубтарда, видео салондарда ВИЧ инфекцияларының және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу, түрлі әлеуметтік және түрлі жастағы тұрғындар тобы үшін арналған алдын алу құралдары мен әдістемелерін насихаттайтын видеофильмдер мен кинофильмдер көрсету Тұрақты Облыстық телерадиокомпания, муниципиалдық телеарна, денсаулық сақтау және мәдениет департаменттері, мемсанэпидқадағалау басқармасы. Тұрғындарды ақпараттандыру деңгейін көтеру, адамгершілік және мәдени құндылықтарды насихаттау. 6 СПИД және ЖЖБА мәселелері жөнінде медицина қызметкерлері педогогтар, әділет қызметкерлері меп басқа да мамандарды тура эфирге шығару Тоқсан сайын Облыстық телерадиокомпания, муниципиалдық телеарна, денсаулық сақтау және мәдениет департаменттері, мемсанэпидқадағалау басқармасы. Тұрғындарды ақпараттандыру деңгейін көтеру, адамгершілік және мәдени құндылықтарды насихаттау. 7. Адамгершілікке және жыныстық тәрбиелеу мәселелрі бойыша әр топтағы тұрғындар, оқушылар, студенттер, жастар және басқалар арасында лекциялар циклін өткізу Тұрақты Акпараттандыру дәрежесін көтеру, тұрғындардың жыныстық жұқпалы аурулар түрлерін жұқтыру қаупін төмендету. Адамгершілік және мәдени құндылықтарды насихаттау Халықтың ақпараттану деңгейін көтеру, тұрғындардың жыныстық жұқпалы аурулар түрлерін жұқтыру қаупін төмендету. Адамгершілік және мәдени құндылықтарды насихаттау 8. Газет беттеріне әлсін-әлі СПИД-тің алдын алу және онымен күрес мәселелеріне арналған ағартушылық және оқытуға бағытталған материалдар жариялау Айына 1 рет «Солтүстік Қазақстан», «Северный Казахстан» газеттерінің редакциясы, денсаулық сақтау департаменті, мемсанэпидқадағалау басқармасы Халықтың ақпараттандыру деңгейін көтеру, адамгершілік және мәдени құндылықтарды насихаттау 9. Тұрғындар арасында адамгершілікке және жыныстық тәрбиелеу мәселелері жөнінде танымал ақпараттық материалдар-брошюралар, буклеттер, парақшалар ж.б. тарату Тұрақты Халықтың ақпараттану деңгейін көтеру, тұрғындардың жыныстық жұқпалы ауру түрлерін жұқтыру қаупін төмендету. Адамгершілік және мәдени құндылықтарды насихаттау Халықтың ақпараттану деңгейін көтеру. 10. Халыққа жыныстық тәрбие беру, олардың СПИД/ИЗВ-н және ЖЖБА(БППП) жұқтырудың және оны таратудың алдын алу жөніндегі білімдерін, жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін бағалау мақсаттарыда анкеталау және ілгеріде оларды бұқаралық ақпарат құралдарында бере отырып,тұрғыдардың түрлі топтары арасында сұраулар жүргізу және сұхбаттар алү Жыл сайын Денсаулық сақтау, білім беру департаменттері, СПИД, салауатты өмір қалыптастыру жөніндегі орталықтар. Тұрғындардың түрлі топтарының білім деңгейін арттыру, жүргізіліп жатқан жұмыстарға түзетулер енгізу. 11. Шет елдерге шығатын туристермен міндетті түрде СПИД-тің алдын алу проблемалары бойынша нұсқаулық өткізу, оларды жадынамалармен, листовкалармен, буклеттермен қамтамасыз ету. Тұрақты Туризм және спорт басқармасы СПИД және жыныстык жолмен берілетін басқа да ауруларды әкелу қаупін төмендету. 12. Жастар ұжымы арасында СПИД-тің алдын алу жөнінде бұқаралық шаралар (думан-кештер,ОТК(КВН), виктринналар, диспуттар, треннигтер, аукциондар, конкурстар мен театрландырылған койылымдар) өткізу 1999-2000 жылдары, мерзім сайын Білім департаменті, СПИД және салауатты тұрмыс қальштастыру орталықтары Жастардың білімдерін арттыру, проблемаға назар аудару, тұрмыс салтын өзгерту. 13. СПИД-тің алдын алу жөнінде тұрғындар арасында гигиеналық оқыту топтарымен дайындықтар жүргізу. Тұрақты Мемсанэпидқадағалау басқармасы, СПИД орталығы Тұрғындарға белгілі бір түсініктер беру және 1 ауруға шалдығу қаупін 14. АХАТ үйлерінде некеге тұруға келгендер үшін ұйымдастырылатын лекцияларда СПИД/ИЗВ және ЖЖБА алдын алу жөнінде жүйелі түрдегі сабақтар өткізілуін қамтамасыз ету, Түрақты Дснасаулық еақтау департаменті, СПИД орталығы, АХАТ бөлімшелері Халыққа белгілі бір түсініктер беру және ауруға шалдығу қаупін төмендету 15. Жыл сайын СИИД/ВИЧ және БППП мәселелері бойынша арнайы бағдарламамен медицина қызметкерлерімен кәсіптік даярлықтар өткізу Тұрақты Денсаулық сақтау департамненті Медицина қызметкерлерінің кәсіптік білімдерін арттыру. 16. Түрлі санаттағы тұлғалар арасында СПИД-тің алдын алу проблемалары бойыша санитарлық-ағарту, тәрбиелеу, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу. Тұрақты СПИД және салауатты тұрмыс қалыптастыру мәселелері жөніндегі орталықтар Белгілі бір топтардың ақпараттық түсініктерін арттыру 17. Жыл сайын, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұранына сәйкес 1 желотқсанда Дүниежүзілік СПИД пен күрес күнін өткізуді қамтамасыз ету. Тұрақты Денсаулық сақтау, білім департаменттері, облтелерадиокомпания, муниципиалдық телеарна, СПИД орталығы. Халықтың назарын СПИД-пен күрес проблемасына аудару. 18. Олыстық СПИД орталығына ұзақтығы 3 ай және одан жоғары мерзімдік шет елдік сапарлардан оралған Қазақстан Республикасы азаматтарының, медициналық куәлендіру сертификаттарынсыз 3 ай және одан жоғары мерзімге келген шет ел азаматтарын, азаматтығы жоқ азаматтардың ВИЧ-ке тексеру(зерттеу) лабораториясына тізімдерін беру және белгленген тәртіпте олардың аталмыш орындарға келулерін қамтамасыз ету Тұрақты ІІБ, миграция және демография жөніндегі бөлім. СПИД/ИЗВ-н егізудің алдын алу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау, 19. Шет ел азаматтарын СПИД/ИЗВ зертеудің нөтижесі, оның жоқтығын куәлендіретін сертификаттары болған жағдайларда ғана тіркеу және тіркеуге қою Тұрақты ІІБ, миграция және демография жөніндегі бөлім СПИ/ИЗВ енгізудің алдын алу. 20. Шет ел студенттері мен оқушыларын еспке алу және олардың ВИЧ-инфекциясының жоқтығы жөнінде куәлендіруден өткізді қамтамасыз ету. Тұрақты ІІБ, миграция және демография жөніндегі бөлім, білім департаменті, СПИД орталғы. СПИ/ИЗВ енгізудің алдын алу. 21 СПИД пен мерез ауруларын таратуда жоғары қауіптілік топтарға жататындарды мәжбүрлі түрде зерттеуге әкелуде денсулық сақтау оргадарына жердемдесу_ Тұракта ІІБ ИЗВ инфекциясын тарату қаупін төмендету 22. Зинақорларды, нашақорларды, ойнасқорлар үйін ұстаушыларды, жыныстық қылмыс жасағандарды, жыныстық қылмыстан зардап шеккендерді айқындау, ілгеріде оларды есепке қою жөнінде белсеңді жұмыстар жүргізу. Тұрақты ІІБ, денсаулық сақтау департаменті, СПИД орталғы «Қауіпті» топтарды айқындау, олардың ауруларын бақылауға қою 23. Есепте тұрғандарды, есіртікілік заттарды медициналық мақсаттан тыс пайдаланғандарды және есірткіні тамырға ету арқылы пайдаланғандарды жылына 1 рет СПИД және мерез ауруларына қарса медициналық тексерулерден өткізу._ Тұрақты ІІБ, денсулық сақтау департаменті, СПИД орталығы ИЗВ инфекциясын жұқтырғандарды және СПИД пен аурғандарды анықтау мүмкіндігін арттыру. 24 ҚР Білім және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитетімен бекітілген 31.12.1998 ж. № 635 «Иммундық зәрулік вирусын (ВИЧ-ИЗВ) жұқтырған адамдарды анықтау жөніндегі медициналық куәлендіруден өткізуді қамтамасыз ету. Тұрақты ІІБ, денсулық сақтау департаменті ИЗВ инфекциясын тарату қаупі жоғарыларға қадағалауды күшейту. 25. Нашақорлықпен, таксикомандықпен ауыратын сырқаттарды есепке алу және есірткілік және де басқа естен таңдыратын заттарды оқтын-оқтын медициналық мақсаттан тыс пайдаланатындарға алдын алу ретінде бақылау қою. Тұрақты ІІБ, денсаулық сақтау департаменті. СПИД-ті жұқтырушылардың және оны таратушылардың негізгі топтары ретінде есірткі пайдаланатындарды нақтылы есепке алу, оларға лабораториялық бақылау жасауды жүзеге асыру. 26. Ықтиярлы емделуден бас тартатын алкоголизммен, нашақорлықпен, таксикомандықпен ауратындарды мәжбүрлі түрде, дер уақытында арнайы емдеу-алдын алу мекемелеріне жіберуді қамтамасыз ету. Тұрақты ІІБ, денсаулық сақтау департаметі ИЗВ жұқтырғандарды ертерек айқындау. 27. Бұқаралық жастар шараларын өткізу барысында нашақорлық заттарды пайдаланушыларды айқындау мақсаттарында рейдтер жүргізу. Тұрақты ІІБ Нашақорлықпен ауратындарды ертерек айқындау. 28. Петропавл қаласында наша ататын оқушылар мен оқу орындарының студенттері үшін құпия консультативтік пункттер ұйымдастыру. Тұрақты Денсаулық сақтау департаменті, СПИД және салауатты тұрмыс қалыптастыру проблемалары жөніндегі орталықтар. Нашақорлықпен ауратындарды ертерек айқындау 29. Тәртіптері тұрлаусыздардың есірткімен және де басқа естен тандыратын заттарды медициалық мақсаттан тыс пайдалану себептерін, нысандарын және тәсілдерін зерттеу. Тұрақты Денсаулық сақтау депаратаменті, СПИД және салауатты тұрмыс қалыптастыру проблемалар жөніндегі орталықтар. Оларды болдырмау мақсаттарында есірткі пайдаланудың себеп-салдарларын анықтау 30. ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің 31.1.98ж Денсаулық сақтау комитетімен бекітілген № 635 Медициналық куәлендіру ережесіне сәйкес тұрғындарға ИЗВ-инфекциясы жөнінде эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету. Тұрақты Облыстық денсаулық сақтау департаменті, СПИД орталығы. ИЗВ инфекциясын, СПИД-ті жұтырғандарды айқындау мүмкіндігін арттыру. 31. ИЗВ-инфекциясын жұқтырғадарды, СПИД пен ауратындарды, СПИД текті аурулармен, индикаторлық инфекциялармен ауратындарды диагностикалау, диспансерлік бақылау және емдеу мәселлелері бойынша емдеу-алдын алу мекемелеріндегі ұйымдастыру-әдістемелік консультацияларды қамтамасыз ету. Тұрақты СПИД орталығы СПИД пен ауратындарды дер уақытында аныктау және білікті емдеу. 32. ИЗВ инфекциясына қатысты донорлық қан, оның препараттарына, басқа да биологиялық материалдарға 100 пайыздық лабораториялық бақылаулар жүргізу Тұрақты Облыстық қан орталығы, СПИД орталығы, денсаулық сақтау департаментеті Рецепиенттерді жұқтырулардан сақтандыру. 33 Емдеу- алдын алу мекемелерін қажетті мөлшерде дизенфекциялау-стирилдеу жабдықтарымен, дизенфекциялық заттармен, жеке гигиена, алдын алу заттарымен, бір жолға медициналық құрал-аспаптармен. Қажеттілігіне қарай Облыстық денсаулық сақтау департаменті Денсаулық сақтау мекемелерінде ИЗВ инфекцияларын жұқтырудың алдын алу. 34. Косметикалық салондар мен шаштараздарды стирилденген жабдықтармен жарақтандыруға, сондай-ақ оларда пайдаланылатын құрал-саймандардың дизенфекциялық және стирилдік режимде сақталатындықтарына бақылау жасау. Тұрақты Мемсанэпидқадағалау Тұрғындардың инфекция жұқтыру қаупін азайту. 35. Аурудың таралу жағдайына эпидемиологиялық талдау жасау және СПИД-тің алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін бағалау. Тұрақты СПИД орталытары СПИД-тің алдын алу жөніндегі іс-шараларды орындау тиімділігін арттыру. 36. СПИД/ИЗВ инфекциясының белгілі болған жаңа ошақтарында эпидемиологиялық зерттеулер мен эпидемологияға қарсы іс-шаралар жүргізу. Тұрақты СПИД орталығы, мемэпидқадағалау басқармасы. СПИД/ИЗВ инфекциясының одан әрі таралуын болдырмау және тоқтату. 37. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың клиникалық-эпидемиологиялық мониторингін есепке алу жүйесін әзірлеу. 1999 жыл III тоқсан Білім департаменті, СПИД орталығы Инфекциялық аурулар жұқтыруды азайту. 38. «ИЗВ-болжау» АБЖ(АСУ) қысқа мерзімдік болжау жүйесін әзірлеу және практикаға енгізу. 1999 жыл Облыстық денсаулық сақтау департаменті, СПИД орталығы. СПИД/ИЗВ инфекциясын дер уақытында болжау. 39 Жыныстық, жолмен берілетін аурулардың алдын алу пункттерін ұйымдастыру(ақылы түрдегі жасырын зерттелу). 1999 жылдың I тоқсаны Денсаулық сақтау департаменті. Жыныстық жолмен берілетін ауруларды ертерек айқындау және олардың алдын алу. 40. Аурухана ішінде болатын, анадан нәрестеге берілетін ИЗВ жұқтырудын алдын алу шараларын жүргізу. Тұрақты Денсаулык сақтау департаменті. Жұқтыру қаупі жоғары әйелдерді анықтау. 41. СПИД орталықтары мен облыс орталығының басқа да емдеу-алдан алу мекемелерінде ИЗВ жұқтырғандарға емханалық, консультативтік және стационарлық көмектер көрсету. Тұрақты денсаулық сақтау департаменті,СПИД орталығы СПИД/ИЗВ ауруларымен ауратындарды азайту. 42. ИЗВ-инфекциясын жұқтырғандарға және СПИД-пен ауратындарға мамандандырылған медициналық көмектің барлық түрлерін көрсету үшін емдеу-алды алу мекемемелерінің тізбесін айқындау. 1999 жылдың III тоқсаны Денсулық сақтау департаменті СПИД пен ауратыдарға білікті медициналық көмек көрсетілу мүмкіндігін арттыру. 43. ИЗВ-инфекциясын жұқтырғандарға және СПИД пен ауратындарға психо-әлеуметтік консультациялар жүргізу. Тұрақты СПИД орталығы СПИД/ИЗВ ауратындарға, инфекция жұқтырғандарға психологиялық қолдау көрсету. 44. Әскери қызметкерлер, ішкі істер органдары қызметкерлері, сондай-ақ түзету-еңбек мекемелері ішіндегілердің арасында ИЗВ таралуынын алдын алу жөнінде алдын-алу шараларын жүзеге асыру. Тұрақты Обвоекомат, ІІБ, СПИД орталығы. Инфекция таралуының алдын алу. 45. Жаңа әдістемелерді ендіре отырып, ИЗВ инфекциясын лабораториялық диагностикалауды жетілдіру Тұрақты СПИД орталығы ИЗВ инфекциясын жұқтырғандарды дер уақытында айққындау 46. Қажет болған жағдайларда, ИЗВ инфекциясын жұқтырғандарға және СПИД пен ауратындарға емделу орнына және кейін қайтуларына байланысты көшіп-қонулардың шығындырын өтеуді қамтамасыз ету. Тұрақты Денсаулық сақтау департаменті ИЗВ инфекциясын жұқтырғандардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. 47. ИЗВ инфекцнясын жұқтырғандарға және СПИД пен ауыратындарға суықтыру жөнінде көмектер көрсету. Тұрақты Денсаулық сақтау департаменті, СПИД орталығы ИЗВ инфекциясын жұқтырғандардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. 48. Жастары 16-ға дейінгі ИЗВ инфекциясын жұқтырғандарға және СПИД пен ауратындарды күту үшін демалысқа шыққан ата-аналардың бірінің үздіксіз еңбек өтілдерінің сақтау тәртібінің сақталуын бақылау. Тұрақты Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті, СПИД орталығы ИЗВ инфекциясын жұқтырғандардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. 49. ИЗВ инфекциясын жұқтырғандарды мектетерде және басқа оқу орындарында тегін оқытуды қамтамасыз ету. Олардың мектепке дейінгі балалар мекемелерінде болуларына мүмкіндіктер туғызу. Тұрақты Білім департаменті ИЗВ инфекциясын жұқтырғандардың әлеуметтік қоргалуын қамтамасыз ету. 50. ИЗВ инфекциясын жұқтырғандарға және СПИД пен ауратындарға дәрігерлік- еңбек сараптама комиссияларында еңбек мүмкіндіктерін жоғалтулары жөнінде сараптама жүргізу. Тұрақты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті, СПИД орталығы. ИЗВ инфекциясын жұқтырғандардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. 51. Медицина қызметкерлерінің кінәсінен аталмыш ауруларды жұқтырғандарға бір мезгілдік жәрдемақы төлеу. Тұрақты Денсаулық сақтау департаменті ИЗВ-инфекциясын жұқтырғандардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. 52. Жұмыстары қанмен байланысты емдеу-алдын алу мекемелерінің қызметкерлерін жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету. Тұрақты Денсаулық сақтау департаменті ИЗВ инфекциясын жұқтырғандардың әлеуметтік қорғалуын.медицина қызметкерлерін кәсіптік аурулар жұқтырудан қорғауды қамтамасыз ету. 53. ИЗВ ифекциясын жұқтырғандармен жұмыс істеу барысында жарақат алған медицина қызметкерлеріне жарақаттан кейінгі алдын алу және көмектік дәрі-дәрмектер пепараты банкін үстау. Тұрақты Денсаулық сақтау департаменті ИЗВ инфекциясын жұқтырғандардың әлеуметтік қорғалуын.медицина қызметкерлерін кәсіптік аурулар жұқтырудан қорғауды қамтамасыз ету.