Об утверждении программы по профилактике и борьбе с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц на период 1999-2003 годы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999-2003 жылдар кезеңіне арналған ауылшаруашылық малдары мен құстардың туберкулезі және бруцеллезінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан облыста ауылшаруашылық малдарының туберкулезі мен бруцеллезі жөніндегі эпизоотиялық жағдай қиын жағдайда қалып отыр. Көрсетілген аурулар мал шаруашылығына көптеген экономикалық зиян келтіреді және тұрғындар үшін әлеуметтік қауіптілік тудырады. Қолайсыздықтың сақталуы және малдың туберкулезбен және бруцеллезбен қатты зақымдануы алдын алу және сауықтыру шаралары кешенінің толык жүргізілмеуінің нәтижесі болып табылады. "1999-2003 жылдар кезеңіне арналған ауылшаруашылық малдары мен құстардың туберкулезі және бруцеллезінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 наурыздағы 215 Қаулысын орындауда және ауылшаруашылық малдарының бруцеллезі мен туберкулезінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі шаралар туралы қолданылып жүрген нұсқауды толықгырудағы "Ветеринария туралы" Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығьіна сәйкес, ауылшаруашылық малдары мен құстардың бруцеллезі мен туберкулезінің алдын алуға және оларды жоюға бағытталған кешенді сауықтыру шараларын уақытында ұйымдастыру және жыл сайын өткізіп тұру мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. 1999-2003 жылдар кезеңіне арналған ауылшаруашылық малдары мен құстардың туберкулезі мен бруцеллезінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі ұсынылып отырған бағдарлама бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімінің жанынан ауылшаруашылық малдары мен құстардың туберкулезі мен бруцеллезінің алдын алу және олармен күресу жөнінде үйлестіру кеңесі құрылсын.
Тармақ 3
3. Мыналар бекітілсін: - 1 қосымшаға сәйкес Қостанай облысы әкімінің жанындағы ауылшаруашылық малдары мен құстардың туберкулезі мен бруцеллезінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже; - 2 қосымшаға сәйкес Қостанай облысы әкімінің жанындағы ауылшаруашылық малдары мен құстардың туберкулезі мен бруцеллезінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы; - 3 қосымшаға сәйкес 1999-2003 жылдарға арналған меншіктің барлық нысанындағы ауылшарқұрылымдарының ірі қара малын туберкулезден және бруцеллезден сауықтыру жоспары.
Тармақ 4
4. Аудандар және калалар әкімдері ауылшаруашылық малдары мен құстардың туберкулезі мен бруцеллезінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі аудандық және қалалық үйлестіру кеңестерін құрсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің және ауылшаруашылық малдары мен құстардың туберкулезі мен бруцеллезінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі бағдарламаның орындалуына бақылау жасау ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаментіне (Қ.С. Бисетаев) және облыстық ветеринариялық қадағалау басқармасына (Р.М. Жұмақұлов) жүктелсін.
Басқа 6
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 16 сәуірдегі 102 шешімімен бекітілді 1999-2003 жылдар кезеңіне арналған ауылшаруашылық малдары мен құстардың туберкулезі және бруцеллезінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі БАҒДАРЛАМА
Тарау 1. 1. Негіздеу
1. Негіздеу Облыс шаруашылықтарында бруцеллезге және туберкулезге қарсы шаралар жүйесін әзірлеу, үнемі жетілдіру ,енгізу және жүзеге асыру (1936-1998 жылдарға арналған Қостанай облысының шаруашылықтарында малдарды туберкулезден және бруцеллезден сауықтыру мен олардың алдын алу жөніндегі ұсыныстар көптеген аудандар мен шаруашылықтарда бұл ауруларды оқшаулауға және жоюға, эпизоотиялық жағдайды біршама жақсартуға мүмкіндік туғызды. Дегенмен де, мал шаруашылығын көрсетілген инфекциялдардан сауықтыру принциптерінің жалпылығына қарамастан, сондай-ақ реформалау процессінде меншік иесінің әртүрлі нысандарын құру, инфекцияларды түбегейлі жоюдың радикалдық тәсілдерінің көптеген аспектілерінің бірқатар ерекшеліктері бар Солтүстік Қазақстан аймағында қисынды аяқталуға дейін жеткізілмейді, сауықтыру созылып кетті және әрине, көздеген мақсатына жетпей жатыр. Осыған байланысты ауылшаруашылық малдары мен құстардың туберкулезі мен бруцеллезінің алдын алу және олармен күресудің ғылыми негіздерін ескере отырып әзірленген бағдарламалар 1999-2003 жылдар кезеңінде оларды түбегейлі жоюдың негізі болып қызмет ететін болады.
Тарау 2. 2. Мақсаты мен міндеттері
2. Мақсаты мен міндеттері Меншіктің әртүрлі нысанындағы ауылшарқұрылымдарында ірі қара малының туберкулезі мен бруцеллезі жөніндегі эпизоотиялық жағдай тәуелділігіне қарай қолайлы және тәуелсіз категорияларға бөлінген. Әрбір ауылшарқұрылымының нақгы жағдайын, мүмкіндігін және аймақтық ерекшелігін және мамандандырылғанын ескере отырып тиісті категориялар үшін жеке сауықтыру мақсаттарын қолдану, олардың ішінде: • туберкулезге және бруцеллезге шалдыкқан малдарды аныктау және союға тапсыру; • өнім беретін аналық малдың басын сақтау,өнім және бұзау алу; • сүт онімдері мен тартылған сүтті ауру жуқпайтын етудің сенімді тәсілдерін қолдану (шаруашылық немесе сүт онімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарында сүтті өнеркәсіптік жолмен ұқсату); • өсімтал қашар малының басын өсіру және олардың мал басын сақтау; • әрбір ауылшарқұрылымына қолайлы, қолайсыз мал басын айырбастаудың тиімді технологиялық тәсілдері мен ұйымдастыру түрлерін әзірлеу; • арнайы ветеринарлық-санитарлық шаралардың қажетті кешенін жузеге асыру. Эпизоотология мәселелерін қосқанда, туберкулезбен және бруцеллезбен күресу жөніндегі кешенді шаралар жүйесін, диагностиканың қазіргі заманғы әдістерін және жабдықтарын жетілдірумен қатар ветеринарлық және зерттеу базасын нығайтуға комек көрсету, оларды қажетті қазіргі заманғы лабороториялық жабдықтармен, реактивтермен, диагностикумдармен, биопрепараттармен, тиімді дезинфекция жасайтын құралдармен қамтамасыз ету. Осы кезек күттірмейтін мәселелерді шешу ұсынылатын жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады:
Тарау 3. 3. Меншіктің барлық нысанындағы ауылшарқұрылымдарында жүргізілетін ұйымдастыру-шаруашылық шаралары
3. Меншіктің барлық нысанындағы ауылшарқұрылымдарында жүргізілетін ұйымдастыру-шаруашылық шаралары Рет Шаралардың аталуы Орындалу мерзімі Орындауға жауап беретіндер 1 2 3 4 1. Малды қолда ұстайтын кезеңге және жайылымда болатын кезенде мал азығының базасын дайындау. Ауылшарқұрылымдарында малдың қоңдылығын қалыпты физиологиялық дамыту және арттыру үшін қажетті дақылдар себу жүргізу тұрақты Ауылшарбасқармасы меншіктің барлық нысанындағы ауылшарқұрылымдарының басшыларымен және мамандармен бірлесе отырып 2. Малды тұратын жерлермен қамтамасыз ету және оларда зоогигиена нормалары жөнінде микроклимат жасау: жылыту, желдеткіш орнату, тамбурлар салу т.б. жыл сайын Ауылшарбасқармасы меншіктің барлық нысанындағы ауылшарқұрылымдарының басшыларымен және мамандармен бірлесе отырып 3. Фермаларда зақымдайтын ауру әкелуден малды қорғауды қамтамасыз ету, ол үшін мыналарды салу қарастырылсын: -машиналар мен адамдар үшін дезбарьерлер орнатып, фермаларды қоршау; -жұмыс киімі үшін жеке пайдаланатын шкафтар орнатып, малды күтетін адамдарға арналған санитарлық өткізгіштер немесе бөлмелер; -фермадағы жалпы мал басының 10 пайыздан кем емес есепте оқшаулауыштар; -сүт пен тартылған сүтті зарарсыздандыру пункттерін; -көң қоймаларын; тұрақты Ауылшарбасқармасы меншіктің барлық нысанындағы ауылшарқұрылымдарының басшыларымен және мамандармен бірлесе отырып -ветеринарлық емдеу орындары мен пункттерін немесе емдеу-санитарлық пункттерін; - мал молаларын, өлген малды жағатын пештер, малдың шуын және т.б. жинайтын жәшіктер жыл сайын 4. Санитарлық және арнайы ветеринарлық шараларды жүргізу үшін жоғарыда көрсетілген объектілерді салу және жабдықтау үшін шығындарды анықтау жыл сайын 5. Малдар мен құстарды сақтандыру үшін қаралған келісім-шартымен жергілікті бюджет қаржысы және ауылшаруашылық сақтандыру органдары қаржысы есебіне туберкулезбен және бруцеллезбен ауырған малдар мен құстарды иеліктен шығару үшін өтемақы қарастыру жыл сайын Аудандар, селолық округтер өкімдері. Сақтандыру органдарының басшылары 6. Республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттардың колемін тиімді пайдалану, сондай-ақ 4 қосымшаға сәйкес бағдарламалық және баламалық диагностикалық тестер мен дезинфекциялық шаралар жүргізуді қамтамасыз ету үшін мал иелерінің қаржысын тарту жыл сайын Облветқадағалау басқармасы, аудандар, селокруг әкімдері, ауылшаркұрылымдарының басшылары 7. Фермалар аумағынан көнді күнделікті тасып шығару үшін қажетті техникамен қамтамасыз етуге есептеулер жасау жыл сайын 8. Дератизация, уытсыздандыру жүргізу үшін уытсыздандыратын құралдармен, медикаменттермен, жабдықтармен қамтамасыз ету жыл сайын Ауылшарқұрылымдарының басшылары, селокругтердің мемветинспекторлары, учаскелік ветдәрігерлер Барлық малшыларды арнайы киіммен және жеке басының тазалығы заттарымен қамтамасыз ету 9. Жекедегі малдың міндетті есебін ала отырып белгіленген нормаларға сәйкес шаруашылықтарда ветмаман кадрлармен толықтыру жүргізу жыл сайын Ауылшарқұрылымдарының басшылары, селокругтердің мемветинспекторлары, учаскелік ветдәрігерлер 10. Сиырлар табынын бруцеллез бен туберкулезге шалдыққан малдарды тез арада айырбастау есебімен табынды көбейту үшін қашарларды жеке оқшауланған фермада өсіруді ұйымдастыру. Малдың тиісті зоотехникалық есебін ретке келтіру тұракты Ауылшарқұрылымдарының басшылары, селокругтердің мемветинспекторлары, учаскелік ветдәрігерлер 11. Ауылшаруашылық малдарын, оның ішінде қашарларды барлық жерде қолдан ұрықтандыруға көшіру, осы мақсатта қолдан ұрықтандыру пункттерін салу және жабдықтау тұракты Ауылшарқұрылымдарының басшылары, селокругтердің мемветинспекторлары, учаскелік ветдәрігерлер 12. Малдың жасына қарай олардың бруцеллез бен туберкулезге эпизоотиялық жағдайын ескере отырып тұрақты табындарын жасау. Малды қайта топтап бөлуді топтардың эпизоотиялық жағдайына қарай тек қана жастары біркелкілерінің арасында жүргізуте жол беру тұракты Ауылшарқұрылымдарының басшылары, селокругтердің мемветинспекторлары, учаскелік ветдәрігерлер 13. Бруцеллезбен және туберкулезбен ауырған малдарды ұзақ ұстауға тыйым салу, шаруашылықтардың көрсетілген инфекция бойынша сау және ауру малдарының араласуына жол бермеу. Жайылымдық және мал су ішетін жерлердің санитарлық жағдайына ветқадағалауды жүзеге асыру 14. Тұрғындардан сатып алынатын қашарларды бір ай карантинде ұстағаннан, қажетті зерттеулер жүргізгеннен кейін бір жастағы табынды жинақтау және көбейту ушін пайдалану. Тайыншаларды карантин өткеннен кейін союға тапсыру үшін бордақылауға қою тұракты Ауылшарбасқармалары меншіктің барлық түріндегі ауылшарқұрылымдарының басшыларымен және мамандарымен бірлесе отырып 15. Әрбір мал фермасында бұзаулар үшін профилакторийлар мен мал төлдейтін орындардың нақты жұмыс істеуін ұйымдастыру тұракты Ауылшарбасқармалары меншіктің барлық түріндегі ауылшарқұрылымдарының басшыларымен және мамандарымен бірлесе отырып Фермаларда жүргізілетін ветеринарлық-санитариялық шаралар 1. Меншіктің барлық түріндегі ауылшарқұрылымдары мал фермаларының ветеринарлық паспортталуын жүргізу, анықталған ветеринарлық-санитариялық ережелерді бұзғандарды қалпына келтіру жәнінде тиісті нұсқау беру жыл сайын Ауданның бас мал дәрігері, село округтерінің мемветинспекторлары 2. Тұрақты жұмыс істейтіндер қатарына енетін фермаларға шаруашылық қызметкерлерінің, сондай-ақ делегация болып және экскурсияға баруы селокруг басшысының және мемветинспекторының немесе ветучаске меңгерушісінің ерекше рұқсатымен ауданның бас мал дәрігерінің немесе облыстың мемветинспекторының келісімі бойынша жол беріледі. Баруды рұқсат бойынша жүргізу тұракты Ауылшаркұрылымдарының басшылары, ауданның бас мал дәрігері, селокругтің мемветинспекторы, ветучаске меңгерушісі 3. Мал тұратын жерлерде және ферма аумақтарында жыл бойы санитариялық тәртіпті ұстап тұру, ол үшін мыналарды қарастыру: а) барлық фермаларда қатаң күн тәртібін белгілеу, ветсанөткізгіштер, ферма жұмыскерлерінің арнайы киімдерін уытсыздандыру жұмысын қалыпқа келтіру; б) көңді мал бармайтын, фермадан 2-3 шақырым қашықтықта бөлек орналасқан көң сақтауға бөлінген учаскеге тасуды қамтамасыз ету; в) ферма қоршауларын, фермаға келетін, мал базасына кіретін және одан шығатын жерлердегі дезбарьерлерді жақсы жағдайда ұстау. Дезбарьерлерді дезерітінділерімен жазда 3 рет күнде ылғалдандыру; г) жылытуға, желдеткішін жақсартуға, механизмдерін айырбастауға, санитариялық жөндеу жүргізуге жататын мал базаларының санын анықтау; д) мал тұратын жерлер мен ферма аумақтарын кейін уытсыздандыру үшін көңнен, садырадан тазарту, сондай-ақ басқа санитариялық және шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін бригадалар құру. Малды қыс жағдайында ұстау үшін мал тұратын орындар малдан жаз бойы бос болуы керек; е) қыста және жазда мал тұратын орындарда, сондай- ақ мал байланатын және сиыр сауатын жерлерде кемінде, сол күні ферма ішінде азық таситын және көң шығаратын көлікті уытсыздандыру жүргізу. Мамандандырылған фермаға бұзау таситын автомашинаны бұзауды түсіргеннен кейін әр жолы жуып отыру және уытсыздандыру. Мал тұратын жерді, мал азығының қорабын, инвентарды, терезені мұқият тазарту, жуу, ақтау және уытсыздандыру. Мал тұратын жерлерді уытсыздандыру үшін (әсіресе мал төлдейтін жерлер мен профилакторийлерді) тұрақты уытсыздандырғышқондырғылармен жабдықтау; ж) ұсак инвентар мен көң шығаратың желіні, ал мал төлдейтін жерлердегі қосымша жәшіктер мен малдың шуын салатын ыдыстарды уытсыздандыру үшін барлық мал базаларында уытсыздандырған ерітінді құйылған ыдыстар орнату. Малдың шуын уытсыздандырғыш ерітінді құйылған темір жәшіктерде ұстап тұру, жұмыс күнінің аяғында өлексе жағатын пештерде жағу немесе мал молаларында көму ай сайын меншіктің барлық түріндегі, ауылшарқүрылымдарының басшылары мен мамандары 4. Бруцеллез немесе туберкулез сиырлардан алынған бұзауларды бұзау тұратын жерлерден алу, кейін етке тапсыру үшін оларды бордақыга қою тұрақты Меншіктің барлық түріндегі ауылшарқұрылымдарының мамандары, мемветқызмет 5. Малға ветеринарлық ем жасау үшін қосалқы жұмыскерлер бөлу, жазда мал бағылатын жерлерде қоршаулар орнату және баз жанында малды белгілеу үшін арнайы орындарды жабдықтау тұрақты Ауылшарқұрылымдарының басшылары 6. Бруцеллез және туберкулезге шалдыққан малдарды кейін союға тапсыру үшін тез арада оқшаулау. Олардың тұрақты тұратын жерлерін мұқият тазалау және уытсыздандыру Әрбір зерттелген кейін Ауылшарқұрылымдарының мамандары, мемветқызмет 7. Басқа шаруашылықтардан бөлінетін малдарды міндетті түрде 30 күндік карантинге қою, осы кезенде тиісті ветемдеу жүргізу және бруцеллез бен туберкулезге зерттеу. Әкелінген малдың барлық тобынан зерттеудің кері нәтижелерін алғанда табынды оқшаулап жинақтау және оларды созылмалы инфекциядан зақымданудан қорғау үшін қажетті шаралар қабылдау. Малды көп уақыт бойы тасымалдаудың нәтижесінде туберкулинге душар болатынын еске алу қажет. Мұндай жағдайларда туберкулизацияны карантиндік мерзім аяқталғаннан кейін жүргізу қажет, ал шалдыкқан малдарды анықтағанда оларды 1,5-2 айдан кейін қайта тексеру керек. Мұндай жағдайда тексеру мен есебін жүргізүді комиссия құрып жүргізу тұрақты Ауылшарқұрылымдарының мамандары, мемветқызмет 8. Малды бір топтан екінші топқа ауыстыруды мал тобының эпизоотиялық жағдайын ескеруге міндетті селолық округтің мемветинспекторының немесе ветучаске меңгерушісінің рұқсатымен ғана жүргізу. Қысыр қашарларды бұрыннан келе жатқан аналық сиыр табынына қосуға тыйым салу. Алыстағы жайылымға сиырларды, қысыр қашарларды және барлық жастағы бұзауларды шығаруға тыйым салу 9. Әрбір сауыннан кейін сауылған сүттің барлығының сенімді зарарсыздандырылуын қамтамасыз ету. Бұзауларға сүт беруде ауылшарқүрылымдарында зарарсыздандырудан өткен сүтті, ал май зауытынан жиналып алынған, тартылған сүтті тек қана шаруашылықта қайта зарарсыздандырылғаннан кейін немесе жасанды сүтті дайындау жолымен қайнатып пайдалану. Сүт құйылатын бөлімдерде және сүт комбинаттарында сүтті қабылдау мен өндеу үшін санитариялық бақылау жасауды күшейту. Сүт таситын бөшкелер мен ыдыстарды тұрақты түрде ыстықтай тазартуды қалыпқа келтіру. Сүтті зарарсыздандыруды 90°-95°С температурада 30 минут жүргізу. тұрақты Ауылшарқұрылымдарының басшылары, мамандары, аудандардың бас мал дәрігерлері, санэпидстансалар (СЭС) 10. Жазғы жайылым кезеңінде малдың әртүрлі топтарының олардың эпизоотиялық жағдайына қарай жайылымды пайдалану жоспарын жасау. Суару мәселесін де қатар шешу. Аналық малдарды және барлық жастағы бұзаулар табынын тек қана скважиналардан ағатын немесе тасылып әкелетін сумен суару. Шаруашылықтардың меншік түріне қарамастан табынды малдың түріне қарай жинақтау. тұрақты Меншіктің барлық түріндегі ауылшарқұрылымдарының басшылары мен мамандары 11. Туберкулезбен ауырған мал ұсталған бағымдағы малды төрт ай, бруцеллезбен ауырған малды үш ай ішінде санациялауға жатқызу. Осы мерзім ішінде ондай бағымда малдын барлық түрі болмауы керек және оларға азық дайындалмауы керек тұрақты 12. Бруцеллезбен және туберкулезбен ауырған малдарды, суарған ақпайтын су айдындарын мал суарғаннан үш айдан кейін ғана мал суаруға пайдалану. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін осы су айдындарынан су механикалық жолмен шығарылып, астаумен берілуі керек. тұрақты 13. Барлық мал базаларында қызмет жасайтын персонал үшін арнайы бөлмелер жабдықтау. Оларды қол жуғыштар орнатумен және қолды зарарсыздандыру үшін арнайы ерітінділермен қамтамасыз ету. Малшыларды арнайы киіммен қамтамасыз ету тұрақты 14. Қостанай "Ет" ЖШС-нің, Жітіқара "Қуатты" МАҚ-ның, Таран "Арман" АҚ-ның басшылары мен алғашқы ветеринарлық бақылау жасау бөлімі туберкулезбен және бруцеллезбен ауырған малдарды қабылдау мен сою, сондай-ақ оларды ұқсату үшін ветеринарлық-санитариялық бақылау жасауды күшейтуді ұсыну, ауру малдарды соятын күндері қоршаулар мен цехтарды уытсыздандыру, мал тапсырушылардың автокөліктерін жүйелі түрде тазарту және уытсыздандыру тұрақты Ет өндейтін кәсіпорын басшылары, алғашқы ветеринарлық бақылау жасау бөлімі 15. Фермерлік және жеке шаруашылықтардың қосалқы шаруашылықтарында, әрбір мал шаруашылығы фермаларында автокөлікті уытсыздандыру үшін дезбарьерлер жабдықтау, жұмыс киімі мен аяқ киімді жүйелі зарарсыздандыру, аумақты және көңді жинауды ретке келтіру, қолданылып жүрген нұсқаулыққа сәйкес мал тұратын жерлерді үнемі уытсыздандыруды қамтамасыз ету. Өсіре беруге аталған санаттағы шаруашылықтарда қалдырылған малды нұсқаулыққа сәйкес белгіленген мерзімде бруцеллез бен туберкулезге зерттеуге жатқызу. тұрақты Аудандардың бас мал дәрігерлері, шаруашылық басшылары, селокругтердің мемветинспекторлары, ветучаске меңгерушілері 16. Селолық акиматтар ауылшарқұрылымдарының және халықтың туберкулез бен бруцеллезге шалдыққан малдарын 15 күн ішінде тапсыруға және союға ықпал жасасын тұрақты Ауылшаркұрылымдарының Мал шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған жұмыскерлер мен мамандардың барлығын профилактикалық медициналық бақылаудан өтуін қамтамасыз етсін Ірі қара малдың бруцеллезінің алдын алу және жою жөніндегі арнайы шаралар А. Бруцеллез ауруы жоқ ауыл шаруашылық құрылымдарында, елді мекендерде: Бруцеллез ауруы жоқ ауыл шаруашылық құрылымдарындағы ірі қара мал мен фермаларында жағдайды қалыпты ұстау мақсатында мынандай шараларды жүзеге асыру: 1. Тоқсан сайын тұрғындардың малын қосқандағы әрбір малға бруцеллез ауруына тексеру жүргізу керек. Ауруға икем малдарды барлығы анықталған жағдайларда бөлімше (топ) бойынша қатарымен 2 рет кері нәтиже алынғанша зерттеу қажет. Серологиялық зерттеулер арасында сүтпен сақиналық реакция бойынша сауын мал табынын топтап тексеруді қолдану тұрақты мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелердің басшылары, ветмамандары, селокругтердің мемветинспекторлары, ветучаске меңгерушілері 2. Жыл сайын вакцина қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес 4-5 айлық штаммадағы 82 бұзау және ересек малдарды бруцеллезге қарсы әлсіз агглютигендік вакцинамен алдын ала вакцинациялауды жүргізу тұрақты Солар 3. Малдардың түсік тастау жағдайларын, осы малдардың бруцеллезге алынған қан сывораткасын және тасталған түсіктерге міндетті түрде бактериологиялық және серо логиялық зерттеулерін жүргізе отырып, ескеру: тұрақты Солар 4. Мал дәрігерлік мекемелерде бруцеллезге қарсы вакциналарды сақтау және оларды дұрыс пайдалануға бақылау жасау үшін қажетті жағдайлар тұғызу тұрақты Солар Б. Бруцеллез ауруы жайлаған шаруашылықтарда, елді мекендерге онымен күрес жөніндегі шаралар әр деңгейдегі эпизоотикалық сипаттағы, олардың кейбір инфекцияның (түсіктердің) өткір өтетін жекелеген шаруашылықтарда мынадай шараларды жүзеге асыру: 5. Сауықтандырылатын табындардағы барлық малдарға, қатарынан екі рет кері нәтиже алынғанша нұсқаулықта қарастырылған мерзімде, бруцеллезге зерттеу жүргізу қажет. Сауықтандырылатын табындарды оқшауланған фермаларда (бәлімшелерде) ұстау және жазғы уақытта оларды болініп тасталған жайылымдарда жаю немесе байлап бағу тұрақты Мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелердің басшылары, мал мамандары, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлі, учаскелердің меңгерушілері 6. Жыл сайын ірі қара малды бруцеллезге 19 немесе 82 штаммадағы вакцинамен схемалар бойынша алдын ала иммунизациялау. Көрсетілген вакциналарды сүт және ет оңдіру мен жеке секторда қолдану. Қашарларды екі рет, біріншіде 4-5 айлық кезінде, екіншіде ұрықтандыруға 2-3 ай қалғанда иммунизациялау. Вакцинациялау алдында оларға бруцеллезге серологиялық зерттеу жүргізу және қабылдамайтын малдарды ғана егу тұрақты Мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелердің басшылары, мал мамандары, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлі, учаскелердің меңгерушілері 7. Түсік тастаған сиырларды түсік тастағаннан кейін 10 күн өткен соң жеке шаруашылықта ұстап қалмай, союға откізу. Қалыпты қабылдаған сиырлардан алынған бұзауларды етке өткізу немесе облыстық мал дәрігерлік қадағалау басқармасымен келісе отырып, союға тапсыру үшін, бордақыға қою. Инфекцияның табында таралуын болдырмау жөнінен кешеуілдетпей шаралар қабылдау тұрақты Мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелердің басшылары, мал мамандары, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлі, учаскелердің меңгерушілері II. Қойлардың бруцеллезімен күрес жөніндегі шаралар I. Қой өсіретін шаруашылықтарда бруцеллездің алдын алу жөніндегі жұмысты төмендегідей тәртіпте жүргізу: - отарларды әр жастағы қойлардан құрастыруға, сондай-ақ қойлар ауруға шалдықпаған фермалардан ауыстыруға тыйым салу; тұрақты Мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелердің басшылары, мал мамандары, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторлары, мал дәрігерлік учаскелердің меңгерушілері - 19 штаммның иммундық ахуалы бойынша Рев-1 штаммымен вакцинацияланған қойлар үшін, Рев —1 штаммымен вакцинацияланған ұрғашы тоқтылармен араласуды болдырмау үшін болек жайылымдар бөлу; тұрақты Мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелердің басшылары, мал мамандары, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторлары, мал дәрігерлік учаскелердің меңгерушілері - ұргашы тоқтыларды Рев-1 вакцинациясымен вакцинациялауды жыл сайын жүргізу; тұрақты Мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелердің басшылары, мал мамандары, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторлары, мал дәрігерлік учаскелердің меңгерушілері - ауру жоқ, бірақ бруцеллез жөнінен қаупі бар шаруашылықтарда ұрғашы тоқтыларды Рев-1 штаммының немесе бруцеллезге тексермей-ақ 19 шт. вакцинасымен егу; тұрақты Мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелердің басшылары, мал мамандары, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторлары, мал дәрігерлік учаскелердің меңгерушілері - ұзақ уақыт бойына сауықтырылмайтын саулық қойлар отарларының ауру жайлаған пункттерінде бірінші вакцинация кейінгі 3-4 жылдан кешіктірмей Рев-1 штаммымен бір мәрте ревакцинациялауға жол беріледі. Ревакцинациялау алдында қойларды бруцеллезге зерттеу, ауруға бейімдерін отардан аластау, қалғандарын көрсетілген вакцинамен егу тұрақты Мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелердің басшылары, мал мамандары, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторлары, мал дәрігерлік учаскелердің меңгерушілері Қойларды Рев-1 штаммы вакцинациясымен ревакцинациялауды облыстық мал дәрігерлік қадағалау басқармасының рұқсатымен ғана жүргізу; - қошқарлар мен күйек қошқарларды шағылыстырудан 1 ай бұрын жоларды бөліп алғаннан кейін бруцеллез бен эпидидимитке қосымша 2 мәрте зерттеу жүргізу; тоқсан сайын Мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелердің басшылары, мал мамандары, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторлары, мал дәрігерлік учаскелердің меңгерушілері - отарларға шопандардың жеке меншігіндегі қойларды қосуына, алып кетуіне және оларды мал дәрігерлік өңдеуден откізумен және зерттеумен толық қамтуды қамтамасыз етуіне қосымша бақылау енгізу; тоқсан сайын Мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелердің басшылары, мал мамандары, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторлары, мал дәрігерлік учаскелердің меңгерушілері - жаз уақытында мал тұратын орындарды санациялауды қамтамасыз ету үшін қойларды қысқы орнына қойғаннан және жазғы жайлауға шығарғаннан кейін қораларды мұқият тазалауды, әрі дезинфекциялауды жүргізу; тоқсан сайын Мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелердің басшылары, мал мамандары, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторлары, мал дәрігерлік учаскелердің меңгерушілері - тасталған түсіктер мен шуларды жинау мен ұйымдастыру, сондай ақ өлген малдарды уақытылы өртеу, түсік тасталған және тағы басқа жерлерді ағымдағы уытсыздандырудан откізу. тоқсан сайын Мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелердің басшылары, мал мамандары, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторлары, мал дәрігерлік учаскелердің меңгерушілері - экономикалық байланыстар сақталған, олардың аумақтарының үстімен малды жайлаулар мен ет комбинаттарына айдайтын жолдар бар көршілес облыстармен бруцеллездің алдын алу және онымен күрес жөніндегі шараларды үйлестіруді жүргізу; тоқсан сайын Мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелердің басшылары, мал мамандары, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторлары, мал дәрігерлік учаскелердің меңгерушілері - бруцеллезді толық жоюға арнап аудандар мен шаруашылықтар арасында жарыс ұйымдастыру, ол үшін бұл жұмыста жоғары корсеткішке жеткен жеңімпаздар және озаттарды ынталандыру шараларын белгілеу; тұрақты Облыстық мал дәрігерлік қадағалау басқармасы - туберкулез және бруцеллез бойынша сауықтыру шараларын өткізген кезде бақылауды күшейту, әрі нақтылы көмек көрсету мақсатында облыстық мал дәрігерлік мамандарын аудандарға, ал аудандық мал дәрігерлік мекемелердің мал дәрігерлік мамандарын ауру жайлаған пункттерге бекіту; жыл сайын Облыстық мал дәрігерлік қадағалау басқармасы - бруцеллез жайлаған шаруашылықтарда малдарды қарайтын жәнемал шаруашылығы өнімдерін ұқсатушы кәсіпорындарда жұмыс істейтін адамдарды жылына бір мәрте міндетті түрде сероаллергиялық тексеру арқылы медициналық тексеруден өткізу жыл сайын Орталық аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері, аудандық СЭС-тер, мал өнімдерін ұқсатушы ауылшаруашылық құрылымдары мен кәсіпорындарының басшылары Ірі қара малдың туберкулезінің алдын алу және жою жөніндегі арнайы шаралар 1. Ірі қара малды 2 айлық жас мөлшерінен бастап барлық мал басын туберкулезге клиникалық карау және жоспарлы кешенді тексеру: - жағдайлары жақсы шаруашылықтарда - тоқсанына 1 рет; тұрақты Барлық меншік нысанындағы ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары, мал дәрігерлік мамандары - ауру жайлағандарында - әрбір 45-60 тәулік аралығында екі мәрте кері нәтиже алғанға дейін алдын ала бақылауға қоя отырып үш айдан кейін екі рет тексеру жүргізу 2. Материалды кейіннен лабороториялық зерттеуден өткізе және бөлінген микробактерияларды бір үлгіге келтіре отырып, туберкулинге оң әсерін берген 3-5 малды диагностикалық сою жолымен туберкулез диагнозын анықтау. Диагноз паталогоаналитикалық немесе бактериологиялық әдіспен расталғанда әсер етуші малдарды бөліп алады және оларды етке еткізеді. Әсерге бөленген, туберкулезі анықталмаған малдарды қайтара тексеру нәтижесі алынғанша бөлу тұрақты Мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелердің мал дәрігерлік мамандары, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторлары, мал дәрігерлік учаскелердің меңгерушілері 3. Туберкулездің клиникалық белгісі немесе туберкулинге 15 күннің ішінде әсерге бөленуші малдарды союға тапсыру тұрақты Ауылшаруашылығы және азық-түлік департаменті, барлық меншік нысанындағы ауылшаруашылық құрылымдары 4. Ауру жайлаған шаруашылықтарда басқа малдарды тексеру, ал олардың арасында туберкулез анықталған жағдайда нұсқауда қарастырылған қажетті сауықтыру шараларын жүргізу тұрақты Мал дәрігерлік мамандар 5. Шаруашылықта туберкулезбен ауырған малдар шыққан жағдайда ол жайында кешеуілдетпей шаруашылық басшысына, ауданның бас мал дәрігеріне және аудандық санэпидстансаға хабарлау, малдардың ауруға шалдығу себептері мен деңгейін анықтау, сауықтыру шараларының жоспарын әзірлеу және оны аудан әкімінің аппаратына бекітуге беру тұрақты Мал дәрігерлік мамандар 6. Туберкулинге әсерге бөленуші малдарды кешеуілдетпей союға тапсыру арқылы жеке пайдаланымдағы малдарға кешенді тексерулер жүргізу тоқсан сайын Мал дәрігерлік мамандар 8. Ауруға шалдыққан табындардың әсер алмаушы малдарынан туған бұзауларды бөлек ұстау, оларға сау сиырлардың сүтін немесе залалсыздандырылған және тартылған сүт беру. 2 айлық жаста оларды туберкулезге тері астылық әдіспен тексеру жүргізу. Туберкулинге әсерге бөленуші бұзауларға 7- тармақта көрсетілгендей шара қолдану. Әсер алмаушыларды екі мәрте кері нәтиже алғанға дейін үш айдан соң екі рет тексеру арқылы соңынан 6 айлық алдын ала бақылауға қою тоқсан сайын Мал дәрігерлік мамандар Барлық топ бойынша кері нәтиже алынғанда оларды сау мал деп тану тоқсан сайын Мал дәрігерлік мамандар Аналық сиырлар көп мөлшерде-ауруға шалдыкқан шаруашылықтарда бұзауларды туберкулезбен аурудан сақтау үшін оларды бөлек өсіру шараларының кешенінде облыстық мал дәрігерлік қадағалау басқармасының рұқсатымен қосымша химия және вакциналық алдын алуды қолдану - 9. Туберкулезге шалдыққан ірі қара мал шаруашылықтарындағы (ферма, табын) сиырлардан сауылған сүтті төмендегідей тәртіпте залалсыздандыру: - туберкулезге әсер ететін малдардың сүтін қайнату немесе қорытқан майға айналдыру; - клиникалық ауру малдардың сүтін 10 минут бойы қайнату Сүт зауыттары және сүт қабылдау пункттері арқылы туберкулездің таралу қаупін болдырмау үшін сауықтырылатын топтағы сиырлардың сутін 85-95° температурада 30 минут бойына ағымдық қимылдағы зарарсызданғыштарда зарарсыздандыруды Меңдіқара сүт зауытының схемасы бойынша ауруға шалдыққан шаруашылықтарды толығымен сауықтырғанша жүргізу. Бұзауларды тамақтандыруға жіберілетін сүт зауытында ұзақ температурада зарарсыздандырылмаған тартылған сүт одан жасанды сүт дайындау жолымен залалсыздандыру өтуі керек тұрақты Ауылшаруашылық құылымдарының басшылары және мамандармен бірлесе отырып, аудандық ауыл шаруашылығы басқармалары, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторлары, аудандарың бас мал санитариялық дәрігерлері 10. Туберкулезге шалдыққан шаруашылықтарда мал бағушы және сұт пен сүт әнімдерін ұқсатушы кәсіпорындарда жұмыс істеуші адамдарды жылына екі рет медициналық байқаудан откізу, ал қолайсыз пункттердің аумағында тұрғандарымен ауруға шалдықпаған малдарды бағушы адамдарды жыл сайынғы міндетті (рентгенфлюорграфиялық тексеру арқылы) жылына бір рет откізу. Медициналық байқау, медициналық тексеру және санитарлық, әрі техникалық минимум бағдарламасы бойынша даярлықтан өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеу. Туберкулезбен ауырған адамдарды жұмыстан босату және оларды ауруханаға жатқызып емдеу тұрақты Ауылшаруашылық құылымдарының басшылары және мамандармен бірлесе отырып, аудандық ауыл шаруашылығы басқармалары, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторлары, аудандарың бас мал санитариялық дәрігерлері 11. Туберкулез жайлаған шаруашылықтарда мал бағуға жасөспірім дерді, аяғы ауыр әйелдер мен емшекте балалары бар аңаларды жіберуге тыйым салу тұрақты Облыстық мал дәрігерлік қадағалау басқармасы, облденсаулық сақтау басқармасы, облыстық мемсанэпидқадағалау басқармасы, ауылшаруашылық құрылымдар басшылары 12. Ағымдағы зарарсыздандыруды туберкулезге әрбір тексеру откен сайын жүргізу: коктемде мал жайлауға шығарылғаннан кейін, күзде оларды қысқы орнына қояр алдында тұрақты Ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары және мал дәрігерлік мамандары 13. Сауықгыру шараларының тиімділігін тексеру мақсатында аралық мерзімі 6 айлық қорытынды бақылау зерттеуді аудандық мал дәрігерлік стансалардың мал дәрігерлерін, ғылыми-зерттеу мал дәрігерлік стансаларының, облыстық мал дәрігерлік қадағалау басқармасының қызметкерлерін комиссия болып өткізу тұрақты Ветмамандары Ү. Жалпы мәселелер 1. Осы болашақ жоспарды орындау мақсатында барлық меншік нысанындағы ауылшаруашылық кұрылымдары жыл сайын мерзімі мен жауапты орындаушыларын көрсете отырып әр бөлімше, ферма, табын бойынша нақтылы жұмыс жоспарларын жасаулары керек. Ойға алған шараларды откізуге және мерзімдік есеп беруге бақылау орнату. Жетпейтін техника, құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар санын тапсырыс берген кезде ескеру Жыл сайын Ауылшаруашылық қүрылымдарының басшылары мен мамандары 2. Арнайы мал дәрігерлік шараларды да әр болімше, ферма, табын бойынша жоспарлау. Әр айға зерттеу кестесін созылмалы инфекция бойынша қолайсыз табындарда сиырлар, қысыр қашарлар мен қашарлар жылына бруцеллезге кем дегенде 8 рет және туберкулезге кем дегенде 6 рет тексерілуін есепке ала отырып жасау жыл сайын Ветмамандар 3. Аудан әкімдеріне тоқсанына, болмағанда бір рет ауылшаруашылық құрылымдарының басшыларын сауықтыру шараларының кешенді жоспарын орындау жөнінен техникалық кеңесте тыңдау. Бұл мәселелерді ауылшаруашылық малдары мен құстардың туберкулезі және бруцеллезінің алдын алу, әрі күресу жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің қарауына енгізу тоқсан сайын Аудандар әкімдері, аудандық ауыл шаруашылығы басқармалары 4. Үйлестіру кеңесінде шаруашылық және СЭС басшылары мен мамандарын туберкулез бен бруцеллез жөніндегі сауықтыру шараларының орындалу барысы туралы жүйелі түрде тыңдау тұрақты Облыстық мал дәрігерлік қадағалау басқармасы, облыстық санэпидқадағалау басқармасы 5. Сауықтыру шараларына көпшілікті тарту мақсатында бруцеллез және туберкулезбен күрес мәселелерін жергілікті баспасөзде, көрнекі насихатта, радиода, теледидарда кеңірек корсету қажет тұрақты Мемлекеттік мал дәрігерлік жүйе, шаруашылықтардың ветмамандары 6. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес ұйымдастыру-шаруашылық шараларын өткізу жауапкершілігі барлық меншік нысанындағы ауылшаруашылық құрылымдарының басшыларына, арнайы мал дәрігерлік шаралардың өткізілуіне, аудандардың, селолық округтердің мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторларына, мал дәрігерлік учаскелердің меңгерушілеріне жүктеледі 7. Ауылшаруашылық малдарының бруцеллезі және туберкулезінің алдын алу мен жою жөніндегі 1998-2003 жылдарға арналған кешенді шараларды откізуге бақылау жасау ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаментіне, облыстық мал дәрігерлік қадағалау басқармасына, аудандар мен аудандық ауыл шаруашылығы басқармаларының бас мемлекеттік инспекторларына жүктеледі ЕСКЕРТУ: Ауыл шаруашылығы малдарының бруцеллезі мен туберкулезін диагностикалау алдын алу және жою жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, санитарлық, әрі арнайы мал дәрігерлік шаралар кешенінің негізгі тармақтарын орындау жеке меншік пен барлық меншік нысанындағы ауылшаруашылық кәсіпорындарының мал иелеріне міндетті болып табылады. 1999-2003 жылдарғы кезеңге арналған ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулезі және бруцеллезінің алдын алу, әрі күресу жөніндегі бағдарламаны әзірлегендер: В.И. Пионтковский- Қостанай ғылыми-зерттеу ветеринариялық стансасының директоры, ветғылымның докторы, мүше-корреспондент Р.М. Жұмақүлов - облыстық ветеринариялық қадағалау басқармасының бастығы Е.С. Хасенов - облыстық ветеринариялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, ветғылымның кандидаты Д.П. Бахтин - Қостанай ҒЗВС аға ғылыми қызметкері, ветғылымның кандидаты М.К. Мүстафин - облыстық ветлабороторияның директоры, ветғылымның кандидаты В.В. Сулимов - ветқадағалау облбасқармасы ветеринариялық инспекция бөлімінің бастығы К.Т. Куатов - ветқадағалау облбасқармасы эпизоотикаға қарсы шараларды ұйымдастыру бөлімінің бастығы М.Ж. Әубәкіров - ветқадағалау облбасқармасы эпизоотикаға қарсы шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы
Басқа 10
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 16 сәуірдегі 102 шешіміне 1 қосымша Қостанай облысы әкімінің жанындағы ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулезі мен бруцеллезінің алдын алу және онымен күресу жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімінің жанындағы ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулезі мен бруцеллезінің алдын алу және онымен күресу жөніндегі үйлестіру кеңесі (бүдан әрі кеңес) консультативтік-кеңесуші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңестің құрамы 9 адамнан, облыстық ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаментінің, мемсанқадағалаудың облыстық басқармасының, облыстық қаржы басқармасының облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының, ғылыми-зерттеу ветеринария стансаларының өкілдерінен тұрады.
Тармақ 3
3. Кеңестің жеке құрамын Қостанай облысының әкімі бекітеді.
Тармақ 4
4. Малдар мен құстардың туберкулезі және бруцеллезімен күрес жөніндегі кеңес: - ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулезі мен бруцеллезінің алдын алу және онымен күресуді ұйымдастыру мәселелеррі жөнінде ветеринарияны, денсаулық сақтауды ұйымдастыруда облыстық және жергілікті атқрушы органдардың қызметін үйлестіруге ат салысады; - малдардың және құстардың инфекцияларымен күресудің құралдары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныс әзірлейді және оны Қостанай облысы әкімінің аппаратына береді.
Тармақ 5
5. Кеңестің белгіленген тәртіпте мыналарға құқы бар: - ауылшаруашылығы және азық-түлік департаментінен, аудандық ауыл шаруашылығы басқармаларынан, басқа облыстық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ ведомстволардан ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулезі мен бруцеллезінің алдын алу және онымен күресумен байланысты олардың қызметін көрсететін мәліметтер сұратуына және алуына; - ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулезі мен бруцеллезінің алдын алу және онымен күресу мәселелері жөнінде меншік түріне қарамастан ауылшарқұрылымдарында, ұйымдарда, ведомстволарда, облыстық басқармаларда, басқа облыстық және жергілікті атқарушы органдарда тексеру жүргізуге ұсыныс жасауына; - ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулезі мен бруцеллезінің алдын алу және онымен күресу мәселелері жөнінде өз мәжілістерінде облыстық басқармалар, басқа облыстық және жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволардың хабарламаларын тындауына; - облыстық және жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволарға ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулезінің және бруцеллезінің алдын алу және онымен күресуді қамтамасьіз етпеген шаруашылық жүргізуші объектілерінің басшыларын белгіленген нормаларда жауапқа тартуға ұсыныс жасауына.
Тармақ 6
6. Кеңес мәжілісі тоқсан сайын өтіп тұрады. Жұмыс жоспары кеңестің мәжілістерінде бекітіледі. Кеңес шешімі көпшілік ашық дауыспен қабылданады және хаттамалық шешім түрінде ресімделеді.
Тармақ 7
7. Аудан әкімдерінің жанынан малдардың және құстардың туберкулезі және бруцеллезімен күрес жөнінде осы сияқты функцияларымен аудандық кеңестер құрылады.
Басқа 18
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 16 сәуірдегі 102 шешіміне 2 қосымша Қостанай облысы бойынша ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулез бен бруцеллезінің алдын алу және күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы Қайрат Серікбайұлы Бисетаев Қостанай облысы әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы және азық- түлік департаментінің директоры-төраға Рақымбек Мұқанүлы Жұмақұлов Қостанай облыстық ветеринариялық қадағалау басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары Валентин Иванович Пионтковский Қостанай ғылыми-зерттеу ветеринариялық стансасының директоры, төрағаның орынбасары Муафик Кәметайұлы Мұстафин Қостанай облыстық ветеринариялық стансасының директоры Жеңіс Әйтімұлы Қожмұхаметов облыстық мемсанэпидқадағалау басқармасының бастығы Мария Александровна Щеглова облыстық қаржы басқармасының бастығы Анатолий Евгеньевич Тихановский облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы баспасөз орталығының басшысы (келісім бойынша) Виктор Васильевич Сулимов облыстық ветеринариялық қадағалау басқармасы ветеринариялық инспекциясының бөлім бастығы Антонина Михайловна Вендерская облыстық мемсанэпидқадағалау басқармасы аса қауіпті инфекциялар бөлімінің меңгерушісі
Басқа 19
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 16 сәуірдегі 102 шешіміне 3 қосымша 1999-2003 жылдарға арналған ірі қара малының туберкулезі мен бруцеллезінен меншіктің барлық түріндегі ауылшаруқұрылымдарын сауықтырудың ЖОСПАРЫ Аудан­дар 1999 2000 2001 2002 2003 1999-2003 Бруц. Ту­берк. Бруц. Ту­берк. Бруц. Ту­берк. Бруц. Ту­берк. Бруц. Ту­берк. Бруц. Ту­берк. Ал­тын­са­рин Аман­кел­ді Ар­қа­лық Әу­лие­көл 1 1 1 1 1 2 3 Жан­кел­дин Де­ни­сов Жі­ті­ка­ра Қа­мысты Қа­ра­ба­лық 1 1 1 1 Қа­ра­су 1 1 1 1 Қо­ста­най Мен­ді­қа­ра 1 1 1 1 2 На­уыр­зым Са­ры­көл Та­ран Ұзын­көл 2 2 3 3 1 3 1 1 1 7 10 Фе­до­ров 1 1 1 1 1 1 3 3 БАР­ЛЫ­ҒЬІ: 6 6 6 6 2 5 1 2 1 15 20
Басқа 20
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 16 сәуірдегі 102 шешімімен бекітілген бағдарламаға 4 қосымша Қостанай облысы бойынша 1999-2003 жылдарға арналған ірі қара малдын туберкулезі және бруцеллезінің алдын алу, әрі күресуге жұмсалатын қаржылық шығындар жөніндегі ұсыныстар Жылдар Республикалық бюджет қаржысы есебінен қаржыландыру Қ.Р. бойынша жалпы сома Қазақстан Республикасы бойынша қолайсыз мекендер саны Қостанай облысы бойынша қолайсыз мекендер саны Қостанай облысы бойынша қаржыландыру сомасы 1999 36.12 173 36 7.516 2000 35.0 109 24 7.706 2001 32.0 61 12 6.295 2002 29.0 26 2 2.230 2003 28.4 9 2 6.311 Жиынтығы 160.52 - - 30.058 (18.7%) ЕСКЕРТУ: 1. Бағдарламаны каржыландыру заңмен тыйым салынбаған баска көздерден қосымша жүзеге асырыла алады. 2. Көрсетілген кезенде құстардың туберкулезінің алдын алуға арналған қаржылық шығындар эпизоотикалық ахуалды ескере отырып, құс фабрикасы иелерінің есебінен жүзеге асырылады.