О дополнительных мерах по обеспечению подготовки, проведения и обработки материалов Переписи населения 1999 года в Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазакстан облысында 1999 жылы халық Санағы материалдарын әзірлеуді, өткізуді және өндеуді қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен. «1999 жылы Қазақстан Республикасында халық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 3 сәуірдегі № 389 және «1999 жылы Қазақстан Республикасында халық Санағына әзірлену, өткізу және оның материалдарын өндеу тәртібі туралы» 1996 жылғы 11 желтоқсандағы № 1519 Қаулыларын және Қазакстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 13 сәуірдегі № 3231 хатын орындау мақстанда ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
Тармақ 1.1
1.1. Мемлекеттік статистика органдарына 1999 жылы халық Санағына әзірлікте, өткізуде және оның материалдарын өндеуде жан- жақты мейлінше көмек көрсетсін, бұл жұмыска меншіктін. барлық нысандарындағы ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың қызметкерлерін, мектеп мұғалімдерін, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерін, колледждердің жоғарғы курстар оқушыларын қатыстырсын, олардың негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақылары немесе жергілікті оқу орны бойынша стипендиялары сақталсын.
Тармақ 1.2
1.2. Халық санағын өткізудің бекітілген ұйымдастырушылық жоспарларына сәйкес санақ кадрларын дербес бекіту, санақ бөлімдері үшін қажетті мөлшерде үйлер, нұсқаулық учаскелер, орталықтан, автокөлікпен түсетін санақ құжаттарын сақтау қамтамасыз етілсін.
Тармақ 1.3
1.3. Шаруашылық кітаптарын толық және сапалы жүргізу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 1.4
1.4. Аймақта 1999 жылғы халық санағына әзірліктің барысы үнемі қаралсын.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардын, әкімдері, облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.Ө.) 1999 жылғы халық Санағына әзірлену мен өткізуді қаржыландыру мәселесін шешсін.
Тармақ 3
3. Облыстық ішкі істер басқармасы (Лұкпанов Т.М.), облыстық көш-қон және демография басқармасы (Омаров Б.А.) үстіміздегі жылы халықтын көш-қонын қадағалау жөнінде қосымша шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. Облыстық ақпарат және қоғамдык келісім басқармасы (Абайділдин Т.Ж.), облыстық телерадиокомпания (Городнянский Е.А.), облыстық газет редакциялары (Акава А.И., Өділбаев Ж.Ә.), облыстық білім департаменті (Видова О.И.) 1999 жылғы халық Санағы туралы халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізуді күшейтсін.
Тармақ 5
5. Облыстық телекоммуникация дирекциясы (Дьяченко А.С.) облыстын елді мекендерімен үздіксіз телефон байланысын, жеделхаттар, корреспонденциялар мен сәлемдемелер жіберуді, сондай- ақ 1999 жылғы халық Санағына әзірлену мен өткізу және онын материалдарын өткізу кезеніне жай тариф бойынша ақы төлеу арқылы мемлекеттік статистика органдарына «Санақ» паролі бойынша кезексіз қалааралық телефон байланысын беруді қамтамасыз ету жөнінде шаралар белгілесін.
Тармақ 6
6. Санаққа көмектесу комиссиялары, статиститка органдары жергілікті жерлерде үстіміздегі жылғы желтоқсанда аймақтын 1999 жылғы халық Санағын өткізуге әзірлігін қабылдауды ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық статистика басқармасы (Мусин Н.Р.) алдағы болатын 1999 жылғы халық Санағының әдістемелік және ұйымдастырушылык ережелерін орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің бірінші орынбасары А.С.Бергеневке жүктелсін.