О подписке на газеты и журналы на первое полугодие 1999 года Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылдың бірінші жарты жылдығына газет-журналдарға жазылу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен.
Тармақ 1. "Арқа ажары"
1. Облыстық "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттері редакция алқаларының 1999 жылдың бірінші жарты жылдығына бұл басылымдарға жазылу бағасын мына мөлшерде белгілеу туралы ұсынысы қабылдансын: "Арқа ажары" -жеке жазылушылар үшін – 850 теңге -Ұлы Отан соғысына қатысушылар үшін – 425 теңге -ведомстволық жазылу үшін - 2000 теңге "Акмолинскдя правда" -жеке жазылушылар үшін - 1100 теңге -Ұлы Отан соғысына қатысушылар үшін - 550 теңге -ведомстволық жазылу үшін - 2000 теңге Газеттердің жазылу бағасы мен басудың және таратудың нақты құны арасында пайда болған айырма бюджетті бекіткен кезде осы мақсатқа көзделген сома шегінде облыстық бюджеттен дотациялансын.
Тармақ 2
2. Облыс тұрғындарын билік пен басқарудың мемлекеттік және жергілікті органдарының қызметі, ел басшыларының ішкі және сыртқы саясаты туралы дер кезінде хабардар ету ісінде мерзімді басылымдардың мәні зор екенін ескере отырып, аудандар мен Степногорск қаласының әкімдері, мәслихаттар газеттердің редакиияларына, почта байланысы органдарына газет-журналдарға жазылу науқанын ұйымдастыру және өткізу ісінде кемек көрсету жөнінде тиісті шара қолдансын.
Тармақ 3
3. Меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларына қызметтік мақсатқа және ұйымдық оқу орындары үшін мерзімдік басылымдарға ведомстволық жазылуды жүргізу ұсынылсын. Соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді, көп балалы отбасыларын және азаматтардың басқа санаттарын газет-журналдарға жеңілдікпен жазу мүмкіндігін іздестірсін және оны ресімдесін.