О бюджете Актюбинской области на 1999 год Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысының 1999 жылға арналған бюджеті туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық мәслихатының 20.12.2004 № 1/5-282 хаты.
Тармақ 1
1. Облыстың 1999 жылға арналған бюджет кірісі бойынша 3785823 мың теңге, шығысы бойынша 3065878 мың теңге, кірісі шығысынан 719945 мың теңгеге жоғары болып /№1 қосымшаға сәйкес/ бекітілсін.
Тармақ 2
2. 1999 жылы облыстық бюджетке негізгі көздер бойынша кірістердің түсуі мынадай мөлшерде бекітілсін: - заңды тұлғалардан табыс салығы 393957 мың теңге, - жеке тұлғалардан табыс салығы 931747 мың теңге, - әлеуметтік салық 1828131 мың теңге, - заңды тұлғалардың мүлкіне салық 480000 мың теңге, - заңды тұлғаларды тіркеуден түсетін қаржы 7000 мың теңге, - аукциондық саудадан 200 мың теңге, - меншік кұқын, жер пайдалану құқын, жер учаскесін жалға беруді қоса 95975 мың теңге - балаларды мектеп- интернатта ұстау ұшін ақы 680 мың теңге, - салықтан тыс басқа да түсімдер 25983 мың теңге. - Қоршаған ортаны ластағаны үшін және табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін төленетін түсім 24150 мың теңге.
Тармақ 3
3. 1999 жылға жалпы мемлекеттік реттелген салықтан түскен жалпы соманы /заңды тұлғалардан салық, жеке тұлғалардан салық, әлеуметтік салық/ аудандардың бюджетіне бөлу мынадай көлемде белгіленсін: Әйтеке би, Алға, Байғанин, Ырғыз, Карғалы, Мәртөк, Ойыл және Қобда аудандарына 76 проценті, Ақтөбе қаласына 4 проценті, Мұғалжар ауданына 25 проценті, Темір ауданына 47 проценті, Хромтау ауданына 21 проценті, Шалкдр ауданына 63 проценті.
Тармақ 4
4. Аудандардың, Ақтөбе қаласының бюджеттерінің кірісіне мына салықтар мен төлемдер толық қосылсын: - облыстық бюджетке қосылған сомадан басқа мүлік салығы, - жер салығы, - көлік құралдарына салық, - суға төленген ақы, - орман пайдалану ақысы, - кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды тіркеуден түскен қаржы, - қызметтің жеке түрлерімен айналысу құқы үшін жиналған ақы, - базарда товар өткізу құқы үшін алынған ақы.
Тармақ 5
5. Аудандардың, Ақтөбе қаласының бюджеттерінің кірісіне мынадай салыққа жатпайтын кірістер толық қосылсын. - тіркелген, иесі жоқ мүліктерді өткізуден, мемлекеттің мирасқорлығына кірген мүліктер. Республикалық бюджетке қосылған сомадан басқа, - жеке меншіктік құқын, жер пайдалану /жер учаскесін жалға беруді қоса/ құқын сатудан түскен қаржы. Облыстық бюджетке қосылған сомадан басқа, - жергілікті бюджеттен қаржьшавдырылатын мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорыңдар мүлкін сатудан түскен қаржы, - балаларды мектеп- интернатта ұстағаны үшін төленетін қаржы. Облыстық бюджетке қосылатын сомадан басқа, - әкімшілік жолымен тұтқындалғандармен жұмыс ұйымдастырудан, қызмет көрсетуден түскен қаржы, - жылжымайтын мүлік құқын мемлекеттік тіркеуден және солармен мәмле жасаудан түскен қаржы, - үй кітапшаларын сатудан түскен қаржы, - қаруды тіркеуден түскен қаржы, - қылмыстық-түзеу инспекциялары қызметінен түскен қаржы, - басқа да әкімшілік жолмен жиналған қаржы, - мемлекеттік пошлина, - коммерциялық емес саудадан түскен басқалай төлемдер мен кірістер, - коммуналдық меншік объектілерін жалға беру, жекешелендіруден түскен қаржы, - республикалық бюджетке есептелетін сомадан басқа әкімшілік айыпақы және басқа санкциялар /салық және кеден органдары салатындардан басқа/: - медициналық айықтырғыш органдарына түскен адамдардан түскен төлемдер, - стандарттардың тиісті талаптарына және сертификаттар ережелеріне сәйкес келмейтін өнімдер, жұмыстар мен қызметтер өткізуден алынған табыстан түскен сома, - республикалық бюджетке есептелетін сомадан басқа қалған санкциялар мен айып ақылар, - республикалық және облыстық бюджетке есептелетін сомалардан басқа қалған салық емес түсімдер,
Тармақ 6
6. Облыстық бюджет табысына толық есптеу: - облыстық әділет басқармасы жүзеге асыратын заңды түлғаларды тіркеу үшін алынатын жиындар, -аукциондық сауда жиыны, - "Ақтөбемұнайгаз", "Ақтөбеэнерго" акционерлік қоғамдары мен темір жол басқармасынан түсетін заңды тұлғалардың мүлік салығы, - "Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы және шетелдік компаниялардан жер учаскелерін жалға алғанын қоса отырып, жерге меншік құқын, жер пайдалану құқын сатудан түсетін түсімдер, - шетелдік компаниялардан облыстық әлеуметтік инфра кұрылымын дамытуға бөлінген түсімдер.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының "1999 жылғы Республика бюджеті туралы" заңына сәйкес төлем төлеушілер әлеуметтік салық есебінен зейнетақы қорына, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына, міндетгі медициналық сақтандыру қорына, әлеуметтік сактандыру қорына, еңбекке орналастыруға ықпал ету қорына жарналар бойынша, сондай-ақ, өткен жылдар үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар /бұрын жол қорына түскен/ төлем төлеулері тиіс еске және басшылыққа алуы керек.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының "1999 жылғы Республикалық бюджет туралы" заңына сәйкес төмендегілерді еске және басшылыққа алу керек, - айлық еңбек ақының ең төменгі мөлшері 1999 жылғы 1 қаңтарынан 2440 теңге 1999 жылғы 1 сәуірінен 2650 теңге. 1999 жылғы 1 қазанынан 2680 теңге. - зейнетақыларды, жәрдемақыларды және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай ақ айыпақы санкцияларын, салық және басқа төлемдерді қолдану үшін есептік корсеткіш қазір қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес ай сайынғы есептеу төмендегідей болып белгіленді: 1999 жылғы 1 қаңтарынан 660 теңге 1999 жылғы 1 сәуірден 715 теңге 1999 жылдың 1 қазаннан 725 теңге.
Тармақ 9
9. "Жалпы сипаттағы Мемлекеттік қызмет" тобы бойынша 123378 мың теңге көлемінде, оның ішінде Маслихат аппаратын ұстауға 6665 мың теңге, Әкім аппараты- 82208 мың теңге, облыстық экономика комитеті 156670 мың теңге, облыстық ауыл шаруашылық басқармасына 13838 мың теңге және халық санағын өткізуге 5000, 0 мың теңге қаралады.
Тармақ 10
10. "Қорғаныс" және "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік" тобы бойынша тиісінше 103800 мың теңге және 247943 мың теңге қаралады.
Тармақ 11
11. Бюджет құрамында Ақтөбе қаласы, Алға, Мұғалжар, Хромтау және Шалқар аудандарында медициналық айықтырғыштарды ұстауға қаржы қаралғандығын ескеру керек. Соның өзінде медициналық айықгырғыштарды ұстауға қолданылып жүрген қаржыландыру шығындарына сәйкес медициналық айықтырғыщтарга түскен адамдарды ұстау және қызмет көрсеткені үшін түскен қаржы көлемінде болатындығын атап айтқан жөн.
Тармақ 12
12. Білім беруге 314245 мың теңге, денсаулық сақтауға 1771236 мың теңге және демалысты ұйымдастыру мен мәдениет саласы қызметіне 94896 мың теңге қаралады.
Тармақ 13
13. Қорландыру үлгісі бойынша алғашқы медициналық көмек беруге және тұрғындарға кепілді көлемде медициналық көмек көрсетуге қаржы бөлу облыстық бюджетге толық қаралғандығы ескерілуі тиіс.
Тармақ 14
14. Орта арнаулы оқу орындарын және кәсіптік- техникалық мектептерді ұстауға шығын бюджеттік қаржыландырудың қысқартылғаны ескеріліп қалыптасқаны еске алынуы керек.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік қамсыздандыруға да қаржы бөлініп, ол 208432 мың теңге болады.
Тармақ 16
16. Облыстық бюджет құрамында халыққа жұмыс тауып беру бағдарламасын жүзеге асыру, оған қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыз адамдарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау, жұмыссыздарды орналастыруды қосқанда, сондай-ақ мүгедектер мен Чернобыль АЭС апаты зардаптарына қатысушыларды, экологиялық апат және ядролық сынап салдарынан мүгедек болғандарды және ел ішінде және ТМД аймағында халықаралық көлікпен жүру жөніндегі, заңдарға сәйкес байланыс, баспасөзге жазылу шығындары қаралғандығын ескерген жөн.
Тармақ 17
17. Аудандар мен Ақтөбе қаласы бюджеті құрамында өтініш беру-бөлу жүйесі бойынша балалары бар отбасыларына жәрдем ақы төлеу және тұрғын үй жәрдем ақысы қаралғандығын ескерген жөн.
Тармақ 18
18. Автомобиль жолдарының жұмыс істеуіне 160940 мың теңге және займ жөнінде өтем төлеуге 1000 мың теңге қаралды.
Тармақ 19
19. Облыс әкімінің резерв қоры 40000 мың теңге көлемінде бекітілсін.
Тармақ 20
20. 1999 жылы аудандар бюджеті ресми трансфертіне 719945 мын теңге бөлінсін, Оның ішінде: Әйтеке би 112980 мың теңге Алға 99154 мың теңге Байғанин 127675 мың теңге. Ырғыз 80756 мың теңге Қарғалы 30899 мың теңге Мартөк 57893 мың теңге Ойыл 94972 мың теңге Хобда 115616 мың теңге
Тармақ 21
21. Облыс бюджетінен қаржыландырылатын бағдарлама мен қосымша бағдарламаны тізімі /№2 қосымшаға сәйкес/ бекітілсін.
Тармақ 22
22. 1998 жылы қоры есебінен пайдаланылып, шығын болған 1260,5 мың теңге /№3 қосымшаға сәйкес/ бекітілсін.
Тармақ 23
23. Облыстық қазынашылық басқарма 1999 жылдың 1 қаңтарынан бюджет бөлімдерінің жаңа нормативтері бойынша қаржыны қайта есептеуді жүргізсін. Облыстық Маслихат сессиясының төрағасы В. Пфанинштиль. Облыстык масллихат хатшысы: Б. Жоламанов.
Басқа 24
Облыстық Мәслихаттың 1998 жылғы 21 желтоқсандағы сессиясының № 1 шешіміне № 1 қосымша Облыстың 1999 жылға арналған бюджетінің жиынтығы.
Басқа 25. 1999 жылы қалалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар мен бағдарламаларға қосымшалар тізбесі
Облыстық Мәслихаттың 1998 жылғы 21 желтоқсанындағы сессиясыньщ № 1 шешіміне № 2 қосымша. Облыстың 1999 жылға арналған бюджетін кұрастыру бағдарламалары мен бағдарламаларға қарасты қосымшалар 1999 жылы қалалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар мен бағдарламаларға қосымшалар тізбесі Аудаңдық бюджеттен қаржыландырылатынбағдарламалар мен бағдарламаларға қосымшалар тізбесі
Басқа 26
Облыстық Мәслихаттың 1998 жылғы 21 желтоқсанындағы сессиясының № 1 шешіміне № 3 қосымша Облыс Әкімінің 1998 жылғы резерв қорының пайдаланылуы туралы мәлімет.