Об утверждении ставок платежей за загрязнение окружающей среды на 1999 год Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластаған үшін 1999 жылға төлемдер мөлшерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 08.12.1999 № 244 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы және «1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы» заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік қорлары туралы» 1998 жылғы 1 сәуірдегі № 280 Қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны, өндіріс және тұтыныс қалдықтарын таратқаны үшін 1999 жылға арналған және 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін төлемдер мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстык салық комитеті, облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының дирекциясы арнаулы табиғат пайдалану тәртібінде шаруашылық қызметін жүргізуші заңды және дербес тұлғалардың қоршаған ортаны ластағаны үшін уақытылы төлеп тұруына тұрақты бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы шаруашылық субъектілерінің табиғат қорғау заңдарын сақтауларына, ластану көлемдерін есептеудің дұрыстығына бақылауды күшейтсін.
Тармақ 4
4. Биоресурстарды қорғауды, өндіруді және пайдалануды мемлекеттік бақылаудың жергілікті арнаулы өкілетті органдары, облыстық ішкі істер басқармасы белгіленген тәртіпте табиғат пайдалану заңдарын бұзганы үшін талаптар мен айыппұлдардан, тәркіленген аңшылык және балықшы құралдарын, сондай-ақ заңсыз өндірілген өнімдерді сатудан түскен қаражатты бюджет пайдасына аударуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы, облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының дирекциясы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің мақсатқа сәйкес бекітілген сметада көрсетілгендей табиғат қорғау шараларын қаржыландыруға пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің «Табиғат пайдалануды экономикалық реттеу туралы» 1994 жылғы 24 ақпандағы № 27 қаулысының, «Облыс әкімінің «Табиғат пайдалануды экономикалық реттеу туралы 1994 жылғы 24 ақпандағы № 27 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 1995 жылғы 28 ақпандағы № 41 қаулысының, облыс әкімінің бірінші орынбасарының «Қоршаған ортаны ластағаны үшін 1996 жылға төлемдер мөлшері туралы» 1996 жылғы 4 наурыздағы № 36 шешімнің және облыс әкімінің «Қоршаған ортаны ластағаны үшін 1998 жылға арналған төлемдер мөлшерін нақтылау туралы» 1998 жылғы 6 сәуірдегі № 43 шешімнің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында мазмұндап жариялансын.
Басқа 8. Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны және өндіріс пен тұтыныс қалдықтарын таратқаны үшін 1999 жылға төлемдер мөлшері
Облыс әкімінің 1999 жылғы 27 қаңтардағы № 14 шешіміне қосымша Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны және өндіріс пен тұтыныс қалдықтарын таратқаны үшін 1999 жылға төлемдер мөлшері Төлемдер түрлері Төлемдер мөлшері /теңге/ 1. Стационарлық көздерден ластағыш заттарды тастағаны үшін төлем (1 шартты тонна үшін) -атмосфераға ластағыш заттарды жіберу -ластағыш заттарды су объектілеріне, жинағыштарға, фильтрлегіш жерлерге, сазды алаңдарға, жер рельефтеріне тастау 250 2761 2. Жылжымалы көздерден атмосфераға ластағыш заттарды тастағаны үшін төлем (жағылған отынның 1 тоннасы үшін) а) этилденген бензин үшін б) этилденбеген бензин үшін в) дизельді отын үшін г) сығымдалған табиғи газ үшін 300 250 390 150 3. Өндіріс пен тұтыныс қалдықтарын олардың улылық дәрежесіне қарай қоршаған ортаға таратқаны үшін төлем (1 тонна үшін): 1 сынып 2 сынып 3 сынып 4 сынып 5 сынып 2560 1280 320 160 80