О проведении учета по местным налогам на 1999 год Күшін жойған
Басқа 0
1999 жылы жергiлiктi салықтар бойынша есеп жүргiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен.
“Салықтар және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Жарлығын басшылыққа ала отырып бірыңғай салық саясатын жүргізуді, салық есебін сапалы жүргізуді, жергілікті салықтардан: мүлік, жер салықтарынан және жеке тұлғалардың көлік құралдары иелерінен алынатын салықтан есептелген сомалардың толық түсуін қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті (Шманов Н.Т.):
1999 жылы жергілікті салықтар бойынша салық есебін сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін.
Салықтар бойынша жеңілдіктер бар екендігі және есептелген салық сомаларының бюджетке дер кезінде төленуінің маңыздылығы туралы салық төлеушілер арасында бұқаралық түсінік жұмысын тұрақты жүргізіп, бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалансын.
Тармақ 2
2. 1999 жылғы 1 ақпанға дейін тұрғылықты жері бойынша қалалық, аудандық салық комитеттеріне мыналарды:
Тармақша 1
1) қалалар мен аудандардың әкімдері жеке тұлғаларға бау-бақша үлесіне, жеке тұрғын үй, әлеуметтік және азаматтық құрылыстарына 1998 жылы жер бөлініп беруі туралы мәлімет берсін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 тамызындағы № 1261 Қаулысына сәйкес жылжымайтын мүлікті бағалау жөнінде көрсеткен қызметтері үшін облыстық жылжымайтын мүлікті бағалау орталығына мүлік салығынан түскен соманың 5 проценті мөлшерінде ақы төленуі ескертілсін;
Тармақша 2
2) жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі Шығыс Қазақстандық орталық - бағаланбаған мүлік пен 1998 жылы жаңадан іске қосылған салық салынатын объектілерге салықты есептеу үшін азаматтардың жеке меншік құқығындағы құрылыстары туралы мәліметтерді берсін;
Тармақша 3
3) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасы (Шерубаев А.С.), әскери комиссариат (Мұқашев А.М.) қолдалынылып жүрген заңға сәйкес женілдіктер беру үшін қажетті мәліметтерді берсін;
Тармақша 4
4) Шығыс Қазақстан облыстық жол полиция басқармасы (Жұмаділов Е.С.)
автокөлік құралдарын түгендеуді жүргізсін, және иелерінен салық алуды есептеудшін қажетті меншік автокөлік құралдары бар жеке тұлғалар туралы мәліметтер берсін.
Тармақ 3
3. Облыстың, салық комитеттері жергілікті салықты төлейтін салық төлеушілерді есепке алуға 1999 жылдың 1 каңтарынан кіріссін және оны жүргізу мен төлем хабарламаларын тапсыруды үстіміздегі жылдың 1 тамызынан кешіктірмей қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облыстық салық комитеті (Шманов Н.Т.) салықтардың дұрыс есептелуіне бақылау орнатып, олардың толық көлемінде және белгіленген мерзімде бюджетке түсуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің. орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары М.Қ. Татаевқа жүктелсін.