О ставках нормативной платы за загрязнение природной среды на 1999 год и порядке взимания средств Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылға табиғаттық ортаны ластағаны үшін нормативтік төлем ставкалары және қаржыны алу тәртібі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 14.12.1999 № 238 шешімімен Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі» 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік қорлары туралы» 1998 жылғы 1 сәуірдегі № 280 және «Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем алу ережесі туралы" 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 1213 қаулысына, сондай-ақ Қоршаған табиғаттық ортаны ластағаны үшін төлемдерді айқындау әдістемелеріне сәйкес облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. Табиғаттық ортаны нормативті ластағаны үшін төлемдер ставкасы және табиғат ресурстарына келтірген залалдарды айқындау және оның орнын толтыру тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Арнайы табиғат пайдаланушы ретінде, қандай да болмасын қызмет жүргізетін кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелерге олардың меншік нысандарына қарамастан төмендегі белгіленген лимит аясында табиғаттық ортаны ластағаны үшін төлем жөнінде есеп жүргізу және оны табиғат қорына аудару функциясы жүктелсін: - тұрақты және қозғалмалы көздердің атмосфераны ластаудан; - жер үсті суларын ластаудан, жинақтаушылар мен жер қыртысын ластаудан; - өндіріс қалдықтарын орналастырудан, (сақтау, жерлеу және полигондар, қоймалар мен қоқыс орындарындағы ластаулар).
Тармақ 3
3. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы табиғаттық ортаны ластаудың лимитін белгілесін және оның сақталуына бақылау жасасын, шағым-талап тәртібінде залалдық талаптар қоюмен оларды өндіріп алуды, сондай-ақ айыптар салуды көздейтін табиғатты қорғау заңдарын бұзушылықтардың (өндірістік есепке алынбаған және статистикалық есепке енгізілмеген апаттық, өздігінен ластаулар) беті ашылсын.
Тармақ 4
4. Белгіленген лимит аясында табиғаттық ортаны ластатаны үшін нормативтік төлем төлеуден мәдениет, денсаулық сақтау, білім мекемелері, балалардың демалыс лагерлары босатылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының алқасына шағым- талаптық тәртіпте ұсынылатын төлемдердің көлемін кеміту, сондай-ақ ол қаржының бір бөлігін табиғатты қорғау шараларына бағыттау жөнінде ұсыныстар жасау құқы берілсін.
Тармақ 6
6. Ластағаны үшін нормативтік төлем ставкасына "Көкшетау" Ұлттық паркіне (Айыртау, Зеренді, Щучинск аудандары) енетін облыс аудандары үшін 1.5 жоғарлату коэффициенті енгізілсін.
Тармақ 7
7. Төлемдердің дұрыс есептелуіне және оның дер уақытында аударылуына бақылау жасау мемелекеттік салық қызметтері мен облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына жүктелсін.
Тармақ 8
8. Жылжымалы көздерден табиғаттық ортаны ластағаны үшін төлемдер моторлық отындармен жабдықтаушылардан (сатушылардан), моторлық отындарды сақтаушылардан, басқа да кәсіпорындардан, соның ішінде облыстан тыс жерлерде тіркелген, алынсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Ф. Вербнякқа жүктелсін.