О предоставлении таможенных льгот фирмам-участницам первой торговой выставки стран-членов Совета сотрудничества арабских государств Персидского залива (ССАГПЗ) в городе Алматы (май 1999 года) Қолданыста
Басқа 0
Алматы қаласында (1999 жылғы мамыр) Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне (ПШАМЫК) мүше елдердің бірінші сауда көрмесіне қатысушы фирмаларға кедендік жеңілдіктер беру туралы
Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне (ПШАМЫК) мүше елдермен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандырудың, ықтимал инвесторларды тартудың қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ ПШАМЫК Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының өтінішін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Алматы қаласындағы "Атакент" Қазақстан іскерлік ынтымақтастығы орталығының аумағында Парсы шығанағындағы араб елдерінің бірінші сауда көрмесін өткізу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Былай:
Тармақша 1
1) аталған көрмеге шетелдік қатысушылар әкелген тауарлар уақытша әкелінген кедендік режимде рәсімделеді және импортталатын тауарлар кедендік баж және салықтарды төлеуден босатылады;
Тармақша 2
2) уақытша әкелінген кедендік режимде рәсімделген тауарларды иеліктен айырған жағдайда, импортталатын тауарларға тиісті кедендік төлемдер және салықтар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төленеді деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті "Атакент" Қазақстан іскерлік ынтымақтастығы орталығының аумағына көрмені өткізу үшін әкелінген тауарларды кедендік рәсімдеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Шет ел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері үшін кедендік жеңілдіктерді бере отырып, көрмені өткізуге жәрдем көрсету үшін Қазақстан Республикасына дипломатиялық арналар бойынша әкелінген баспа, жарнама және кәдесый өнімдерін кедендік рәсімдеу жүзеге асырылсын.
Тармақ 5
5. Мәселелерді жедел шешу және көрмеге практикалық жәрдем көрсету үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының төрағалығымен және құрамына Сыртқы істер министрлігінің, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің, Мемлекеттік кіріс министрлігінің, Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің, "Атакент" Қазақстан
іскерлік ынтымақтастығы орталығының өкілдері кіретін жұмыс комиссиясы
құрылсын.
Тармақ 6
6. Аталған ведомстволар осы қаулы шыққан соң төрт күн мерзім
ішінде жұмыс комиссиясының құрамына кандидатураларды ұсынсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.