Об утверждении ставок платежей за загрязнение окружающей среды по городу Алматы на 1999 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы бойынша 1999 жылғы қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем мөлшерлерiн бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 29.11.1999 № 1143 шешімімен. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi "Қоршаған ортаны қорғау" туралы Заңының 10 бабының 2 тармағына және 29 бабының 3 тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау қорына төлемдердi тиiмдi жинауды қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының әкiмiнiң N 1213 1998 жылғы 1 желтоқсандағы Қаулысы бойынша Алматы қаласының Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшiн 1999 жылға арналған төлем мөлшерлерi 1999 ж. бiрiншi наурыздан бастап бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Алматы қаласында тiркелген табиғатты пайдаланушыларға қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдi Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 20 бабының 1 тармағына және 29 бабының 1 тармағына сәйкес және N 1213 1998 жылғы 18 наурыздан қоршаған ортаны ластағаны үшiн ақы алу Қазақстан Республикасының әкiмiмен бекiтiлген Ережесiмен сәйкес жүргiзу мiндеттелсiн.
Тармақ 3
3. Қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ("Вечерний Алматы" және "Алматы Ақшамы" газеттерi), табиғатты пайдаланушыларға қоршаған ортаны ластағаны үшiн 1999 жылға арналған төлем ставкаларын жеткiзсiн.
Тармақ 4
4. "Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем мөлшерлерiн бекiту туралы" Алматы қаласы әкiмiнiң 1998 жылғы 28 наурыздағы N 212 шешiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Е.И. Шатовқа жүктелсiн.
Басқа 6
Алматы қаласының әкiмнiң 1999 жылғы 25 ақпандағы N 196 шешiмiне N 1 қосымша Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшiн 1999 жылға арналған төлем мөлшерлерi N Көрсеткiштер Өлшем бiрлiгi Төлем мөлшерлерi 1 Стационарлы көздерден ластанғаны үшiн теңге/ш.т 380,0 2 Этилденбеген бензинмен жұмыс iстейтiн жылжымалы көздерден ластанғаны үшiн теңге/т 540,0 Сондай-ақ, этилденген жанармаймен жұмыс iстейтiн жылжымалы көздерден ластанғаны үшiн, сондай-ақ,бензиннің және дизель отынының құрамында отындарға арналған "CLEAN DASH CONS" қосалқы құрал негізіндегі сұйық концентрат болмаса теңге/т 10800,0 Сұйытылған мұнай газымен жұмыс iстейтiн көздерден теңге/т 484,0 Дизель жанармайымен жұмыс iстейтiн көздерден теңге/т 853,0 Сығылған табиғи газбен жұмыс iстейтiн, немесе түтiндi бейтараптандыратын қондырғы орнатылған жылжымалы көздерден теңге/ 1000т.м 327,0 📌 Ескерту. 2 тармақтағы 2-ші азат жол толықтырылды - Алматы қаласының әкімінің 13.05.1999 N 438 шешімімен. 3 Су көздерiн ластайтын заттарды тастағаны үшiн теңге/ш.т 3400,0 4 Тұтыну және өндiрiс қалдықтарын орналастырғаны үшiн 1 сыныпты ластаушы теңге/т 14400,0 2 сыныпты ластаушы теңге/т 7200,0 3 сыныпты ластаушы теңге/т 1800,0 4 сыныпты ластаушы теңге/т 900,0 5 сыныпты ластаушы теңге/т 450,0 МБк радиоактивтiк қалдықтарды орналастырғаны үшiн (өлшем бiрлiгi) - 1 ГБк, (төлем ставкасы) - 18 теңге <*> теңге/МБк 10000,0 Ескерту. 4-тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімінің 04.10.1999 N 927 шешімімен. 5 Қалаға жылжытқышы бензинмен жұмыс iстейтiн бөгде жеңiл көлiк кiргенi үшiн теңге/ көлiк 330,0 Жылжытқышы бензинмен жұмыс iстейтiн жүк және автобус көлiгi үшiн теңге/ көлiк 660,0 Жылжытқышы дизельдi жанармаймен жұмыс iстейтiн жүк және автобус көлiгi үшiн теңге/ көлiк 792,0 Тракторлар үшiн теңге/ көлiк 990,0 Газ немесе түтiнiн бейтараптандыратын қондырғысы бар автомобильдер үшiн теңге/ көлiк 132,0 Экологиялық аймаққа жылжытқышы бензинмен жүретiн жеңiл көлiк кiргенi үшiн теңге/ көлiк 109,0 Жылжытқышы бензинмен жүретiн жүк көлiгi үшiн теңге/ көлiк 218,0 Жылжытқышы дизельдi жанармаймен жүретiн жүк көлiгi үшiн теңге/ көлiк 262,0 Тракторлар үшiн теңге/ көлiк 338,0 Түтiнiн бейтараптыратын қондырғысы бар және газ отынымен жұмыс iстейтiн көлiктер үшiн теңге/ көлiк 55,0/айға Экологиялық аймақта тұратын немесе саяжай иелерiнiң көлiгi үшiн теңге/ көлiк 98,0/айға Экологиялық аймақта жұмыс істейтін адамдар көлігі үшін теңге/ көлiк 327,0/айға Экологиялық аймақта орналасқан кәсiпорындар көлiгi үшiн теңге/ көлiк 654,0/айға Мүгедектер, ҰОС қатысқандар, еңбек ардагерлерi, зейнеткерлер, арнайы және өкiмет көлiктерi үшiн теңге/ т.м. тегін 7 Рұқсатсыз қалыптан тыс су ресурстарын алғаны және пайдаланғаны үшiн теңге/ т.м. 5,45 8 Қала аумағындағы жасыл желектердi сындырғаны үшiн өтемақы (қалпына келтiру): жеке тұрған құнды ағаштар теңге/ дана 22663,0 дейін жеке тұрған ағаштар теңге/ дана 16106,0 дейін бұташалар теңге/ дана 845,0 дейін жасыл баулар теңге/ дана 646,0 дейін көк желектер теңге/ 1ш.м 238,0 дейін гүлзарлар теңге/ 1ш.м 646,0 дейін