О запрещении весенней охоты на водоплавающую птицу в 1999 году Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылы көктемде суда жүзетін құстарды аулауға тыйым салу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 30.12.1999 № 254 шешімімен. Тексеру нәтижесі көрсеткендей, соңғы жылдары болған құрғақшылықтан жемшөп базасының нашарлығы мен ормандар мен далалықтарда өрттердің көп болуы салдарынан облыс аумағында суда жүзетін құстар мен басқа да хайуанаттар саны күрт кеміп кетті. «Жануарлар дүниесін қорғау, көбейту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20 және 42-баптарын басшылыққа ала отырып, суда жүзетін құстарды сақтау және көбейту мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыстық орман, балык және аң шаруашылығы басқармасының үстіміздегі жылдың көктемінде облыс аумағында суда жүзетін құстардың барлық түрін аулауды шектеу және оған тыйым салу туралы ұсынысы қабылдансын.
Тармақ 2
2. Облыстық орман, балық және аң шаруашылығы баскармасы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауды, көбейтуді және пайдалануды мемлекеттік бақылайтын облыстық инспекция, облыстық ішкі істер басқармасы, аңшылықты пайдаланушы коғамдық бірлестіктермен бірлесіп, заңсыз аң аулаудың жолын кесу жөнінде шаралар алатын болсын.
Тармақ 3
3. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында мазмұндалып жариялансын.
Тармақ 4
4. Өкімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.А.Алексеевке жүктелсін.