О проведении комплексных проверок по составлению и исполнению местных бюджетов в 1999 году Күшін жойған
Басқа 0
1999 жылы жергiлiктi бюджеттердi жасау және орындау
жөнiнде кешендi тексерулер жүргiзу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
2004 жылғы 19 тамыздагы N 94 шешімімен.
Тармақ 1
1. "Бюджеттiк жүйе туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24
желтоқсандағы N52-1 Заңына сәйкес 1999 жылы Шығыс Қазақстан
облысы бойынша казначей басқармасының (Юркина А.И.), облыстық қаржы
басқармасының (Құрманғалиев А.ә.), облыстық салық комитетiнiң (Шманов
Н.Т.) бiрлескен жоспары бойынша (қоса берiлуде) қалалар мен аудандардың
бюджеттерiн жасау және орындау жөнiнде тексерулер жүргiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Жергiлiктi бюджеттердi жасау және орындау жөнiнде кешендi
тексерулер жоспарын орындау жөнiндегi үйлестiрушi орган болып Шығыс
Қазақстан облысы бойынша казначей басқармасы белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысы бойынша казначей басқармасы тексерулер
өткiзу жөнiнде жұмыс топтарын толықтыруды қамтамасыз етсiн, оларды
көрсетiлген мерзiмдерде өткiзсiн. Нәтижелерi облыс әкiмiне хабарлансын.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi тексерулер жүргiзулер үшiн
жағдайлар туғызуды қамтамасыз етсiн, барлық қажеттi құжаттарды берсiн.
Тармақ 5
5. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары
М.Қ. Татаевқа жүктелсiн.
Басқа 6. Шығыс Қазақстан облысының жергiлiктi бюджеттерiн жасау және
орындау жөнiндегi жұмыстың жағдайын кешендi тексерудi жүргiзу
жөнiнде 1999 жылға арналған
Облыс әкiмiнiң
1999 жылғы 15 наурыз
N1-565 өкiмiне қосымша
Шығыс Қазақстан облысының жергiлiктi бюджеттерiн жасау және
орындау жөнiндегi жұмыстың жағдайын кешендi тексерудi жүргiзу
жөнiнде 1999 жылға арналған
ЖОСПАР