Об организации отдыха, оздоровления детей и подростков в летний период 1999 года Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылдың жазы кезiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауығуын ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздагы N 94 шешімімен. 1999 жылдың жазы кезiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң демалуына, сауығуына және еңбекпен шұғылдануына қажеттi жағдайлар жасау, аз қамтылған отбасыларының балаларына адрестiк әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында:
Тармақ 1
1. 1999 жылы балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауығуын және еңбекпен шұғылдануын ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы мен шаралары бекiтiлсiн (N1, N2 қосымшалар).
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерiне, облыстық денсаулық сақтау (Аңдагулов Қ.Б.), бiлiм (Байхонова С.З.), мемсанэпидқадағалау (Якупов В.С.), мәдениет, спорт және туризм (Данияров Б.Қ.), iшкi iстер (Күнғожинов С.Т.) басқармалары мен департаменттерiнiң басшыларына аз қамтылған отбасылары балаларының, жетiмдердiң, балалар үйiнде тәрбиеленушiлердiң жаз кезiнде сауығуы және еңбекпен шұғылдануы, техникалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, жарақаттану оқиғаларына жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдау мiндеттелсiн.
Тармақ 3
3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Ж.Абайдiлдинге жүктелсiн.
Басқа 4. 1999 жылдың жазы кезiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауығуын және еңбекпен шұғылдануын ұйымдастыру жөнiндегi
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 12 сәуір N1-582 өкiмiне № 1 қосымша 1999 жылдың жазы кезiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауығуын және еңбекпен шұғылдануын ұйымдастыру жөнiндегi ШАРАЛАР Облыс әкiмi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң меңгерушiсi
Басқа 5. 1999 жылғы жаз кезiнде балалардың демалысын және еңбекпен ш ұғылдануын ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 12 сәуір N1-582 өкіміне N2 қосымша 1999 жылғы жаз кезiнде балалардың демалысын және еңбекпен ш ұғылдануын ұйымдастыру жөнiндегi облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ Облыс әкiмiнiң аппараты iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң меңгерушiсi