О проведении ветеринарно – профилактических мероприятий на территории области в 1999 году Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылы облыс аумағында мал дәрігерлік – сауықтыру шараларын өткізу туралы Көктемгі сауықтыру шараларын дер кезінде өткізу, мал ауруларын азайту, халықтың денсаулығын қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың республика ауылшаруашылық кешенінің қызметкерлерімен 1998 жылғы 22 желтоқсанда өткен мәжілісте берген тапсырмаларына сәйкес ауылшаруашылық мал басы санын есепке алу мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, ауыл шаруашылығы департаменті (Б.Б. Асайынова), облыстың мал дәрігерлік комитеті (А.О. Мұстафин), облыс статистика басқармасы (А.П. Быков) 1999 жылы облыс аумағындағы меншіктің барлық түрлеріндегі ауылшаруашылық құрылымдарда мал дәрігерлік - сауықтыру шараларын өткізуді және мал басын есепке алу жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Облыс бойынша қаржы басқармасы (С.Ө. Есімханов) 1999 жылғы бюджеттік анықтаған кезде жергілікті деңгейдегі мал дәрігерлік шараларды өткізуге сметаға сәйкес 9,7 миллион теңге және көктемгі сауықтыру шараларын өткізуге – 2,8 миллион теңге қаржыны қарастыратын болсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.И. Кошевойға жүктелсін.