О противопаводковых мероприятиях в весенний период 1999 года Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылғы көктем кезіндегі қызылсуға қарсы шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздагы N 94 шешімімен. Облыс аумағында қуатты қар жабыны пайда болды, ол көпжылғы орта мөлшердегiден бiржарым-екi есе асып түседi. Көкпектi, Күршiм, Тарбағатай, Жарма, Аягөз, Зайсан, Катонқарағай, Үржар аудандарында нормадан 20-60% асып түсетiн қар сулары қорының бiркелкi бөлiнбеуiне назар аудару қажет. Облыстың таулы аудандарында Қара Ертiс, Күршiм, Қалжыр өзендерiнiң ағынды су аймағында қардағы су қоры 40% артық, бұл күн тез жылығанда жоғары су тасқынын, елдi мекендердi су басуын, жолдар мен көпiрлердiң бұзылуын туғызуы мүмкiн. Шаралар қолданбаған жағдайда тау-кен кәсiпорындарының қалдықтар қоймаларының, жасанды су қоймаларының қауiптi жағдайға тап болуы мүмкiн. Қар көшкiнiнен жолдарға едәуiр зардап келтiрiлуi ықтимал. Көктемгi қызылсудан және қар көшкiнiнен облыс экономикасына едәуiр материалдық зиян келтiрiлуiне жол бермеу жөнiнде дер кезiнде шаралар қолдану мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қызылсуға қарсы 1999 жылға арналған шаралар бекiтiлсiн (N 1 қосымша). Олардың дер кезiнде және толық көлемiнде орындалуына жауапкершiлiк қалалар мен аудандардың әкiмдерiне, облыстық ауыл шаруашылығы және өңдеушi өнеркәсiп басқармасының (Томашенко А.П.), автомобиль жолдарының қазыналы кәсiпорнының (Федосов А.И.), су ресурстары комитетiнiң (Ағажаев О.А.), "Қазселқорғау" қазыналы кәсiпорнының (Момбаев М.А.), гидрометеорология және мониторинг орталығының (Кондратьев В.П.), төтенше жағдайлар басқармасының (Темный Г.В.), меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдар мен кәсiпорындардың басшыларына жүктеледi.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан гидрометеорология және мониторинг орталығы (Кондратьев В.П.), "Қазселқорғау" қазыналы кәсiпорны (Момбаев М.Н.), су ресурстары комитетi (Ағажаев О.А.), ауыл шаруашылығы және өңдеушi өнеркәсiп басқармасы (Томашенко А.П.), автомобиль жолдарының қазыналы кәсiпорны (Федосов А.И.) объектiлер мен елдi мекендер үшiн қызылсу, сел және көшкiн болуы ықтимал қауiптi аймақтарда қалыптасатын жағдайды бағалау, оның дамуын болжау және алдын-ала ескерту шараларын қолдану мақсатында жауапты адамдар тағайындасын және тұрақты қадағалау ұйымдастырсын. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi қалалар мен аудандарда қызылсулық жағдай туралы ақпарат алудың айқын схемасын белгiлесiн, қызылсу кезеңiндегi жағдайға және апаттық жағдайға оперативтi басшылық жасау жөнiнде әкiм орынбасарының (төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық комиссия төрағасының) басшылық етуiмен жұмысшы тобын құрсын, олардың дербес құрамын, тұрақты болатын орнын белгiлесiн, кезекшi көлiк бекiтсiн, қардың интенсивтi еруi және қауiптi су тасқынының басталуымен әкiматтарда тәулiк бойы кезекшiлiк ұйымдастырсын. Осы тармақта аталған барлық облыстық ведомстволардың басшылары, қалалар мен аудандардың әкiмдерi 1999 жылғы 25 наурызға дейiн облыстық төтенше жағдайлар басқармасына жауапты адамдардың тiзiмiн, кезекшi телефондар нөмiрлерiн берсiн. "Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар басқармасының" мемлекеттiк кәсiпорнының бастығы Темный Г.В. хабарларды жеткiзу үлгiсiн, қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық басқармалар мен комитеттер оларды облыстық төтенше жағдайлар басқармасының оперативтi кезекшiсiне (тәулiк бойғы факс: 26-88-27, телефон 25-08-16) беру мерзiмiн белгiлесiн.
Тармақ 3
3. "Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар басқармасының" мемлекеттiк мекемесi (Темный Г.В.), қалалар мен аудандардың әкiмдерi, "Казселқорғау" қазыналы кәсiпорны (Момбаев М.А.) 1999 жылғы 25 наурызға дейiнгi мерзiмде күштi қызылсу ағады деп болжаған жерлерде облыстық авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын әзiрлiк жағдайына келтiрсiн. Жағдай туған шақта оларды оперативтi жеткiзудiң және нақты iске кiрiсулерiнiң әдiстерiн пысықтасын. Қызылсуға қарсы күрес үшiн азаматтық қорғаныстың инженерлiк құрылымдарын қатыстыру жоспарында облыстың қызылсу қауіпі туатын аудандарда пайдалану үшiн Өскемен, Зырян, Семей қалаларында резервтер ұстау көзделсiн.
Тармақ 4
4. Облыс әкімiнiң орынбасары Ю.П.Швайченко, облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Г.В.Темный, қалалар мен аудандардың әкiмдерi 1999 жылғы 25 наурызға дейiнгi мерзiмде халыққа құлақтандыру мен оларды, малды және материалдық бағалы заттарды су басуы мүмкiн болатын аймақтардан көшiру жоспарларын жасасын, қалалық және аудандық бюджеттердiң, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражаттары есебiнен жағалауларды бекiту және дамбаларды тазарту жұмыстарын орындау, балласт, инерттiк және кен емес материалдар, темiрбетон конструкцияларын және басқа материалдарды олар қажет болатын жерлерге дер кезiнде жеткiзiп, қорлар жасау жөнiнде шаралар қолдансын, карьерлердi, көлiктi және тиеу техникасын дайындасын.
Тармақ 5
5. Облыстық су қорлары комитетiнiң (Ағажаев О.А.), облыстық ауыл шаруашылығы және өңдеушi өнеркәсiп басқармасы (Томашенко А.П.), экология және биоресурстар басқармасы (Адамов Р.Ж.), облыстық төтенше жағдайлар басқармасының тау-кен техникалық қадағалау жөнiндегi облыстық мемлекеттiк инспекциясы (Құнанбаев Н.С.), "KEGOK" АҚ ШЭС Шығыс филиалы (Недовесов В.С.), "Алтайэнерго" РЭК ААҚ (Демчук А.С.), "Семей РЭС" (Дүйсенғұлов), "Аягөз РЭС" ЕАҚ (Жоламанов Н.Т.), қалалар мен аудандардың әкiмдерi су өткiзетiн, су құлататын қорғаныс және басқа құрылыстарды қызылсуды қабылдауға және өткiзуге берiктiлiгiн арттырсын. Наурыз айы iшiнде су қоймаларын, қалдықтар қоймаларын, су айдындарын, жинақтағыш тоғандарды қызылсуды, сел тасқындарын қабылдау және өткiзу үшiн зерттеу, бекiту және әзiрлеу аяқталсын.
Тармақ 6
6. Шығыс Қазақстан автомобиль жолдары қазыналы кәсiпорнының директоры (Федосов А.И.), "Қазақстан Темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Защита (Кривобоков С.Л.), Семей (Қабышев Н.) бөлiмдерi су өткiзетiн құбырларды, кюветтердi тазалау, автомобиль, темiржол жолдары мен көпiрлердi қызылсулардың және мұздардың ықпалынан қорғау жөнiнде 1999 жылғы 25 наурызға дейiнгi мерзiмде шаралар белгiлесiн және оларды орындауды ұйымдастырсын, осы себептерден жолдар бойынша қозғалыстың үзiлуiне жол бермесiн.
Тармақ 7
7. Облыстық судан құтқару орталығының бастығы О.Ф.Витязев, қалалар мен аудандардың әкiмдерi адамдарды апаттық жағдайлардан құтқару жағдайы туса қажеттi жүзу құралдары мен ұтқыр топ әзiрлесiн.
Тармақ 8
8. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi қызылсу ағысы басталғанға дейiн қызылсудың зардаптарын оқшаулау және жою үшiн қалалық және аудандық бюджеттердiң төтенше жағдайларға арналған резервтiк қор қаражаттары есебiнен жанар-жағар май материалдарының қорларын мына көлемде жасасын: дизельдiк отын - 10 тоннадан, бензин - 5 тоннадан.
Тармақ 9
9. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы зардап шеккен халыққа медициналық көмек көрсету үшiн медикаменттер қорын жасасын.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы басқармасының бастығы (А.Ә.Құрманғалиев) төтенше жағдайларды жою қаражаттарынан облыстық төтенше жағдайлар басқармасына (Г.В.Темный) қызыл су ағыны кезiнде төтенше жағдайларды оқшаулауға және жою жөнiндегi бiрiншi кезектi жұмыстарға ақы төлеу үшiн бiржарым миллион теңге бөлсiн.
Тармақ 11
11. Облыстық телекоммуникация дирекциясының директоры А.С.Дьяченко қызылсу қаупi туатын аймақтағы елдi мекендермен тұрақты телефон байланысын ұйымдастырсын. Қызылсу ағыны басталысымен "кезекшiлiк қабылдау" режимiнде аудан орталықтарымен тәулiк бойы тұрақты радиобайланысын ұйымдастырсын.
Тармақ 12
12. Облыстық мемлекеттiк өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы (Коншу В.П.) қызылсу ағысы басталған кезде барлау, жарылыс, құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн тiкұшақтардың дайын тұруын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 13
13. Қызылсуларға қарсы шараларға оперативтi басшылық жасау және облыс әкiмiнiң осы шешiмiн орындауға бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Ю.П.Швайченкоға, ол жоқ болған кезде облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Г.В.Темныйға жүктелсiн.
Басқа 14. ТӨТЕНШЕ ЖА­ДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ЖОЮ
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 5 наурыз N 655 шешiмiне N1 қосымша ТӨТЕНШЕ ЖА­ДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ЖОЮ ЖӨНIНДЕГI ОБЛЫСТЫҚ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ҚЫЗЫЛСУ­А ҚАРСЫ ШАРАЛАРЫ "Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар басқармасы" Мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы