Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в апреле-июне 1999 года Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды 1999 жылғы сәуiр-маусымда мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 1 сәуiрдегi № 105 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығының негiзiнде:
Тармақ 1
1. Мерзiмдi қызметке шақырылуды кейiнге қалдыруға құқығы жоқ 1981-1972 жылғы азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды және 1998 жылдың 1 сәуiрден бастап 30 маусымға дейiн шақырылғандарды Қарулы Күштерге жiберу өткiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Аудандық (қалалық) шақыру комиссиялардың жұмысына басшылық ету және бақылау үшiн мына құрамдағы облыстық комиссиясы құрылсын: Д.Қ. Мыңбай облыс Әкiмiнiң орынбасары, комиссияның төрағасы Т.М. Нұров облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша) Е.Ш. Линова комиссияның хатшысы (келiсiм бойынша) Комиссия мүшелерi: А.М. Шкут облыстық iшкi iстер бас басқармасы бастығының орынбасары (келiсiмi бойынша) А.Ә. Маймақов облыс әкiмшiлiгi денсаулық сақтау департаментi бастығының орынбасары В.Е. Устинов облыс Әкiмi аппараты мемлекеттiк-құқық жұмыс бөлiмiнiң бас маманы М.Ә. Жылқышиев дәрiгер, облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссиясының төрағасы (келiсiм бойынша) Аудандық (қалалық) шақыру комиссиялары өз жұмысын 1998 жылғы 1 сәуiрден, облыстық шақыру комиссиясы 12 сәуiрден бастасын.
Тармақ 3
3. Комиссияның төрағасы аудандық, қалалық шақыру комиссиялардың жұмысын және 1998 жылғы көктемдегi шақырудың барысын бақылау үшiн жолсапарларға шығу кестесiн комиссияның барлық мүшелерiмен үйлестiрсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық шақыру комиссиясының жұмысы облыстық жиналу пунктiнiң негiзiнде ұйымдастырылсын. Облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссия жұмысының күн тәртiбi сенбi және жексенбi күндерден басқа күндерi 9.00-ден 18.00 дейiн белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Облыс әкiмшiлiгiнiң денсаулық сақтау департаментi (Момынов): - қалалық, аудандық және облыстық шақыру комиссияларындағы дәрiгер-мамандарының шақырушыларды медициналық куәлендiруден өткiзудi Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң 1995 жылғы N 61 бұйрығында анықталған медициналық куәлендiрудiң әдiстерi мен нормаларына сәйкес қала, аудан әкiмдерi белгiленген мерзiмде ұйымдастырсын; - емдеу мекемелерi қажеттi дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етiлсiн; - шақыру комиссиялардың жолдамалары бойынша шақырушыларды стационарлық қараудан шұғыл өткiзу ұйымдастырылсын; - облыстық жиналу пунктi үшiн медициналық бақылау комиссиясының жұмыс уақытына жылжымалы рентген қондырғысы бөлiнсiн; - 1999 жылғы 20 маусымға дейiн шақыру комиссияларының жұмыс қорытындылары талдансын, медициналық қамтамасыз етудi жетiлдiру, жастарды Қарулы Күштер қатарындағы қызметке дайындау және оларды медициналық куәлендiру жөнiндегi ұсыныстар дайындалсын; - шақырудан бұрын облыстық, қалалық медициналық комиссиялардың дәрiгерлерiмен шақырушыларды медициналық куәлендiру бойынша жиын өткiзiлсiн; - облыстық, қала аудандық денсаулық сақтау органдарының сұраныстары бойынша шақыру комиссиялары үшiн қосымша дәрiгер-мамандар жiберiлсiн; - облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың құрамына тағайындаулар облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссияның төрағасы М. Жылқышиевпен келiсiлсiн.
Тармақ 6
6. Облыс әкiмшiлiгiнiң мәдениет басқармасы (Әлихан): - шақыру учаскелерiнде, облыстық жиналу пунктiнде жастардың отаншылдық, отанының қауiпсiздiгiне тiкелей жауапкершiлiк және парыздық сезiмдерiн тәрбиелейтiн шығармашыл ұжымдардың концерттерiн және басқа да мәдени-көпшiлiк iс-шараларды ұйымдастырсын; - әскери-отаншылдық тақырыптарға көркем және құжат фильмдерiн көрсетудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Облыстық тұтынушылар одағы (Жамалбеков) шақыру учаскелерiнде, облыстық жиналу пунктiнде тамақтандыруды және күнделiктi қажеттi тауарларды сатуды ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Iшкi iстер Бас басқармасы (Оразалиев) мерзiмдi әскери қызметке шақырылудан бас тартып жүрген азаматтарды iздестiруге және оларды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту шараларын көрсiн, әскери комиссариаттағы азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға жәрдем берсiн, шақыру учаскелерi мен облыстық жиналу пунктiнен командаларды жөнелту күндерi қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. Желiлiк iшкi iстер бөлiмi (Андреев) шақырылғандарды жөнелту кезiнде темiржол стансаларындағы қоғамдық тәртiптi, сондай-ақ оларды Оңтүстiк Қазақстан облысының шекарасына дейiн шығарып салуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 10
10. Облыс әкiмшiлiгi спорт және дене шынықтыру департаментiнiң бастығы (Бектаев): - шақырылғандардың арасында "Денсаулық" бағдарламасы бойынша және спорт разрядтарына нормативтердi тапсыру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне қажеттi мамандар даярлау жөнiндегi спорт iс-шараларын өткiзсiн. Облыстық жиналу пунктiнде жоғарыда аталған нормативтердi дәлелдеу үшiн шақырылғандарды тексеру ұйымдастырылсын.
Тармақ 11
11. Облыстық телерадио бiрлестiгi (Қонысбеков) және облыстық, қалалық және аудандық газеттердiң редакциялары облыстық әскери комиссариатпен бiрлесiп, жастарды әскери қызметке дайындау және қызметтi атқаруға бағытталған арнайы бағдарламалар мен жариялымдарды берудi жалғастырсын.
Тармақ 12
12. Облыс әкiмшiлiгi көлiк коммуникация және саяхат департаментiнiң бастығы (Рысбеков) әскери комиссариаттардың сұраныстары бойынша шақырылғандарды тасымалдау үшiн жергiлiктi бюджеттiң есебiнен техникалық жағдайы жақсы автобустардың қажеттi санын берсiн.
Тармақ 13
13. Облыстық баспахана (Тәңiрбергенов) азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету үшiн қажеттi бланкiлердi дайындасын.
Тармақ 14
14. "Түркiстанэнергия" ААҚ (Кембаев) жастардың медициналық куәлендiруiн сапалы өткiзу мақсатында шақыру жүрiп жатқан кезде 1998 жылғы 12 сәуiрден бастап 25 маусымға дейiн күн сайын сағат 9.00-ден 20.00 дейiн шақыру пункттерiн үздiксiз электр қуатымен қамтамасыз етсiн.
Тармақ 15
15. Қала, аудан әкiмдерi: - "Жаппай әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңның 14 бабына сәйкес шақыру комиссияларды құру туралы шешiм қабылдасын; - жастарды Қарулы Күштер қатарындағы қызметке дайындау және азаматтарды 1998 жылғы сәуiр-маусымда әскери қызметке шақыруды өткiзу жөнiндегi қажеттi iс-шараларды жасасын және өткiзсiн; - шақыруды ұйымдастыру және өткiзу, әскерге шақырылғандарды жөнелту үшiн әскери комиссариаттарды аталған жұмыстарды атқару үшiн қолайлы жабдықталған үй-жайлармен қамтамасыз етсiн, дәрiгерлердiң, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушi құрамдағы адамдардың қажеттi санын бөлсiн; - меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындар, ұйымдар, оқу орындары мен басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшыларынан "Жаппай әскери мiндеттiлiк пен әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңның 34 бабы 5 тармағының талаптарын мiндеттi түрде орындауды талап етсiн; - Шымкент қаласының әкiмi (Iзбасханов) 1, 2 қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлердiң және қызмет көрсету құрамының қажеттi санын, сондай-ақ азаматтарды әскери қызметке шақыру кезiнде облыстық жиналу пунктiнiң жұмысы үшiн кезекшi автокөлiк бөлсiн; - ауыл әкiмшiлiктердi шақыру кезiнде шақырылғандардың алған шақыру қағаздарына сәйкес, аудан, қала әскери комиссариатына баруын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 16
16. Бағыныстағы және меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер мен оқу орындарының басшылары шақырылғандарды iс-сапарларынан (демалыстарынан) шақырып алсын және олардың шақыру учаскелерiне дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 17
17. Облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (Раздықов) шақыру науқанын өткiзу кезiнде телефон байланысының үздiксiз жұмыс iстеп тұруын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 18
18. Облыс iшкi iстер Бас басқармасы жол полициясы басқармасының бастығы (Ержанов) облыстық жиналу пункттерiне баратын жолдарда рұқсатнама арқылы жүру және жiберу тәртiбiн ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн.
Тармақ 19
19. Қабылданған шаралар, сондай-ақ шақырудың қорытындылары туралы 1999 жылғы 5 шiлдеге дейiн мемлекеттiк-құқық жұмыс бөлiмiне хабарлансын.
Тармақ 20
20. Осы шешiмнiң орындалуы қала, аудан әкiмдерiнiң орынбасарлары - шақыру комиссиялардың төрағаларымен бiрiгiп облыс әкiмшiлiгiнде 1999 жылғы шiлдеде болып өтетiн мәжiлiсте қаралсын.
Тармақ 21
21. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары (Д. Мыңбайға) жүктелсiн.
Басқа 22
Облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы 13 сәуірдегі № 112 шешiмiне 1 қосымша 1999 жылғы көктемгi шақыруды өткiзу үшiн облыстық жиналу пунктiне автокөлiк бөлетiн ұйымдар мен мекемелердiң ТІЗІМІ № Ұйымдар мен мекемелердiң аттары Автокөлiктiң саны Ескерту 1 № 5 автокомбинат 1 2 Шымкент электржүйелерiн үйлестiру (ШЭЖҮ) 1 3 "Шымкент өнеркәсiптiк құрылысы" АҚ 1 4 "Қазақ ғылыми-зерттеу жобалау" институты 1 5 Шымкент ЖЭЦ-3 АҚ 1 6 Түркiстанэнерго ААҚ 1 7 "Кабиско"  АҚ 1
Басқа 23
Облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы 13 сәуірдегі № 112 шешiмiне 2 қосымша 1999 жылғы көктемгi шақыруды өткiзу үшiн облыстық жиналу пунктiне техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететiн адамдарды бөлетiн кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелердiң ТІЗІМІ № Ұйымдардың атау Техникалық қызметкерлердің саны Ескерту 1 Шымкент мұнай оргсинтез 1 2 "Оңтүстiк" АҚ 1 3 "Дезинфекция" ӨБ 1 4 "Қазақ жылу монтажы" АҚ 1 5 "Кабиско" ЖАҚ 1 6 "Восход" АҚ 1 машинка басушы 7 "Гарант" АҚ 1 8 Су қорлары басқармасы 1 машинка басушы 9 ОКМУ 1 машинка басушы 10 ХҚТУ 1