Об организации отдыха детей и подростков летом 1999 года Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылдың жазында балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі № 432 қаулысын орындау үшін және жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің сауықтырылуын және тәрбие жұмыстарын дер кезінде ұйымдастыру мен өткізу мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандардың, Ақтөбе қаласының әкімдері, облыстық білім басқармасы (А. А. Құдайбергенов):
Тармақша 1
1) балалар мен жасөспірімдердің демалуын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын жергілікті бюджеттерде балалармен мәдени шаралар өткізуге көзделген қаражат есебінен, сондай-ақ демеушілік және қайырымдылық көмектерді тарту есебінен ұйымдастырсын және өткізсін;
Тармақша 2
2) балалар мен жасөспірімдердің демалуы, сауықтырылуы, жұмыспен қамтылуы жөнінде облыстық, қалалық және аудандық комиссияларын құрсын;
Тармақша 3
3) бірінші кезекте жетім балалардың, ата-анасының қарауынсыз қалган балалардың, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасы балаларының, қолайсыз экологиялық аудандарда тұратын балалардың демалысын және сауықтырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) мектеп жанындағы күндізгі лагерлерін, мектептен тыс мекемелер жанындағы лагерлерін стационарлық және мектеп жанындағы еңбек және демалыс лагерлерін, окушылардың орман шаруашылығын ұйымдастырсын;
Тармақша 5
5) жасөспірімдерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, каникул кезеңінде уақытша жеңіл еңбек орындарын ұйымдастыру жөнінде заңдарға сәйкес шаралар қабылдасын;
Тармақша 6
6) жұмыссыздардың отбасы балалары үшін сауықтыру ұйымдарына тегін және женілдікті жолдамалар бөлуді қарастырсын.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Б. Е. Жантеміров) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларын, қолайсыз экологиялық аудандарда тұратын балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыруға облыстық білім басқармасына 6 млн. теңге бөлсін.
Тармақ 3
3. Облыстык денсаулық сақтау басқармасы (Ж. Е. Алдашев) сауықтыру лагерлерін медицина қызметкерлерімен толықтырып, олардың санитарлық-эпидемологиялық талаптарына сай болуларын қамтамасыз етсін. Қызмет етушілерді медициналық байқаудан және бактериологиялық зерттеулерден төлемақы алмай өткізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық ішкі істер басқармасы (С. А. Исимов):
Тармақша 1
1) балаларды тасымалдауда қауіпсіздікті және балаларды сауықтыру ұйымдарында құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оқушылардың каникул кезеңінде жолдарда және көшелерде балалар мен жас өспірімдердің жарақаттануын төмендетудің алдын алу шараларын қарастырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Е. И. Иманқұловқа жүктелсін.