О мерах по организации летнего отдыха, оздоровления, занятости детей и подростков в 1999 году Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылғы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын, пайдалы іспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы. 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2000.04.18 N 58 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкімітінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі “1999 жылғы жазғы кезенде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және пайдалы іспен қамтылуын ұйымдастыру туралы” N 432 қаулысын орындау үшін және демалыс, сауықтыру, жұмыспен қамтуды, балалар арасында құқық бұзышылықтың, бақылаусыз қалуы және қылмыстың алдын алуды ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасау мақсатында:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкімдері, басқарма, кәсіпорын басшылары, кәсіподақ, жастар, балалар және басқа да қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп 1999 жылғы жазғы маусымға уақытында дайындалуды қамтамасыз етсін, ата-анасының қамқорынсыз қалған және жетім балаларға, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылар балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға баса көңіл аударылсын. Облыстық білім беру департаментінің, балансында қала сыртындағы сауықтыру лагерьлері бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жазғы кезенде балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру жөніндегі ұсынысы қабылдансын (NN 1-3 қосымша).
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкімдері көп балалы және тұрмысы төмен отбасылар балаларының мектеп жанындағы сауықтыру лагерьлерінде сауықтырылуын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен және басқа да қаржы көздерінен қаржы қарастырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (С.Б.Өтешов) облыстық білім беру департаментіне облыстың білім беру мекемелерінде тәрбиеленетін жетім балалардың қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде сауықтырылуы үшін смета шегінде қаржы бөлсін.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (А.Е. Әбілаев), жалпы білім беру және кәсіби-техникалық мектептерінде каникул уақытында уақытша жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық туризм және спорт комитеті (С.Е. Сенин) жазғы каникул уақытында балалармен жасөспірімдердің дамуына жағдай жасасын.
Тармақ 6
6. Облыстық санитарлық-эпидемиялық станциясы (С.Т.Сәтеков) балалардың демалу және сауықтыру мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиялық жағдайын тиісті бақылаумен қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия жазғы кезенде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзышылықтын және қылмыстың, бақылаусыз қалудың алдын-алу жөнінде нақты шаралар қабылдасын.
Тармақ 8
8. Балансында қала сыртындағы сауықтыру лагерьлері бар кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары: - қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерін медициналық жыбдықтармен, дәрі-дәрмекпен, сапалы тамақтануды қамтамасыз ететін азық-түлікпен, өрт қауіпсіздігі құралдарымен, спорттық және мәдени бұйымдармен қамтамасыз етсін: - кәсіподақ комиттері және еңбек ұжымдарының келісімімен ақысыз жолдамалар, немесе құны жартылай өтелетін жолдамалар белгіленсін; - облыстық білім беру департаменті (Е.П.Бекметов), облыстық денсаулық сақтау басқармасы ( Қ.Қ.Ермекбаев), облыстық мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (Р.К.Омарбекова) келісім негізінде сауықтыру лагерьлерін білікті кадрлармен толықтырсын.
Тармақ 9
9. Қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде балалар өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге қолайлы жағдай жасау үшін: - облыстық туризм және спорт комитеті (С.Е.Сенин) спорттық, ойын алаңдарының, туристік сапарлар, экскурсиялар, серуендер бағыттарының уақытында тексерілуін қамтамасыз етсін; - облыстық суларда құтқару қызметі ( В.Д.Фаст) сауықтыру лагерьлері суға түсетін орындарының қауіпсіздігін бақылауға алсын және оларды құтқару құрылдарымен жарақтандырсын. - Бас ішкі істер басқармасы (Н.М.Дейхин) сауықтыру лагерьлері орналасқан жерлерде құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етсін, учаскелік инстпекторлар бекітіліп, белгіленген тәртіп бойынша балаларды демалыс орындарына автокөлікпен шығарып салуды жүзеге асырсын; - Облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (Б.Р.Аманов), кәсіпорын және ұйымдар басшылары қала сыртындағы лагерьлерді телефон байланысымен және оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуы жөнінде хабарлама 1999 жылғы 1 қыркүйекке тапсырылсын.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Х.Б.Қабжановқа жүктелсін.
Басқа 1. 1999 жылы мектеп жанындағы сауықтыру Лагерьлерінде балаларды сауықтыру жөніндегі ҰСЫНЫСТАР
Облыс әкімінің 1999 жылғы 05.05 N 88 шешіміне N 1 қосымша 1999 жылы мектеп жанындағы сауықтыру Лагерьлерінде балаларды сауықтыру жөніндегі ҰСЫНЫСТАР N Қала және аудандар Мектеп жанындағы лагерьлер саны Балалар саны 1. Қарағанды 44 2190 2. Балқаш 16 552 3. Жезқазған 3 300 4. Қаражал 6 320 5. Приозерск 1 300 6. Саран 2 300 7. Сәтпаев 3 300 8. Теміртау 15 1500 9. Шахтинск 11 360 10. Абай 5 420 11. Ақтоғай 6 160 12. Бұқар-Жырау 25 750 13. Жанаарқа 1 25 14. Қарқаралы 6 280 15. Осакаровка - - 16. Нұра 14 289 17. Ұлытау - - 18. Шет 4 200 БАРЛЫҒЫ: 162 8246
Басқа 2. Облыстық білім беру мекемелерінде оқитын жетім балаларға қала сыртындағы сауықтыру легерьлеріне жолдама бөлу жөніндегі ҰСЫНЫСТАР
Облыс әкімінің 1999 жылғы 05.05 N 88 шешіміне N 2 қосымша Облыстық білім беру мекемелерінде оқитын жетім балаларға қала сыртындағы сауықтыру легерьлеріне жолдама бөлу жөніндегі ҰСЫНЫСТАР N Білім беру мекемесі Балалар саны 1. Жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балаларға арналған Литвин мектеп-интернаты 272 2. Пионер балалар үйі 247 3. Крупская атындағы балалар үйі 233 4. Мектепке дейінгі балалар үйі 133 5. Төмен еститін және кеш естімей қалған балаларға арналған мектеп-интернат 2 6. Көруі зақымданған балаларға арналған мектеп-интернат 9 7. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат 5 8. Нұрмақов атындағы N 2 мектеп-интернат 12 9. Жамбыл атындағы N 7 мектеп-интернат 3 10. Қазақ-түрік лицейі 1 11. Кәсіптік техникалық мектеп 178 БАРЛЫҒЫ: 1905
Басқа 3. 1999 жылғы қала сыртындағы сауықтыру лагерьлер жүйесі және олармен балалар мен жасөспірімдерді қамту
Облыс әкімінің 1999 жылғы 05.05 N 88 шешіміне N 3 қосымша 1999 жылғы қала сыртындағы сауықтыру лагерьлер жүйесі және олармен балалар мен жасөспірімдерді қамту N Лагерьлер атауы Баланс ұстаушы Ауысым саны Балалар саны 1 2 3 4 5 1. “Ишим” ОблББД 3 300 2. "Солнечный” "Бота" облыстық қайырымдылық қоры 3 150 3. Космонавт атындағы "Космонавт атындағы балалар сауықтыру лагері" мемлекеттік мекеме 3 600 4. "Березка" "Космонавт атындағы балалар сауықтыру лагері" мемлекеттік мекеме 3 600 5. "Салют" "Испат-Кармет" АҚ КД 3 1200 6. "Романтик" "Испат-Кармет" АҚ КД 3 600 7. "Факел" "Испат-Кармет" АҚ КД 2 800 8. "Дружный" "Испат-Кармет" АҚ КД 3 600 9. "Орленок" "Испат-Кармет" АҚ КД 10. "Ленинец" Қарағанды темір жолы тасымалдау бөлімшесі 2 700 11. "Эммануил" ЕХБ шіркеуі 9 2160 12. "Космос" АО "Арқа" 3 450 13. "Юный" "Әубәкіров атындағы мектеп-гиманазия" мемлекеттік емес мекеме 2 400 14. "Факел" БКМК 3 600 15. "Жас қанат" БКМС 3 1140 16. "Горный" БКМС 3 750 17. "Мать и дитя" пролакториі БКМС 3 510 18. "Төлеген" "Абиев" ЖК 3 90 19. "Жезказганец" "Жезқазғантүстіметалл" АҚ 3 960 20. "Орленок" "Жезқазғантүстіметалл" АҚ 3 1620