О наблюдателях иностранных государств и международных организаций, общественных объединений, доверенных лицах кандидатов в депутаты, а также представителях средств массовой информации на выборах 1999 года в Парламент и маслихаты Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылғы Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер байқаушылары, депутаттыққа кандидаттардың сенім білдірген адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері туралы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 40, 42 және 43-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қоса тiркелiп отырған Қазақстан Республикасындағы сайлауда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары туралы Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қоса тiркелiп отырған Қазақстан Республикасындағы сайлауда қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерi, депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi туралы Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi тiркеген сәттен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы
Басқа 4. 1999 жылғы Қазақстан Республикасы Парламентiнің және мәслихаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 19 шілдедегі N 17/218 қаулысымен бекітілген 1999 жылғы Қазақстан Республикасы Парламентiнің және мәслихаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары туралы Ереже Осы Ереже Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның Демократиялық институттар және адам құқығы жөнiндегi бюросының (ОБСЕ/БДИПЧ) сайлауды бақылауға Басшылығына сәйкес дайындалды. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары сайлау процестерiнің барысы туралы қорытындылар жасау үшiн жiберiледi. Бақылау сайлауға байланысты адам құқығын қорғауға, оны бұзушылыққа жол бермеуге көмектесiп, сайлауды адал және әдiлеттi өткiзуге мүмкiндiк туғызады. Байқаушылардың санын оларды жiберген тараптар анықтайды және ол Қазақстан Республикасының Yкiметiмен келiсiлмейдi.
Тарау 1. 1. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тiркеудiң тәртiбi туралы
1. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тiркеудiң тәртiбi туралы
Тармақ 1
1. Байқаушылар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында тiркеледi. Тiркеу үшiн шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларының тегi, аты, жұмыс орны және байқаушыларға куәлiк беруге ыңғайлы болуы үшiн Қазақстан Республикасының қай қаласында болатындығы туралы болжамын көрсетiп Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрлiгiне байқаушылар тiзiмiн жiбередi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы өз мәжiлiсiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің ұсынысы бойынша тиiстi шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тiркеу жөнiнде шешiм қабылдайды.
Тармақ 3
3. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары болып табылмайтын адамдар-олардың үкiметтiк органдары, парламенттерi, үкiметтiк емес ұйымдары Орталық сайлау комиссиясында тiркелмейдi.
Тармақ 4
4. Байқаушылардың өкiлеттiк мерзiмiн Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы байқаушыларға олардың сайлау науқанын өткiзу кезiндегi қызметiне негiз болып табылатын белгiленген улгiдегi куәлiктер бередi.
Тарау 2. 2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының өкiлеттiктерi
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының өкiлеттiктерi
Тармақ 6
6. Байқаушылар тиiстi сайлау учаскесi мен пунктiне келгенде сайлау комиссиясының төрағасына Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы берген өзiнің куәлiгiн көрсетуi қажет.
Тармақ 7
7. Байқаушылар:
Тармақша 1
1) әрбiр учаскеде, пунктте дауыс беруге арналған учаскелер мен пункттердiң ашылуына қатысуға;
Тармақша 2
2) сайлау күнi сайлау учаскелерiнде дауыс беруге арналған пункттерiнде болуға;
Тармақша 3
3) сайлау учаскелерiнде, дауыс беруге арналған пункттерде дауыстарды санау барысын бақылауға;
Тармақша 4
4) алып жүретiн сайлау жәшiктерiне iлесiп жүруге;
Тармақша 5
5) сайлау процессi туралы ақпарат алуға;
Тармақша 6
6) алдын-ала ескерте отырып елдің аумақтарында болуға;
Тармақша 7
7) көпшiлiкке өз пiкiрiн ашық жария ету;
Тармақша 8
8) өз қалауы бойынша адамдармен, саяси партиялар өкiлдерiмен кездесуге құқылы.
Тармақ 8
8. Байқаушылар:
Тармақша 1
1) өз статусын сайлауды бақылаудан басқа жағдайға пайдаланбауға;
Тармақша 2
2) билiк, партиялар, кандидаттар жөнiнде немесе сайлау процедуралары туралы артықшылық көзқарас бiлдiруге немесе басқаша иландыруға;
Тармақша 3
3) сайлау процестерiне және дауыс санауға араласпауға;
Тармақша 4
4) қандай бiр партияларға немесе кандидаттарға қатысы бар белгiлердi, киiмдер немесе таңбаларды алып жүрмеуге мiндеттi.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк заңдарын, сайлау комиссиялары белгiлеген Ережелердi орындауға мiндеттi.
Тармақ 10
10. Байқаушылар өздерiнiң барлық тұжырымдарын жақсы құжатталған, нақты және тексеруге келетiн фактiлермен негiздеуi тиiс.
Тармақ 11
11. Байқаушылар өздерiнiң бақылаулары жөнiнде баспасөз өкiлдерiне немесе басқа ынта білдiрушiлерге күнi бұрын пiкiр бiлдiрудiң алдын алуы керек.
Тарау 3. 3. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының қызметiн қамтамасыз ету
3. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының қызметiн қамтамасыз ету
Тармақ 12
12. Байқаушылар Қазақстан Республикасының аумағында болған уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қорғауында болады.
Тармақ 13
13. Байқаушылардың қызметiн ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз ету оларды жiберген тараптар есебiнен болады.
Тармақ 14
14. Байқаушылардың өз функцияларын орындау барысында оларға тиiстi сайлау комиссиялары және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қажеттi көмек көрсетедi.
Тарау 4. 4. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының жауапкершiлiгi
4. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының жауапкершiлiгi
Тармақ 15
15. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 40, 42 және 43-баптарына сәйкес байқаушылардың сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi.
Тармақ 16
16. Байқаушылар Қазақстан Ресубликасының заңдарын немесе халықаралық құықтық нормаларын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы олардың тiркеуiн керi қайтарып алу құқығына ие.
Басқа 37. 1999 жылғы Қазақстан Республикасы Парламентiнің және мәслихаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушылары, депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 19 шілдедегі N 17/218 қаулысымен бекітілген 1999 жылғы Қазақстан Республикасы Парламентiнің және мәслихаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушылары, депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi туралы Ереже
Тарау 1. 1. Қоғамдық бiрлестiктердің байқаушыларын тiркеу тәртiбi
1. Қоғамдық бiрлестiктердің байқаушыларын тiркеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Қоғамдық бiрлестiктердiң байқаушылары қоғамдық бiрлестiктердiң республикалық және аумақтық органдарының ұсынуы бойынша аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының жанында тiркеледi.
Тармақ 2
2. Қоғамдық бiрлестiктердiң байқаушыларын тiркеу жөнiндегi шешiмдер тиiстi аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының мәжiлiстерiнде қабылданады.
Тармақ 3
3. Байқаушылардың өкiлеттiк мерзiмiн тиiстi аумақтық және округтiк сайлау комиссиялары белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Тиiстi аумақтық және округтiк сайлау комиссиялары тiркеген кезде қоғамдық бiрлестiктердің өкiлдерiне белгіленген үлгiдегi куәлiктер бередi.
Тарау 2. 2. Сенiм бiлдiрген адамдардың және қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының өкiлеттiктерi
2. Сенiм бiлдiрген адамдардың және қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының өкiлеттiктерi
Тармақ 5
5. Әрбiр сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте қоғамдық бiрлестiктердің әрқайсысынан тек бiр байқаушыдан және депутаттыққа түсiп отырған әр кандидаттың бiр ғана сенiм бiлдiрген адамы қатыса алады.
Тармақ 6
6. Байқаушылар және сенiм бiлдiрген адамдар тиiстi сайлау учаскесiне, дауыс беруге арналған пунктке келген кезде өз куәлiгiн учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасына көрсетуi тиiс.
Тармақ 7
7. Байқаушылар мен сенiм білдiрген адамдар:
Тармақша 1
1) учаскелердің, дауыс беруге арналған пункттердiң ашылуына қатысуға;
Тармақша 2
2) сайлау күнi сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пункттерде болуға;
Тармақша 3
3) дауыстарды санаудың барысын, сондай-ақ сайлау учаскелерiнде, дауыс беруге арналған пункттерде дауыс берудің нәтижелерiн анықтауды бақылауға;
Тармақша 4
4) алып жүретiн сайлау жәшiктерiне iлесiп баруға;
Тармақша 5
5) өздерi бақылауға алған сайлау процестерiндегi бұрмалану фактiлерi туралы учаскедегi учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасына хабарлап отыруға;
Тармақша 6
6) егер анықталған бұрмалаушылықтарды түзетуге учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы шара қолданбаған жағдайда, жоғары тұрған сайлау комиссиясына, сотқа, прокуратура органдарына шағымдануға хақылы.
Тармақ 8
8. Байқаушылар және сенiм бiлдiрген адамдар:
Тармақша 1
1) өзiмен бiрге тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары берген куәлiктiң болуына;
Тармақша 2
2) өзiнің мiндеттерiн өзгеге қиындық түсiрмейтiндей етіп орындауға, сайлау күнi дауыстарды санауға, басқа сайлау процестерiне араласпауға;
Тармақша 3
3) өздерiнің барлық тұжырымдарын жақсы құжатталған, нақты және тексеруге болатын фактiлермен негiздеуге;
Тармақша 4
4) учаскелiк сайлау комиссиялары белгiлеген ережелердi орындауға мiндеттi.
Тарау 3. 3. Қоғамдық бiрлестiктердің байқаушылары мен сенiм бiлдiрген адамдардың жауапкершілiгi
3. Қоғамдық бiрлестiктердің байқаушылары мен сенiм бiлдiрген адамдардың жауапкершілiгi
Тармақ 9
9. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 40, 42 және 43-баптарына сәйкес қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және сенiм білдiрген адамдардың сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi.
Тармақ 10
10. Тиiстi сайлау комиссиялары қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда оларды тiркеудi қайта шақырып алуға хақылы.
Тарау 4. 4. Сайлауға дайындық барысы мен оның қорытындыларын жазып, көрсететiн бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi туралы
4. Сайлауға дайындық барысы мен оның қорытындыларын жазып, көрсететiн бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi туралы
Тармақ 11
11. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi жеке куәлiгi мен  редакцияның тапсырмасы болған жағдайда сайлауды өткiзуге байланысты  шараларға қатыса алады.
Тармақ 12
12. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi-журналистер,  редакциялардың басшы қызметкерлерi депутаттыққа кандидат болып тiркелсе немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдары болса, онда олардың сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жазып, көрсетуiне тыйым салынады.