Об оказании адресной социальной помощи малообеспеченным гражданам (семьям) Атырауской области на 1999 год Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысының аз қамтылған азаматтарына (отбасыларына) 1999 жылы адрестік әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 1 сәуірінднгі № 359-1 «Қазақстан Республикасының 1999 жылға арналған Республикалық бюджет туралы заңына өзгерістер енгізу туралы» және 1999 жылдың 22 шілдесіндегі № 1036 «Адрестік әлеуметтік көмек көрсетудің Уақытша ережесін бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 1999 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жергілікті бюджет қаржысы есебінен келесі төлем түрлерінде адрестік әлеуметтік көмек көрстету белгіленсін:
Тармақша 1
1) балалары бар отбасыларына жәрдемақы;
Тармақша 2
2) баланың тууына берілетін әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) аз қамтылған отбасыларына және азаматтарға тұрғын үйді ұстауға төленетін жәрдемақы түріндегі тұрғын үйлік көмек;
Тармақша 5
5) жұмыссыздарға көрсетілетін материалдық көмек;
Тармақша 6
6) жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмек;
Тармақ 2
2. Адрестік әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақылары мынадай мөлшерде белгіленсін;
Тармақша 1
1) балалары бар отбасыларына: Бірінғай 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға жәрдемақы – 1,0 айлық есептік көрсеткіш Мерзімі әскери қызметкерлердің балаларына жәрдемақы – 1,0 айлық есептік көрсеткіш СПИД ауруын жұқтырған балаларға жәрдемақы – 1,0 айлық есептік көрсеткіш 7 жасқа (дейінгі 4 және одан да көп балалары бар жұмыс жасамайтын аналарға жәрдемақы -1,0 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 2
2) баланың тууына арналған әлеуметтік көмек – 4,0 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 3
3) жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек – 10,0 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 4
4) жұмыссыздарға материалдық көмек - 1,0 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 5
5) Жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмек -10,0 айлық есептік көрсеткіш.
Тармақ 3
3. Жәрдемақы тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгерту есебімен төленеді.
Тармақ 4
4. Балалары бар отьасыларына жәрдемақы, баланың тууы кезінде берілетін әлеуметтік көмек, жұмыссыздарға материалдық көмек, егер отбасындағы жан басына шаққандағы айлық орташа табыс, тиісті жылға зейнетақы , жәрдемақы, және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіштің екі еселеген мөлшерінен аспаған жағдайда көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Адрестік әлеуметтік көмекті тағайындау, қаржыландыру және төлеу туралы жалғанып отырған Уақытша ереже бекітілсін.
Тармақ 6
6. Аз қамтылған отбасыларына және азаматтарға тұрғын үйді ұстауға берілетін тұрғын үй көмегі Қазқстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 12 сәуіріндегі № 437 «Коммуналдық қызмет және тұрғын үйді ұстау төлемдерінің жаңа принципке ауысуы туралы» және 1997 жылдың 28 тамызындағы № 1297 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуіріндегі № 437 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларына сәйкес ұсынылады.
Тармақ 7
7. Областық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Ахмедов Ж.) уәкілетті орган есебінде жергілікті атқарушы органдармен бірге отырып, адрестік әлеуметтік көмек жәрдемақыларын тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы осы шешім бойынша халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері, облыстық қаржы басқармасы (Әбдіқадырова А.) 1999 жылға қаралған жергілікті бюджет қаржылары есебінен адрестік әлеуметтік көмек жәрдемақыларын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Т. Мұрсалиеваға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Облыс әкімінің осы шешімі қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Басқа 23
Облыс әкімінң 1999 жылғы 18 қазандағы № 207 шешіміне қосымша Адрестік әлеуметтік көмекті тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртібі туралы Уақытша Ережелер
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Осы Уақытша Ережелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 22 шілдесіндегі № 1036 «Адрестік әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша ережелерін бекіту туралы» қаулысына және күші бар заңдарға сәйкес адрестік әлеуметтік көмек көрсетудің Тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Адрестік әлеуметтік көмектің негізі қызметі аса аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) уақытша қаржылай қолдау көрсету болып табылады.
Тармақ 3
3. Балалары бар отбасыларына жәрдемақы, баланың тууы кезінде берілетін әлеуметтік көмек, жұмыссыздарға материалдық көмек түрлеріндегі адрестік әлеуметтік көмек егер отбасындағы жан басына шаққандағы айлық орташа табыс, тиісті жылға зейнетақы, жәрдемақы, және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіштің екі еселеген мөлшерінен аспаған жағдайда көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Адрестік көмекті алуға құқын анықтаған кезде отбасы құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылдың 21 наурызындағы № 382 «Балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы ережені бекіту» және 1998 жылдың 21 наурыздағы № 382 қаулысына өзертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларына сәйкес аңықталады.
Тармақ 5
5. Отбасы мүшелерінің жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірінің 1997 жылдың 2 сәуіріндегі № 2 және Қазақстан Республикасы Ұлтық санақ агенттігі Директорының 1997 жылдың 26 наурызындағы № Р-1-14/124 бұйрықтарымен, экономика Министірілігінің, қазақстан Республикасы қаржы Министрілігінң келісімдері мен бекітілген жиынтық табысты есептеу тәртібі туралы Нұсқаумен анықталады.
Тармақ 6
6. Адрестік әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындамау мәселелерін шешу және материалдар дайындау үшін қалалық, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінде жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылады (бұдан әрі – комиссия).
Тармақ 7
7. Адрестік әлеуметтік көмекті тағайындау туралы арыз барлық қажетті құжаттармен түскен күннен бастап 10 күн ішінде тиісті комиссиямен қаралады.
Тармақ 8
8. Комиссия әлеуметтік көмекті тағайындауға қарсы болған жағдайда шешім шығарғаннан кейін қарсы болудың себебін көрсетіп, барлық құжаттарды арыз берушіге қайтарады.
Тармақ 9
9. Комиссия тағайындалған әлеуметтік көмектің дұрыстығына жауапты.
Тармақ 10
10. Қомиссияның әлеуметтік көмекті тағайындауға қарсылық білдірген шешімі заңдармен белгіліенген ережелер бойынша шағымдалуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Адрестік әлеуметтік көмек тағайындау туралы арыз барлық берілген құжаттарымен, сонымен қатар адрестік әлеуметтік көмекті тағайындау туралы комиссия шешімінің хаттамасы немесе одан суырма алушының жеке іс-қағазында сақталады.
Тарау ii. II. Балалары бар отбасыларына жәрдемақы тағайындау тәртібі
II. Балалары бар отбасыларына жәрдемақы тағайындау тәртібі
Тармақ 1
1. Балалры бар отбасыларына жәрдемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылдың 21 наурызындағы № 382 «Балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы ережені бекіту» және 1998 жылдың 7 сәуіріндегі № 292 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 наурыздағы № 382 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларына, сонымен бірге осы Ережеге сәйкес тағайындалады және төленеді.
Тарау iii. III. Баланың тууы кезінде берілітін әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
III. Баланың тууы кезінде берілітін әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 1
1. Баланың тууы кезінде берілетін әлеуметтік көмек бала туылғанда бір рет баланың шешешсіне немесе әкесіне төленеді.
Тармақ 2
2. Ата-анасының өліміне байланысты алынбаған баланың тууы кезінде берілетін әлеуметтік көмек, баланы нақты тәрбиелеп отырған басқа ата-анаға немесе баланы тәрбиелеп отырған басқа адамға беріледі.
Тармақ 3
3. Егер бала өлі туса баланың тууына арналған әлеуметтік көмек төленбейді.
Тармақ 4
4. Егер баланың ата-анасының немесе баланы нақты тәрбилеушінің жұмыс орнынан 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 17 сәуіріне дейін баланың туылуына арналған бір жолғы жәрдемақы есептелініп қойылса баланың туылуына арналған бір жолғы әлеуметтік көмек төленбейді.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік комекті тағайындау үшін келесі құжаттарды тіркеп арыз беріледі (арызда отбасы табыстары туралы анықтамадағы көрсетілгендегіден басқа табыс көздері жоқтығы көрсетіледі):
Тармақша 1
1) азаматтық хал актілерін тіркеу органы берген баланың туылғаны туралы анықтама;
Тармақша 2
2) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) өткен тоқсандағы отбасының табысы туралы анықтама. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын отбасы мүшелері салық органдарынан анықтама, ал жұмыссыздар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту мәселелерінің уәкілетті органдарынан алатын жәрдемақысының мөлшері көрсетілген анықтама.
Тарау iv. IV. Жұмыс жасаған азаматтарға жерлеуге төленетін әлеуметтік көмекті және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге төленетін материалдық көмекті тағайында тәртібі
IV. Жұмыс жасаған азаматтарға жерлеуге төленетін әлеуметтік көмекті және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге төленетін материалдық көмекті тағайында тәртібі
Тармақ 1
1. Жұмыс жасаған немнсе рисми түрде жұмыссыз деп танылған азаматтар қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді уйымдастыруды өзіне алған адамдарға отбасы табысына қарамай әлеуметтік немесе материалдық көмек төленеді.
Тармақ 2
2. егер бұрын жұмыс жасаған жерінен 1999 жылдың 1 қаңтарынан 17 сәуіріне дейінгі аралықта оның жанұясына немесе жерлеуді үйымдастыруды өзіне алған адамдарға жерлеуге жәрдем ақы есептелген жағдайда әлеуметтік көмек төленбейді.
Тармақ 3
3. Бір жолғы әлеуметтік немесе материалдық көмекті тағайындау және төлеу үшін келесі құжаттарды тіркеп арыз беріледі:
Тармақша 1
1) азаматтық хал актілер тіркеу органы берген қайтыс болғандығы туралы анықтама;
Тармақша 2
2) қайтыс болғанға дейін азаматтың жұмыс жасағандығын дәлелдейтін жұмыс рынан анықтама немесе еңбек кітапшасының көшірмесі;
Тармақша 3
3) азаматтың қайтыс болған уақытта жұмыссыздар есебінде тіркеуде болғандығын дәлелдейтін жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдардардың анықтамасы.
Тарау v. V. Жұмыссыздарға материалдық көмек тағайындау тәртібі
V. Жұмыссыздарға материалдық көмек тағайындау тәртібі
Тармақ 1
1. Жұмыссыздарға материалдық көмек белгіленген тәртіппен жұмыссыздық мәртебесін алған азаматтарға береліді. Жұмыссыздар кәсіби оқуға немесе қоғамдық жұмысқа жіберілген жағдайда материалдық комек көрсету жұмыссызды жұмыссыздар есебінен шығармай оқудың немесе жұмыстың басталу уақытынан бастап тоқтатылады. Материалдық көмек көрсетудін жалпы мерзімі он екі айлық кезеңнің алты айынан аспауы тиіс.
Тармақ 2
2. Материалдық көмекті тағайындау үшін арыз келесі құжаттарды тіркеу арқылы беріледі (арызды отбасының анықтамада көрсетілген табыстан басқа табыстары жоқ екендігі көрсетіледі):
Тармақша 1
1) жұмыссыздық мәртебесі берілгендігі туралы анықтама;
Тармақша 2
2) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) өткен тоқсандағы отбасының табысы туралы анықтама. Заңды тұлға құқығынсыз кәсіпкерлікпен айналысатын отбасы мүшелері салық органдарынан анықтама, ал жұмыссыздар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту мәселелерінің уәкілетті органдарынан алатын жәрдемақысының мөлшері көрсетілген анықтама.
Тармақ 3
3. Жұмыссыздарға материалдық көмек арыз берген күннен бастап тағайындалады.
Тарау vi. VI. Адрестік әлеуметтік көмекті қаржыландыру және төлеу тәртібі
VI. Адрестік әлеуметтік көмекті қаржыландыру және төлеу тәртібі
Тармақ 1
1. Балалары бар отбасыларына жәрдемақы Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 1997 жылғы 10 сәуірдеге № 103 бұйрығымен бекітілген балалары бар отбасыларына жәрдемақыларды қаржыландыру Тәртібіне сәйкес қаржыландырылады және төленеді.
Тармақ 2
2. Баланың туылуына, жұмыс жасаған азаматтарды жерлеуге төленетін әлеуметтік және жұмыссыздарға, қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге берілетін материалдық көмек Қазақстанның Акционерлік Халықтық Жинақ банк филиалдары арқылы төленеді.
Тармақ 3
3. Қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері (бұдан әрі – еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері) ай сайын әр айдың 25-ші жұлдызына дейін адрестік әлеуметтік көмек алушылардың санын және тағайындалған адрестік әлеуметтік көмектің сомасын анықтайды. Әр сайын тағайындалған адрестік әлеуметтік көмектің біріктірілген тізімін адрестік әлеуметтік көмектің түрлері бойынша жасақтайды және әр айдың 30-шы жұлдызына дейін Қазақстан Халықтық банкісінің аудандық бөлімшілерене, сонымен бірге облыстың еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына (бұдае әрі – еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы) тапсырыс жолдайды.
Тармақ 4
4. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің тапсырыстары негізінде облыс бойынша әлеуметтік көмектерді төлеуге қажетті қаржы көлемін көмек түрлері бойынша анықтап, әр айдың 30-шы жұлдызына дейін облыстық қаржы басқармасына қаржыландыруға тапсырыс жолдайды.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының тапсырысы негізінде бюджетте адрестік әлеуметтік көмекті төлеуге қаралған қаржыны еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына бөлінеді. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ағымдағы шотқа қаржы келіп түскен соң екі күндік мерзім ішінде адрестік әлеуметтік көмекті төлеуге қажетті қаржыны, сонымен бірге басқарма және қазақстан Халықтық Акционерлі жинақ банкісінің облыстық филиалы арасында жасалған агенттік келісімге сәйкес комиссиялық сыйақыларды Халықтық банктің шотына аударады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмекті төлеу Қазақстан Акциоенрлік Халықтық жинақ банкісінің филиалдары арқылы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінен келіп түскен алушылар тізімі негізінде, алушының жеке іс-қағазында азаматтардың Халықтық банк арқылы сомаларды арнаулы салымдарға қосу жолымен әлеуметтік көмекті алатындықтары туралы жазбаша мәлімдемелері ьолу міндетті шарт болып саналады.
Тарау vii. VII. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі
VII. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі
Тармақ 1
1. Адрестік әлеуметтік көмек көрстеу бойынша есеп жүргізу, бақылау және есеп беру еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына және оның құрылымдылық бөлімшелеріне жүктеледі.
Тармақ 2
2. Қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері әр айдың 5-жұлдызына дейін Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ банк филиалдарымен төленген адрестік әлеуметтік көмек бойынша көмек түрлерін жіктеп салыстырмалы- акт жасайды. Салыстырмалы – акт негізінде төленеген адрестік әлеуметтік көмектің, көмек түрлерін жектеп, сомасын анықтап, алушылардың санын көрсетіп есеп жасайды және еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына жолдайды.
Тармақ 3
3. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына әр айдың 10 жұлдызына облыстық қаржы басқармасына төленген адрестік әлеуметтік көмек бойынша көмек түрлерін жіктеп, алушылардың санын көрсетіп жиынтық есеп береді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмектерді төлеуге бөлінген қаржылардың мақсаты жұмсалуын, сонымен бірге Қазақстан Халықтық банкісінің бөлімшілері алушыларға әлеуметтік көмекті дер кезінде төлеуіне бақылауды олардың жоғары тұрған органдары, қаржы органдары, қазынашылық органдары және еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары атқарады.
Тармақ 5
5. Тиісті органдардың тексеруі барысында анықталған, қате тағайындалу салдарынан артық төленген әлеуметтік көмек сомасы күші бар заң актілеріне сәйкес бюджеттке кері қайтарылуға жатады.