О реализации программы занятости населения Атырауской области на 1999 год Қолданыста
Басқа 0
Атырау облысы халқын 1999 жылы жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 30 желтоқсандағы № 341-1 «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңын, 1999 жылдың 22 маусымындағы № 819 «Қазақстан Үкіметінің 1998 жылғы № 1242 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және 1999 жылдың 23 маусымындағы № 836 «Жұмыссыз деп танылған адамдарды кәсіби даярлауды ұйымдастыру туралы ережесіне бекіту және Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 19 маусымындағы № 383 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулыларын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері 1999 жылға арналған аймақтық жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлесін және бекітсін.
Тармақ 2
2. Облыстық тендерлік комиссия жұмыспен қамту бағдарламасы (қоғамдық жұмыс, жұмыссыздарды кәсібі даярлау және қайта даярлау) бойынша мемлекеттік тапсырыс беруді орналастыруға мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес уақытында тендер өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. 1999 жылғы жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүргізілетін ақылы қоғамдық жұмыстарды еңбек ақыға төленетін шығындарды ішінара өтеу мөлшері үш айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Ахмедов Ж.) Қазақстан Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 1314 «Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі Нұсқалықты бекіту туралы» қаулысына байланысты апталық мерзім ішінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен орындалатын жұмыспен қамту бағдарламасына (қоғамдық жұмыс, жұмыссыздарды кәсіби даярлау) мемлекеттік тапсырыс беру Ережесін әзірлеп бекітсін, сонымен бірге Атырау қаласы және аудандар әкімдерімен бәрге отырып, заңдармен белгіленген тәртіп бойынша ашық тендерлік негізінде жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс беруді орналастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Жалғанып отырған «Жұмыспен қамту бағдарламасын (қоғамдық жұмыс, жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау) қаржыландыру Ережесі» бекітілсін.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы (Әбдіқадырова А.) 1999 жылға қаралған жергілікті бюджет қаржысы есебінен жұмыспен қамту бағдарламасын (қоғамдық жұмыс, жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау) уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Т.Мұрсалиеваға жүктелсін
Басқа 8
Облыс әкімінің
1999 жылғы 18 қазандағы
№ 206 шешіміне қосымша
Жұмыспен қамту бағдарламасын (қоғамдық жұмыс, жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау) қаржыландыру Ережесі
Тарау i. I. Жалпы бөлім
I. Жалпы бөлім
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 30 желтоқсанындағы № 341-1 «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына, 1999 жылдың 22 маусымдағы № 819 «қазақстан Үкіметінің 1998 жылғы № 1242 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және 1999 жылдың 23 маусымындағы № 836 «Жұмыссыз деп танылған адамдарды кәсіби даярлауды ұйымдастыру туралы ережені бекіту және Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 19 маусымындағы № 383 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулыларына сай жұмыспен қамту бағдарламасын (қоғамдық жұмыс, жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау) қаржыландыру тиісті жылға жергілікті бюджетте қаралған қаржылар есебінен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қаланың және аудандардың уәкілетті органдары (бұдан әрі – жергілікті уәкілетті органдар) аймақтық жұмыспен қамту бағдарламасына сай, заңдармен белгіленген ережелер бойынша жұмыспен қамту бағдарламасына (қоғамдық жұмыс, жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау) мемлекеттік тапсырыс беруді орналастыруды ашық тендерлік негізде жүргізеді.
Тарау ii. II. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстар
II. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстар
Тармақ 1
1. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру осы жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдардың қаражаты есебінен, және еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығынды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ішінара өтеу арқылы жүзеге асады.
Тармақ 2
2. Жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін заңдармен белгіленген ережелер бойынша конкурс жеңімпаздарымен және ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілетін жұмыссыздармен жалақының көлемін көрсетіп шарт жасасады.
Тармақ 3
3. Ұйымдардағы жалақыға төленген шығындарды ішінара өтеу жергілікті бюджет қаржысы есебінен, ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға есептелінген жалақының 50 пайызын, тек үш еселенген айлық есептік көрсеткешпен аспайтын көлемде ережелер бойынша есеп береді.
Тармақ 5
5. Жергілікті уәкілетті органдар ақылы қоғамдық жұмыстар бойынша мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдардың есебін тексеріп, ұйымдардың шығындарын өтеуге қажетті қаржының көлемін анықтайды, және әр айдың 10-шы жұлдызына дейін облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тапсырыс жібереді.
Тарау iii. III. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау
III. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау
Тармақ 1
1. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлаудағы мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдардың шығындарын өтеу, сонымен бірге кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өтіп жатырған жұмыссыздарға үш айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қаржылық көмекті төлеу ай сайын жергілекті бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін заңдармен белгіленген ережелер бойынша конкурс жеңімпаздарымен және кәсіби даярлау мен қайта даярлауға жіберілетін жұмыссыздармен шарт жасасады.
Тармақ 3
3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлаудағы мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдар әр айдың 5-ші жұлдызына дейін жергілікті уәкілетті органларға заңдармен белгіленген ережелер бойынша есеп береді.
Тармақ 4
4. Жергілікті уәкілетті органдар жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлаудағы мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдардың есебін тексеріп, ұйымдардың шығындарын өтеуге және қаржылық көмекті толеуге қажетті қаржылардың көлемін анықтайды, және әр айдың 10-шы жұлдызына дейін облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тапсырыс жібереді.
Тарау iv. IV. Қаржыландыру және есеп беру ережесі
IV. Қаржыландыру және есеп беру ережесі
Тармақ 1
1. Облыстық еңбек, жұмыспен қамьту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жергілікті уәкілетті органдардың тапсырысы негізінде облыс бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға және жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлауға қажетті қаржыны көлемін анықтайды және облыстық қаржы басқармасына қаржыландыруға әр айдың 15-ші жұлдызына дейін тапсырыс жібереді.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының тапсырысы бойынша тиісті жылға арналған кірістер және шығыстар тізбегінің 30-шы «Жұмыспен қамту бағдарламасы (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау)» бағдарламасымен қаржыландыруды жүргізеді.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ағымдағы есеп шотына түскен қаржыларды екі күндік мерзім ішінде ақылы қоғамдық жұмыстардағы және жұмыссыздарды кәсіби даярлаудағы және қайта даярлаудағы мемлекеттік тапсырысты орындаушы ұйымдардың есеп шоттарына жергілікті уәкілетті органдардың тапсырыстары бойынша аударады.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ай сайын жұмыс істеп тұрған заңдарға сәйкес облыстық қаржы басқармасына есеп береді.