Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в октябре-декабре 1999 года Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтарды 1999 жылғы қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды -
Оңтүстiк Қазақстан облысы
әкімінің 13.06.2001 № 174 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 5 қазандағы " Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 223 Жарлығының негiзiнде:
Тармақ 1
1. Мерзiмдi қызметке шақырылуды кейiнге қалдыруға құқығы жоқ
1972-1981 жылы азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды және
1998 жылғы 1 қазаннан бастап 30 желтоқсанға дейiн шақырылғандарды Қарулы
Күштерiне жiберу өткiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Аудандық /қалалық/ шақыру комиссиялардың жұмысына басшылық ету
және бақылау үшiн мына құрамдағы облыстық комиссиясы құрылсын:
Д.Қ. Мыңбай - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Т.М. Нұров - облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының
орынбасары /келiсiмi бойынша/
В.А. Ковтунова - облыстық ауруханасының медбикесi, комиссияның
хатшысы /келiсiмi бойынша/
Комиссия мүшелерi:
Абдраманов К.А.
- облыстық iшкi iстер бас басқармасы бастығының
орынбасары /келiсiмi бойынша/
Тайбеков Т. - облыс әкiмшiлiгi денсаулық сақтау департаментi
бастығының мiндетiн атқарушы
О.Н. Бурмистров - облыс әкiмi аппараты мемлекеттiк-құқық жұмыс
бөлiмiнiң меңгерушiсi
М.Ә. Жылқышиев - дәрiгер, облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссияның
төрағасы /келiсiмi бойынша/
Облыстық шақыру комиссиясы өз жұмысын 1999 жылғы 18 қазаннан бастасын.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 18.11.1999 № 169 шешімімен.
Тармақ 3
3. Комиссияның төрағасы аудандық, қалалық шақыру комиссиялардың жұмысын және 1998 жылғы көктемдегi шақырудың барысын бақылау үшiн жолсапарларға шығу кестесiн комиссияның барлық мүшелерiмен үйлестiрсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық шақыру комиссиясының жұмысы облыстық жиналу пунктiнiң негiзiнде ұйымдастырылсын. Облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссия жұмысының күн тәртiбi сенбi және жексенбi күндерден басқа күндерi 9.00-ден 18.00-ге дейiн белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Облыс әкiмшiлiгiнiң денсаулық сақтау департаментi /М. Момынов/:
- қалалық, аудандық және облыстық шақыру комиссияларындағы дәрiгер-мамандардың шақырушыларды медициналық куәлендiруден өткiзудi Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң 1995 жылғы N 61 бұйрығында анықталған медициналық куәлендiрудiң әдiстерi мен нормаларына сәйкес қала, аудан әкiмдерi белгiлеген мерзiмде ұйымдастырсын;
- емдеу мекемелерi қажеттi дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етiлсiн;
- шақыру комиссиялардың жолдамалары бойынша шақырушыларды стационарлық қараудан шұғыл өткiзу ұйымдастырылсын;
- облыстық жиналу пунктi үшiн медициналық бақылау комиссиясының жұмыс уақытына жылжымалы рентген қондырғысы бөлiнсiн;
- 1999 жылғы 20 желтоқсанға дейiн шақыру комиссияларының жұмыс қорытындылары талдансын, медициналық қамтамасыз етудi жетiлдiру, жастарды Қарулы Күштер қатарындағы қызметке дайындау және оларды медициналық куәлендiру жөнiндегi ұсыныстар дайындалсын;
- облыстық, қала, аудандық денсаулық сақтау органдарының сұраныстары бойынша шақыру комиссиялары үшiн қосымша дәрiгер-мамандар жiберiлсiн;
- облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың құрамына тағайындаулар облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссияның төрағасы М. Жылқышиевпен келiсiлсiн.
Тармақ 6
6. Облыс әкiмшiлiгiнiң мәдениет басқармасы /Б. Пiрiмбетов/:
- шақыру учаскелерiнде, облыстық жиналу пунктiнде жастардың отаншылдық, отанының қауiпсiздiгiне тiкелей жауапкершiлiк және парыздық сезiмдерiн тәрбиелейтiн шығармашыл ұжымдардың концерттерiн және басқа да мәдени көпшiлiк iс-шараларды ұйымдастырсын;
- әскери-отаншылдық тақырыптарға көркем және құжат фильмдерiн көрсетудi қамтамасыз етсiн;
- облыстық жиналу пунктiнен шақырылғандарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне салтанатты шығарып салу және ата-аналар, соғыс және еңбек ардагерлерi, дiн өкiлдерi тарапынан бата берiлiп, қайырымдылық тамақ берудi ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Iшкi iстер Бас басқармасы /Р.Х. Өзбекқалиев/ мерзiмдi әскери қызметке шақырылудан бас тартып жүрген азаматтарды iздестiруге және оларды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту шараларын көрсiн. Шақыру учаскелерi мен облыстық жиналу пунктiнен командаларды жөнелту күндерi қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн.
Шақырылғандар командаларының медициналық комиссияға бару жолындағы тәртiптi және аудандық әскери комиссариаттардан облыстық жиналу пунктiне жеткiзудi қамтамасыз ету мақсатында оларды шығарып салу үшiн аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң өкiлiн бөлсiн.
Тармақ 8
8. Облыстық тұтынушылар одағы /Ш. Жамалбеков/ шақыру учаскелерiнде облыстық жиналу пунктiнде 2-3 тәулiк бойы тамақтандыруды және күнделiктi қажеттi тауарларды сатуды ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. "Шымкент жылу" АҚ /Р.Д. Оразбаев/:
- облыстық жиналу пункттi және медициналық комиссияны үздiксiз жылумен қамтамасыз етсiн.
Тармақ 10
10. Желiлiк iшкi iстер бөлiмi /В.А. Андреев/ шақырылғандарды жөнелту кезiнде темiр жол стансаларындағы қоғамдық тәртiптi, сондай-ақ оларды Оңтүстiк Қазақстан облысының шекарасына дейiн шығарып салуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 11
11. Облыс әкiмшiлiгi спорт және дене шынықтыру департаментiнiң бастығы /П.Н. Қырықбаев/:
- шақырылғандардың арасында "Денсаулық" бағдарламасы бойынша және спорт разрядтарына нормативтердi тапсыруға Облыстық жиналу пунктiнде жоғарыда аталған нормативтердi дәлелдеу үшiн шақырылғандарды тексеру ұйымдастырсын;
- шақырылғандар арасында дене шымырлығының деңгейiн анықтауды өткiзу үшiн облыстық жиналу пункттерiн спорт құрал-жабдықтарымен және мүлiкпен қамтамасыз ету мүмкiндiгiн iздестiрсiн.
Тармақ 12
12. Облыстық телерадио бiрлестiгi /Б. Қонысбеков/ және облыстық, қалалық және аудандық газеттердiң редакциялары облыстық әскери комиссариатпен бiрлесiп, жастарды әскери қызметке дайындау және қызметтi атқаруға бағытталған арнайы бағдарламалар мен жариялымдарды берудi жалғастырсын.
Тармақ 13
13. Облыс әкiмшiлiгi көлiк, коммуникация және саяхат департаментiн тарату комиссиясының төрағасы /В.Д. Пляцук/ әскери комиссариаттардың сұраныстары бойынша шақырылғандарды тасымалдау үшiн жергiлiктi бюджеттiң есебiнен техникалық жағдайы жақсы автобустардың қажеттi санын берсiн.
Тармақ 14
14. Облыстық баспахана /Тәңiрбергенов/ азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету үшiн қажеттi бланкiлердi дайындасын.
Тармақ 15
15. "Шымкент энерго" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының бас дәрiгерi /Т. Жамалбеков/ жастардың медициналық куәлендiруден сапалы өткiзу мақсатында шақыру жүрiп жатқан кезде 1999 жылғы 1 қазаннан бастап 30 желтоқсанға дейiн күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн шақыру пункттерiн үздiксiз электр қуатымен қамтамасыз етсiн.
Тармақ 16
16. Қала, аудан әкiмдерi:
- "Жаппай әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңның 14-бабына сәйкес шақыру комиссияларды құру туралы шешiм қабылдасын;
- жастарды Қарулы Күштер қатарындағы қызметке дайындау және азаматтарды 1998 жылғы сәуiр-маусымда әскери қызметке шақыруды өткiзу жөнiндегi қажеттi iс-шараларды жасасын және өткiзсiн;
- шақыруды ұйымдастыру және өткiзу, әскерге шақырылғандарды жөнелту үшiн комиссариаттарды аталған жұмыстарды атқару үшiн қолайлы жабдықталған үй-жайлармен қамтамасыз етсiн, дәрiгерлердiң, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушi құрамдағы адамдардың қажеттi санын бөлсiн;
- Шымкент қаласының әкiмi /Т. Бекжiгiтов/ NN 1, 2 қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлердiң және қызмет көрсету құрамының қажеттi санын, сондай-ақ азаматтарды әскери қызметке шақыру кезiнде облыстық жиналу пунктiнiң жұмысы үшiн кезекшi автокөлiк бөлсiн.
Тармақ 17
17. Бағыныстағы және меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар, ұйымдар
мен оқу орындарының басшылары шақырылғандарды iссапарларынан
/демалыстарынан/ шақырып алсын және олардың шақыру учаскелерiне дер
кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 18
18. Облыстық телекоммуникациялар дирекциясы /Раздықов/ шақыру науқанын
өткiзу кезiнде телефон байланысының үздiксiз жұмыс iстеп тұруын қамтамасыз
етсiн.
Тармақ 19
19. Облыс iшкi iстер Бас басқармасы жол полициясы басқармасының
бастығы /А.Ш. Қаныбеков/ облыстық жиналу пункттерiне баратын жолдардағы
тәртiптi ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн.
Тармақ 20
20. Қабылданған шаралар, сондай-ақ шақырудың қорытындылар туралы
2000 жылғы 5 қаңтарға дейiн мемлекеттiк-құқық жұмыс бөлiмiне хабарлансын.
Тармақ 21
21. Осы шешiмнiң орындалуы қала, аудан әкiмдерiнiң орынбасарлары -
шақыру төрағаларымен бiрiгiп облыс әкiмшiлiгiнде өтетiн мәжiлiсте қарасын.
Тармақ 22
22. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары
Д. Мыңбайға жүктелсiн.
Басқа 23
Облыс әкiмiнiң
1999ж. 18 қазандағы
№ 114 шешiмiне
№ 1 қосымша
1999 жылғы күзгi шақыруды өткiзу үшiн
1999 жылғы 1 қазаннан бастап 1 желтоқсанға
дейiн облыстық жиналу пунктiне автокөлiк
бөлетiн ұйымдар мен мекемелердiң
ТIЗIМI
--------------------------------------------------------------------------
№ Ұйымдар мен мекемелердiң аттары Автокөлiктiң саны Ескерту
--------------------------------------------------------------------------
1. N 5 автокомбинат 1
2. Шымкент электр жүйелерiн
үйлестiру /ШЭЖҮ/ 1
3. "Шымкент өнеркәсiптiк құрылыс" АҚ 1
4. "Қазақ ғылыми-зерттеу жобалау"институты 1
5. Шымкент ЖЭЦ-3 АҚ 1
6. "Шымкент энерго" мемлекеттiк
коммуналдық кәсiпорны 1
7. "Кабиско" АҚ 1
Басқа 24
Облыс әкiмiнiң
1999ж. 18 қазандағы
№ 114 шешiмiне
№ 2 қосымша
1999 жылғы күзгi шақыруды өткiзу үшiн
1999 жылғы 1 қазаннан бастап 1 желтоқсанға
дейiн жиналу пунктiне техникалық қызметкерлер
мен қызмет көрсететiн адамдарды бөлетiн
кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелердiң
ТIЗIМI
--------------------------------------------------------------------------
№ Ұйымдар мен мекемелердiң аттары Техникалық қызметкерлердiң саны Ескерту
--------------------------------------------------------------------------
1. "Шымкентмұнайоргсинтез" 1
2. "Оңтүстiк"АҚ 1
3. "Дезинфекция"ӨБ 1
4. "Қазақ жылу монтаж"АҚ 1
5. "Кабиско" ЖАҚ 1
6. "Восход"АҚ 1 Машинка басушы
7. "Гарант"АҚ 1
8. Су қорлары басқармасы 1 Машинка басушы
9. ОҚМУ 1 Машинка басушы
10. ХҚТУ 1