О порядке подготовки, проведения в 1999 году Переписи населения в Алматинской области и обработки ее материалов Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылы Алматы облысында халық санағын әзірлеу,өткізу және оның материалдарын қорыту тәртібі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.01.2004 № 1-14 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылы Қазақстан Республикасында халық санағын әзірлеу, өткізу және оның материалдарын қорыту тәртібі туралы" 1996 жылғы 11 желтоқсандағы N 1519 қаулысына сәйкес, облыста халық санағын 1999 жылғы 13 қаңтардағы жағдай бойынша дер кезінде әрі сапалы өткізу үшін облыс Әкімі шешім етті:
Тармақ 1
1. 1999 жылы Алматы облысында халық санағын әзірлеу, өткізу және оның материалдарын қорыту тәртібі бекітілсін (қоса берілген).
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Қ.Қ. Тәжібаев), аудандардың және Қапшағай қаласының әкімдері 1999 жылы халық санағын әзірлеу, өткізу жөніндегі мынадай шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қаржыландыру көздерін іздеп тапсын, ал облыстық статистика басқармасы (Б.Т. Төлепбаев) аталған қаулының мерзіміне сәйкес шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін: - 1997 жылғы 1 шілдедегі дейін аудандардың, қалалық қоныстардың тізбесі, олардың шекаралары анықталып, қалалық қоныстарда, ірі селоларда көшелердің атауларын, үйлердің, пәтерлердің номерлерін аншлагтар мен номерлі белгілер орнату арқылы тәртіпке келтірілсін; - 1998 жылғы 1 қаңтардағы дейін қалалық қоныстардың, ірі селолардың схемалық жоспары және аудандардың карталары анықталсын немесе жасалсын, мемлекеттік статистика органдары олармен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілсін; - 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін халық тұруы мүмкін басқа да қалалық қоныстардағы тұрғын үйлер мен тұрғын бөлмелерде тұратын халық есебінің дұрыстығы мен толық екендігі қамтамасыз етілсін; - 1998 жылғы 1 наурызға дейін селолық елді мекендер тізімі жасалсын; - 1998 жылғы ақпан-наурызда қалалық қоныстардың басқа да құрылымдарындағы тұрғын үйлер мен тұрғын бөлмелердің, ірі елді мекендердің тізімін мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер қызметкерлері, белгіленген тәртіппен жұмыссыз деп танылған азаматтар арасынан іріктелген адамдардың жасауы қамтамасыз етілсін; - меншіктің мемлекеттік емес нысандағы шаруашылық жүргізуші субъектілерге 1999 жылы Алматы облысында халық санағын әзірлеу мен өткізуге белсенділікпен қатысуына ұсыныс жасалсын, облыстық статистика басқармасына материалдық-қаржы көмегін көрсету, санақ бөлімдеріне қызмет көрсету үшін көлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ өз қызметкерлерінің жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтап, оларды қатыстыру ескерілсін; - санақ бөлімдері, нұсқау учаскелері халық санағын әзірлеу, өткізу кезінде, санақ материалдарын қабылдау мен қорыту үшін бөлмелермен, жабдықталған байланыс құралдарымен, мебельмен және инвентарьмен тегін қамтамасыз етілсін; - халық санағын әзірлеу, өткізу және материалдарды аудандық және Қапшағай қалалық статистика бөлімдеріне өткізу кезінде аудандардың және Қапшағай қаласының әкімдері бекіткен график бойынша санақ бөлімдері, нұсқау учаскелері қатынас құралдарымен тегін қамтамасыз етілсін; - облыстық санақ басқармасымен келісілген мерзімде санақ қызметкерлерінің жолаушы көлігінің барлық түрлерінде (таксиден басқа) және қала маңында жүретін автобустарда ауданның және Қапшағай қаласының әкімі қол қойған есепші куәлігін көрсету арқылы тегін қатынауы мәселесі шешілсін.
Тармақ 3
3. Облыстың ішкі істер басқармасы, Алматы қаласы мен облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқармасы, арнайы контингенті мен жабық объектілері бар басқа да мекемелер, ведомстволар мен ұйымдар 1999 жылғы халық санағын әзірлеу мен өткізу жөнінде жұмыс жүргізсін, әскери қызметшілер мен халықтың арнайы контингентінің санағы Қазақстан Республикасының ұлттық статистика агенттігі белгілеген тәртіппен және мерзімде өткізілсін.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (З.Қ. Мыңбаев), аудандардың, қалалардың, селолық және поселкелік округтер әкімдері 1999 жылы облыста халық санағын өткізуге қатыстырылатын кадрларды іріктеуді мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер қызметкерлері және белгіленген тәртіппен жұмыссыз деп танылған азаматтар арасынан жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. 1999 жылғы халық санағын әзірлеуге, өткізуге қатыстыралатын адамдар жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталып мынадай мерзімге негізгі жұмысынан босатылады деп белгіленсін: қалалық қоныстар мен ірі селоларда тізім жасайтын тіркеушілер - 10 жұмыс күніне; қалалық қоныстар мен селолық жерлердегі есепшілер, бақылап аралауды жүргізу ескеріліп, 21 жұмыс күніне; қалалық қоныстардағы нұсқаушы-бақылаушылар - 29 жұмыс күніне, селолық жердегілер - 31 жұмыс күніне; санақ бөлімінің меңгерушісі мен оның көмекшісі - 58 жұмыс күніне; аудандық және Қапшағай қалалық статистика бөлімдері бастықтарының халық санағы жөніндегі орынбасарлары 3,5 айға қатыстырылады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 11 желтоқсандағы N 1519 қаулысының 8 тармағына сәйкес қызметкерлеріне бір жолғы қосымша ақы төленеді деп белгіленсін.
Тармақ 7
7. Облыстың ішкі істер басқармасы (Қ.Н. Серікбаев) және облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (З.Қ. Мыңбаев) халықтың көші-қоны есебінің толық әрі дұрыс екендігін қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қабылдасын.
Тармақ 8
8. Облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитет (А.Қ. Доспанов), құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда үй салу жөніндегі комитет (С.А. Фазылов) және картография материалдарын жасаумен шұғылданатын басқа да ұйымдар мен мекемелер методикалық басшылықты жүзеге асырып, аудандардың және Қапшағай қаласы әкімдерінің заказы бойынша қалалық қоныстардың, ірі селолардың схемалық жоспарын және аудандардың карталарын облыстық статистика басқармасымен келісілген техникалық шарттарға сәйкес жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Облыстық жүк автокөлігі өндірістік бірлестігі (А.Н. Завьялов) жолаушы тасымалын басқару мен ұйымдастыру жөніндегі облыстық дирекция (М.Б. Дәндібаев): 1999 жылғы халық санағына байланысты жүктерді кідіріссіз қабылдау мен мерзімінде жеткізуді, осы халық санағын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша жіберілген қызметкерлерге жол жүру билеттерін бірінші кезекте сатуды қамтамасыз етсін; автобустарда халық көп шоғырланатын автовокзалдарда, автостанцияларда халық санағын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Алматы темір жол бөлімшесі (С.А. Ағментаев): поездарда, халық көп шоғырланатын вокзалдарда, станцияларда халық санағын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін; облыстық статистика басқармасымен келісілген мерзімде санақ қызметкерлерінің (бригаданың) жолаушылар санағын жүргізу үшін темір жол арқылы тегін қатынауы және осы шешімнің 2-ші тармағында көзделген есепші куәлігін көрсеткеннен кейін барарда отырған станцияға дейін қайтып жол жүруі мәселесін шешсін; облыстық статистика басқармасымен келісілген мерзімде санақ қызметкерлерінің осы шешімнің 2-тармағында көзделген есепші куәлігін көрсеткеннен кейін қала маңында қатынайтын поездарда тегін қатынауына рұқсат беру мәселесін шешсін.
Тармақ 11
11. Облыстық телекоммуникация дирекциясы (С.Б. Балтабаев): облыстық статистика басқармасының келісімі бойынша 1999 жылғы халық санағын әзірлеу, өткізу және оның материалдарын қорыту кезінде аудандық және Қапшағай қалалық статистика бөлімдеріне, санақ бөлімдеріне, нұсқау учаскелеріне "Халық санағы" деген парольмен қалааралық телефон байланысын қамтамасыз етсін.
Тармақ 12
12. Облыстық статистика, мәдениет, білім басқармалары, кәсіподақтардың облыстық кеңесі, "Білім" қоғамының Алматы облыстық ұйымының басқармасы, облыстық "Жетісу", "Огни Алатау" газеттерінің редакциялары, АТВ-АТД дирекциясы 1997-1998 жылдары және 1999 жылғы қаңтар-ақпанда халық санағы жөніндегі бұқаралық-түсіндіру жұмысын қамтамасыз етсін: халық санағына жәрдемдесу жөніндегі облыстық комиссияның мәжілісінде ұйымдық және бұқаралық түсіндіру жұмысы жөніндегі шараларды жасап, бекітсін; облыстағы 1999 жылғы халық санағының мақсаты мен міндеті туралы радио, телевизия арқылы, баспасөзде халықты жүйелі түрде хабардар етіп отырсын; мақсаттар мен міндеттерді түсіндіретін үндеулер, баспасөз-бюллетеньдерін, брошюралар әзірлеп, басып шығарсын, халықтың назарын жеке бас директорының құпиялығын, сақтауға аудара отырып облыс халқының толық хабардар болуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 13
13. Облыстық мәдениет басқармасы (К.Ж. Жәйшібекова), АТВ-АТД дирекциясы (С.И.Татенко) облыстық статистика басқармасымен (Б.Т. Төлепбаев) бірлесіп халық санағының барысы туралы теледидарда ақпараттық хрониканың ұйымдастырылуын және облыс кинотеатрларында деректі фильмдер көрсетілуін қамтамасыз етсін. Облыстық қаржы басқармасы (Қ.Қ. Тәжібаев) 1998 жылға арналған облыс бюджетін қалыптастырғанда аталған шараларды өткізуге арналған қажетті қаржы көздейтін болсын.
Тармақ 14
14. Облыс әкімінің аппаратында 1999 жылғы халық санағына әзірлік барысы жарты жылдықта кемінде бір рет қаралып тұрсын.
Тармақ 15
15. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары - облыста 1999 жылғы халық санағына жәрдемдесу жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы В.А. Долженковқа жүктелсін.
Басқа 16
Облыс әкімінің 1997 жылғы 20 ақпандағы N 2-36 шешімімен бекітілген Алматы облысында 1999 жылы халық санағын әзірлеу, өткізу және оның материалдарын қорыту ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Халық санағы 1999 жылы қаңтардың 14-нен 21-не дейін арнайы даярлықтан өткен есепшілер тұрақты (әдетте) тұратын жері бойынша бөлмелерді аралау, халықпен тілдесу және тұрғындар тізіміне, санақ парақтарына мәліметтер жазу жолымен жүргізіледі. Халық есебі 1999 жылғы қаңтардың 13-нен 14-не қараған түні сағат 12-дегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Облыс аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының барлық азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, санақ кезінде облыста болды ма немесе шегінен уақытша кетіп қалды ма, оған қарамастан, сондай-ақ облыс аумағында уақытша болған шетел азаматтары санаққа алынады.
Тармақ 3
3. Әзірленген шаралар мен әскери қызметшілер, халықтың арнайы контингентінің санағын ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары және арнайы контингенті мен жабық объектілері бар басқа да мекемелер, ведомстволар мен ұйымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігі белгілеген тәртіп пен мерзімде қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Бөбектер үйлерінде, балалар үйлерінде, жетім балалар мен ата-анасының қамқоршылығынан айырылған балалар мектеп-интернаттарында, қарттар мен мүгедектер мектеп-интернаттарында, созылмалы сырқаттан зардап шеккендер үшін ауруханаларда, мейманханаларда және басқа да мекемелерде тұрақты (әдетте) тұратын халық санағын сол мекемелердің әкімшілігі бөлген есепшілер жүргізеді.
Тармақ 5
5. Тұрақты тұратын орны жоқ азаматтар санағын есепшілер кездескен жерде жүргізеді. Азаматтардың осы тобын санақтан өткізу үшін халық көп шоғырланатын вокзалдарда (автовокзалдарда), станцияларда, аэропорттарда және басқа жерлерде, сондай-ақ алысқа қатынайтын поездарда санақ пункттері құрылады.
Тармақ 6
6. Есепшілер 1999 жылғы халық санағы басталудан 5 күн бұрын тұрғын үйлердің тізімін жасау және алда болатын халық санағы туралы халықтың есіне салу үшін өз учаскелерін алдын ала аралап шығады.
Тармақ 7
7. Нұсқаушы-бақылаушылар есепшілермен бірлесіп 1999 жылғы халық санағы аяқталғаннан кейін бес күн ішінде халық есебінің дұрыстығы мен толық екендігін тексеру мақсатында тұрғын үйлердің кемінде 10 процентін қамти отырып ішінара бақылап, аралап шығады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік статистиканың әрбір аудандық және Қапшағай қалалық бөлімінде облыста 1999 жылғы халық санағын әзірлеу мен өткізу үшін санақ бөлімдері, нұсқау және есеп учаскелері ұйымдастырылып, мынадай орташа жұмыс көлемі белгіленсін: тіркеушіге қалалық қоныстар мен ірі селолардағы үйлердің тізімін жасау үшін күніне 45 үйді аралап шығу; есепшіге қалалық қоныстарда, құрылысы жинақы ірі селоларда - бүкіл халық санағы кезеңінде - 350 адам, селолық жерлерде - 300 адам; нұсқаушы-бақылаушы орта есеппен: қалалық қоныстарда 4-5 есепшіге, селолық жерлерде - 4 есепшіге жетекшілік етеді; санақ бөліміне орта есеппен: қалалық қоныстарда - 9 нұсқау учаскесі, селолық жерлерде - 7 нұсқау учаскесі кіреді; облыстық статистика басқармасында халық санағының материалдарын автоматты түрде өңдеуге уәзірлеу үшін 1999 жылғы наурыздан қыркүйекке дейінгі кезеңде 45 адам қатыстырылады.
Тармақ 9
9. Санақ құжаттарынан жеке мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігі бекіткен бағдарлама бойынша тек қана халықтың саны, құрамы, табыс көздері, кәсібі, жұмыс орны, білімі және тұрғын үй жағдайы туралы жиынтық деректер алу үшін пайдаланылады. Халық санағы қызметкерлеріне толтырылған санақ құжатының мазмұнын кез-келген адамға хабарлауына тыйым салынады. Азаматтар туралы жеке мәліметтерді пайдалану тәртібін бұзғаны үшін заңды ұйымдар және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жеке жауапкершілік алады.
Тармақ 10
10. 1999 жылғы халық санағын әзірлеу мен өткізуге қатыстырылған адамдарға ауданның және Қапшағай қаласының әкімі қол қойған есепшінің куәлігі беріледі.