Об утверждении нормативов платы за загрязнение окружающей среды на 1999 год по Южно-Казахстанской области Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 1999 жылғы қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем мөлшерлерін бекіту туралы
Тармақ 1
1. 1999 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлем мөлшерi Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша № 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.С. Халмұрадовқа жүктелсiн.
Басқа 3
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 1 қазандағы № 92 шешiмiне № 1 қосымша Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша 1999 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем мөлшерлерi
Тармақ 1
1. 1999 жылға ластайтын заттарды шығарып тастағаны, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын белгiленген шектелген көлемде орналастырылғаны үшiн төлемақы келесi мөлшерлерде белгiленсiн:
Тармақша 1
1) Тұрақты көздерден бiр шартты тонна ластайтын заттарды ауаға тастағаны үшiн-304,57 тенге.
Тармақша 2
2) Меншiк нысандарына және ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан атмосфералық ауаны жылжымалы көздермен (автомобильдермен, жол-құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа техникамен, тепловоздармен, өзен және теңiз кемелерiмен және басқа) ластағаны үшiн шығындалған отының 1 тоннасына: этилсiз бензин - 250,0 теңге/тн; этилдi бензин - 300,0 теңге/тн; сұйытылған мұнай газы - 150,0 теңге/тн; сұйытылған табиғи газы - 110,0 теңге/тн; дизель жанар-жағар майы - 390,0 теңге/тн;
Тармақша 3
3) су объектiлерiне 1 шартты тонна ластайтын заттарды тастағаны үшiн - 5163,71 теңге. Бекiтiлген төлемақы ластайтын заттарды мынадай орындарға тастағаны үшiн: жер бедерi мен коллекторларға - 10%, жинағыштарға, биотоғандарға, сүзгiш алаңдарға және басқа жерлерге - 15% төмендетiледi.
Тармақша 4
4) Қалдықтарды және ағынды суларды арнайы емес орындарға орналыстырғаны (сақтағаны, көмгенi) үшiн сол аумақтың жер көлемiнiң 1 шаршы метрiне төлемақы - 99,23 тенге. Улы химиялық заттар үшiн төлем 10 есе өседi.
Тармақша 5
5) Қалдықтарды арнайы бөлiнген аумаққа, полигондарға, жинағыштарға және рұқсат етiлген қоқыс орындарына орналыстарғаны үшiн (тн. куб.): Улылық Класы Әрбiр өлшем бiрлiгiнде төлем шегi, теңге I II III IV V Құрамында сынап бар (бiр дана) шамды орналыстырғаны үшiн, (0,065 грамм) 2560,0 1280,0 320,0 160,0 80,0 100 еселiк бағасы
Тармақ 2
2. Өндiрушi-кәсiпорындарда табиғатты падалануға рұқсаты болмаған жағдайда және өз бетiмен кесiмдi шегiнен үстем ластайтын заттарды, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны, сарқын суларды тастағаны үшiн ақы белгiлген төлем мөлшерiнен 10 есе артық көлемiнде өндiрiледi.
Тармақ 3
3. Кесiмдi шегiнен үстем ластайтын заттарды, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны, сарқын суларды тастағаны үшiн еселенген төлемақы төлеу Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң 1994 жылдың 9 тамызында бекiткен қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн ақы анықтаудың әдiстемесiне сай айқындалады.
Тармақ 4
4. Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн төлемақы ұстау 1999 жыл 1 қаңтардан бастап белгiленсiн.