О проведении в 1999 году Переписи населения Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылғы халық санағын өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 15.12.2000 № 219 шешімімен. Облыста 1999 жылғы халық санағына әзірлік аяқталу қарсанында, оған әзірлену және өткізу жөніндегі бекітілген шаралар негізінен орындалды: санақшы кадрлар іріктеліп алынып бекітілді, санақ учаскелері үшін бөлінген ғимараттар рәсімделді және санақ құжаттарымен қамтамасыз етілді, санақшы кадрларды оқыту жалғасуда. Халық санағын сапалы өткізу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Орал қаласының және аудандардың әкімдері: - 1999 жылдың 20 қаңтарына дейін халық санағына көмектесу комиссиясымен бірлесіп, халық санағына әзірліктін байқауы өткізілсін, қорытындысы тиісті актілермен рәсімделсін; - 1999 жылдың 10 ақпанына дейін мекен-жайлар жұмысындағы кемшіліктер толық жойылсын; - санаққа әзірлік және оны өткізу кезеңінде қаржыландырудың жергілікті көздерінен қаржы тауып, санақ бөлімдері мен нұсқаушы учаскелер автокөлікпен қамтамасыз етілсін; - облыстық телекоммуникация дирекциясымен (Тәжімұханов) бірлесіп, санақ бөлімдері санаққа әзірлік және оны өткізу кезеңінде телефон байланысымен қамтамасыз етілсін; - "Оралэнерго" акционерлік қоғамымен (Отарбаев) бірлесіп санақты өткізу кезінде электр қуатымен үздіксіз жабдықталсын; - халық санағына көмектесу комиссиясымен бірлесе отырып, бұқаралық ақпарат құралдары, үндеу қағаздар, плакаттар, жарнама қалқандарын даярлау арқылы тұрғындар арасында түсінік жұмыстары өрістетілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық ішкі істер басқармасы (Рақымжанов) санақшы кадрлар жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1999 жылдың 18 ақпанынан 10 наурызына дейін кезекшілікті күшейтсін, қолайсыз жанұяларға санақшылардың баруы үшін қажет болған жағдайларда аудандық, қалалық ішкі істер қызметкерлерін бөлсін, сондай-ақ баспанасыздарды санаққа алуға көмектер көрсетсін.
Тармақ 3
3. Шешімнін орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Ш.Хамитовқа жүктелсін.