О предупреждении чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера в период паводка 1999г. Күшін жойған
Басқа 0
1999 жылғы су тасқыны кезінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2004 № 124 қаулысымен.
1995 жылдан бастап көктемгі су тасқыны облыстың халық шаруашылығына көп зардап жасамай қалыпты жағдайда өтуде.
Бірақ 1999 жылғы Орал, Шаған, Деркөл, Өлеңті, Қалдығайты, Үлкен және Кіші өзендер бойынша гидрогеологиялық жағдайлар Қазталов, Жаңақала, Ақжайық, Зеленов, Қаратөбе және Сырым аудандарының елді мекендерін су басып кету қауіпін туындатып отыр.
Тасқын суды еш кедергісіз өткізетін бөгеттердің, негізгі гидроузелдер мен автожолдар құрылыстарының техникалық жағдайына байланысты қажетті шаралар алына тұрса да, бұлардың жайы әлі де қанағаттанғысыз дәрежеде.
Көктемгі тасқын суды қауіп-қатерсіз өткізу, негізгі су қоймаларында су қорларын жасау, жайылмаларды суға толтырып алуды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Су тасқынына қарсы комиссия облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф. Маючийдің төрағалық етуімен № 1 қосымшадағы құрамға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері бір апта мерзімде тасқын суға қарсы тиісті комиссиялар құрсын және өз аумақтарында тасқын суды қауіп-қатерсіз өткізудің шараларын жасасын.
Жергілікті жерлерде елді пункттерді судың басуына, тұрғын үйлердің, әлеуметтік сала объектілерінің, өндірістік ғимарттар мен құрылыстардың қирап, бүлінуіне жол бермеу жөнінде оперативтік топтар ұйымдастырсын.
Су тасқыны кезінде меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындарда және ұйымдарда, жергілікті атқарушы органдарда тәулік бойы кезекшіліктер қойылсын. Облыстық тасқын суға қарсы комиссияға жағдай 2-42-22, 2-26-16 телефондар бойынша күн сайын хабарланып тұрсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкімшілігі 1999 жылы 3 қаңтарда бекіткен тұргындар мен аумақты су тасқынынан қорғау жөніндегі мақсатты бағдарламаға сәйкес мыналар тапсырылсын:
- «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Орал бөлімшесі (Сахтанов) су тасқынына темір жол магистралы мен құрылыстарды әзірлесін. Вавилов-Шипов 1196-1197, 1199, километрін Желаев-Пойма - 1303-1306 километрін, Шипов-Ростоша - 1211-1212, 1218 километр учаскелерін ұдайы бақылауға алсын.
- «Қазавтожол» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның облыстық филиалы (Оразов) 1999 жылдың 5 наурызына дейін қауіпті автожол учаскелерінде тасқын суды өткізудің шараларын жасасын, бөгеттерді, көпірлерді, құбырларды болуы мүмкін қираудан қорғауды қарастырсын. Орал-Теплое 32 км, Қазталов-Жәнібек 51,61 км, Тасқала-Ш.Балка 110, 185 км, Орал-Жымпиты 371 км, Федоровка-Ақсай 57,59 км, жол бөгеттерін судың шайып кетуінің алдын-алуға айрықша көлігі бөлсін. Су тасқыны кезінде барлық мердігерлік жол-пайдалану ұйымдарында тәулік бойы кезекшіліктер қойылсын, облыс тұрғындарының қажетін қанағаттандыруға бағытталған автобус қатынасы мен басқа да қозғалмалы техникалардың үздіксіз жүруін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Бытыссушаруашылыгы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (Кенжеғалиев) ірі су қоймалары мен су шаруашылығы құрылыстарының құлама жарларын бекіту жөнінде инженерлік-техникалық шараларды жүргізсін, гидроузелдерді, магистралдық және тартылған каналдарды бірлесін. Суғару-суландыру жүйесін пайдаланудың жобасы мен ережесіне сәйкес аудандар арасында судың бөлінуін қамтамасыз етсін.
Салмақты материалдар, қапшық ыдыстар қоры жасалсын, гидроузелдер мен су қоймаларының, магистралды және тартылған каналдардың су жүру жолдары, жағалық алқаптар тазартылсын.
Орал-Көшім суғару-суландыру жүйесінде әзірлік жұмыстары жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Ауа райын бақылау жөніндегі облыстық орталық (Байшығанов) «Орал-гидромет» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (Қаракушиева) өзендер мен басқа да су обьектілерінің гидрологиялық жағдайын тасқын суға қарсы комиссияға күн сайын хабарлап отыратын болсын. 1999 жылдың 1 наурызына көктемгі су тасқынының жалпы болжамын жасасын.
Тармақ 6
6. «Ақжол» акционерлік қоғамы (Аманғалиев) су тасқынына қарсы комиссияның өтініші бойынша су басуы ықтимал аудандарда барлау және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін тікұшақ әзірлесін.
Тармақ 7
7. Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаменті (Шалабаев) жол қатынасы үзілуі ықтимал елді мекендердегі ауыл шаруашылығы малдары үшін жемшөп қорын қарастырсын.
Тармақ 8
8. «Кегок» (Дәулетбаев), «Оралэнерго» (Отарбаев) және «Оралоблгаз» (Есентөрлиев) акционерлік қоғамдары, облыстық телекоммуникация дирекциясы (Тәжмұқанов) көктемгі су тасқыны кезінде электр таратушы және байланыс желілерін, жер үстіндегі газ құбырларын қорғауды және сақтауды қамтамасыз ететін нақты шаралар әзірлесін.
Тармақ 9
9. Орал қаласының, аудандар мен ауылдардың әкімдері әлеуметтік-мәдени, тұрмыс ғимарттары мен тұрғын үйлер төбелерінің қардың салмағын көтере алмай құлауын болдырмау үшін ғимараттар мен үйлердің іргелері мен төбе жабындарын қардан дер кезінде тазартуды ұйымдастырсын, судың елді мекендерге, мал тұратын орындарға және басқа да объектілерге өтуіне кедергі жасайтын қорғаныс құрылыстарды күшейтсін.
Тармақ 10
10. «Геотекс» Орал өкілдік акционерлік қоғамы (Янидиус) келіcімдік негізде облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармамен бұдан әрі ТЖ/ қажет болған жағдайда облыстық ТЖ басқармасының өтініштері бойынша жарылыс жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
Облыстық ТЖ басқармасы (Федотов), облыстық ішкі істер басқармасы (Рахымжанов) жұмыс жүргізілетін жерлерде жарылыс заттарын алып жүруді және сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. «Алау» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (Әжіғалиев) жер үстіндегі газ құбырларын қорғауды және сақтауды қамтамасыз етсін, аудандар әкімдерімен бірлесіп су тасқыны кезінде жол қатынасы болмайтын елді мекендерге сұйытылған газ жеткізуді қарастырсын
Тармақ 12
12. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) облыстық бюджет резервінен облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның есептеріне сәйкес 6,0 млн.теңге қаржы бөлсін.
Тармақ 13
13. Облыстық денсаулық сақтау (Қадырбеков), білім (Қатаев) басқармалары аудандарда орналасңан ведомствоға қарасты обьектілерді су тасқыны кезінде бүлінуден қорғау жөнінде әзірлік жұмыстарын жүргізсін. Обьектілерде дәрі-дәрмек және тамақ қорларын жасақтасын.
Тармақ 14
14. Облыстық Қызыл жарты ай және Қызыл крест қоғамы (Мұқашева) келіп түсетін гуманитарлық көмектен табиғи апат аудандарындағы тұрғындарға беру үшін күнделікті қажетті тауарлардың резервін жасақтасын.
Тармақ 15
15. Облыстық ТЖ басқармасы (Федотов), аудандар әкімдері шұғыл іс-қимыл отрядтарының құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды өткізу, тұрғындарды және материалдық құндылықтарды уақытында эвакуациялау жөніндегі әзірлігін тексерсін. Құрылымдардың жоғары әзірлігін № 2 қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін.
Тармақ 16
16. Облыстық судан құтқару қызметі (Булах) 1999 жылғы 1 наурызға дейін жүзу және құтқару құралдарын әзірлесін, қала ұйымдарындағы судан құтқару құралдарын есепке алсын. Маневрлік-іздестіру тобын жоғарғы әзірлік режиміне көшірсін.
Тармақ 17
17. «Мұнай өнімдері» акционерлік қоғамына (Мұсағалиев) «Қазақстан мұнай өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (Черкашин) 1999 жылғы су тасқынын өткізуге қажетті жанар-жағар май қорын жасақтау ұсынылсын.
Тармақ 18
18. Орал қаласының әкімі О.И. Рахымбердин бір апта мерзімде облыс орталығындағы ағын суларды жинақтаушылар мен бөгеуші дамбалардың жағдайына кешенді зерттеу жүргізсін. Қажет болған жағдайда көктемгі су тасқыны болғанға дейін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындасын.
Тармақ 19
19. Облыстық «Орал өңірі» (Қайырғалиев), «Приуралье» (Кульпин) газеттерінің редакторлары осы шешімді газет беттерінде мазмұндап жарияласын.
Тармақ 20
20. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Ф. Маючийге жүктелсін.
Басқа 21. Тасқын суға қарсы облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 1999 жылғы
24 ақпандағы № 34
шешіміне № 1 қосымша
Тасқын суға қарсы облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ
А.Ф. Маючий - комиссия төрағасы, облыс әкімінің бірінші орынбасары
Комиссия төрағасының орынбасарлары:
К.А. Федотов - облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бастығы
К.У. Кенжеғалиев - «Батыссушаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорының
төрағасы
А.И. Котельников - хатшы, облыс әкімі бірінші орынбасарының кеңесшісі
Комиссия мүшелері:
А.К. Әжіғалиев - «Алау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің президенті
О.И. Аманғалиев - «Ақжол» акционерлік қоғамының президенті
А.И. Бирюков - облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның меңгерушісі
Ш.М. Қадырбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
А.Н. Котов - Орал қаласы әкімінің орынбасары
Г.Қ. Мұқатаев - Орал әскери гарнизонының бастығы
А.С. Мусағалиев - «Мұнай өнімдері» акционерлік қоғамының президенті
Г.Л. Мутасов - «Оралсуқұрылысы» акционерлік қоғамының президенті
М.М. Мұқашева - Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест қоғамының төрағасы
Т.Ш. Рақымжанов - облыстық ішкі істер басқармасының бастығы
Н.Ө. Сахтанов - «Қазақ темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Орал бөлімшесінің бастығы
М.М. Тәжмұханов - облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры
С.Х. Оразов - «Қазавтожол» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
филиалының директоры
Ж.Ж. Отарбаев - «Оралэнерго» акционерлік қоғамның президенті
Н.С. Утешев - облыстық экология және биоқорлар басқармасының бастығы
А.Ш. Хамитов - облыстық қаржы басқармасының бастығы
К.Г. Шалабаев - облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы
А.М. Шаленов - «Оралөзенфлот» акционерлік қоғамының президенті
С.Т. Янидис - «Геотекс» акционерлік қоғамының президенті
Басқа 22. 1999 жылғы су тасқыны кезінде құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін қатыстырылатын құрамалардың
ТІЗІМІ
Облыс әкімінің 1999 жылғы
24 ақпандағы № 34
шешіміне № 2 қосымша
1999 жылғы су тасқыны кезінде құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін қатыстырылатын құрамалардың
ТІЗІМІ
№
Құрамалардың аттары
Жеке құрамның саны
Техника саны
Жауапты
1
Шұғыл қимыл жасайтын облыстық отряд
155
37
К.Федотов
А.Котов
2
Судан құтқару жөніндегі іздестіру тобы
5
1
В.Булах
3
Шұғыл қимыл жасайтын аудандық отрядтар
646
288
Аудандар әкімдері
4
Адамдарды іздеу топтары
5
1
Т.Рақымжанов
5
Облыстық судан құтқару қызметі:
- моторлы қайық
- ескекті қайық
- водолаздар отряды
3
3
10
3
14
1
В.Булах
6
Жас туристер облыстық станциясы:
- моторлы қайық
- ескекті қайық
1
-
3
34
А.Мамин
В.Булах