Об утверждении решений и распоряжений акима области в части изменений по расходованию средств областного бюджета во втором полугодии 1999 года Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылдың екінші жарты жылдығында облыстық бюджет қаржысын жұмсаудың өзгерістер бөлігіндегі облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін бекіту туралы «Бюджет жүйесі туралы» ҚР Заңының және облыстық мәслихаттың 1999 жылғы 29 қаңтардағы он сегізінші сессиясының шешімі негіздерінде Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТI: 1999 жылдың екінші жартыжылдығында облыстық бюджет қаржысын жұмсаудың өзгерістер бөлігіндегі облыс әкімінің төмендегідей шешімдері мен өкімдері бекітілсін.
Тармақ 1
1. Резервтік қор каржысын жұмсаудағы: - Баспасөз күнін мерекелеуге байланысты журналистер арасында конкурс жеңімпаздарына 9 мың теңге сомада сыйлықақы берудегі 21.06.99 ж 1-133 ө өкім; - Баспасөз күніне байланысты журналистерді ынталандыру үшін 65 мың теңге сомада каражат берудегі 23.06.99 ж. 1-139 ө өкім; - сумен шайылған бөгеттерді қалпына келтіруге және 2000 жылдың су тасқыны кезеңінде көлдерді сумен толтыруды қамтамасыз етуге 1000 мың теңге сомада каражат берудегі 16.09.99 ж. 1-192 ө өкім; - Халықаралық қарт адамдар күніне зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетуде 1000 мың теңге бөлудегі 27.09.99 ж. 1-200 ө өкім; - «Зима-99» Республикалық басқару штабының жаттығуын өткізуге 701 мың теңге бөлудегі 18.10.99 ж. 1-208 ө өкім; - Қостанай драма және қуыршақ театрының актерлары мен театр қайраткерлерін ынталандыру үшін 260 мың теңге берудегі 08.11.99 ж. 1-211 ө өкім; - Е. Өмірзақовтың туғанына 100 жыл толуына арналған шараларды дайындауға және өткізуге бөлінген 2800 мың теңге сомадағы 08.11.99 ж 1-223 ө өкім. Жиынтығы: 5835 мың теңге.
Тармақ 2
2. Қостанай облысының облыстық бюджетіне өзгертулер енгізудегі: - «Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу және атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың және төлеудің тәртібін бекіту туралы» Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 13 қыркүйектегі 207 шешімі; - «Балалары бар отбасыларына жәрдемақы төлеудің мөлшері туралы» Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 13 қыркүйектегі 208 шешімі; - «Төленетін қоғамдық жұмыстарға ат салысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жөніндегі шығындардың өтемақы бөлігінің мөлшерін анықтау туралы» Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 13 қыркүйектегі 209 шешімі; - «1999 жылға арналған Қостанай облысының облыстық бюджетіне өзгертулер енгізу туралы» Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 16 қыркүйектегі 210 шешімі; - «1999 жылға арналған Қостанай облысының облыстық бюджетіне өзгертулер енгізу туралы» Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 18 қазандағы 230 шешімі; - «1999 жылға арналған Қостанай облысының облыстық бюджетіне өзгертулер енгізу туралы» Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 23 қарашадағы 245 шешімі.