О квоте иммиграции для Актюбинской области на 1999 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылға арналған Ақтөбе облысы үшін көшіп келу квотасы 📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. Қазақстан Республикасы Президентінің "1999 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 1999 жылғы 3 мамырдағы № 128 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 мамырдағы № 532 Қазақстан Республикасы Президентінің "1999 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" 1999 жылғы 3 мамырдағы № 128 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысын орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 мамырдағы № 128 Жарлығымен Ақтөбе облысы үшін 1999 жылға арналған 50 отбасы, соның ішінде Ауғаныстаннан – 10 отбасы, Қытай Халық Республикасынан - 20 отбасы, Өзбекстан Республикасынан - 20 отбасы мөлшерінде бекітілген көшіп келу квотасы басшылыққа және орындауға алынсын.
Тармақ 2
2. Облыстық көші-қөн және демография бөлімі облыс аудандарының, Ақтөбе қаласының әкімдерімен бірігіп, оралмандардың отбасыларын олардың туыстық және өндірістік-шаруашылық байланыстарын ескере отырып, жинақы орналастыруға шаралар алсын. Оралмандар отбасыларының еңбекке жарамды ересек мүшелерінің біліктілігі мен мамандықтарына сәйкес жұмысқа орналасуына, ұлттық кәсіптерін жаңғыртуына, кәсіпкерлік іс-әрекеттерін ұйымдастыруына, фермерлік және шаруа қожалықтарын құруына ықпал етілсін.
Тармақ 3
3. Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері тарихи Отанына қайтып келген оралмандарға қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасалуын қамтамасыз етсін, тұрғын үй салу және шаруашылықпен айналысу үшін белгіленген тәртіп бойынша жер бөліп берсін.
Тармақ 4
4. Облыстық білім басқармасы (Құдайбергенов А. А.), аудан әкімдері оралмандардың балаларын тиісті оқу орындарына уақытында қабылдау мәселелерін жедел шешіп, қажет болған жағдайларда оларды өз тілінде оқытуды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Алдашев Ж.) облысқа көшіп келген оралмандарға тегін дәрігерлік тексеру ұйымдастырып, олардың емдік-профилактикалық көмек алу тәртібін айқындасын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары И. И. Иманкуловқа жүктелсін.