Об итогах социально-экономического развития области за 1999 год Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 1999 жылғы қортындылары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. Облыстың дамуының стратегиялық жоспарында көзделген шараларды жүзеге асыру 1999 жылы экономиканың негізгі секторларында қол жеткізілген тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді. Облыстың негізгі капиталына 16.7 млрд. тенге инвестиция салынды немесе ол 1998 жылғы деңгейге 100,8 %. Осының нәтижесінде 40-ка жуық ірі өндірістік және әлеуметтік объектілер іске қосылды, олардың қатарында - «Ақтурбо» ақционерлік қоғамындағы қайта өндеу қазаны, «Дөң кен байыту комбинаты», акционерлік қоғамының «Центральная» шахтасы, қалааралық автоматтандырылған телефон стансасы, «Әлия» жабық базары, «Нүрдәулет», «Қоныс» сауда орталықтары, жаңа мешіт, сондай-ақ, шағын кәсіпкерліктің 138 объектісі, олар, наубайханалар, шұжық цехтары, дүкендер, қоғамдық тамақтандыру орындары, шаштараздар, сурет салондары, мейрамханалар және басқалар. Өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда салық жинау және бюджетке басқа төлемдердің түсуі 64,5 % өсіп, 15,8 млрд. теңгені құрады (болжамға 110,6 %). Жергілікті бюджетке теңге кіріс түсті, бұл өткен жылғы деңгейден 4,1 млрд. теңгеге артық. Осының нәтижесінде бюджеттік саладағы қызметкерлерге уақытында еңбекақы төлеуге және балаларға төленетін жәрдемақы бойынша қарыздарды толық өтеуге мүмкіндік туды. Инфляция қарқынының деңгейі 114,6% құрады, бұл республикалық орта көрсеткіштен 3,2 тармаққа төмен. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 1998 жылмен салыстырғанда 30 % өсіп, 55,5 млрд. теңге құрады. Физикалык көлемнің индексі 103,3 % құрады. Мұнайдың ілеспе газын өндіру көлемін 72,3 %, хром рудаларын - 50,1 %, феррохром өндіруді - 44,9 %, хромдық малма - 43,9 %, электр қуатын - 16,3 %, жылу қуатын - 12,5% өсіру қамтамасыз етілді. Жыл ішінде өнеркәсіп өнімдерінің жаңа 25 түрі игерілді. Жаңажол - Ақтөбе газ құбырын пайдалану Жаңажол ілеспе газын «Ақтөбе жылу - электр отралығы» ақционерлік қоғамында және Ақтөбе қаласында орналасқан жеке секторларда тұтынуға мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде сырттан әкелінетін табиғи газды тұтыну 80 млн. куб. метрге азайтылды. «Ақтурбо» ақционерлік қоғамында қайта өндеу қазанын іске қосу «Ақтөбе жылу электр орталығы» ақционерлік қоғамында пайдаланылған газды қайта өңдеу есебінен электр қуатын өндіруді өсіруге мүмкіндік берді. Бюджеттік мекемелерді жеке дара жылыту жүйесіне көшіру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Жыл ішінде 42 жылыту қазандары орнатылды, олар негізінен алыс аудандардағы жалпы білім беру мектептерінде және медициналық мекемелерінде. Бірнеше жыл қатарынан кездескен қуаншылықтан кейін ауыл шаруашылығында біршама жақсы нәтиже қол жеткізілді. Оны дамытуға 525,1 млн. теңге жұмсалды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1998 жылғы деңгейден 18,5 % өсіп, 13,2 м. млрд. теңгені құрады. Мал басының барлық түрінің өсуі орын алуда. Астық, сүт және жұмыртқа өндіру көлемі арта тусті. Алынған шаралардың нәтижесінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 19,7 %, олардағы жұмыс істейтіндердің саны 39,2 % өсіп, барлық жұмыс істейтіндердің санының 40 % құрады. Осы секторда 14,8 млрд. теңгенің өнімдері өндірлді және қызмет көрсетілді, ол 1998 жылғы деңгейдің 149,6 % құрайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін берілген несиенің көлемі 1,3 есе өсті. Екінші деңгейдегі банктер 2,3 млрд. теңге сомалық 449 жоба қаржыландырды. Бұл еңбеқ рыногіндегі жағдайды жақсартуға әсер етеді. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздардың саны 2798 адамға қыскартылды. Жұмыссыздықтың деңгейі 5 % құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 0,7 % төмен. Ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде 16 кәсіпорын өздерінің жұмысын қайтадан бастады, 26 жаңа өндіріс орындары ашылды, оларда 2 мыңға жуық адамдар жұмыс істеуде. Жұмыс істейтін кәсіпорындарға 4,9 мың адам еңбекке орналастырылды, оның ішінде 463 адам аз қорғалған азаматтар категориясына қатысты үлес есебінен. Жалпы облыс бойынша әртүрлі инвестиция көздерінің есебінен 20 мыңнан астам қосымша жұмыс орындары құрылған. Жалғыз басты және аз қамтылған азаматтарға тұрақты түрде тікелей көмек көрсетілуде. Жыл ішінде 90 мың адамға жалпы сомасы 196 млн. теңгелік қайырымдылық жәрдем көрсетілді, оның ішінде облыстың аз қамтылған азаматтарына 11 млн. теңге көмек көрсетілді. Үйде әлеуметтік көмек көрсететін 17 бөлімшелер атылды. Осы құрылымдар арқылы 1681 еңбекке жарақсыз, кәрияларға қызмет көрсетілді. Дегенмен, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтайтын маңызды индикаторлардың талдауы, жекелеген аудандарда жүргізіліп отырған реформалардың тиімділігі мен нәтижелігі толық қамтамасыз етілмей отырғанын көрсетеді. Есепті кезеңде Алға, Байғанин және Шалқар аудандары жұмыс көрсеікіштерін жақсарта алмағандықтан рейтингтік кесте бойынша соңғы орындарды иеленді. Облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуының 1999 жылғы қортындысын қарап, облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасында, айқындалған экономиканың нақты секторының орнықты экономикалық өсімін қамтамасыз ету және қоғамдық - саяси тұрақтылықты сақтау облыстық басқармалардың, комитеттердің, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдерінің негізгі міндеттері болып есептелсін.
Тармақ 2
2. Облыстық басқармалардың, комитеттердің басшылары 2000 жылға белгіленген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін стратегиялық жоспардың шараларын белгіленген мерзімде жүзеге асыру, олардың тиімділігімен нәтижелілігін қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар алсын.
Тармақ 3
3. Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) 2000 жылға арналған индикативтік жоспарда белгіленген болжам көлемдерін орындауды қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар алсын;
Тармақша 2
2) бюджетке түсетін салықтарды және басқа да төлемдер-көбейту мақсатында салық – салынатын базаларға түгендеу жүргізсін;
Тармақша 3
3) коммуналдық меншікті пайдалануды бақылауға алсын және оның экономиканы дамытуға қатыстыру жөніндегі мүмкіндіктерін қарастырсын;
Тармақша 4
4) ауыл шарушылығы кәсіпорындарын қаржылай сауықтыру жөнінде нақтылы шараларды жүзеге асырсын, мал қыстатуды нәтижелі өткізу және алдағы көктемгі-далалық жұмыстарға дайындық жөнінде барлық қажетті шараларды алсын:
Тармақша 5
5) тіршілікті қамтамасыз ететін барлық объектілердің жұмыс істеу жағдайында сақталуын қамтамасыз етсін, газ, электр қуаты, сумен қамтамасыз ету жағдайын тұтынылған электр ресурстары үшін уақытында төлем төлеу мәселелерін тұрақты бақылуда ұстасын.
Тармақ 4
4. Облыстық экономика басқармасы (Н. Қ. Әбдібеков):
Тармақша 1
1) облыстың 2000 жылға арналған әлеуметтік –экономикалық дамуының индикативтік жоспарының және «Қазақстан - 2030» стратегиясына сәйкес әзірленген аймақтық бағдарламалардың орындалу барысына бақылау орнатсын;
Тармақша 2
2) энергия ресурстарын пайдалану, тұтынылған электр қуатын және газға қарыздарым уақытында өтеу және ағымдық тұтынғаны үшін төлем төлеу барысына қатаң бақылау орнатсын;
Тармақша 3
3) 2000 жылға стратегиялық жоспардың анықталып, кеңейтілген шаралары нақтылы орындаушыларға жеткізілсін олардың орындалуы бақылауға алынсын.
Тармақ 5
5. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ. Ж. Елеусізов):
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы кәсіпорыңдарын қаржылай сауықтыру жөніндегі жұмыстың белсенділігін артырсын;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында аймақтарда арнайы салалық бағдарлама әзірлеуді қарастырсын.
Тармақ 6
6. Кәсіпкерлікті қолдау Департаменті (А. Н. Марченко) 2000 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бағдарламасына айқындау, түзетулер жүргізсін және оларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін, сонымен бірге өндірістерді дамыту және жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше көңіл аударсын.
Тармақ 7
7. Облыстық енбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Е. Қ. Есенбаев):
Тармақша 1
1) еңбек заңына сәйкес жұмыс істеушілер және барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектітерінің жұмыс берушілер арасындағы өзара еңбек қатынастарын ресімдеу барысына бақылауды күшейтсін;
Тармақша 2
2) 2000-2002 жылдарға арналған жұмыссыздықпен және кедейлікпен күресу жөніндегі аймақтық бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстык денсаулық сақтау басқармасы (Ж. Е. Алдашев) туберкулезбен күресу күшейту және салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде шаралар алсын.
Тармақ 9
9. Алға (А. Б. Серғалин) және Шалқар (Ж. Т. Оралмағанбетов) аудандарының әкімдері жүргізіп отырған реформаларының төменгі нәтижелігіне көніл аударсын және қысқа мерзімде орын алған кемшіліктерді түзетуге, экономиканы тұрақтандыруға және өсіруге бағытталған шараларды жүзеге асырсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунға жүктелсін.