О мерах по обеспечению сохранности зерна урожая 1999 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1999 жылғы өнімнің астығын сақтауды қымтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 23.10.2001 № 1-255ө өкімімен. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 30 шілдедегі № 116 өкіміне сәйкес және 1999 жылғы өнімінің астығын қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақ 1
1. Мына құрамда жұмысшы комиссиясы құрылсын: Халмұрадов Р.С. облыс әкімінің орынбасары, жетекші Тұрсынқұлов И.Т. облыстық әкімшіліктің ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы, топ жетекшісі Жұмысшы тобының мүшелері: Өзбекғалиев Р.Х. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі істер басқармасының бастығы /келісім бойынша/. Қожағапанов Е. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасының бастығы /келісім бойынша/. Крипулевич В.А. облыстық салық комитетінің бастығы /келісім бойынша/. Меңлібаев И.И. облыстық инспекциясының бастығы /келісім бойынша/. Күреңбаев М.Ш. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік астық инспекторы /келісім бойынша/. Рузанова Н.М табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі облыстық комитеттің талдау және бәсекелестікті бөлімінің бас маманы.
Тармақ 2
2. Жұмысшы тобы: - астықты, оның ішінде мемлекеттік қордағы астықты есепке алуда, сақтауда, қайта өңдеуде және сатуда белгіленген тәртіптің сақталуын бақылау; - астықтың тиісті құжаттарсыз Республика шегінен шығарылуы бойынша фактілерді анықтау және оған тыйым салу жөнінен облыстық жергілікті атқарушы органдардың өзара бірлесіп жұмыс істеулерін жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Жұмысшы тобы осы өкімінің орындалу барысы туралы ай сайын облыс әкімі аппаратын хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.С. Халмұрадовқа жүктелсін.