О внесении изменений в решение 2 сессии Нуринского районного маслихата от 16 февраля 2012 года № 22 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Нуринского района" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы 2 сессиясының "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы 2 сессиясының "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 22 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-170 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2012 жылғы 7 сәуірдегі N 14 (5248) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 8, 9 тармақтары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша тұрақты комиссиясына (Н. Сүлейменов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.