О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 2 февраля 1995 г. N 110 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 ақпандағы N 110 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.03. N 1176 қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қарудың жекелеген түрлерi айналымын мемлекеттiк бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 ақпандағы N 110 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: Аталған қаулының "Қазақстан Республикасындағы қарудың жекелеген түрлерi айналымының ережелерi" деген 1-қосымшасы мынадай редакциядағы 16-а қосымшасымен толықтырылсын: 16-а қосымша Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Зоология және жануарлардың ген қоры институтының қызметкерлерi үшiн атыс қаруы мен оқ-дәрiлердiң тиiстiлiгiнiң ТАБЕЛI ____________________________________________________________________ Рет| Ұйымның атауы | Атыс қаруы NN | (кәсiпорын), |____________________________________ | лауазымы |7,62 калибрлi |5,6 калибрлi "Барс" | |аңшы карабиндер|шағын калибрлi | | |карабин винтовкалар ____|__________________________|_______________|____________________ 1 | 2 | 3 | 4 ____|__________________________|_______________|____________________ Териология лабораториясы Жетекшi ғылыми қызметкер 1 Аға ғылыми қызметкер 2 Ғылыми қызметкер 1 1 Инженер 1 Орнитология лабораториясы Аға ғылыми қызметкер 1 Ғылыми қызметкер 1 Ескертулер: 1. Экспедиция кезеңiнде штаттағы қызметкерлердi атыс қаруымен және оларға арналған оқ-дәрiмен қамтамасыз ету үшiн институттың 10 бiрлiктен аспайтын әскери үлгiдегi калибрi 7,62 мм карабиндерi болады. 2. Қолда бар қаруға оқтың қажеттiлiгi мынадай нормаларға сүйенiп есептеледi: жануарларды атып алу үшiн - бiр басқа 5 оқ, жыртқыш аңдардан қорғану үшiн - бiр карабинге 10 оқ, терiсi қымбат аң мен құс атып алу үшiн - әрбiр терiге немесе құсқа 3 оқтан, үйрену мақсатына бiр қару бiрлiгiне 10 оқтан. Ұйымда сақтауда жатқан оқтың жалпы саны екi жылға қажеттi мөлшерден аспауға тиiс. 3. Қару беру туралы экспедициялық жұмыстар жүргiзу кезiнде қажеттi шешiмдi қаруды сақтау рұқсаты рәсiмделген институт басшысы қабылдайды және ол тек оның жазбаша рұқсатымен берiледi".