О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 2 февраля 1995 года № 110 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 ақпандағы N 110 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2000 № 1176 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң дене тәрбиесi институттарында жалпы курстық мылтық ату спорты бойынша жоғары бiлiктi жаттықтырушылар мен биатлон және бессайыс бойынша спортшы - жаттықтырушылар даярлау жөнiнде оқу процесiн ұйымдастыру және жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 ақпандағы N 110 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға "Қазақстан Республикасындағы жекелеген қару түрiнiң айналымының ережелерi" деген 1-қосымша мынадай мазмұндағы 19-к қосымшамен толықтырылсын: " 19-к қосымша Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң дене тәрбиесi институттары үшiн оқпен атылатын қарулар мен оқ-дәрiлердiң тиесiлiк ТАБЕЛI 1. Оқ атудан 1-курста есеп алынатын жалпы курс: (шұғылданатындардың саны - 200 адам): а) 5,6 мм калибрлi 6 мылтық (ТОЗ - 12); б) 5,6 мм калибрлi 4 мылтық (ТОЗ - 8); Бiр шұғылданушыға бiр жылға арналған оқ-дәрi - 550 дана; 2. Биатлоншылардың мамандануы, спорттық шеберлiгiн арттыруы, түрлi масштабтағы спорттық жиындар мен жарыстарға қатысуы: 5,6 мм калибрлi 11 винтовка (БИ 7-2); Бiр шұғылданушыға бiр оқу жылына арналған оқ-дәрiлер: 1-шi жылы - 4,5 мың дана; 2-шi жылы - 6 мың дана; 3-шi жылы - 13,5 мың дана; 4-шi жылы - 15 мың дана. 3. Бессайысшылардың мамандануы, спорттық шеберлiгiн арттыруы, түрлi масштабтағы спорттық жиындар мен жарыстарға қатысуы: а) 5,6 мм калибрлi 4 спорттық тапанша (Марголин жүйесi); б) 5,6 мм калибрлi 4 спорттық тапанша (МЦУ жүйесi); в) 5,6 мм калибрлi бiр спорттық винтовка (БИ 7-2). Бiр шұғылданушыға бiр оқу жылына арналған оқ-дәрiлер: 1-шi жылы - 5 мың дана; 2-шi жылы - 6 мың дана; 3-шi жылы - 10 мың дана; 4-шi жылы - 10мың дана.